МІНЕ
МІНЕ
391
аналарының немесе үлкендердің ті-
келей ықпалымен дамиды.
Үлкендер, ата-аналар тарапынан ба-
лаға жақсы көңіл бөлінген жағдай-
да сәбидің бойында жағымды мінез
бітістері қалыптасады, егер баланың
жан-жақты дамуына, қалыптасуына
қолайлы жағдай жасалмаған жағдай-
да жағымсыз мінез бітістері дами-
ды. Мейірімділік, өнегелілік, тілал-
ғыштық, кішіпейілділік сияқты мі-
нез бітістері балаға дұрыс қарым-
қатынастың, ерекше мән берудің нә-
тижесі, сондай-ақ ата-ананың тұйық-
тық, мінез бітістері – баламен жа-
ғымсыз қарым-қатынастың келеңсіз
нәтижесі.
Адамдардың мінездері олардың тем-
пераменті сияқты типтерге бөлінеді,
бірақ мінездердің жіктелуінің тем-
перамент типтерінен елеулі айырма-
шылығы бар. Егер де темперамент
қасиеттерінің айқын бірігіп келуі
темпераменттік типтері деп аталса,
айқын байқалатын мінез бітістері ак-
центуациялар деп аталады. Бұл ұғым
«акцент» – қазақшалағанда бөліп көр-
сету, атап көрсету мағына-сында қол-
данылады. Бірақ тәжірибеде «акцен-
туация» ұғымы адамда бір ғана емес,
бірнеше әртүрлі бітістердің байқа-
луын білдіреді.
Мақал-мәтелдер – халықтың мораль-
дік кодексі, тәрбие қағидасы, атаның
ізбасарына қалдырған өнегелі өсиеті.
Халықтық педагогика – ғасырлар бо-
йы қалыптасқан, ұрпақтан ұрпаққа
жалғасып келе жатқан халық дана-
лығы, тәрбие тағылымы. Халық да-
налығында мінез бітістері туралы не-
бір тамаша ойлар мен тұжырымдар
айтылған: «Баланы туады екенсіз,
мінезді тумайды екенсің», «Сүтпен
кірген мінез, сүйекпен кетеді» (Бұл
да бір жақты мақал, табиғи тұрғыдан
дұрыс болғанмен, мінездің жағымды
жақтарын тәрбиелеуге, қалыптасты-
руға болады), «Жақсы мінез – жар-
ты ырыс» дейтін халқымыз жұғымды-
лықтың пайдалы екенін көрсетеді.
Талай мінезді асқындырып алып, тыя
алмай жүретініміз әлі бар. «Тұрпайы
мінез – тағы жат, надандықтың белгі-
сі» деп ұлан атанып қалғандарға құ-
лаққағыс жасау қандай орынды. Әдеп-
тілік пен сыпайыгершілікке, биязы
мінезге шақырудың бір әдісі мінез
өзгерісіне ауысқан жеткіншектің қы-
тығына тимей, жанама ақыл айтқан
жөн.
Нені болсын, дүние сырының қан-
дайын болсын «Адам туа білмейді,
жүре біледі», – дейді халық даналы-
ғы. Қысқасы, халық педагогикасы –
ұлт психологиясының айнасы. Ха-
лықтың тарихи мінез-құлқының руха-
ни жақтаушысы осы қалыптасқан
мінез-құлықтың игі дәстүрлерін сақ-
таушы және дамытушы. Өз педа-
гогикасын тудырған халық әр дәуір-
дегі буын-буын ата-аналар арқылы
сөзбен де, парасатты мінезбен де ұр-
пағын игілікке тәрбелеген.
МІНЕ
МІНЕ
392
НАҚТЫЛАУ – ойлау тәсілдерінің бір
түрі, абстракциялық ұғымды соған
сәйкес келетін жеке ұғымдармен
түсіндіру, яғни жалпы білімді нақты
жеке жағдайда қолдану оны қайтадан
талдап, оның жалпы ережелері мен
қағидаларын жеке-дара ұғымға сай
келетін белгілерін айрықша көрсетуден
көрінеді. Мәселен, «ұғым» ойлаудың
жалпы түрі болса, жеке нақты тұлға
оның нақтылау түрі болады.
НАМЫСҚОЙЛЫҚ. Бұл – әр этнос-
тың өз халқының ар-ожданын, иман-
дылық қадір-қасиетін көздің қара-
шығындай сақтай білуінен, қажетті
жерінде бұл үшін жанын пида етуден
көрінетін қасиет.
Қазақ халқы өзінің ұлы мен қызын
қаршадайынан намысқойлыққа бау-
лып, Отанына, кір жуып, кіндік кескен
жеріне дақ түсірмеуді қатты ескерткен,
«арым – жанымның садағасы» – деп,
ар-намысты бәрінен де жоғары баға-
лаған.
Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян»
поэмасындағы Баян батырдың інісі
Ноян жастық пен махаббаттың се-
зім күшін ақылға жеңдіре алмай,
қолға тұтқын болып түскен қызбен
бірге қалмақ еліне қашып кетеді.
Ағайын-туысқандарының «елін са-
тып кетті» деген бір ауыз сөзі намы-
сына тиген Баян батыр оларды қуып
жетіп, өлтіреді. Кешегі Ұлы Отан со-
ғысы кезінде өз ұлтының намысын
қызғыштай қорыған қазақ жауын-
герлері қаншама! Атышулы Бауыржан
Момышұлы, Қасым Қайсенов, Рахым-
жан Қошқарбаевтың намыс сезімі
қандай жоғары деңгейде болғаны
белгілі. Осы соғыста жүзге жуық қа-
зақ жауынгерлерінің Кеңес Одағы-
ның Батыры атағын алуы да ұлттық
намысқойлығымыздың белгісі емес
пе? Қазақ халқының арғы-бергі та-
рихынан мұндай мысалды көптеп
табуға болады. Мәселен, 1986 жылғы
17–18 желтоқсанда қазақ жастары
жүрек әмірімен ұлттық намысты
қорғап, халқымыздың ардагер ұлы
Дінмұхамед Қонаев (1912-1993) жұ-
мыстан алынғаңда оның орнына Қа-
зақстанның басшысы қазақ ұлтынан,
не болмаса қазақстандық болсын деп
заңды талап қойған жоқ па? Осынау
әділетті талап-тілек аяққа тапталып,
арты қанды қырғынға ұласып, қаншама
адам қаза болды?! Қазақ қыздарына
қол жұмсап жатқан қарулы милиция
қызметкерлерінің анайы ісіне шыдай
алмаған Қайрат Рысқұлбеков жігіттік
намыспен арашаға түскені үшін аяусыз
жазаланып, өмірін қиды. Ол өлімге
қасқая қарсы қарап тұрып, тергеушілер
алдыңда басын имеді. Оның «Атам
десең атындар, Еркек тоқты – құрбан-
дық» – деген сөзі кейін нақылға ай-
налып, ұлт намысын қозғаудың та-
маша ұраны болды. Қайраттың осы-
нау жүректілігі ұрпақтан-ұрпаққа үл-
гі боларлық, ұлттық намысты жаны-
НАҚТ
НАМЫ
393
нан артық бағалаудың тамаша үл-
гісі. Ертеректе қазақ ауылындағы бір
адамның жасаған ағаттық ісіне бү-
кіл ауыл-аймақ намыстанатын еді.
Ауылдың бір ұрысы немесе тентегі бұ-
зақылық жасаса оның жазасын бү-
кіл ел болып мойындап, төлемін тө-
леп отыратын. Билер сөзінде, ақын-
жыраулар тағылымдары мен айтыс,
термелерде, тіпті күйеу мен балдыз
әзілінде де жігіт намысына тиетін
оғаш істер сын елегіне ерекше алынып
отырған-ды.
Өз ұрпағын ата-баба рухында тәр-
биелеп, ұлттық намысты ту етіп ұс-
таған халқымыз «Қоянды қамыс өл-
тіреді, ерді намыс өлтіреді» дегенді
үнемі еске салып келді. Қазақ жесірін
өгейсітпеген, жетімін шеттетпеген аса
бауырмал халық. Қазірде туған жұр-
тының әдет-ғұрпынан, дәстүр-сал-
тынан бейхабар кейбіреулер иман-
дылықтан мәңгүрттікке қарай бет алу-
да. Ал, мейірімсіздік пен қатыгездік
сондайлардан шығады. Ұлтымыз арақ
ішімдігін «һарам» деп, оны тоғыз жау-
дың (жалқаулық, аңқаулық, жасқан-
шақтық, суайттық, өсекшілдік, мақ-
таншактық, бөспелік) біріне жатқыз-
ған ғой. Қазіргі кезде сырахана мен
дүңгіршектердің айналасынан шық-
пайтын қазақтың кейбір ұл-қыздары-
на көз түскенде, жігерің құм болып,
санаң сарсылып, олардың осынау қы-
лықтары ұлттық намысқа тиіп, зы-
ғырданымыз қайнап жүрген жоқ па?
Н Е О Б И Х Е В И О Р И з М – X X
ғасырдың 30-жылдарында американ
психологиясында пайда болған бағыт.
Бихевиоризм психологиясының пәні
ағзаның сыртқы орта стимулдарына
объективті түрде бақыланатын реак-
циялары болып табылады дейтін бас-
ты алғышартын ұстанған необихе-
виоризм оны стимулдардың әсерімен
жауап, бұлшық ет қозғалыстары ара-
сындағы аралық буын қызметін ат-
қаратын факторлар ретіндегі «аралық
айнымалылар» туралы ұғыммен то-
лықтырды. Необихевиоризм мінез-
құлықтың тұтастығы мен мақсатқа үй-
лесімдігін, оның қоршаған әлем тура-
лы ақпаратпен реттелетіндігін және
ағзаның қажетсінулеріне тәуелдігін
түсіндіре алмаған «классикалық» би-
хевиоризмнің дағдарысын көрсетті.
НЕОФРЕЙДИзМ – адамды, қоғам-
дық институттар құрылымындағы
оның орны мен рөлін зерттеуде пси-
хоаналитикалық қағидаларға негіз-
делген философиялық бағыт. Н. өзі-
нің тұйықталушылығы мен келешек-
сіздігі байқалған фрейдизмнің кей-
бір жағдайларын қайта қарау нәти-
жесінде 30 жылдары пайда болды.
Неофрейдистер (К.Хорни, Г.Салливэн,
Фромм) классикалық психикалық
талдаудың қақтығыс ситуацияларын
тудыратын, санадан тыс болатын ме-
ханизмдер мен психика құрылымын
ұғындырудың, жүйке ауруының жы-
ныс қозушылықтан пайда болуы жә-
не өлім инстинкті туралы болжам-
дардың бірқатар тұжырымдары мен
қорытындыларын сынға алды. Де-
генмен, әрбір жанға о баста тән адам
қызметінің иррационалдық себебі
мен қоса психикалық талдаудың ма-
ңызды схемалары және қоғамдық
құрылымды зерттеудің психоанали-
тикалық әдісі өзінің маңыздылығын
Н.- де сақтай алады. Жеке адамның
ішкі тіл қақтығыстарының туында-
уына елеулі түрде әсер ететін әлеу-
НЕОБ
НЕОФ
394
меттік және мәдени процестерге мән
бере отырып, Н. өкілдері адамның
ішкі әлемі көкжиегін кеңейткен са-
надан тыс әрекеттердің фрейдтік
тұжырымдарына сүйенеді. Класси-
калық психикалық талдау адамның
өмір сүруі және оның қалай өмір сү-
ру керектігі және не істеуге тиістігі
туралы мәселелерге кең жауап бере
алған жоқ.
Неофрейдистер осы олқылықты тол-
тырғысы келеді. Олар адам өзінің да-
ралығын жоғалтатын, сыртқы дүние-
ден және өзінен жатқа айналатын,
адамдық өлшемдерден арылатын, же-
ке адамның азғындауының және қо-
ғамдық мүдде мен жеке мүдде ара-
сындағы қайшылықтардың себеп-
терін аша алмайтын қазіргі батыс қо-
ғамына сын көзбен қарайды. Адам-
ның жаттануының әртүрлі формала-
рын жою үміті жеке адамның сана-
сында сыни элементтерді тудыруға жә-
не өмірлік қасиеттер мен мұраттарды
қалыптастыруға жағдай жасайтын «гу-
манистік психикалық талдауға» жүк-
теледі. Дегенмен, жеке адамды са-
уықтыру арқылы қоғамды сауық-
тырудың психикалық аналитикалық
рәсімі утопия болып қалмақ, ал оған
негізделген дерексіз – гуманистік жол –
келешексіз буржуазиялық қоғамдағы
жеке адамның ұсақталуының дағда-
рысын жоюға қабілетсіз.
НЕЧАЕВ АЛЕКСАНДР ПЕТРО-
ВИЧ (1870-1948) – әлемдік және орыс-
тың психология ғылымының аса көр-
некті өкілі. 100-ге жуық жеке психо-
логиялық кітаптардың авторы. 1935-
1948 жж. Семей қаласында әртүрлі
ғылыми мекемелерде, өмірінің соңғы
жылдарында Семейдің Н.К.Крупская
атындағы педагогикалық институ-
тында психологиядан сабақ бере, пе-
дагогика және психология кафедра-
сының меңгерушісі болды. 1900 жыл-
дан 40 жыл бойы зерттеген «Пси-
хофизиологиялық синдром жүйесі»
деген еңбек жазып бітірді, оған ака-
демиктер Д.Н.Узнадза, К.Н.Корнилов-
тың ұсынысы бойынша арнайы қор-
ғамай-ақ педагогикалық ғылымдар-
дың докторы дәрежесі берілді. Оның
негізгі еңбектері: «Қазіргі экспери-
менталдық психология және оның
мектеп ісіне қатысы» (1908).
;
«Кітап-
хана ісінің психологиялық мәселеле-
рі» (1922), «Дене тәрбие психология-
сы» (1927), «Шахмат ойынының пси-
хологиясы» (1928), «Ес және оны тәр-
биелеу» (1930) т.б.
НЫШАН – қабілеттіліктерді дамы-
туға алғышарттар. Н. туыла берілуі
мүмкін және өмір барысында да қа-
лыптасады. Н. мидың, жүйке жү-
йесінің, талдағыштардың адамдар
арасындағы табиғи даралық өзге-
шеліктерін айыруға себеп болатын
нәсілдік анатомиялық және физио-
логиялық ерекшеліктері. Болашақты,
талапты, баланың келешегі мол. Н.
адамның қабілетін дамытуға елеулі
ықпал ететін, оған туыла берілетін
тұрақты психофизиологиялық ерек-
шеліктер.
НЕЧА
НЫША
395
ОБСЕССИВТІЛІК – қажетті емес
жағдайларда түрлі күйзелістер мен
әрекеттердің орынсыз көрінуі. Мы-
салы: қолды орынсыз жиі жуу, 13
санынан корқу, рак ауруының атауы
үш әріптен тұратыны т.с.с. О. көпте-
ген ауру адамдарға тән және ол жал-
пы психикалық апатия өзіне деген
сенімсіздікпен, мазасызданумен си-
патталады.
ОЙЛАУ – сыртқы дүние заттары мен
құбылыстарының байланыс-қаты-
настарының мида жалпылай және
жанама түрде сөз арқылы бейнеле-
нуі. Біздің қоршаған дүние туралы
білімдеріміз түйсік пен қабылдаудан
басталады. Бірақ таным олармен ғана
шектелмейді. Түйсіктер мен қабылдау
арқылы алынған мәліметтер сезімдік
шектен шығып, ойлау арқылы біздің
таным шекарамызды кеңейтеді. Се-
бебі, ойлауда қабылдауда берілмеген
нәрсені ой қорытындылары арқылы
жанама түрде ашуға мүмкіндік беретін
қасиет болады.
О. негізінде адамның қоршаған дүние
жөніндегі танымы тереңдей түседі.
Түйсіктер мен қабылдау ақиқат дүние
құбылыстарының жеке қасиеттерін
көбіне ретсіз кездейсоқ түрде бей-
нелендіреді. Ал ойлау адамға заттар
мен құбылыстардың қасиеттері мен
олардың өзара қатынастарын салыс-
тырып, ажыратуға, олардың сезімдік
түрде берілмеген қасиеттерін, жаңа
қатынастары мен қырларын ашады.
Сөйтіп, ойлау сезім мүшелері арқылы
алынған мәліметтерді өңдейді. Соны-
мен, жекеден жалпыға және жалпыдан
қайта жекеге көпсатылы ауысу ерек-
ше психикалық процесс – ойлау негі-
зінде жүзеге асады.
О. процесі елестермен де тығыз бай-
ланысты. О. проблемасын қарастыр-
ған А.А.Смирнов ойлау және интел-
лектуалдық процестердің ассоциатив-
ті ағымын ажырату қажеттілігін атап
көрсеткен. Мұның себебі ойлау іс-әре-
кетінде біз ассоциацияларды өте кең
қолданамыз – олар ойлау есептерін
шығаруға елеулі септігін тигізеді. Мы-
салы, біз қазір тап болған жағдайға
ұқсас оқиғаларды жиі арнайы еске
түсіреміз. Мұнда пайда болған ассо-
циациялар біздің ой мәселесін ше-
шуімізде пайдаланылады. Олар бізді
одан алыстатпай, оның жауабына, ше-
шіміне жақындатады. Адамның ойы
әрқашан да сөз арқылы білдіріледі.
Біреу екінші біреуге пікірін білдір-
генде, өзін естісін деп дауыстап сөй-
лейді.
Ой толық сөз күйінде білдірілгенде
ғана айқындалып, дәйектеліп, дәлел-
дене түседі. О. мен сөйлеуді бірдей
деп, бұлардың арасына теңдік белгісін
қою дұрыс емес. Ой сыртқы дүниені
бейнелеудің ең жоғарғы формасы
болса, ал сөз ойды басқа адамдарға
жеткізетін құрал болып табылады.
Бала тілі шықпай тұрған кезде де ой-
ОБСЕ
ОЙЛА
396
лай алады. Нәресте айналасындағы
дүниені бірінші сигнал жүйесінің
қызметі арқылы тани біледі. Ойлау-
дың бұл түрі оның танымын онша
кеңіте алмайды. Баланың тілі шы-
ғып, сөз арқылы үлкендермен қарым-
қатынасқа түскенде ғана, оның ойлау
шеңбері кеңейетін болады. О. адам-
ның сыртқы дүниемен қарым-қатынас
жасау процесінде туындап отырады.
Адам ойлауының мазмұнын билей-
тін – объективтік шындық. Адамға
мақсат қойып, оған жетуге ұмтыл-
дыратын – оның қажеттіліктері. О. –
өзіндік ішкі қарама-қайшылықтарға
толы процесс. Бұл қайшылықтар ой-
лау дамуының және іске асуының
қозғаушы күштері болып табылады,
яғни ойлау осы қарама-қайшылық-
тарды, басқаша айтқанда, проблема-
лық жағдаяттарды шешу барысын-
да өрбиді. О. танымдық теориялық
іс-әрекет ретінде әрекетпен тығыз
байланысты. Адам әсер ету арқылы
ақиқатты таниды, дүниені өзгерту
арқылы оны түсінеді. Әрекет ойлау
жүзеге асуының бірінші ретті форма-
сы болып табылады. О. операцияла-
рының барлығы (салыстыру, анализ,
синтез, жалпылау; абстракция; нақты-
лау, категоризациялау, жүйелеуді қа-
раңыз) ең алғашында практикалық
операциялар түрінде пайда болып,
содан соң барып, теориялық ойлау-
дың операцияларына айналды. Яғни
ойлау еңбек іс-әрекеті барысында
практикалық операция ретінде неме-
се практикалық іс-әрекеттің бір ком-
поненті ретінде туындап, содан кейін
барып, дербес теориялық іс-әрекетке
айналады. Бірақ тәжірибе әрқашан да
ойлау ақиқаттығының негізі, мәнді
критериі болып табылады.
Бірақ егер де біз бір есепті тек прак-
тикалық түрде ғана шешетін болсақ,
онда оның тек көрнекі жеке мазмұны-
мен әрекет жасап, оны тек берілген
жеке жағдаятты ескере отырып ше-
шеміз. Ал әрбір келесі жағдайларда
қайтадан есепті шешуге тура келе-
ді және тағы да бұл жеке міндетті
ғана шешу болып табылады. Ал егер
берілген есептің жалпыланған маз-
мұнын құрастырып, оны шешудің
жалпыланған тәсілін табатын болсақ,
бұл есеп өзінің тек белгілі бір жағдай-
ға сәйкес болатын, практикалық – ше-
шімін ғана емес, сонымен қатар, тео-
риялық та, яғни принциптік біртек-
ті жағдайлардың барлығына ортақ
шешімін таба алады.
Іс-әрекетпен байланыса отырып, тео-
риялық ойлаудың өзі жекеден жал-
пыға, жалпыдан жекеге, құбылыстан
мәнге, мәннен құбылысқа өту процесі
болып табылады. Шынайы ойлау –
ол ойдың ағымы. Ол тек іс-әрекет пен
оның өнімнің бірлігі негізінде түсі-
ніледі. О. – аса күрделі психикалық
процесс. Оны зерттеумен бірнеше
ғылымдар айналысады. Солардың
ішінде логика мен психологияның
орны ерекше. Бірақ осы екі ғылым-
ның ойды зерттеудегі әдіс-тісілдерін-
де өзіндік айырмашылықтары бар.
Мыс. егер психология әртүрлі жас
шамасындағы адам ойлауының пай-
да болуы, дамуы мен қалыптасу жо-
лына, яғни тұлға ойлауының даму
ерекшеліктері мен заңдылықтарын
қарастыратын болса, ал логика бү-
кіл адамзатқа ортақ ойлау іс-әреке-
тінің заңдары мен формаларын ай-
қындайды, адам ойлауының нақты
нәтижесі болып табылатын ұғым, пі-
кір, ой қорытындылары сияқты ой-
ОЙЛА
ОЙЛА
397
лау формаларының табиғатын зерт-
тейді. Ойлаудың физиологиялық
негіздері И.П.Павловтың бірінші
және екінші сигнал жүйесі жөніндегі
іліміне байланысты түсіндіріледі. О.-
ми қыртысының күрделі формадағы
анализдік-синтездік қызметінің нә-
тижесі, мұнда екінші сигнал жүйе-
сіндегі уақытша жүйке байланыста-
ры жетекші рөл атқарады. Екінші
сигнал жүйесінде жүйке қызметінің
өз алдына дербес заңдары бар деу-
ге болмайды. Сигнал жүйелерінің
мидағы заңдылықтары бірдей. Бірақ
олардың айырмашылықтары мына-
да: егер бірінші сигнал жүйесіндегі
реакциялар нақтылы құбылыстарға
байланысты туса, екінші сигнал жү-
йесі оларды жалпылап отырады. Ой-
ша байымдау (қорытынды шығару).
Бір немесе бірнеше пікірлерден жаңа
пікір шығаратын ойлау операциясы –
ой қорытындылары деп аталады.
ОЙЛАУ ТЕОРИЯЛАРЫ. Ойлау
үрдісін түсіндіретін белгілі теория-
ларға тоқталатын болсақ, ең алдымен
бұл тұжырымдамаларды екі үлкен
топқа бөлуге болады: бірінші топқа
жататын тұжырымдаманың өкілдері
адамдарда өмір тәжірибесінің әсері-
мен өзгермейтін табиғи, интеллек-
туалдық қабілеттіктердің болатын-
дығы туралы қағидадан туындайды,
екінші топтағы тұжырымдаманың
негізіне ақыл-ой қабілеттіліктері
өмірге келгеннен кейін, өмір бойы
қалыптасады және дамиды деген тү-
сінікті жатқызады.
1. Бірінші тұжырым бойынша ин-
теллектуалдық қабілеттіктер және
интеллектінің өзі жаңа білімді алу
мақсатында қабылдау мен ақпаратты
өңдеуді қамтамасыз ететін ішкі құ-
рылымның жиынтығы ретінде анық-
талады. Сәйкес келетін интеллектуал-
дық құрылымдар даяр күйінде адам-
да туғаннан беріледі, бірте-бірте ор-
ганизмнің ес үрдісінде дамиды деп
есептеледі. Бұл интеллектуалдық қа-
білеттіліктер (нышандар) идеясы не-
міс психологтарының мектебінде
орындалған ойлау саласындағы көп-
теген еңбектерге тән. Ол ерекше ай-
қын ойлаудың гештальт теориясын-
да берілген. Бұл теория бойынша
құрылымды қалыптастыру және қай-
та өзгерту, оларды реалдік шындық-
ты көру интеллектінің негізі болып
табылады.
2.Бұл теорияға қарама-қарсы интел-
лектінің, генетикалық тұжырымдама-
лары бойынша ақыл-ой қабілеттілік-
тері туғаннан берілмейді, өмірге кел-
геннен кейін қалыптасады және да-
миды деген қағиданы пайымдайды.
Генетикалық, тұжырымдамалар ойла-
уды сыртқы ортаның ықпалынан дей
келіп, субъекттің өзіндік ішкі дамуы
идеясынан немесе екеуінің өзара әре-
кетінен деп түсіндірді.
Ойлаудың өзіндік тұжырымдамала-
ры психологиялық зерттеулердің тө-
мен-дегідей бағыттарында қарасты-
рылады: эмпирикалық субъективтік
психологияда, ассоциативтік сипаты
жағынан және интроспективтік негіз-
гі әдісі бойынша, гештальтпсихоло-
гияда алдыңғыдан айырмашылығы
тек қана психикалық үрдістердің эле-
менттілігін жоққа шығаруы және
олардың тұтастығының жеке эле-
менттер құрамына қарағанда үстем-
дік етуі, артықшылығын мойындады,
оның ішінде ойлауда, бихевиоризм-
де, оның жақтаушылары ойлау үрді-
Достарыңызбен бөлісу: |