Қ. жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет71/90
Дата03.03.2017
өлшемі11,21 Mb.
#5955
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   90

САНАНЫҢ  БҮЛІНУІ  –  орталық 

жүйке  жүйесінің  зақымдалуынан 

туындайтын психикалық ауру. Адам- 

ның  миы  әртүрлі  жағдайларға  бай- 

ланысты  ауруға  шалдығуы  мүмкін. 

Ми зақымдалған кезде оның жоғары 

жүйке қызметі өзгеріске ұшырайды. 

Адамның  қабылдауы,  ойлауы,  көз- 

деген  әрекеті  бұзылады.  Балаларда 

С.б.  әртүрлі  кезеңде  орталық  жүйке 

жүйесінің  зақымдалуынан  болады. 

Біреуінде  зақымдану  құрсақта  жат- 

қан  кезде  болса,  енді  біреуінде  ту- 

ғаннан  кейін  3  жасқа  дейін  болады. 

Процестің өзін тікелей миға әсер ет- 

кен дәл осы кезеңде оның зақымда- 

нуын  органикалық  зақымдану,  ал 

балалардың  өздерін  олигофренопе- 

дагогикада олигофрендер деп атайды.

Санасына  зақым  келген,  санасы  бү- 

лінген балалардың психикасын пси- 

хологияның арнайы саласы – дефек- 

тология  ғылымы  қарастырады.  Ба- 

лалардың  орталық  жүйке  жүйесінің 

бұзылуы  әртүрлі  себептерге  (әйел- 

дердің  жүкті  кезде  жарақаттануы, 

анасының  немесе  баласының  жұқ- 

палы аурулармен ауыруы, анасының 

теріс  резус-факторы,  зат  алмасудың 

бұзылуы және т.б.) байланысты бола-

ды. Ал мидың зақымдануынаң жоға- 

ры  жүйке  жүйесінңи  қызметі  қатты 

бүлінеді.  Бұдан  бүкіл  психикалық 

процестердің дамуы бұзылады. Кей- 

де 3 жастан кейін де баланың санасы 

бүлінуі  мүмкін.  Оған  әртүрлі  жа- 

рақаттар, мидың қабынуы, психика- 

лық аурулар және т.б. себеп болады.

Бұдан  балалардың  бүкіл  психика- 

лық процестері – ойлау, сөйлеу, есте 

сақтау,  қабылдау  және  т.б.  қабілет- 

терінің  дамуы  бұзылады.  Ақыл-ойы 

кем  мектеп  оқушыларындағы  басты 

белгі  және  психикалық  ерекшелік  – 

ойлау процестерінің жетілмеуі (атап 

айтқанда, ой қорытындылаудың, тал- 

дап  жинақтаудың  нашарлығы)  бо-

лып табылады. Мұның бәрі сананың 

бүлінуінен болады.

САНДЫРАҚ  –  ойлаудың  бұзылуы, 

мағынасыздық,  шынайылыққа  және 

ойша  пайымдауға  сәйкес  келмейтін, 

сонымен  бірге  субъектіге  қате  пікір 

екенін түсіндіруге мүмкін болмайты-

нын  білдіретін  түсінік.  С.  көптеген 

психикалық  аурулардың  белгісі,  яғ- 

ни  оның  мазмұны  әртүрлі  болуы 

мүмкін;  қуғынға  ұшырау,  улану, 

қызғаншақтық,  маңыздылық  т.с.с. 

С.-тың  екі  түрі  бар:  біріншісі,  ког-



нитивтік  (танымдық)  сфераның 

бұзылғанында – ауру өзінің ауытқы- 

ған  сандырақтарын  субъективті  дә- 

лелдеулерін «логикалық» жолмен бе- 

кітеді, екіншісі, сенсорлық сфераның 

бұзылғанында  –  аурудың  кейбір  си- 

паты,  қиял  мен  фантазия  басым  бо-

луымен  өтеді.  Кейбір  жағдайларда 



САНА

САНД

481

С. қорқудың аффективті көрінісімен, 

яғни ылғи қауіп төніп тұрғандай бо-

луымен де сипатталады.

С.-тың  бірнеше  формалары  бар:  С- 

шындыққа сәйкес келмейтін, түзету- 

ге болмайтын ойлар немесе шындық- 

қа  сәйкес  келмейтін  қате  пікір.  Жиі 

кездесетін сандырақтың түрі соңына 

түсу сандырағы. Оған қарым-қаты- 

нас, уландыру, әсер ету, кінәлау, қыз- 

ғану,  кемсіту,  ұрлау  сияқты  ойлар 

жатады. Қарым-қатынас сандырағы, 

мұндай сандырағы бар ауруларға ай- 

налады  адамдар  жаман  қарайтын, 



оған  күлетін,  ол  туралы  сыбырла- 

сатын болып көрінеді, Мұндай сан- 

дырақтарды ерекше маңызды санды- 

рақ  ойлар  дейді.  Әрекет  сандыра- 

ғында  аурулар  өздеріне  көзқарас, 

гипноз,  белгісіз  аспап,  теледидар 

мен радио толқындары арқылы әсер 

етеді деп санайды. Нақтылы соңына 



түсу  сандырағы.  Мұндай  ауруларға 

әр  қадам  сайын  басқа  адамдир  не 

мекемелер соңына түскендей болады. 

Кінәлау  сандырағы  кезінде  аурулар 

оларды кінәлайтыны туралы айтады.

Мысалы,  ауру  адам  өзін  жұмыстан 

шығарады деп ойлап, дәрігерге келіп 

оның  алдына  құжаттарын  қойып, 

тезірек  жұмыстан  шығаруын  талап 

етеді. Кемістік пен тонау сандырағы 

қартайған  адамдардың  қан  тамыры 

зақымданған және басқа психоздар- 

да болады. Үйлерінен заттардың тона- 

лып, ұрланып жатқаны сияқты т.с.с. 

көрінеді. Қызғану сандырағы соңына 



түсу сандырағының бір түрі. Қызғану 

сандырағы  маскүнемдерде  жиі  бо-

лады.  Мұндай  ауруларда  әйелінің 

(күйеуінің) опасыздығын дәлелдейтін 

жүйе  қалыптасады.  Өзін-өзі  қорлау 

сандырағы  мұндай  аурулар  өзін 

бір  нәрсеге  кінәлімін  санайды,  олар 

айналадағыларға ауру жұқтырамыз 

деп  санайды.  Олар  өзін  мүсәпірміз 

деп санайды.

Ипохондриялық  сандырақ.  Мұндай 

аурулар  өздерін  рак,  туберкулез, 



спид,  сифилис  сияқты  жаман  ау-

рулармен  ауырамыз  деп  санайды. 

Мұндай  аурулар  дәрігердің  дәлелін 

жоққа шығарады. Нақұрыс сандыра- 

ғы бар аурулар өздеріне сырттан күш 

енген (шайтан, кейде бақа мен жы-



лан  сияқты)  деп  санайды.  Ұлылық 

сандырағымен  ауырғандар  өздерін 

көп  ақшаның  (мыңдаган,  миллион- 

даған), сарайлардың, автомашиналар 

мен ұшақтардың иесімін деп санай- 

ды.  С.  –  шындық  болмысқа  сәйкес- 

пейтін  түсініктер  мен  ой  қорытын- 

дылары; бұлардың дұрыстығына па- 

тологиялық тұрғыда сенімді субъек-

тіге олары қате деп иландыру мүмкін 

болмайды.

С. көптеген психикалық аурулардың 

нышаны болып табылады; бұл орай- 

да  оның  мазмұны  әр  алуан  болуы 

мүмкін: біреу қуғандай, уландырған- 

дай  сезімнің  сандырағы,  қызғаныш, 

ұлылық  сандырағы  және  т.б.  сан- 

дырақтың  екі  түрі  ажыратылады: 

біріншісінде когнитивтік сала бұзы- 

лады  –  ауру  өзінің  бұрмаланған  па- 

йымдауын  «логикалық»  жүйеге  бі- 

ріктірілген бірқатар субъективтік дә- 

лелдемелермен  қуаттайды,  екінші 

түрінде  сенсорлық  сала  да  бұзыла- 

ды  –  аурудың  сандырағы  құрғақ 

қиялдау басым бейнелік сипатта бо- 

лады. Қайсыбір жағдайларда санды- 

рақ қорқыныш, негізсіз алаңдау, бей- 

мәлім қауіп-қатерді сезудің аффекті- 

лік көріністерімен қабаттасады (Мы- 

салы, біреу соңына түскендей болып 

САНД

САНД


482

көрінетін  параноидтік  сандырақ  ке- 

зінде  ауру  айналасындағы  адамдар- 

дың әр қимылы мен ишарасын ұйым- 

дасып, бір-біріне белгі беру» және т.б. 

деп ұғынып, қашып кетуге, тығылып 

қалуға және т.б.ты-рысады).

Сандырақты аса құнды идеялар дей- 

тіннен ажырата білу керек – мұндай 

идеялар  кезінде  белгілі  бір  нақты 

өмірлік  проблема  психикалық  тұр- 

ғыдан сау субъекттің санасында шек-

тен  тыс  (аса  құнды)  мәнділікке  ие 

болады.


САНГВИНИК (лат. sanguinus – қан) – 

сипаттау. Осы типтегі адамның эмо- 

циялық. қозуы шапшаң, күшті бола-

ды,  бірақ  көп  тұрақтамайды.  Көңіл 

күйі  әп-сәтте  өзгереді.  С.  –  әсершіл 

адам.  Ұнатқан,  сүйсінген  нәрсесіне 

елігіп  әуестенуі  де  оңай,  жеңсігінің 

басылуы  да  жылдам.  Төңірегіндегі 

оқиғаларға,  нәрсенің  мән-жайына 

елең  етіп,  көңілденіп,  басқа  әсерге 

ауысып кетуі де тез. Көңілі көтерің- 

кі келеді. Ұзақ уақыт мұңайып жүр- 

мейді.  Бастан  кешкен  сезім  күйлері 

санасында  елеулі  із  қалдырмайды. 

Шапшаң  да  икемді,  қозғалғыш  та 

қызу,  еті  тірі,  сергеке  келеді.  Сезім 

күйлерін  сыртқы  қимылдары  әйгі- 

леп тұрады. Көтеріңкі, мәнерлі сөй- 

лейді, мимика, қимылы көп. Ақжар- 

қын, ашық келеді. Мұндай адам бас- 

қалармен тез тіл табысады, бірақ қа- 

рым-қатынасқа  онша  мән  бермейді. 

Қызықтырған  іске  бейімділігі,  тала- 

бы,  талпыну

 

көп,  бірақ  оп-оңай  ба- 



сылып  қалады.  Бастаған  ісіне  тың- 

ғылықты болмай, жұмысы аяқсыз қа- 

лады. Іске қатысуға әр уақыт дайын 

тұрады. Кейде бірнеше жұмысқа бір-

дей кіріседі. Басында көңілі көтерің- 

кі болып, іс үстінде лезде суиды.



САЙФ  САРАИ.  Алтын  Орда  мем- 

лекетінің  XIV  ғасыр  мәдениетінің 

көрнекті  өкілдерінің  біріне  қазақ 

жерінің  Қамысты  деген  мекенінде 

дүниеге  келген  Сайф  Сараиды  жат- 

қызуға  болады.  Ол  Өзбек  хан  тұ- 

сында  Еділ  бойындағы  Сарай  қала- 

сында  тұрған.  Өмір  жолы  мен  шы- 

ғармашылығы  туралы  жөнді  мағлұ- 

мат сақталмаған. Кейіннен Египетте 

тұрып, Александрияда қайтыс болады.

1391 жылы жетпіс жасар Сайф пар-

сы  ақыны  Муслихутдин  Сағдидың 

«Гүлістан» дастанын түркі тіліне ау- 

дарып,  оған  «Гүлістан  бит-турки» 

деп  ат  қояды.  Дастан  қолжазбасы- 

ның түпнұсқасы бүгінде Лейден уни- 

верситетінде  (Голландия),  оның  фо- 

токөшірмесі  Анкара  университетін- 

де (Түркия) сақтаулы тұр. Шығарма- 

да  көптеген  көркем  бейнелі,  тәліми 

сипаттағы нақыл, ұлағат сөздер кез-

деседі.  Сарайдың  осы  шығармасы 

алдымен  Анкарада  (1915),  кейіннен 

орыс, өзбек тілдерінде жарық көрді. 

Мұнда  ел  билеушілер  мен  бұқара 

халық  жайында,  қанағаттылық  пен 

тілге сақ болудың пайдасы мен зия- 

ны туралы, жігіттік пен кәрілік жайын-

да,  адамгершіліктің  әртүрлі  сипат 

қасиеттері  сөз  болады.  Осы  тәліми 

сөздердің  бәр-бәрі  хисса-хикаят  тү- 

рінде айтылады. Шығармада сондай-

ақ, ұят пен ынсап («Ұятсыз адам ит- 

тен  де  жаман»),  жақсылық  пен  жа- 

мандық,  жомарттық  пен  сараңдық 

(«Жомарт ерге ел алғысын төгеді, са- 

раң атын естісе жұрт сөгеді»), қаты- 

гезділік  пен  мейірімділік,  шындық 

САНГ

САЙФ


483

пен  өтірік,  күншілдік  пен  бақастық 

(«Жарғанат жарықты сүймейді, күн- 

шіл  ғылымды  сүймейді»),  ақылды- 

лық пен білімділік, т. б. мәселелер сөз 

болады.


САРАҢДЫҚ – адам мінезінің нашар 

қасиеттерінің бірі. Әркез де өмір сүр- 

ген ұлы ғұламалар мұндай жиреніш- 

ті – қаттылық, қараулық, қарабайлық 

сияқты  әдеттерден  жұртшылықты, 

әсіресе  жасөспірімді  сақтандырып 

отырған. Мәселен, өзбек ойшылы Әлі- 

шер  Науаи:  сараң  –  пайғамбардың 

жиені  болса  да,  пейішке  бармайды 

десе, түркістандық Ахмет Жүйнеки: 

«Сараң дүниенің малын жиса да той- 

майды» – дейді. «Диван лұғат ат тү- 

ріктің авторы Махмұд Қашғари мұн- 

дайларды «Өзі жемей мал жиып са- 

раң  болады,  содан  күні  қараң  бола- 

ды», – деп келемеждеген.

Орыстың  ұлы  жазушысы  А.С.Пуш- 

кин  «Сараң  сері»  драмасында  Аль- 

берттің  образы  арқылы  құлқынын 

ақша  тескен  адамның  психология- 

сын шебер көрсеткен («Е, менің әкем 

үшін ақша... бас перінің қожасы, ол 

иттің  суық  жатағында  тұрады,  ке- 

регі  оның  қара  су  мен  кепкен  нан, 

көз ілмейді түн бойы, жүгірді арсыл-

дап,  ал  алтыны  жатыр  сандығында 

мызғымай»).  С.  пайдакүнемдіктен 

туындайды. Пайда қуған адам шын-

шыл да, принципшіл де, батыл да, өз 

парызына адал да бола алмайды.

Қазіргі  кезде  сыбайлас  жемқорлық- 

пен «табыс» табуға әдеттенген адам- 

дар  көбейе  бастады.  Бұлар  шынту- 

айтқа  келгенде  адамға  тән  аяулы 

сезімдерден,  өз  халқына,  Отанға 

деген  сүйіспеншіліктен,  ізгілік  пен 

имандылықтан,  жан  тазалығынан 

жұрдай адамдар.

«Тәрбие бесіктен басталады»  деген-

дей,  әр  ата-ана  өз  ұрпағына  мұндай 

жаман қасиетті дарытпау жағын ба-

ласы  жарық  дүниеге  келгеннен  бас- 

тап ойластыруы тиіс.

САРБАз  ПСИХОЛОГИЯСЫ  – 

адамды  әскери  жағдайда,  олардың 

ұрыс  кезіндегі  психикалық  ерек-

шеліктерін  (ерік-жігерін,  мінезін, 

ұжымдағы  рөлін  және  т.б.)  зерттей-

тін  әскери  психологияның  бір  са- 

ласы.  Негізгі  мақсаты  –  сарбаздың 

психологиясын  зерттеп,  жаңа  жағ- 

дайға,  соғыс  жағдайында  командир 

мен  қатардағы  жауынгердің  қарым- 

қатынас  мәселелерін  қарастырады. 

М.Мұқановтың  «Кеңес  жауынгерле- 

рінің  Ұлы  Отан  соғысы  жағдайын- 

дағы  ерліктері»  атты  диссертация- 

сында (1953), Б.Момышұлының «Со- 

ғыс  психологиясы»  атты  еңбегінде 

(1944) баяндалған.

САУАЛНАМА  –  1)  алдын  ала  әзір- 

ленген сұрақтар жүйесіне жауап алу-

ды  көздейтін  сауалпарақ.  С.  сауал- 

данушыдан  қажетті  мәліметтер  алу 

үшін,  сондай-ақ  үлкен  әлеуметтік 

топтардың пікірін білу үшін жүргізі- 

леді. С.-ның ашық (сауалданушының 

еркін  жауабы),  жабық  (берілген  жа- 

уаптардың біреуін ғана таңдау) және 

аралас  түрлері  болады.  С.  психо- 

логиялық-педагогикалық  зерттеуде 

көп қолданылады;

2) вербалдық қатынас негізінде бас- 

тапқы  әлеуметтік-психологиялық 

ақпарат  алуға  арналған  әдістемелік 

құрал.  С.  –  әрқайсысы  зерттеудің 



САРА

САУА

484

орталық  міндетімен  логикалық  тұр- 

ғыдан  байланысты  сұрақтар  жина- 

ғы. С. құрастыру – зерттеудің негізгі 

болжамдарын  сұрақтар  тіліне  көші- 

ру – күрделі әрі көп еңбек жұмсала- 

тын процесс. С. сұралушыға қатысты 

шыншыл  және  проблемаға  қатысты 

мәнді  мазмұн  алынуын  қамтамасыз 

етуге тиіс. Ғылыми тұрғыдан бағалы 

С. құрастыру әдетте, ұжымдық еңбек. 

С.  жасаудағы  бірінші  кезең  –  оның 

мазмұнын анықтау. Ол сұралушының 

өмірлік  қарекетінің  фактілері  (білі- 

мі,  азаматтың  халі,  өткеңдегі  және 

қазіргі қарекеттері және т.б.) туралы 

немесе  оның  түрткі-себептері,  ба- 

ғамдауы, қатынасы туралы сұрақтар 

тобы болуы мүмкін. Егер пікірдің өзі- 

не  қоса  оның  қарқындылығын  білу 

қажет  болса,  сұрақтың  тұжырымда- 

луына  тиісінше  бағамдау  шкаласын 

қосады.

С.  құрастырудағы  екінші  кезең  сұ- 



рақтардың  қажет  типін  таңдау.  Сұ- 

рақтар  сұралушының  өз  жауабын 

мазмұны бойынша да, нысаны бойын-

ша да өз қалауынша құра алатындай 

ашық,  сондай-ақ  әдетте,  «жоқ»  пен 

«иә»  деген  жауап  қана  беруге  бола-

тындай жабық болуы мүмкін. Өзінің 

функциясы  бойынша  сұрақтар  не-

гізгі,  жанама,  бақылау  не  нақтылау 

және т.б. түрінде болады. Сұрақтың 

типі жауаптың толық және шыншыл 

болуына  әсер  етеді.  Сұрақтардың 

тұжырымдалуына  қатысты  сөйлем- 

дер мүмкіндігінше қысқа, мағынасы 

айқын,  дәлме-дәл  және  бір  мәндес 

болуы керек.

С. құрастыру кезіндегі неғұрлым тән 

қателер жауаптың мәнінің сұрақтың 

өзінен  туындайтыны,  шамадан  тыс 

егжей-тегжейлілік, сұрақтардың екі- 

ұштылығы,  саралаушылық  қары- 

мының  жеткіліксіздігі  болып  келе- 

ді.  Жақсы  сұрақтар  сенімділік  пен 

валидтіліктің  әдеттегі  критерийле- 

рін қанағаттандыруы тиіс. С. құрас- 

тырудағы  соңғы  кезең  берілетін  сұ- 

рақтардың  саны  мен  ретін  анықтау- 

мен  байланысты.  Сұрақтардың  ке-

зектемелілігі  сауалдама  жүргізудің 

әртүрлі типтері үшін әрқилы болады. 

Сауалнамаға  жауап  беруші  (Респон-

дент) – зерттеу жұмысына сұрақтар- 

ға  жауап  беруші  ретінде  қатысушы 

адам.  Зерттеу  сипатына  байланыс-

ты  С.ж.б.  әңгімелесуші,  емделуші, 

келімші, ақпаратшы және т.б. болуы 

ықтимал.

САУДА ПСИХОЛОГИЯСЫ – сауда 

жұмысына  қатысатын  адамдардың 

жан  дүниесін,  мұқтаждығын,  қы- 

зығуын,  мақсаттарын  зерттейтін 

психология  ғылымының  жаңа  сала-

сы.  Бұл  сала  бойынша  әрбір  елдің 

саяси-экономикалық  және  мәдени-

материалдық  қажеттіліктерін  өтеу 

мақсаттарына  қарай  дамыту  шара- 

лары белгіленеді. Бұған қоса жарна- 

малардың  психологиялық  ықпалы, 

адамдарға қызмет көрсетудің фактор-

лары қарастырылады.

САЯСАТ ПСИХОЛОГИЯСЫ – қо- 

ғамның  саяси  өміріндегі  әлеуметтік 

психологиялық компоненттерді, ұлт- 

тар,  әлеуметтік  топтар,  үкімет  және 

жеке  тұлғалардың  саяси  саналары- 

ның  деңгейі  және  олардың  нақты 

сол  сананы  іске  асыру  әрекеттерін 

зерттейтін  психология  ғылымының 

саласы. С. п.-нда ішкі саясаттық мә- 

селелер (адамдар мен топтардың сая- 

си  саналарының  қалыптасуы  мен 

САУД

САЯС


485

дамуы, саяси үрдістердің психология- 

лық  жақтарын;  адамдардың  саясат 

жүйесіне  қалыпасын  т.б.)  және  ха- 

лықаралық  қатынас  мәселелері  мен 

сыртқы  саясатты  (халықаралық  қа- 

тынастың  психологиялық  аспек-

тілерін,  сыртқы  саяси  шешімдерді 

қабылдау  үрдістерін,  әсіресе  дағда- 

рыс  жағдайындағы  мәселелерді;  ха- 

лықаралық  дау-дамайларды  және 

оларды  шешудің  әдістемелерінің 

психологиясын; халықаралық ынты- 

мақтастық  пен  бейбітшілік  мәселе- 

лерін)  зерттеді.  Саясат  психологи-

ясында  саясат  аренасындағы  жеке 

тұлғаларды зерттеумен олардың тех-

нологиясын құрастыру ерекше орын 

алады. Ертеректе саясат психология- 

сы  әлеуметтік  психология  саласы- 

ның  меншігінде  болған.  Қазіргі  ке- 

зеңде  С.п.  психология  ғылымының 

дамып келе жатқан салаларының бі- 

рі болып есептеледі.



СӘБИ. Мектеп жасына дейінгі бала- 

ның негізгі әрекеті – ойын. Оның бар- 

лық психологиялық ерекшеліктері де 

осы ойын үстінде қалыптасады. Бала 

неше түрлі ойындарды үйренеді. Маз- 

мұндық, рөлдік ойындар баланың зе- 

йінін,  есін,  ойлауын,  қиялын  қалып- 

тастыруда  зор  маңыз  атқарады.  Мә- 

селен,  бала  қуыршақпен  ойнағанда, 

оны ауру деп санайды да, өзі дәрігер 

бола  кетеді,  қолына  сөмке  ұстайды, 

«ауруының»  қолтығына  термометр 

салады.  Қозғалыс  ойындары  оның 

ерік-жігерін, қол-аяғы мен денесінің 

қозғалыстарын  қалыптастырып,  жү- 

рісін қатайтып, жаттықтырады. Ойын 

үстінде бала ересек адамдардың әре- 

кеттерін қайталауға тырысады: қуыр- 

шақтарын  тамақтандырады,  ұйықта- 

тып, қыдыртады. Үш-төрт жасар сә- 

би үлкендердің іс-әрекетін, еңбек про- 

цесін  ойын  арқылы  жақсы  көрсете 

алады. Осы жастағы балалар әке, ше- 

ше,  дәрігер,  көлік  жүргізуші  болып 

ойнауға құмар. Өйткені бұл – оларға 

таныс тақырып.

Осы  кезде  сәби  ана  тілінің  грамма- 

тикалық  құрылысын  (әр  түрлі  сөй- 

лемдер,  сөздерді  жіктеу,  септеу  т.б.) 

тым  тәуір  меңгереді,  оның  өз  бетін-

ше  сөз  құрау  белсенділігі  күшті  бо- 

лады.  Осындай  балалар,  тіпті,  мек-

тепке түспей-ақ хат танып кетеді.

Мектеп  жасына  дейінгі  сәбидің  ой- 

лауы  айқын  және  нақтылы  келеді. 

Заттарды  ол  бір-бірімен  салыстыра 

отырып,  ұқсастық  айырмашылықта- 

рын біраз ажырата алады. Оның тек 

жеке  бір  нәрсе  туралы  ғана  түсінігі 

болып  қоймай,  мұнымен  қатар  топ- 

танған бір тектес нәрселер туралы да 

жалпы түсінігі болады. Төрт-бес жас- 

тағы  сәбилер  үлкендерге  сұрақ  қой- 

ғыш  келеді.  Мысалы,  «Ай  неге  құ- 

лап  кетпейді!»,  «Жұлдыз  неден  жа- 

салынған?», «Жел қайдан шығады?», 

«Сиырда сүт қайдан пайда болады?» 

тағы  басқа  осы  сияқты  шындықта- 

ғы заттарды танып-білуге байланыс-

ты  қызығулары  күшті  болады.  Абай 

осы  жастағы  балалардың  психоло-

гиясын тамаша көрсеткен. Оның ай-

туынша бала «...білсем екен демелік, 

не  көрсе  соған  талпынып,  жалтыр-

жұлтыр  еткен  болса,  оған  қызығып, 

аузына салып, дәмін татып қарап, та- 

мағына, бетіне басып қарап, сырнай- 

керней  болса,  даусына  ұмтылып,  онан 

ер  жетіңкірегенде:  ит  үрсе  де,  мал 

шуласа да, біреу келсе де, біреу жы-

ласа  да  тура  жүгіріп,  «ол  немене?», 

«бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?», 

«бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, 

СӘБИ

СӘБИ


486

құлағы  естігеннің  бәрін  сұрап,  ты- 

ныштық көрмейді. Мұның бәрі – жан 

құмары, білсем екен, көрсем екен, үй- 

ренсем екен деген».

Үш жастан жеті жасқа дейінгі кезең- 

де  сәбилердің  ақыл-ой  белсенділік-

тері, түрлі нәрселерді ұғынулары мо- 

лайып,  мектепте  көрінетін  қабілет 

пен  қасиеттердің  біразы  нақ  осы 

шақта  қалыптасатындығын  психолог- 

тардың  зерттеулері  жақсы  көрсетіп 

отыр.  Осы  шақтың  бір  ғажап  ерек-

шелігі  –  баланың  оқуға  өте  құштар 

келетіндігі.  Бала  кез  келген  нәрсені 

тез, әп-сәтте ұғынып алып отырады. 

Бұл  жайды  әрбір  ата-ана,  балалар 

бақшасы тәрбиешілері тез байқайды. 

Кейбір  жанұяда,  тіпті,  балалар  бақ- 

шасында да сәбиге шамадан тыс қам- 

қорлық жасалады, оларға көптеген мә- 

ліметтер тек баяндау түрінде беріледі 

де, құбылыстар  арасындағы ең қара- 

пайым  байланыстарға  бала  назары 

аударылмайды.  Мұның  өзі  баланың 

ақыл-ойын  дамытуға  қолайсыз  әсер 

етіп, оның жа сына лайықты мәлімет- 

терді ұғынуына бөгет жасайды. Бұл – 

ескеруді қажет ететін нәрсе.

Бала  үлкендердің  айтқанына  қарай 

өздерінің  теріс  істеріне  ұяла  бастай- 

ды да, мақұлдаған іске масаттанатын 

болады. Бұл – онда жоғары сезімдер- 

дің  (моральдық,  интеллектік,  эстети- 

калық) пайда бола бастағанын көрсе- 

теді. Моральдық сезімдер балада ерте 

оянады. Мәселен, 3 жасар сәби өзінің 

шешесін, әжесін, атасын жақсы көріп 

құшақтайды,  оларға  қолындағысын 

береді,  жағымсыз  істері  үшін  қысы- 

лады,  «екіншіде  бұлай  жасамаймын» 

деп уәде береді. Баланың сезімі – кір-

шіксіз  таза  сезім.  Бірақ  бұл  –  әлде 

де  тұрақсыз,  өрісі  тар  сезім.  Төрт-

бес  жастағы  сәбилерде  психикалық 

қасиеттердің  (қабілет,  мінез,  темпе-

рамент  т.б.)  белгілері  көріне  бастай-

ды.  Мәселен,  олар  үлкендердің  тілін 

алып, өздерінің тілектерін тия алады, 

«жаман»,  «жақсы»,  «болады»  деген 

сөздердің  мәніне  түсінеді.  Осы  кезде 

бұлар  әке-шешесін,  туған-туыстарын 

жақсы  көрумен  қатар,  басқа  кісілер-

ге  де  ізеттілік  білдіреді,  өздерімен 

бірге  ойнайтын  жолдастарының  мі-

нез-құлқына,  жүріс-тұрысына  қарай 

бастайды,  өзінше  «баға»  беруге  ты-

рысады. Мұндай қасиет алты-жеті жа-

сар  балаларда  жақсы  байқалғанмен, 

үш-төрт  жасар  сәбилерде  жөнді  кө- 

рінбейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет