РЕАКТОЛОГИЯ (лат.re – қарсы жә-
не actio – әрекет) –жоғары сатыдағы
жануарлар мен адамдардың мінез-
құлық түрі ерекшеліктерінің нәти-
жесі деп қарастыратын механистік
концепция. Реактологияның негізін
орыс психологі К.Н. Корнилов
(1879-1957) қалады. Реактологияның
басты ұғымы – тірі организмнің ор-
таға бейімделі қимыл әрекетінің
ПІКІР
РЕАК
467
жылдамдығын, әсерін және реакция-
ның өту түрлерін әртүрлі әдістер
арқылы қарастыру. Р. өкілдерінің
ұйғарымынша, рефлекстік түйсікті
«реакция» ұғымы деңгейіне дейін
көтермелеу арқылы психологияның
объективті және субъективті жақта-
рын «қосақтау» мүмкіндігі артады.
Бірақ мұндай синтездеуде жасанды-
лық, сырттай формальды үйлестік
айқын. Жасандылықтан туындайтын
жаңа психологияның дұрыс міндеті
мен оның бұрынғы мазмұнындағы
күңгірт бағдар арасындағы қайшы-
лықтардың мәні 1930 жылдардағы
пікірталаста анықталғаннан кейін
психологияда Р. ұғымы қолданылу-
дан қалды.
РЕВАНДИ ХОРЕзМИ (ХІІІ ғ.).
Реванди Хорезмидің Сырдария са-
ғасындағы Сығанақ қаласында жаз-
ған «Мұхаббатнаме» деген шығарма-
сы бізге жеткен. Дастан Мұхаммед
Қожабекке (Алтын Орда билеушісі)
арналған. Қазір оның екі нұсқасы
белгілі. Біріншісі – араб, екіншісі –
көне түркі тілінде жазылған. Екеуі де
Лондондағы кітап қорында сақтаулы.
Дастан жас жігіттің сүйген қызына
жазған сүйіспеншілік хаттарынан
тұрады. Махаббаттан мың түрлі сыр
туады, ол қашып құтыла алмайтын
қайғы деген түйінді өзіне арқау еткен
осы шығармада дүние, малға қызық-
пау, азды жақсы дәстүр-салтты сақ-
тау, ақыл-парасатты қастерлеу («Бі-
лімдіні білімі үшін мақтайды») жас-
тық пен махаббаттың психологиясы
(«Жастық өз уақытын білмейді»,
«Екі жарық гауһарды әлемге берген,
махаббат қазынасын адамға берген»,
т.б.) іспеттес көптеген тәлімдік ой-
лар аз кездеспейді.
РЕВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУ – Пси-
хологиялық мағынада бұл ұғым
біріншіден, адамның жас кезеңінен
екіншісіне өткенде байқалатын пси-
хиканың тез, қарқынды дамуы, екін-
шіден, психиканың дамуы генотип-
тен гөрі фенотипке, яғни қоршаған
ортаның әсеріне байланысты және
сол әсер арқылы адам психологиясы
мен қылығында бұрындары көрінбе-
ген қасиеттер тұжырымдайды дейтін
психологиялық қисын.
РЕДУКЦИОНИзМ – (лат. қайта
оралу) – біртектес құбылыстың са-
палық деңгейін басқа құбылысқа
телитін әдістеменің бір түрі. Р. Бұл
психологияның өзіндік заңдылықтар
мен мен тетіктерін ескермей, тіпті
оларды шығаруға тырысып, оның
ғылымдағы орнын елемеушілік.
Психикалық құбылыстарды жанама
эпифеномендік құбылыс ретінде
қарастыруы жеке адамның сана-
сезімі мен әрекетінің ерекшелігімен
есептеспеу ғылыми тұрғыдан дұрыс
болмайды.
РЕМИНИСЦЕНЦИЯ – лат. реми-
ницентиа деген сөзі, қаз. еске түсіру
деген мағынада. Материалды оқыған
бойда (көлемді, күрделі түрлерін)
оны бірден қайта жаңғырту кейде
қиынға түсіп, мазмұны толық беріл-
мей қалатын кездер болады. Бірақ,
бұлар екі-үш күннен кейін тым тәуір
қайта жаңғыртылуы мүмкін. Осын-
дай кешігіп еске түсіруді психоло-
гияда Р. құбылысы деп атайды. Ке-
РЕВА
РЕМИ
468
шігіп еске түсіру көбінесе мектепке
дейінгі жастағы балалармен баста-
уыш сынып оқушыларында жиі кез-
деседі. Өйткені олар көлемі үлкен,
күрделі материалдарды бірден то-
лық айтып беруге шамалары кел-
мейді де, ойларына келген жерін ай-
та береді. Ой әрекетінің біртіндеп
күрделенуіне және есте қалдырудың
жолдарын меңгере білуге байланыс-
ты ересек адамдарда Р. құбылысы
көп кездеспейді.
РЕСМИ ТОП – заңдық тұрғыдағы
статусы бар, мүшелері қоғамдық ең-
бек бөлінісі жағдайында олардың
еңбегін ұйымдастыратын әлеуметтік
тапсырысты іс-әрекетпен біріккен
нақты не шартты әлеуметтік қа-
уымдастық. Ресми топтың әрқашан
белгілі бір нормативпен бекітілген
құрылымы, тағайындалған не сай-
ланған басшылығы, мүшелерінің
нормативпен бекітілген құқықтары
мен міндеттері болады. Ресми емес
(бейресми) топтар – нағыз әлеу-
меттік ұйымға жатпайтын, тек қызы-
ғушылықтары ортақ екеңдігіне бай-
ланысты қарым-қатынас жасайтын
адамдар жиынтығы.
РЕТИКУЛЯРЛЫҚ ФОРМАЦИЯ –
ми қабығының астына орналасқан
осы орталық денедегі барлық ре-
цепторларды ми қабығымен бай-
ланыстырады, ал мұндағы көру
төмпешігі – афференттік талшық-
тардың жиынтығы болып табылады.
Мидағы осы орталық, оның төменгі
бөліктеріне (жұлын т.б.) басшылық
ету үрдістерінің жұмысын реттесті-
ріп отырады. Ми қызметінің бел-
сенділігін арттыру не төмендету, оған
баратын импульстерді іріктеп, елек-
тен өткізу де осы бөлімнің қызметі.
Оны миды энергиямен қамтамасыз
ететін аккумулятор не басқару пуль-
ті деуге болады. Ретикулярлық фор-
мацияға миды қажетті энергиямен
қамтамасыз етіп тұру жағы жүктел-
ген. Мәселен, адам күрделі ой әре-
кетімен айналысқанда оның миына
біраз энергия қажет болады. Мұндай-
да мидың осы бөлігінің жұмыс қабі-
леті арта түседі. Аталмыш жүйке ор-
талығы эмоция, ерік үрдістерін бас-
қаруда, сондай-ақ адамды ширатып,
зейінін арттыра түсуде елеулі роль
атқарады.
РЕТРОАКТИВТІК ТЕЖЕЛУ – лат.
сөзі, кері әсер етуші деген мағына-
ны білдіреді. Ұмыту үрдісінде бай-
қалатын құбылыс: өткен материалға
ұқсас екінші бір материал оқылса,
бұл қайта жаңғыртудың сапасының
төмендеуіне әсер етеді. Осындай
құбылыс ретроактивтік тежелу деп
аталады. Ретта синдромы – дамудың
бұзылуы; алғашқы алты айда қалып-
ты дамып, кейінгі айларда біртіндеп
қолды еркін қозғалта алмаумен, дене
мен бастың қалыпты өспеуімен,
қимыл үйлесімсіздігімен, сөйлеудің
дамуының бұзылуымен және едәуір
тоқтап қалуымен сипатталады.
РЕФЕРЕНТТІК ТОП – индивид үшін
мәні және тартымдылығы бар адамдар
тобы. Референтті топ адамдар үшін
өнеге болып көрінетін, даралылық
бағалылықтарының, талаптарының,
қылықтық ережелерінің, пікір ай-
тулардың көзі болып табылады. Ре-
ферентті тұлға – басқа адамға үлгі
болып көрінетін ерекше мәнді және
РЕСМ
РЕФЕ
469
бағалы адам. Референтті тұлға кімге
референтті болып көрінсе, сол адам-
ға күшті психологиялық ықпал етеді.
РЕФЛЕКС – сыртқы орта мен іштен
келетін тітіркендіргіштерге ағзаның
қайтаратын жауап реакциясы. Реф-
лекс – лат. «бейнелеу» деген сөз (өз
ойларын, бастан кешіргендерін тал-
дау). Адам санасының өзін-өзі білуге,
ішкі жан дүниесін, психикалық жай-
күйін тануға бағытталуы. Р. ішкі пси-
хикалық актілер мен күйлерді
субъекттің өзіндік тану үрдісі. Реф-
лексология – орыс ғалымы Б.М.Бех-
терев (1857-1927) негіздеген меха-
никалық бағыт. Р. адам психикасы-
ның әрекетін сыртқы ортаның жүй-
ке жүйесіне әсер етіп, оған тітірке-
нуі деп санады да, психика мен сана-
ны зерттеуден бас тартты. Рефлектор-
лық теория – адамның мінез-құлқы
мен психикасы оның белсенді қыз-
метімен іс-әрекеті нәтижесінде рет-
теліп отыратын материалистік көз-
қарас. «Рефлекс» сөзінің мәні бейне-
леу. Р.-тік теорияның негізін салған
орыс ғалымы И.М.Сеченов өзінің
«Бас миының рефлексі» деген еңбе-
гінде психикалық құбылыстардың
шығуы мен дамуын материалистік
тұрғыдан түсіндіріп, оның жоғары
жүйке (мидың) қызметі екендігін
ғылыми-табиғи тұрғыдан дәйектеді.
РЕФЛЕКСТІК ШЕҢБЕР – ми және
дене бөліктеріне (жұмыс атқаратын
органдарға жәй хабар жеткізіп қана
қоюмен шектелмейді), ол өзінің
жолдаған хабарынан мағлұмат алып
та отырады. Мұнсыз ми сыртқы ор-
тадан мүлде қол үзген болар еді де,
организмдегі түрлі тітіркендіргіш-
терге ретімен жауап беріп отыру
қиынға соғар еді. Тек екі жақтан ха-
барлаудың арқасында ғана ми айна-
ладағы құбылыстар туралы дұрыс
мәлімет алып, нақтылы мұқтажын
өтеуге өз әрекетін бағыттай алады.
Кейінгі зерттеулерде рефлекстердің
жасалу дәстүрі үш мүшелі доға прин-
ципіне шектелмейтіндігі, яғни реф-
лекс қызметі жұмыс органына келу-
мен бітпей, ол сонымен бірге миға
қайтадан хабар жеткізіп отыратын-
дығы белгілі болып отыр. Киберне-
тика ғылымы жарыққа шықпастан
көп бұрын совет физиологы П.А. Ано-
хин ұсынған осы теория (1935) реф-
лекс туралы ілімнің творчестволық-
пен дамытылуының айғағы еді. Сөй-
тіп физиолог Н.А. Бернштейн айт-
қандай, қазір рефлекстердің жасалу
жолын доғамен белгілемей, «рефлекс
шеңбері» арқылы жасалатындығын
мойындау бірден-бір ғылыми түсінік
болып отыр.
РЕФЛЕКСИЯ (лат. reslexio – кейінге
оралу) – бейнелеуді, сондай-ақ та-
ным актісін зерттеуді білдіретін тер-
мин. Әртүрлі филос. жүйеде Р.-ның
мазмұны бірдей емес. Локтың ойын-
ша, түйсік сыртқы заттармен тікелей
ұштасады, ал бақылау сананың ішкі
іс-әрекеттеріне бағытталғанда Р.
ерекше білімнің бастамасы болмақ.
Лейбниц үшін, Р. – адамның жан дү-
ниесіндегі өзгерістерге көңіл бөліп,
елеушілік, Юмнің ұйғарымынша,
идеялар – сырттан қабылдайтын
әсерлерді Р.-лау. Гегель үшін, Р. –
екі түрлі нәрсенің мысалы, мән мен
құбылыстың өзара бейнеленуі. «Реф-
РЕФЛ
РЕФЛ
470
лекстеу» термині сананы өз-өзіне
үңілдіруді өз психикалық күйіне ой
жүгіртушілікті сипаттайды.
РЕФЛЕКСТІҢ ЖАСАЛУ ЖОЛ-
ДАРЫ. Жүйке жүйесінің қызметі
рефлекс арқылы жүзеге асырады.
Рефлекс туралы алғаш айтқан фран-
цуз ғалымы Ренэ Декарт (1596–1650).
Рефлекстің биологиялық сипатын
чех ғалымы Иржи Прохаске де (1749–
1820) өз еңбектерінде дұрыс көрсете
білді. Рефлекс терминін ғылымға
ендірген де осы кісі. Рефлекс – латын
сөзі, қазақша – бейнелеу деген мағы-
наны білдіреді. Рефлекс сырттан не-
месе іштен келетін тітіркендіргіш-
терге организмнің қайтаратын жауап
реакциясы. Жануарлар мен адамдар-
ға туысынан көптеген рефлекстер
беріледі. Мәселен, электр тогымен
тітіркендіргенде иттің аяғын лезде
тартып алуы, жарық түскенде көздің,
сығырая қалуы, жаңа туған баланың
анасының емшегін еме бастауы т. б.
осы айтылған рефлекстің сан алуан
фактілері.
Шартсыз рефлекстердің жүйке жү-
йесі арқылы жасалу жолын рефлекс
доғасы деп атайды. Рефлекс доғасы-
ның бөліктері: рецептор (сезім мү-
шесі), өткізгіш жүйке мен қозу про-
цесі пайда болатын орталық жүйке
жүйесінің тиісті бөлімі және орта-
лықтан жұмыс аппаратына (сілекей
шығаратын бездер, бұлшық еттер)
келетін жүйкелер.
Рефлекс доғасының күрделі түрі ми
қабығының жұмысына байланысты.
Ми жұмыс органына хабар жіберіп
қана қоймай, ол өзінің жолдаған
хабарынан мағлұмат алып та отырады.
Мұнсыз ми сыртқы ортадан мүлде қол
үзген болар еді де, организмдегі түрлі
тітіркендіргіштерге ретімен жауап
беріп отыру қиынға соғар еді. Тек екі
жақтан хабарлаудың арқасында ғана
ми айналадағы құбылыстар тура-
лы дұрыс мәлімет алып, нақтылы
мұқтажын өтеуге өз әрекетін бағыт-
тай алады. Кейінгі зерттеулерде
рефлекстердің жасалу дәстүрі үш
мүшелі доға принципіне шектел-
мейтіндігі, яғни рефлекс қызметі
жұмыс органына келумен бітпей ол
сонымен бірге миға қайтадан ха-
бар жеткізіп отыратындығы белгілі
болып отыр. Кибернетика ғылымы
Шартсыз рекфлекстердің ерекшеліктері
Шартты рефлекстердің ерекшеліктері
1. Бұлар туыла пайда болады.
1. Мұндай рефлекстер өмір барысында біртіндеп
қалыптасады.
2. Тұрақты, біркелкі келеді, өзгеріске
түспейді.
2. Бұлар уақытша, машықтану болмаса өшіп кетеді
3.Олар жұлында, ми бағанасында
жасалады.
3. Осындай рефлекстер тек ми қабығы орталықтарында
жасалады.
4.Шартсыз рефлекстердің жасалуы үшін
ешқандай шарттың қажеті жоқ. (Мәселен,
тамақ ауызға түсе салысымен-ақ сілекей
пайда болады немесе ыстық нәрсеге тиген
қол өздігінен тартыла қалады. Бұл сияқты
қарапайым рефлекстердің түрлері адамдар
мен жануарларда сан алуан.
4. Шартты рефлекстердің жасалуы үшін мида екі
тітіркендіргіш (шартты, шартсыз) мезгіл жөнінен
ұштасуы қажет, осының нәтижесінде мида уақытша жүйке
байланысы жасалуы тиіс. И.П.Павлов рефлекстердің соңғы
түрін өздерінің пайда болуы жағынан шартты, организммен
сыртқы ортаның байланысына қарай уақытша, атқаратын
қызметіне қарай сигналдық сипатта болып отырады деп
түсіндіреді.
РЕФЛ
РЕФЛ
471
жарыққа шықпастан көп бұрын со-
вет физиологы П.Қ.Анохин ұсынған
осы теория (1935) рефлекс туралы
ілімнің шығармашылықпен дамы-
тылуының айғағы еді. Сөйтіп физио-
лог Н.А.Бернштейн айтқандай, қазір
рефлекстердің жасалу жолын доға-
мен белгілемей «рефлекс шеңбері»
арқылы жасалатындығын мойындау
бірден-бір ғылыми түсінік болып
отыр.
Рефлекс туралы теорияның негізгі
қағидаларын нағыз ғылыми тұрғы-
дан тұжырымдаған атақты орыс фи-
зиологы И.М.Сеченов болды. Ол өзі-
нің 1883 жылы жазған «Ми рефлекс-
тері» деген еңбегінде психикалық
құбылыстардың табиғатын рефлекс
тұрғысынан түсіндірді. Сеченовтің
отандық ғылым алдыңдағы баға жет-
пес еңбегі мынада: ол рефлекстік
теорияның негізінде ғасырлар бойы
жұмбақ болып келген психикалық
құбылысты материалистік тұрғыдан
алғаш рет шешті. И.М.Сеченов мы-
надай қарапайым тәжірибе жасады:
құрбақаның үлкен ми сыңарларын
аралық, мидың тұсынан тіліп алып
тастап, оның аяғын қышқыл ері-
тіндісімен тітіркендірді, ол осы ті-
тіркендіруге жауап ретінде келетін
рефлекстің қандай жылдамдықпен
пайда болатынын бақылады. И.М.Се-
ченов мидың тілінген жеріне ас тұ-
зының кристалын салғанда онда
рефлекстің тежелуге ұшырағанын
көрген. Бұл тәжірибе рефлексті ми-
дың тежей алатындығын айқын көр-
сеткен И.М.Сеченовтің ми қабығын-
да қозу мен қатар тежелу процесі де
қоса қызмет атқарады деген пікірі
психикалық әрекеттің мидың күрде-
лі жұмысына байланысты екендігін,
оның барлық көріністерінің негізінде
қозу мен тежелуге байланысты пай-
да болатын рефлекстер жататынды-
ғын тамаша дәлелдеп берді.
И.М.Сеченовтің ми қызметінің реф-
лекстік механизмі туралы идеялары
И.П.Павловтың шартты рефлекстер
туралы ілімінде (бұл ілім жоғары жүй-
ке қызметі туралы ілім деп те атала-
ды) дамытыла түсті. И.П.Павлов өзінің
көптеген шәкірттерімен бірге отыз
бес жыл бойына рефлекстердің жаңа
түрін – шартты рефлекстерді зерттеді.
Олардың көптеген заңдылықтарын
ашты, шартты рефлекстердік шартсыз
рефлекстерден ерекшеліктерін қар-
сетті. И.П.Павлов ашқан шартты
рефлекстердің ерекшеліктерін келесі
беттегі таблицадан көруге болады:
Жоғарыдағы кестеден осы екі түрлі
рефлекстің бір-бірінен қандай айыр-
машылықтары бар екенін жақсы аң-
ғаруға болады. Мәселен, мұнда шарт-
ты рефлекстердің үнемі өзгеріп оты-
ратындығы, егер оларды туғызған
жағдайлар қайталанбайтын болса,
осындай рефлекстердің жойылып
кететіндігі айтылған.
Рефлекстің осы екі түрінің арасында
мүлде байланыс жоқ деуге болмай-
ды. И.П.Павлов шартты рефлекстер
сыртқы жағдайлардық әсеріне бе-
йімделуіее қарай шартсыз рефлекс-
терге ауысып отыратындығын, сөй-
тіп бұл екеуінің арасында өзара бай-
ланыстың барлығын талай рет айтқан
болатын.
И.П.Павлов лабораториясында жүр-
гізілген тажірибенің қысқаша мазмұ-
ны мына төмендегідей: егер итке бір
мезгілде екі тітіркендіргіш әсер етсе –
бірі шартсыз рефлексті туғызатын –
тамақ, екіншісі өздігінен жануарда
РЕФЛ
РЕФЛ
472
рефлекс туғызбайтын, бейтарап ті-
тіркендіргіш – жарық болса, мида қо-
зудың екі алабы (бірі – көру, екінші-
сі – тамақтану орталығында) пайда
болады. Қозудың осы алаптарынын
арасында екі тітіркеңдіргішті қосар-
ландыра қанталаған сайын нығайып
отыратын жүйке байланысы жаса-
лады. Тамақ жарыққа қарағанда жа-
нуардың тіршілігі үшін аса қажетті
тітіркендіргіш. Сондықтан мидағы
тамақтану орталығы көру орталығы-
на қарағанда күшті қозады. Күшті
қозған тамақтану орталығы өзінен
баяу қозған көру орталығының қозу
процестерін өзіне тартып алады.
Осыдан барып бұл екеуінің арасында
байланыс жасалады. Мұны И.П.Пав-
лов ми қабығындағы уақытша жүй-
ке байланысы деп атаған.
Осындай байланыс жасаудың нә-
тижесінде ит кейін жарық жағылып,
тамақ берілмесе де сілекей шығара
береді. Жеке алғанда итке мүлдем
қатысы жоқ, бейтарап тітіркендіргіш
болып табылатын жарық тамақпен
бекіндірілгеннен кейін ит үшін био-
логиялық маңызы бар тітіркендір-
гішке айналып отыр.
Осындай организмге қажетті құбы-
лыстады білдіретін көптеген сыртқы
тітіркендіргіштердің әсерінен пайда
болатын ми қабығының қызметін
сигналдық қызмет деп атайды. Жо-
ғарыдағы мысалда жарық тамақтың
сигналы болып отыр.
Шартты рефлекстер табиғи жағдайда
да, сыртқы ортаның өзгерген жағ-
дайларына байланысты да жасалып
отырады. Мысалы, көптеген көпте-
ген жабайы аңдар адамды алғаш
көргенде сенбеуі мүмкін. Бірақ, адам
оларды ұстай бастаса, жануарлар
өз мінез-құлқын өзгертетін болады.
Олар адамды көрісімен тығылуға не
қашуға тырысады. Демек, бұл жағ-
дайда жасалған рефлекс аңдар тірші-
лігі үшін өте пайдалы шартты реф-
лекс екендігі түсінікті.
РЕЦЕПТОР – дененің үстінде не-
месе оның ішінде орналасатын, жә-
не табиғаты жағынан әртүрлі тітір-
кендіргіштерді физикалық, химия-
лық, механикалық және т.б. – қабыл-
дауға және оларды жүйкелік электр
импульстарына түрлендіруге арнал-
ған арнайы органикалық құрылғы.
Эволюция барысында әрбір рецеп-
тор белгілі бір тітіркендіргішке ар-
найы бейімделе отырып, дамыған.
Осылайша, тангорецепторлар сипап
сезуді сезінуге, аусторецепторлар
дәм сезу тітіркендіргіштерін түйсі-
нуге, стиборецепторлар – иіс сезуге,
фонорецепторлар – дыбыс-тық ті-
тіркендіргіштерді және фоторецеп-
торлар (немесс сәулелік) рецептор-
ларды түйсінуге бейімделген. Алай-
да кейбір парадоксалды жағдайлар-
да адекватты емес тітіркендіргіш
белгілі бір рецепторға әсер ете оты-
рып, оған тән түйсіктерді тудыруы
мүмкін. Осылайша, мысалы, электр
тоғы немесе күшті қысым көздің
жарығын тудыруы мүмкін (мысалы,
соққы кезінде көзден ұшқын шыға-
ды). Бұл өте сирек жағдайларда бо-
лады. Ал, жалпы алғанда, түйсіктер
арнайы сезім мүшелері (анализатор-
лар) арқылы тек өзіне ғана тән тітір-
кендіргіштерді түйсінуге арналған,
яғни көбінесе объективті болып ке-
леді. Бұл жерде тағы бір ескеретін
РЕФЛ
РЕЦЕ
473
нәрсе, түйсіктер, сезім мүшелерінің,
рецепторлардың арнайы қызметіне
немесе спецификалық энергиясына
(И.Мюллер тұжырымдағандай) бай-
ланысты емес, ал негізінен сыртқы
тітіркендіргіштердің қасиеттеріне
тәуелді болады.
РОДЖЕРС КАРЛ (1902-1987). Гу-
манистік психологияның, жеке тұл-
ға психологиясының көрнекті өкіл-
дерінің бірі – Карл Роджерс Илли-
нойс штатында дүниеге келген. Көп-
теген ғылыми қоғамдардың белсенді
мүшесі болған. К.Роджрес өзінің
психология ғылымына қосқан үлесі
үшін Америка психологиялық ассо-
циациясы тарапынан 1956, 1972 жж.
екі мәрте марапатталған. Теория жә-
не оның кәсіби психологияға әсері
тұрғысынан К.Роджрестің еңбегі өте
жоғары бағаланады.
К.Роджерстің еңбектері: «Психо-те-
рапия және тұлғаның өзгеруі» (1954);
«Тұлғаның қалыптасуы: психотерапевт
көзқарасы» (1969); «Карл Роджерс
кездесу топтары жайында» (1970);
«Болмыс тәсілі» (1980) т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |