Қ. жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет13/90
Дата03.03.2017
өлшемі11,21 Mb.
#5955
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   90

ӘЛЕУ

ӘЛЕУ

85

өзара  және  мұғаліммен  қарым-қа- 

тынастарының қалыптасу заңдылық- 

тарын  білу  сынып  ұжымының  топ- 

тасуына  себептеседі.  Мұғалімнің 

бұл білімдерді меңгеруі ол үшін тәр- 

биелік әсер-ықпалдың нәтижелілігін 

арттырудың  маңызды  резерві  бо- 

лады.  Бұл  мәселелерді  шешу  мұға- 

лімнің  әлеуметтік-психологиялық 

даярлығын күшейтеді, соның ішінде 

педагогикалық  институттарда  тиісті 

курстар енгізуді талап етеді. Алайда 

мектепте  жүйелі  әлеуметтік-психо- 

логиялық зерттеулер жүргізу жөнін- 

дегі  жұмыс  Ә.п.-ның  басқа  да  қол- 

данбалы  салаларындағы  секілді  ар- 

наулы әлеуметтік-психологиялық қыз- 

мет  ұйымдастыруды  талап  етеді. 

Оның міндетіне еңбек және оқу ұжым- 

дарындағы  жағдайды  диагностика- 

лау, әр алуан әлеуметтік-психология- 

лық  проблемалар  бойынша  ұжым 

басшылары  мен  мүшелеріне  ақыл-

кеңес беру және ең бастысы, әртүрлі 

буын  басшыларына  қарым-қатынас 

мәдениетін білгізу қамтылады.

Осы  мақсатпен  Ә.п-да  белсенді 

әлеуметтік-психологиялық  дайын- 

дықтың,  соның  ішінде  әлеуметтік-

психологиялық машықтанудың (тре- 

нингтің)  арнаулы  бағдарламалары 

жасалынды. Әлеуметтік-психология- 

лық тренинг – адамдардағы психоло- 

гиялық сипаттағы мәселелерді жою, 

қылықты түзеп немесе денсаулығын 

жақсарту үшін оларға психотерапев- 

тік  немесе  психокоррекциялық  әсер 

ету практикасы мен теориясы.

ӘЛЕУМЕТТІК  ТАПТАУРЫН 

(СТЕРЕОТИП)  –  жеке  тәжірибе 

мен  қоғамда  қабылданған  түсінік- 

терді  жалпылау  нәтижесі  ретіндегі 

ақпараттың жетіспеушілігі жағдайын- 

да  қалыптасатын  әлеуметтік  объек- 

тілердің – топ, адам, оқиға, құбылыс 

және  т.б.  –  салыстырмалы  тұрақты 

және  қарапайым  бейнесі.  Ә.т.  тер- 

мині американдық журналист У.Лип- 

ман тарапынан 1922 жылы енгізілген. 

Ә.т.  адамның  дүниені  бағалауында 

алатын рөлі зор, себебі ол өзгермелі 

ақиқатқа  жауап  қайтару  уақытын 

қысқартып, таным процесін жылдам- 

датады.  Алайда,  шектелген  ақпарат 

жағдайында  пайда  болып,  Ә.т.  жал- 

ған болуы мүмкін және адамдар жө- 

нінде  қате  білімдер  мен  пікірлерді 

қалыптастырып,  тұлғааралық  өзара 

әрекеттестікті, қарым-қатынасты бұ- 

зады, осылайша консервативтік, реак- 

циялық рөлді ойнайды.



ӘЛЕУМЕТТІК  ҰСТАНЫМ  – 

1. Индивидтің немесе топтың белгілі 

бір  белгілер  бойынша  айрықшалай- 

тын және мінез-құлқын анықтайтын 

қоғам  жүйесіндегі  орны,  жағдайы;  

2. Тұлғаның референттік топтарда ол 

жүзеге  асыратын  және  қорғалатын 

өз тіршілік жағдайына қатысты көз- 

қарастары,  түсініктері,  бағдарлары 

мен әлеуметтік бағдарлары.



ӘЛЖАНОВ  ШӘРАПИ  (1901-

1938)  –  педагогикалық  психология 

ғылымына  қатысты  көптеген  еңбек- 

тер профессор Шәрапи Әлжановтың 

қаламынан  туындады.  Отызыншы 

жылдары  оның  мұғалімдерге  арнап 

«Ес  және  есте  қалдыру  мәселелері, 

ой мәселелері, дағдылану мәселелері» 

атты көлемді еңбегінде («Халық ағарту 

қызметкерлерінің білімін көтеру жа- 

йындағы басты материалдардың жи- 

нағы», Қызылорда, 1936) шәкірт пси- 

ӘЛЕУ

ӘЛЖА


86

хологиясының  жас  және  дара  ерек- 

шеліктері жайлы сөз қозғалады, осы 

салада жүргізген эксперименттік зерт- 

теулердің  нәтижесін  оқырман  наза- 

рына ұсынады. Мәселен, мектеп оқу- 

шыларының  ойлау  саласында  жеке-

дара  ерекшеліктері  жайлы  былай 

дейді: «...бір оқушы өте шапшаң ой- 

ланып, сұраққа тез жауап береді, тез- 

деп жауап бермесе де, жайлап барып 

айтса да түбінде жауапты терең жә- 

не дұрыс беруінде сөз жоқ».

Ш.Әлжанов  бұл  жерде  түрлі  тем- 

пераментке  жататын  шәкірттердің 

өзіндік, жеке-дара психологиясы жай- 

лы  сөз  қозғап  отыр.  Әрине,  оның 

психологиялық көзқарастарында, сол 

кездегі  ғылым  деңгейінің  жағдайы- 

нан да болар, кейбір жаңсақ пікірлер 

де кездеседі. Мәселен, ол 11-12 жас- 

тағы шәкірттердің есі жаттанды (ме- 

ханикалық) түрде көрінеді дейді, олар 

түрлі  өмір  құбылыстарын,  көрген-

білгендерін, естігендерін сырттай жа- 

лаң  еске  тұтады,  мағынасына  мән 

беріп жатпайды.

Осыған  орай  дерексіз,  абстрактілі 

ұғымдарды  түсінуге  олардың  шама- 

сы жете бермейді, құбылыстың мән-

мағынасына  түсіну,  терең  ойлану, 

логикалық есте сақтау кейінірек қа- 

лыптасады дейді. Әрине, мұндай тұ- 

жырымдар ол кездері жалғыз Ш.Әл- 

жановтың басында ғана болған жоқ. 

Тіпті белгілі психологтар П.П.Блон- 

ский мен Л.С.Выготскийлер де сон- 

дай  жаңсақ  пікірлердің  шырмауын- 

да болғаны белгілі.

Мәселен,  П.П.Блонский  оқушылар- 

дың  сабақ  үлгермеуі  тұқым  қуалау- 

шылыққа  байланысты,  мұнда  оқу- 

шылардың ата-анасының дене бітімі, 

ақыл-ойы кеміс, яғни кемақыл, тіпті 

оның  денесінің  салмағы  да  жеңіл, 

бойы аласа, кеудесі қушық болып ке- 

леді  деп  қате  тұжырымдаған  еді. 

Ал  бастауыш  класс  оқушыларында 

абстрактылы  ойлау,  мағыналы  ес- 

те сақтау процестерінің орын алаты- 

нын  70-жылдардың  басында  Кеңес 

психологтары профессор Д.Б.Элько- 

нин,  В.В.Давыдовтар  эксперимент 

жүзінде дәлелдеген болатын. 

Ғалым  психологиялық  мәселелерді 

өз еңбектерінің қай қайсысында бол- 

масын кең пайдаланып отырған. Мә- 

селен,  оның  «Оқу  кітабы  –  комму- 

нистік  тәрбие  беру  жөніндегі»  (По- 

литехникалық мектеп, 1933, N4), «Эс- 

тетикалық тәрбие негіздері» («Ауыл 

мұғалімі»,  1933,  N4),  т.б.  мақалала- 

рында  жалпы  психологияның  көп- 

теген  теориялық  қисындары  жеке- 

леген терминдік сөздер біршама сөз 

болады. Ш.Әлжановтың психология- 

ға байланысты көзқарастары кезінде 

психолог  С.Балаубаевпен  бірлесіп 

профессор  А.Б.Залкиндтің  «Психо- 

логия»  атты  оқулығын  аударған  ке- 

зінде  психологиялық  терминдердің 

мазмұнынан жақсы байқалады. Күні 

бүгінге дейін өз құнын жоймаған осы 

қолжазба  Қазақстан  Республикасы 

Орталық  мемлекеттік  архивінің  қо- 

рында сақтаулы тұр.

Педагог-ғалым тәлім-тәрбие тарихы- 

нан да бірнеше еңбектер жазды. Бұ- 

лардың қатарына әлемдік педагогика 

ғылымының классигі Я.А.Коменский, 

сондай-ақ  қазақтың  ұлы  ойшыл-

ақыны Абай Құнанбаев туралы жаз- 

ған мақалаларын жатқызуға болады. 

Оның  «Абайдың  педагогика  туралы 

көзқарасы»  («Әдебиет  майданы», 

1934, N4) атты мақаласы кезінде жұрт 

шылық  назарына  түскен  еді.  Өнер 

ӘЛЖА

ӘЛЖА


87

мен  білім,  ғылым  мен  мәдениет  са- 

ласында тамаша талантымен таныл- 

ған  Ш.Әлжанов  жеке  басқа  табы- 

нудың құрбаны болды.

ӘЛСІзДІК  –  тілімізде  нашарлық, 

күшсіздік,  қуатсыздық,  қайратсыз- 

дық дейтін мағынада қолданылатын 

ұғым. Психикалық тұрғыда Ә. адам- 

ның сезімдік танымы мен ақыл-ойы 

арқылы  танып-білуінің  ең  төменгі 

деңгейі,  физиологиялық  тұрғыдан 

жүйке жүйесі қызметінің осалдығы. 

Ә.  қозу,  тежелу  процестерінің  шап- 

шаңдығы мен сылбырлығына қатыс- 

ты жайттарды да бейнелейді. Бойда- 

ғы күш-қуатқа қатысты осалдық пен 

дәрменсіздік,  ерік-жігерге  қатысты 

қайратсыздық  пен  күшсіздік  Ә-тің 

көріністері.  Ә.  кей  жағдайда  адам 

бойынан күш-қуаттың кетіп, белсіздікке 

ұшырауы. Мұндай жайт негізінен екі 

түрлі  себепке  (физиологиялық  жә- 

не биологиялық) байланысты. Адам- 

ның Ә-ке ұшырауы бойынан әл-қуа- 

ты  кетіп,  организмнің  тозуы  (қарта- 

юы) биологиялық факторға жататын 

болса,  оның  ақыл-есінің  нашарлап 

әлсізденуі психологиялық фактор бо- 

лып саналады. Ә. адамның науқасқа 

шалдығуы  салдарынан  да  болады. 

Қартайған  адамдардың  жасы  жетіп,  

Ә-ке ұшырауы табиғи құбылыс. Алай- 

да ерік-жігері күшті адам бойындағы 

күш-қуатын  сақтап,  әлсіздікке  бой 

бермейді. 

ӘҢГҮДІК – мінездегі ұнамсыз, жа- 

ғымсыз сипат. Ә. адамды әдетте даң- 

ғой,  әулекі,  әумесер  деп  те  атайды. 

Оның  мінез-құлқында  аңқаулық, 

нанғыштық секілді сипаттар жиі кез- 

деседі.  Ә.  даңғой,  ұрыншақ,  елірме, 

әулекі  сияқты  мінездің  ұнамсыз  кө- 

ріністерінен де байқалады. Ә-тің бір 

көрінісі әулекілік пен әумесерлік. Әу- 

лекілік  адамды  еліртіп,  есіртіп  әке- 

тетін алаңғасарлық, ұрыншақтық қа- 

сиет.  Әумесер  –  алаңғасарланып  не 

болса  соған  ұрынғыштық.  Ә-тік  си- 

пат ерекшеліктерінің тағы бір көріні- 

сі аңқаулық пен нанғыштық. Аңқау- 

лық – нанғыш, бейқам, қулығы жоқ 

мінездің қасиеттері. Ә. мінездегі мін- 

дердің  сипат-ерекшеліктерінің  күр- 

делі, аса нәзік психологиялық құры- 

лым  екенін  көрсетеді.  Әулекілік  – 

адамды еліртіп, есіртіп әкететін даң- 

ғойлық пен әумесерлік.



ӘҢГІМЕЛЕСУ  –  1)  сөздің  комму- 

никациялы  үрдіске  негізделе  мағлұ- 

мат алатын психологиялық, педагоги- 

калық  зерттеу  әдісі;  2)  оқытудың 

сұрақ-жауап  әдісі,  жаңа  білімдерді 

алу үрдісінде немесе бұрын алынған 

білімдерді қайталау мен бекітуде мұ- 

ғалім оқушының ақыл-ой іс-әрекетін 

белсендендіру мақсатымен қолдана- 

ды.  Психологияда  Ә.  адам  психика- 

сының сырын зерттеудегі әдістің бір 

түрі.  Зерттеуші  әңгіменің  алдына 

қоятын  мақсатқа  қарай  даярланып, 

сөйлесетін кісіден жауап алуы үшін 

сұрақтарды  алдын  ала  ойлануы  қа- 

жет. Ә. барысында сұрақтардың түрі 

мен  мазмұны  әңгімелесіп  отырған 

сыналушының  өзіндік  ерекшелікте- 

ріне  қарай  түрленіп  отырады.  Сұ- 

рақтар  әңгіме  етілетін  тақырыпты 

толық  қамтып,  қойылған  сұрақтар 

сыналушыға түсінікті болуы тиіс. Әң- 

гімелесіп отырғанда зерттеуші сына- 

лушының сырт көрінісін бақылап қа- 

на  қоймай,  оның  сөйлеу  ерекшелік- 

терін, мимикасын, қимылдарын, эмо- 



ӘЛСІ

ӘҢГІ

88

циялық сезімдерін де байқап отыра- 

ды. Қойылған мақсаттың мазмұнына 

қарай, әңгімені бір адаммен ғана емес, 

бірнешеуімен, тіпті тұтастай топпен 

өткізуге де болады. Ә.-дің мұндай тү- 

рі  сыналушылардың  жауабын  бір-

бірімен салыстырып отыруға мүмкін- 

дік туғызады. Әңгімені стенограмма- 

лап  отырса  орынды  болады.  Негізі- 

нен психологияда Ә. қосымша әдіс- 

тердің бірі болып есептеледі.



ӘРЕКЕТ – іс-әрекеттің шағын бөлі- 

гі.  Мәселен,  адамның  ақыл-ой  әре- 

кеті түйсіктену, қабылдау, есте тұту, 

қиялдау,  ойлау  т.б.  танымдық  жан 

қуаттарынан  тұрады.  Әрекеттің  бұ- 

дан басқа да түрлері көп. П.Я.Гальпе- 

рин  тұжырымдаған  «ақыл-ой»  әре- 

кетінің сатылап және жоспарлы түр- 

де даму деген теориясында, адамның 

ақыл-ой  әрекетінің  даму  жолы  жан-

жақты  талданған.  Ә.  жеке  мақсатты 

орындауға бағытталады. Оның орын- 

дау тәсілдері операция деп аталады.

ӘРЕКЕТСІзДІК – адамның жұмыс 

қабілетінің  тоқырауға  ұшырауы.  Ә. 

енжарлық,  жалқаулыққа  соқтырып, 

ақыл мен сананың дамуына да теріс 

әсер  етеді.  Ә.  –  ешбір  іс-қимылсыз, 

қозғалыссыздықты білдіретін мінез- 

дің жағымсыз да ұнамсыз көрінісі. Ә. – 

еш  нәрсеге  ұмтылмау.  Іс-әрекеттің 

ұнамсыз, теріс түрі адамның саналы 

мақсатына жетуге деген ықылас-ын- 

тасының болмауы. Ә. адамның ерік- 

сіздігін, жігерсіздігін, құндылық пен 

қажеттілікті  жете  түсіне  алмайтын- 

дығын байқатады. Ә. адам мінезінде- 

гі  жалқаулық  пен  енжарлық  сияқты 

ұнамсыз  сипатты  білдіреді.  Ә-тің 

бір ерекшелігі: мойны жұмысқа жар 

бермейтін еріншектік. Ұлы Абай «ерін- 

шектік күллі дүниедегі өнердің дұш- 

паны» деп анықтаған.

Ә.  мінездегі  ұнамсыз  сипат  ретінде 

адамның  жұмыс  істеу  қабілетін  то- 

қырауға  душар  етуімен  бірге,  оның 

ақыл-ойы  мен  санасының  дамуына 

да теріс ықпал етеді, әрбір нәрсенің, 

құбылыстардың  мән-жайын  пайым- 

дап  түсінуіне  кедергі  жасайды.  Ха- 

лық даналығы «әрекет етсең берекет» 

дейді. Бұл мәтел өнегелі сөз ретінде 

адам мақсат-мүддесіне жету жолында 

үнемі  еңбекпен  айналысып  отыру 

қажет деген адамдық қасиеттің өзін- 

дік белгісін білдіреді. Баланың ақыл- 

ойы мен денесінің дамуы да әрекет- 

шілдікке тәуелді. Ә. баланың қимыл-

қозғалысын  жарамсыз  етіп,  ақыл-

есінің дамуын тоқыратады.

ӘРЕКЕТ  НӘТИЖЕЛЕРІНІҢ  АК- 

ЦЕПТОРЫ  –  функционалдық  жү- 

йелердегі қимыл-қозғалысты, әрекет 

нәтижелерін  болжап,  бағалап,  ойша 

құрылған  мақсатпен  тексеріп  тұра- 

тын психологиялық механизмі. Ә.н.а. 

шешім қабылдау барысында ес про- 

цесінен  шығарылатын  «нәтиженің 

ақпараттық  эквиваленті»  болып  та- 

былады;  организмнің  мінез-құлық 

актіндегі  қимыл-қозғалыстық  бел- 

сенділігін  анықтап,  нәтижені  оның 

алдын  ала  болжамалы  бейнесімен 

салыстырады: 1) пара-пар сәйкес кел- 

ген жағдайда жүзеге асқан функцио- 

налдық  жүйе  схемасы  талқандала- 

ды  да,  организм  басқа  мақсатты  мі- 

нез-құлыққа ауыса алады; 2) ішінара 

сәйкессіздік жағдайында әрекет бағ- 

дарламасына  түзетулер  енгізіледі; 

3) толық сәйкессіздік жағдайында бағ- 



ӘРЕК

ӘРЕК

89

дарлау-зерттеулік  мінез-құлық  іске 

асады.

ӘСЕРШІЛДІК – көңіл күйге үйле- 

сімді болып келетін және тартымды- 

лықпен  ықпал  ету.  Адамның  көңіл 

күйінің тез толқып, сезімге әсер еткен 

нәрселерге тез реакция жасаушылы- 

ғы. Адам сезімталдығына байланыс- 

ты  өзіне  әсер  еткен  нәрселердің  бә- 

рін де қабылдап, оларды үнемі есін- 

де  сақтайды.  Олардың  мән-жайын 

пайымдап отырады. Ә. адамның кө- 

ңіл  күйінің  шабыты,  әсерлі,  күшті 

ықпал  етуіне  байланысты  туындай- 

ды. Дүниенің әсемдігі мен жарасым- 

дылығына әсерлену адамның көңілін 

толқытып, түрлі күйге түсіреді, әсем, 

сұлу сезімдерге алып келеді. Жан дү- 

ниесіне  ұнамды  әсер  еткен  заттар 

адамды шабыттандырып, ісінің өнім- 

ді және нәтижелі болуына оң ықпал 

жасайды.  Ә.  адамның  тек  сезімдік 

танымы ғана емес, оның ақыл-ой ар- 

қылы  танып-білуіне,  дүниетанымы- 

ның өрістеп отыруына әсер етеді.

ӘСКЕРИ  ПСИХОЛОГИЯ  –  әр- 

түрлі  әскери  іс-әрекеттердің  психо- 

логиялық  мәселелерін,  оның  әлеу- 

меттік  тарихи  жағдайларға  сәйкес 

даму  деңгейлерін,  жауынгерлердің 

жеке  басының  даярлығын,  әскери 

ұжымдардың жауынгерлік қабілетін, 

саяси  қырағылығы  мен  әзірліктерін 

зерттейтін  психология  ғылымының 

арнаулы  саласы.  Кеңес  үкіметі  тұ- 

сында  әскери  психология  Кеңестік 

армия  құрылуымен  қатар  пайда  бо- 

лып,  мемлекеттің  қарулы  күштерін 

және  Отан  қорғауды  қамтамасыз 

ету  мақсатында  дамып  келді.  Ә.п-

ның ғылыми астары оның теориясы 

мен  практикасын  жетілдіру,  әскери 

қызметтегілерді  оқыту,  тәрбиелеу, 

оларға  ақыл-кеңес  беріп,  солдаттар- 

дың  жауынгерлік  рухын  көтерудің 

психологиялық аспектілерін зерттеу- 

ге арналады.

Ә.п-ның негізгі мәселелері: әлеумет, 

еңбек, инженерлік және педагогика- 

лық психологиямен байланысты. Ә.п. 

әскери-әлеуметтік,  әскери-авиация- 

лық, әскери-теңіз психологиясы сала- 

ларына бөлінеді. Бұл салалар ерекше 

жағдайлардағы (экстремалдық) әске- 

ри  құрамалардың  тыныс-тіршілігін- 

де туындап отыратын құбылыстар мен 

заңдылықтарды  зерттейді.  Ә.п.  дер- 

бес ғылым ретінде бірінші дүниежү- 

зілік соғыс қарсаңында дүниеге кел- 

ді. Онда ірі әскери құрамаларға бас- 

шылық ету, ұрыс даласында жеңісті 

қамтамасыз  ету  мәселелеріне  назар 

аударылды. Егеменді, тәуелсіз Қазақ- 

стан  жағдайында  әскери  қызметтің 

сан-саласында  әскери  психология- 

ның іргесін қалаушы Бауыржан Мо- 

мышұлы болды. Ол қазақ, орыс тіл- 

дерінде «Соғыс психологиясы» еңбе- 

гін жазды.



ӘУЕзОВ  МҰХТАР  (1897-1961)  –  

кемеңгер М.Әуезов өзінің 20-жылда- 

ры жекелеген еңбектерінде («Ғылым 

тілі»,  «Философия  жайынан»,  «Оқу 

ісі» т.б.) философия мен психология- 

ға  байланысты  өз  ойларын  ортаға 

салды.

М.Әуезовтің  психология  мәселесіне 



қатысты айтқандары, сондай-ақ оның 

әр жылдары әдебиет, өнер, білім, ағар- 

ту, мектеп мәселелері туралы жазған 

шығармаларында да жиі ұшырасады. 



ӘСЕР

ӘУЕз

90

Бұларда адамның әр алуан көңіл күй- 

лері, эмоция, сезім, ерік-жігер ерек- 

шеліктері шығармашылық әрекет үс- 

тіндегі қаламгер шабыты, тәлімгерлік 

қасиет, қазақтың ұлттық психология- 

сы әр қырынан сөз болады. Төменде 

ғалымның  шығармашылық,  психо- 

логиясы  мен  этнопсихология  мәсе- 

лелері  жайында  айтқандарына  тоқ- 

талайық.  Оның  пікірінше  шабыт 

тек  өнер  өкілдеріне  ғана  тән  қасиет 

емес, ол кез келген мамандық иесін- 

де кездесетін ерекше психологиялық 

күй. Бірақ мұның өзі жазушы мен ақын 

үшін өте-мөте қажетті сипат. Мұндай 

жағдай  шығармашылық  адамында, 

біріншіден, бойдағы күш-қуаттың зор 

өрлеуімен, екіншіден шығармашылық 

соны  туындыға  құлшыныстың  күрт 

артуынан,  үшіншіден,  көңіл  күйдің 

шарықтап тасуымен сипатталады. «Жа- 

зушы  қаламынан  туатын  асыл  бұ- 

йым,  дейді М.О. Әуезов,  суреткер- 

дің өзінің жанынан терең алған күй- 

лерден туады». Мұндайда автор айт- 

қандай,  «алаңсыз  көңіл»,  «ақындық 

сезім», «ұзақ пісу», «бір жазғанын қай- 

та-қайта жаза беру», «өзін-өзі сынап 

қарай беру», т.б. көңіл күйлері шебер 

жазушы мен майталман ақынға ауа- 

дай қажет.

Жазушы қаламынан туған әрбір туын- 

ды, зергердің қолынан шыққан асыл 

бұйымдай  шығармашылық  шабыт 

күйінің  нәтижесі.  Шабыт,  салтанат 

құрған  шығарма  ғана  жұртты  өзіне 

баурап алады. Шабыт жоқ жерде әл- 

сіз, сүреңсіз жасық шығарма туаты- 

ны хақ. Мұндай да кісі сан алуан се- 

зім күйлерін, небір жан тебіреністе- 

рін басынан кешіреді, суреттеліп отыр- 

ған оқиғаға немесе диалогтарға бай- 

ланысты көңіл күйі мың сан құбыла- 

ды.  Бірде  достасып,  бірде  алысқан, 

кейде  қуанып,  керіліп,  мәз-мейрам 

болып  немесе  ашулы  күйік,  ыстық 

жас төгіп, жеңілу мен ұтылу жазасын 

шеккен,  болмаса  жеңіс,  табыс  пен 

қуаныш, шаттық тапқан, қысқасы ты- 

нысы былқыған жазушының жүрегі- 

нен ғана шын шығарма туады.

М.Әуезов  жазушы  шығармашылы- 

ғын  бірнеше  сатыларға  бөліп  ажы- 

ратады. Мәселен, қаламгер ең алды- 

мен  өмірмен  мидай  араласып,  оны 

терең білуі тиіс, мұнысын ол логика- 

лық  пайымдау  және  қиял  арқылы 

түсіндіре  алады.  Өмірді  дұрыс  та- 

нымай,  оны  бар  болмысымен  іштей 

меңгермей,  ақын,  жазушыда  шабыт 

тумайды. Екіншіден, шығармашылық 

өмірді терең білуден, оны үнемі зерт- 

теуден, үздіксіз жойқын еңбек етуден 

туындайды.  Шығармашылық  еңбек 

«жүрек қанымен» жазылатын, бейне- 

ті көл-көсір, рахатынан азабы басым 

болып келетін ауыр еңбек.

Жазу  барысында  тек  шабыт  күйін 

иемдену жеткіліксіз, мұнымен қатар 

шығармашылық  өкілінде  асқан  та- 

бандылық  пен  шыдамдылық,  ғажап 

бай қиял, қажыр-қайрат, әсерленуші- 

лік  секілді  қасиеттер  болуы  шарт. 

Көркем дүниенің өмірге келуі де әр- 

түрлі.  Мәселен,  кейбір  туынды  бас-

аяғы екі-үш күн ішінде жазылса, ен- 

ді бірі жылдар бойы жазылады. Әуе- 

зовтің  өзі  «Абай  жолы»  эпопеясын 

жазуға ұзын ырғасы 20 жылын сарып 

еткені  мәлім.  Осы  жылдары  ғұлама 

ғалым өзінің бүкіл мінез-құлқын, се- 

зім-талғамын,  қажыр-қайратын  ең 

басты мақсатына бағыттап, рухы мен 

жігерін  күндіз-түні  ширатып,  асқан 

ӘУЕз

ӘУЕз


91

табандылық  пен  шыдамдылықты 

көрсеткен еді. Ол «талапты, табанды 

жеңеді» деп жиі айтатын.

Қаламгер  өмірден  алған  түрлі  әсе- 

рін,  айталық  табиғат  сұлулығын,  ән 

мен  күйдің  жүрек  қылын  тербете- 

тін әсемдігін қуанышты не қайғылы 

жағдайдан  туған  әсерін  аса  көркем- 

дікпен  бере  алса,  шығарманың  өз 

оқырманын  тез  баурап  алатынды- 

ғында сөз жоқ. Әрине, ақын, жазушы 

айналасындағының  бәрін  бірдей  қа- 

былдай  бермейді,  оларды  ми  мен 

жүрек  елегінен  қайта-қайта  өткізіп, 

өзінше  қорытып,  өзіндік  дүние  етіп 

алады.  «Тегінде  –  деп  жазды  ол,  – 

зор дарынды, ойшыл, білімді, алғыр 

адамдардың ой-сезімі, санасы, барлық 

интеллект сипаттары бір-ақ қана ір- 

геден туады, бір ғана арнадан тарай- 

ды  деп  түсінбеймін,  өзімізге  мәлім 

сүйікті  ұлы  жандардың  қай-қайсы- 

сын  алсақ  та  сезім  саласын,  ой-дү- 

ниесін қалыптаған негіздер бір жақ- 

ты болмайды». Шығармашылық әле- 

мінде ойды жинақтай, синтездей алу 

әрекеті де күшті дамыған болуы ке- 

рек. Ол өзінің сезім мүшелеріне әсер 

еткен  түрлі  құбылыстарды,  не  бір- 

біріне  қарама-қарсы  тұрған  объек- 

тілерді  тәптіштеп  сұрыптайды  да, 

жекелеген  бейнелердің  (образдар- 

дың)  штрих,  детальдарын  бөлшек- 

теп, ажыратып, бұдан тұтас, жаңадан 

бір образ құрастырады. Осындай жол- 

мен  жасалған  көркем  шығарма  ғана 

адамның жан-дүниесіне енеді де, оның 

ақыл-ойы мен сезім дүниесін билей- 

тін болады. Мәселен, өзі сомдаған ұлы 

Абай  бейнесі  жұрт  армандаған,  бар 

жақсыдан қорытылған асылдың асылы, 

оның  бетіне  шыққан  нәрі,  типтік 

бейненің сом алтындай сығындысы.

Ғұлама жазушының этнопсихология, 

ұлттық мінез туралы айтқан түйін-тұ- 

жырымдары  да  сапалығымен  көзге 

түседі.  Ғалым  әр  халықтың,  не  ұлт- 

тың өзіне тән мінез-құлқы, темпера- 

менті,  талғам  түсінігі,  әдет-ғұрпы, 

салт-санасы болатындығын әркез ес- 

керіп отырған. Ол сондай-ақ, бұл ай- 

тылғандардың  біршама  тұрақты  да 

тұрлаулы  болатындығын,  қоғамдық 

сананың  ұлттық  бояуларға  қануы 

қажеттігін  айтқан.  Автор  халықтың 

ғасырлар  бойы  дамып,  қалыптасқан 

ортақ рухани тіршіліктері (фольклор, 

тіл,  дін,  өнер,  дәстүр,  салт,  әдет-ғұ- 

рып,  т.б.)  ұлт  психологиясының 

ерекшеліктерін танып-білдіретін бас- 

ты өлшемдер дейді.

«Қазақ халқының – деп жазды М.О. 

Әуезов,  ақындық  қабілет  дарыны 

өмірде  ақынның  ерекше  типін  ту- 

ғызды».  Оның  «ақынның  ерекше 

типі» деп отырғаны – қазақ өнерінің 

тарландары    айтыс  ақындары. 

Өлең-жырды  бірден  табан  астында 

жанынан шығарып айту, суырып-сал- 

ма қабілеттілік, қиыннан қиыстыру- 

лар,  хас  шеберлік,  тіл  байлығы,  өз 

қабілетіне табыну, халқымыздың ұлт- 

тық  психологиясының  басты  ерек- 

шеліктерінің  бірі.  Ол  халқымыздың 

«естірту», «жоқтау», «көңіл айту», «бет 

ашар», т.б. тұрмыс-салтқа байланыс- 

ты  туындаған  өлең-жырларынан 

да  қазақ  халқының  психологиялық 

кейпін жақсы көретіндігін, қоғамдық 

прогресс  барысында  ұлттық  психо- 

логия өзгеріске түсіп, жаңа мазмұн- 

ға  көшіп  отыратындығын  да  еске 

салады, ...заттық тәрбиелік халықтық 

жағдайлар, орталар өзгерумен қатар- 

ласа,  ілесе  адамның  өз  психикасы... 

мүмкіндігінше басқа сапаға ауысып, 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет