өТЕМ
өТЕМ
426
терге жолдастық пен достықты ерек-
ше қастерлейтін адамдардан үлгі алу
қажеттігін айтады.
Жұрт алдындағы борышын түсінген
адам ешуақытта да антын бұзбайды.
«Ер жігіттің екі сөйлегені өлгені» де-
гендей, ол ылғи да сертінен шығады.
Антын бұзған адамға сенуге болмай-
ды. Жолдасын жауға қалдыратын да
осылар. Серттен таю, ар-ұятын сату-
мен парапар деп түйеді өз ойын Ма-
хамбет.
Ер жігіттің психологиясындағы ен-
дігі бір жақсы қасиет оның жауға де-
ген өшпенділігі мен жек көрушілігі.
Осындай адам жауды көрсе қыран
бүркіттей шүйлігіп, оны жапыра ша-
буды ойлай бастайды. Ақын бұл жер-
де жастарға жауыңа мейірімсіз бол,
оны аяушы болма, «жауды аяған жа-
ралы болады», – деп ескертеді.
Махамбет өз өлеңдерінде ер жігітке
тән моральдық-психологиялық сипат-
тарды тізбектей келіп, сөз соңында
азамат ердің баласы қандай болу ке-
рек деген сұраққа былайша жауап бе-
реді:
Азамат ердің баласы, Аз ұйықтар да
көп жортар. Арманы бар ма жігіттің.
Жау тоқтатып айқаста, Құрбан болса
ел үшін, – деп адамгершілікке сы-
йымды барлық қасиеттерді бойына
дарытқан, жеке бастың мүддесін ха-
лық тілегіне бағындыра алған адам-
ды нағыз азамат ердің баласы деп
айтуға болады, дейді ақын. Сондай-ақ:
Ақ жұмыртқа, сары уыз, Әлпештеп
қолда өсірген, Туған ұлдан не пайда,
Қолына найза алмаса, Әке жолын қу-
маса, деген жолдарда ақын жас жет-
кіншектерге жасыңнан шынығып, ел,
халқыңды қадір тұт, атқа ерте мін,
сонда ғана мақсатыңа жетесің, ата-
ананың ақ сүтін ақтайсың, деп әрбір
жұрт алдындағы борышын тәптіш-
теп түсіндіреді.
Жауынгер ақынның кез келген шы-
ғармасы, жас жеткіншектерді жақсы
қасиеттерге баулып, жаман әдеттер-
ден жирендіруге негізделген.
Жастар – кімдерді үлгі тұтуы, кім-
дерден ақыл-кеңес тәрбие алуы қа-
жет, олар қайткенде саналы азамат
болып шығады дейтін сұрақтар да
Махамбетті көп толғантқан. Ақын бұл
жерде жастарға ең алдымен елдің да-
на қарияларын үлгі етеді: Кәрісі кім-
нің жоқ болса, Жасы болар дуана, дей-
ді ол. Қарт адамдар көпті көрген, олар-
дың өмірден алған тәжірибесі мол.
Бұлардың аталық сөздерінің, ойлы
пікірлерінің, нақыл өсиеттерінің тәр-
биелік мәні зор. Ондай сөздер жас-
тардың бойында көңілге қонымды
психологиялық қасиеттердің қалып-
тасуына себепкер болады, адасқан
адамды тура жолға түсіруге жәрдем-
деседі.
Жас жеткіншектерді патриоттық
рухта тәрбиелеуде, оларды халқына
адал қызмет етуге баулуда Махамбет
өлеңдері басты ерекшелік олардың
ерлікті дәріптейтін шығармаларға
өте әуес келетіндігі. Өйткені мұндай
шығармаларда адамға ерік-жігер,
күш-қайрат беретін өнегелі сөздер
көп болады. Бала мұндағы жігерлі
адамдарды өздеріне мұрат тұтып,
еліктейді. Тіпті, осындай патриоттық
сарында жазылған шығармалар бала
түгіл ересек адамға да ерекше әсер
етеді.
Басқыншы жаудан елін, жұртын жан
аямай қорғап, халқының тәуелсіздігі
мен бостандығы үшін өмірінің соңғы
минутына дейін күрескен жігітте ар-
өТЕМ
өТЕМ
427
ман жоқ. Себебі, ондай адамды елі,
халқы, Отаны еш уақытта да ұмыт-
пайды, есінде сақтайды, деп түйеді
ақын өз ойын.
Сонымен ақынның қай өлеңін алсақ
та онда жырланатын үлгі-өнеге,
тәлім-тәрбиелік аталы сөздердің түп-
тамыры бір. Халқыңды сүй, көппен
бірге жүрсең қор болмайсың, бәрі-
нен де жұрт мүддесін жоғары ұста,
халық үшін аянбай еңбек ет, дейді
Махамбет жастарға. Осылайша те-
бірене жырлаған ақын өсиеттері өз
оқырмандарын тез баурайды, өйткені
бұларда қазақтың қалың бұқарасы-
ның бір кездегі бар арман-тілегі, ой-
сезімі, мұң-зары сомдана жинақтал-
ған. Махамбет өлеңдері, әсіресе, жас-
тарды уылжыған жас кезінен қанатын
қатайтып, буынын бекітіп, оларды
белсенді әрекетке ұмтылдыруда, ерлік
істерге баулуда таптырмайтын асыл
мұра.
Профессор М. Ғабдуллин кезінде мы-
надай байсалды пікір айтқан еді: «Бү-
гінгі совет жастарын патриоттық рух-
та тәрбиелеуде ақын-жыраулардын,
өнеге сөздерінің белгілі мөлшерде
пайдасы бар екендігі хақ. Мұндағы
тәрбиелік мәні бар әңгімелер, бүгінгі
жастарға жат емес. Халықты сүй,
халық үшін ерлік еңбек ет. Ел-жұрты-
ңа қорған бол деушілік қазіргі күнде
ескірген сөздер емес, қайта мағына-
лы, мәнді сөздер. Сондықтан бұлар-
дың ішінен жастарымызды тәрбие-
леуде әсер ететіндерін таңдап алып,
орнымен пайдалана білсек, бұл нұр
үстіне нұр болар еді». Осы тұрғыдан
қарағанда, Махамбет өлеңдерін оқу-
тәрбие ісінде ретімен пайдаланып
отыру – әрбір тәрбиеші ұстаздың бас-
ты парыздарының бірі.
өТЕЙБОЙДАҚ ТІЛЕУҚАБЫЛ-
ҰЛЫ (1388-1483) – рухани ортаға-
сырдағы қазақ ғұлама ғалымы. Оның
«Шипагерлік баян» атты еңбегінде
қазақтың ой-пікірлері тұңғыш рет
ғылыми тұрғыда төмендегідей пси-
хологиялық сөз болғаны байқалады.
Көптеген психологиялық ұғымдар
(«Қуат», «Қабілет, «Ойлау», «Сөйлеу»,
«Мінез» т.б.) туралы психологиялық
(сол кездегі ұғым бойынша) мағ-
лұматтар мол. Ол өзінен бұрын өмір
сүрген түркілік ұлы ғұламалардың
әл-Фараби, Әбу әли ибн Синалардың
жан туралы түсініктеріне сүйене оты-
рып, бүкіл тіршіліктің басқарушысы,
реттеушісі жүрек дейді. Сөйте тұра
жан құбылыстарын басқаруға мидың
атқаратын рөлін де жоққа шығармай-
ды. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы есті
адамдардың негізгі жан қуаттарының
қатарына жатқызады. Оның пікірін-
ше, ес көрген, естіген нәрсені жадта
сақтау үшін аса қажет. Арнайы есте
сақтау мақсатында адам тез аңғар-
ғыш, байқағыш және есте қалдырғыш
болуы тиіс (... тез, шапшаң, жеткілікті
аңғарып, ойға қонымды, көңілге то-
лымды, өте нанымды, бүге-шегесіне
дейін есте сақтау) дейді. Ол адамның
қабілет қасиетін дамыту үшін көпте-
ген тау-тас, жер-су және мал мен аң-
дардың аттарын дәл білу қажеттігіне
үлкен мән береді. Еске сақтау қабі-
летінің ойдағыдай дамуына себеп
болатын қасиеттің бірі – зейінділік.
Оның пікірінше, саналы іс-әрекет
зейінсіз іске аспайды. Аталмыш кі-
тапта зейін көбінесе «мәнділік аң-
ғарым» деген ұғыммен беріледі.
Тілеуқабылұлы адамның негізгі жан
қуаттарының біріне ойлау процесін
жатқызады. Ойлау адам сезім мүше-
өТЕМ
өТЕЙ
428
лері арқылы алынған мәліметтерді
өңдейді. Сезім мүшелері арқылы
алынған мағлұматтарды жинақтап,
талдау, саралау арқылы дамып оты-
рады. Ғұлама «... затты, іс-әрекетті
жан-жағынан қара, қолыңмен ұстап
көр, көз өлшеміне сал, одан соң тол-
ған», – дейді. Толғаным сараланбаса,
ойлау дараланбайды, – дейді. Ойлау
сөйлеу әрекетіне байланысты.(«Тол-
ғамдық түйін») – екендігін де айтады.
Ойдың сөз арқылы бейнеленуінің
арқасында адам өзінен бұрынғылар-
дың ілім-білімдерін сақтап қала ала-
ды, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткі-
зеді.
Айтар ойымызды түгел сақтап қалу
үшін біз оны шижаламалап (хатқа
жазу) сақтай аламыз. Ойды келесі
адамға жеткізу үшін оны сарапқа са-
лып, әр нәрсеге толғана талдау жасау
керек. Айтар ойыңды алдымен өзің
түсініп ал. Мұндайда алдамшы се-
зімге беріліп үстірт ойлау – үлкен қа-
телік. Жақсылап түсіну үшін көзбен
көріп, құлақпен естіп, керек болса
қолмен ұстай білу шарт. Ғұлама сөй-
леудің жазбаша түрінің де бар екенін
айтады. Ол сөйлеу арқылы адам бір-
бірімен ұғынысып, пікірлесе алатын-
дығына ерекше көңіл бөледі. Адам-
ның сөзі анық әрі жылы болып ке-
луін қалайды («Сөзің сәнді болса,
түбі мәнді болмақ», «Жақсы сөйле-
мек жанға шырай бермек»). Адам
сөйлеген сөзін ойлап, қадағалап оты-
руы тиіс. («Қиуасы сөйлемелік сөз –
атқылық жебе, не қадала кетпек не
далаға кетпек. Ол сөйлемелікке асық-
пай терең толғанғылық жасап жай
оғындай аңғарылып, наркескідей
қылыш ашалап, нақталамалап дәл тү-
сіргілік тұжырымдаулықпен өнерлік
өресі де, өнері де болғанымен сас-
қалақтап не өзін таудай санағылық
ойламмен орнын таппастықпен пен-
демелік қылмақ-ең үлкен парыз. Осы
түйінде ғұлама-ғалымның адамның
сөйлеу мәдениетіне қатысты кейбір
мәселелерді де баяндаған. Айтатын
ойыңды жинақтап, оның мазмұнды
болуын қадағалап сөйлеу – ақылды
адамның қасиеті. Сөзің мәнді болса
түбі – мәнді болмақ, – деу арқылы ав-
тор сөйлеу әрекетінің мазмұнды бо-
луы мен мәнерлі болуының маңыз-
ды екенін айтады. Ғұлама бала сезім
мүшелерінің (татым, мүңк, көз т.б.)
дұрыс қалыптасуы үшін оларды таза
ұстап, оның түрлі сырқаттарын дер
кезінде емдеп отырудың қажеттілігі-
не назар аударады. Баланың өң мен
түсті дұрыс ажырата алуын, жақсы
естуі, алыс-жақын дыбыстарды дәл
естуін, тәтті мен ащыны айыра білуін
ата-аналар мұқият қадағалау қажет,
өйткені жан-жақты түйсіне алу кейін-
нен заттың сыр-сипатын түсіне білуге
жәрдем етеді дейді.Ө. Тілеуқабыл-
ұлы жеке адам қасиеттері жөнінде
кейбір ойларын айта келіп, жастар-
дың ұстамдылықты, аз сөйлеп, көп
тындыруды, іскер де ісмер болуды
талап етеді.
Ол адамның жақсы мінездерінің қа-
тарына батырлықты, батылдықты
жатқызады. Ғұлама ғалым ешнәрсеге
қызықпайтын енжар адамның еш-
кімге шапағаты болмайды, ол да бір
мал да бір деп, олардың адресіне қат-
ты сын айтады. Адам өмірге келген
соң, белсенді өмір сүруге, сегіз қыр-
лы бір сырлы болуға тиіс деген тұ-
жырым аталмыш еңбектің өн бойы-
нан аз кездеспейді. Дала ғалымы, ши-
пагер Ө. Тілеуқабылұлының «Ши-
өТЕЙ
өТЕЙ
429
пагерлік баян» атты медициналық
энциклопедиялық еңбегі бес жарым
ғасырдан кейін өз елмен қауышты.
Оның еңбегімен қазақ, қытай т.б. шет
елдер ғалымдары да танысып, оң ба-
ғаларын берген. Бұл жайт күні кеше-
ге дейін белгісіз болып келген қазақ
ғалымының әлемдік деңгейдегі ор-
нын анықтауға жол ашты. Қазақтың
халық шипагерлерінің сонау ХV ға-
сырда Қазақ хандығы туын тіккен
кезінен бастап-ақ ілім-ғылым негізі
қаланғанын шипагер Ө. Тілеуқабыл-
ұлының «Шипагерлік баян» атты ме-
дициналық энциклопедиялық еңбегі
айқындап берді.
«Шипагерлік баянның» ең соңғы ал-
тыншы көшірмесінің қытайдағы мә-
дени төңкеріс кезінде өртенуден қал-
ған мың беттен аса қолжазбасын ал-
ғаш баспаға дайындап шығаруға бас-
шылық еткен Шыңжаң ғылым-тех-
ника денсаулық сақтау баспасы бас
директорының орынбасары, ғалым,
жазушы Хакім Әкімжанұлы. Ғұлама-
ның өз еңбегінде адам жанының нә-
зік білгірі, ойлау, сөйлеу, дара тұлға-
ның қасиеттері туралы сындарлы пі-
кірлері психологиялық ерекшелік-
терін жалаң ұғымдармен түсіндірмей,
сол заманның дәрігерлік ілімі тұр-
ғысынан сабақтастыра сыр шертке-
ні, оның ілім-білімінің осы саласы-
на орай айтқандары мірдің оғындай
боп тыңдаушысын өзіне баурап ала-
ры хақ.
өТІРІК ПЕН өТІРІКШІЛІК (СУ-
АЙТ) – бұл жағдайдағы әдейі бұр-
малау. Өтірік көбіне тез тексерілуі
қиын немесе түрлі өсек-аяң хабар-
лардың мазмұнынан білініп қалады.
Халқымыздың «Өтірік өрге баспай-
ды», «Өтірікшінің шын сөзі заяға
кетеді» дейді. Оған тән сипат өтірік-
ші өзінің сөзін «дәлелді» ету үшін кей-
бір қулық-сулықты ойлап табады.
Әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан
өтірік-өсек адами қарым-қатынасқа
зиянын тигізетіні көпке белгілі. Ол
айналасындағыларды алдап-сулап
шатастыру арқылы өз масатына же-
туді көздейді. Өтірік айтуды әдетке
айналдырған кісіні жұрт суайт өті-
рікіші дейді.
Суайт – адам мінезіндегі көргенсіз-
діктің бір түрі. Өтірік айту, сайып
келгенде, өтірікшіге оның өзіне ғана
емес, тіпті оны тыңдайтындарға да
опық жегізеді Ол жалған сөзімен
айналасын абыржытып, жұртқа ірт-
кі салады. Мәселен, қазір де кейбір
осындайлар «қазір сіздер тұрған
жерде (мектепте, кеңседе т.б.) жары-
лыс болады» деп телефонмен жал-
ған хабар таратып, жұртты әбігерге
түсіреді, оның айтқаны өтірік болып,
бұл жұрттың ашу-ызасын келтіргені
өз алдына, олардың алтын уақытын
босқа ысырап етеді. Ұлы ғұламалар
жас ұрпақты мұндайлардан әркез
жирендіріп отырған.
Мәселен, Шәкәрім қажы: «Өтіріктен
тілін тыя алмаған адам арамдықтан
ыңдынын тыя алмас», – десе, Сайф
Сараи: «Өтірік сөз жарақат сияқты,
жазылса да орны қалады», – дейді.
Мұндайлар жайлы дана халқымыз:
«Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам»
немесе «Өтірікшінің өтірігі де өтірік,
шыны да өтірік» деп, пәтуә ететіні
хақ. Жастарымыз Асан қайғы жырау
айтқандай, «жеңемін деп біреуді өті-
рік сөзбен қостама» деген аталы сө-
зін естерінен шығармауы тиіс. Қас
батыр Бауыржан Момышұлы ағамыз-
өТІР
өТІР
430
дың «Өтіріктің балын жалап тірі
жүргенше, уын ішіп өлген артық» дей-
тін аталы сөзін әркез есте сақтайтын
болайық.
өШПЕНДІЛІК – адамның жағым-
сыз мінез бітістерінің бірі. Ө. – тап
тартысы бар жерде, бір-бірімен көз-
қарасы еш уақытта үйлеспейтін кез-
де кейбіреулерде кездесетін жиір-
кенішті қасиет. Мұндай мінезі бар
адамдар көбінде өліспей беріспейді,
яғни бірін-бірі өлтіруге дейін бара-
ды. Халқымыз өз ұрпағын ғасырлар
бойы қайырымдылыкқа, гуманистік-
ке, ізгілікке тәрбиелеп келген. Асан
қайғы жырау сонау ерте заманның
өзінде-ақ: «Ердің құны болса да, алды-
ңа келіп қалған соң, қол қусырып бар-
ған соң, аса кеш те қоя бер, бұрынғы-
ны қуыспа», – деп жастарды бір-бірі-
мен өшікпеуге шақырған. Халқымыз
да, бір-біріне өшіккен жандарға «Тас-
пен ұрғанды аспен ұр» деп ақыл-ке-
ңес бергені хақ. Жас өскіннің есінен
бұл айтылғандар әркез шықпауы ке-
рек. Ө.-басқа адамдарға өшпенділік-
пен қатынас жасауға құқықтымын деп,
орын алатын негізсіз адамның нұс-
қаулы психологиялық күйі.
ПАВЛОВ ИВАН ПЕТРОВИЧ (1849-
1936). Дүниежүзі физиологтарының
ақсақалы, орыстың ұлы ғалым акаде-
мигі. И.П. Павлов Нобель сыйлығы-
ның лауреаты (1904), 1875 ж. Петер-
бург университетінің, 1879 ж. медиц-
хирург, академияның профессоры.
1891 жылдан өмірінің соңына дейін
өзі ұйымдастырған эксперименталды
медицина институтының физиология
бөлімін басқарған. Ол жануарлар мен
адамның жоғары жүйке қызметін шарт-
ты рефлекс тәсілін тәжірибе жүзінде
зерттеудің негізін қалаушы. Павлов
Сеченовтың психикалық қызметінің
рефлекстік сипаты жөніндегі ілімін
онан әрі дамытты, организмнің сырт-
қы ортамен өзара байланысының се-
бебі ретіндегі рефлексті түсіндіре ке-
ліп, мидың заңдылықтарын ашты.
Негізгі еңбектері: «Жануарлардың
жоғары жүйке қызметін (мінез-құ-
лық) объективті зерттеудің 20 жылдық
тәжірибесі», «Шартты рефлекс», «Ми
жарты шарларының жұмысы жөнін-
дегі лекциялар» т.б.
ПАЙДАКҮНЕМДІК – адамдар ара-
сында кездесетін мінездің қолайсыз
өШПЕ
ПАЙД
431
бітістерінің бірі. Мұндай кісінің есіл-
дерті ақша, қандай жолмен болса да
бірді-біріне қосып пайда табу. Бұл,
әсіресе нарықтық қатынас кезеңінде
кең өріс алып отыр. Пайда қуған адам
шыншыл да, принципшіл де, ержүрек
те, өз парызына адал да бола алмай-
ды. П. адамды ең аяулы сезімдерден –
отанға деген сүйіспеншіліктен, от-
басындағы ауызбірліктен, ізгілік пен
рухани тазалықтан, имандылық пен
инабаттылықтан кісіні ада қылады.
Оңдай адамның жан дүниесі жұтаң
келеді, ішіп-жемей тек мал жиюға құ-
мар, сараңдыққа бой ұрып, рухани
өмірі жұтаң тартып, қуанышы, сүйіні-
ші азаятын болады. «Жаманнан жи-
рен, жақсыдан үйрен» дегендей, жас-
тар пайдакүнем болмағандары мақұл.
ПАЙЫМДАУ – логикалық ойлаудың
екі типі. Ойдың ақиқатқа қарай ілге-
рілеуі білім шеңберінде тәжірибенің
мәліметтері мен амалдарын жасайды,
оларды қатаң тиянақталған ереже-
лер бойынша реттейді. Оған қатаң
анықтылық, бұлжымайтын шектеу-
лермен схемаларға ойысу тән. Мұның
өзі құбылыстарды дұрыс топтасты-
руға, білімдерді жүйелеуге мүмкін-
дік береді. П. индивидтің, әсіресе,
утилитарлық, міндеттерді орындауға
үйреншікті жағдаяттарға ойдағыдай
бейімделуін қамтамасыз етеді. Па-
йымның шектеулілігі оның икемсіз-
дігі мен кесімдігі оның таңдап отыр-
ған мазмұнынан шыға алмайтынды-
ғы болып табылады. П.- ойлау про-
цесінің белгілі бір сатысы немесе ой
тұжырымдаудың түрі; басты бір мә-
селеге жауап қайтаруда бір-бірінен
туындайтын ой-пікірлер туындысы.
П.-ойлаудың алғашқы сатысынан
оның тұжырымына өту жолы. Бірақ
П. туралы түсініктер бірден жүйе-
ленбейді, бірін-бірі толықтыра да бер-
мейді. Философия тарихында пайым-
дауды ғылыми танымға қабілеттілік
(Кант), анықтамаларды шектейтін бі-
лімнің қалыптасу кезеңі (Гегель) дей-
тін түсініктер бар. П. – құбылыстың
себебі мен байланысын анықтайтын
ақыл-ойдың құрамдас бөлігі, тіл та-
бысудың алғашқы деңгейі. П. тәсілін
сипаттау, жинақтау және дәлелдеу –
логиканың негізгі міндеттерінің бірі.
ПАНТОМИМИКА (грек.рапtomi-
mas – еліктеу арқылы дене қимылда-
рын қайталау) – көркем бейнелеу, жан-
тәннің мәнерлі қозғалысын, дененің
үйлесімді қимылын, әдеттің ыңғайлы
ымын орындау арқылы жасалатын
өнердің жүйесі және оның сахналық
түрі. П. алғаш ежелгі Грекия мен Рим
театрында қалыптасқан. П. түрлері ел
кезуші актерлер (гистриондар), қал-
жыңбас күлдіргіштер, жонглерлер ар-
қылы музыкалық қолдаумен тарал-
ған. П. ХІІ-ХІІІ ғ. комедиялық өнердің
тәсілі ретінде қолдау табады. XIX же-
ке театр ойынына айналады. Пан-
гомиманың музыкамен, әнмен сүйе-
мелдеумен орындалатын арнайы түрі
Орта және Шығыс Азия елдерінде
кең таралған.
ПАРАБИОз (грек.. рara – маңында,
төңіреңінде, bios – өмір) – 1) екі не-
месе бірнеше организмнің қан, лим-
фа тамырларындағы, организмдегі
сұйық заттарды жасанды іркілдету
арқылы оларда жалпы қан айналы-
мын қалыптастыру тәсілі; 2) Тірі ор-
ганизмнің тітіркендіргіш әсеріне (ті-
тіркенудің күші мен ұзақтығына қа-
ПАЙЫ
ПАРА
432
рай) қайтаратын сатылы жауаптың
әлсіреуі П. кезінде организмнің негіз-
гі қасиеттері – қозғыштық, өткізгіш-
тік жалпы қозу процесі қайтымды
өзгеріске ұшырайды. Парабиоз ұғы-
мы мен теориясын Н.Е.Введенский
(1901 ж.) ашты. Парабиоз туралы
ілім организмдегі қозу, тежелу про-
цестерінің генетикалық бірлігін, қоз-
ғыштық пен өткізу арасындағы бай-
ланысты анықтады.
ПАРАДИГМА (грек. раradigma – үл-
гі) – 1) берілген білімдер саласында-
ғы белгілі бір тарихи кезеңдегі ға-
лымдардың зерттеу практикасы со-
ларға қарай ұйымдастарылатын не-
гізгі ғылыми жетістіктер (теориялар,
әдістер) жүйесі. Ұғымды енгізген
америкалық тарихшы Т.Кун ғылыми
пәннің дамуында препарадигмалық
кезең (П. белгіленер алдындағы ке-
зең), П. үстемдігі кезеңі, дағдарыс жә-
не ғылыми революция кезеңі (пара-
дигмалардың алмасуы, бірінен екін-
шісіне өту) болады деп пайымдады.
П.-тұжырымдамасы алға қойған проб-
лемалар (ғылыми пән және оның даму
кезеңдері туралы танымның субъек-
тісі ретіндегі ғылыми қауымдастық
туралы және т.б.) Отандық ғылымда
диалектикалық-материалистік әдіс-
нама тұрғысында талдап шешілуге;
2) шындық болмыстың мәнді сипат-
тарын білдіреті ұғымдар жүйесінде
тұлғаланған қатаң ғылыми теория;
3) белгілі бір тарихи кезең ішінде
ғылыми қоғамдастықта үстем бола-
тын зерттеу әдістерінің, проблемалар
қою мен оларды шешудің бастама тұ-
жырымдамалық схемасы, моделі.
ПАРАПСИХОЛОГИЯ (грекшс раrа –
маңында, төңірегінде және психоло-
гия) – адамдарлың психологиясы мен
мінез-құлықтарындағы ғылыми не-
гізгі беймәлім гипноз, елестету сияқ-
ты айрықша құбылыстарды зерттей-
тін психология саласы. П.- экстра-
сенсорлық қабылдау, телепатия, түс
көру сияқты табиғаты айқындалма-
ған, функциялық қызметі тиянақсыз
психикалы құбылыстар туралы мә-
ліметтер жиынтығы.
Парапсихологиялық көріністер XIX
г.соңғы ширегінен бастап арнайы
ғылыми объект ретінде зерттеле бас-
тады. Ғалымдардың көп жылғы із-
деністері гипноздың, идеомоторлық
актілердің, субсенсорлық қабылдау-
дың, таңғажайып естің, есеп шыға-
рудағы дарыңды қабілеттің психо-
логиялық заңдылықтарын танып-бі-
луге ұйытқы болды. Дегенмен, П.
қарастыратын құбылыстардың ере-
кше сипаты осы уақытқа дейін ма-
мандар арасында бірде қызу айтыс-
тартыс, бірде ашық күмән туғызуда.
Парапсихологияның қарсы сарапшы-
лары жалпы психологиялық ізденіс-
тердің қажеттілігіне қарсы емес, тек
ондағы дүрмек туғызатын дәлелсіз
құрғақ пікірлерге тоқтау салуды қол-
дайды. Парапсихологияның синони-
мі – психотроника.
Достарыңызбен бөлісу: |