АФФЕКТ (лат. affectus – қаз. жан
дүниесінің толқуы, жан ұшыру, кү-
йіп-пісу). Адамның кездейсоқ тітір-
кендіргіштердің теріс әсер етуінен жан
сезімінің толқуы. Мұндай сезімдік
толқулар ұялу, ренжу, наразы болу,
таңдану салдарынан пайда болады.
А-тің қоздырушы күшті (стеникалық)
түрі, мыс., қайғыру, жек көріп өшігу
және әлсіз (астеникалық) деп аталатын,
мысалы, қорқыныш, мұңаю түрлері
бар. А-тік жағдайда адамның бойын
ашу-ыза мен қайғы-қасірет билеп,
оның өңі бозарады не қызарады, көз
АФАз
АФФЕ
64
қарашықтары ойнақшып, ерні күбір-
лейді. А. жағдайда жан дүниесінің
толқуы дені сау адамдарда да кездесе-
ді. Егер бойын ашу-ыза кернеген адам
А. ұшырағанда ақыл-есінен айырылып,
не істегенін білмейтін болса, ондай
адамдардың жан дүниесі күйзеліске
ұшырап, ауруға душар болған адам
деп саналады.
А. (ашуланған, долданған хал, ашу
қысқанда уақытша естен адасу). А.
деп кейде адамдарда тез, бірақ күшті
және өте қарқынды өтетін психикалык
(эмоциялық) жағдайдың ерекше түрін
атайды.
А-тің екі түрі бар: физиологиялық
аффект және патологиялық аффект.
Ф.а. кезінде ұрысқан адам ашуланып
жаман сөздер айтып, ұрып та жіберуі
мүмкін. Бұл жағдайда сана өзгермейді,
амнезия болмайды, адам күш салса
өзін-өзі ұстай алуы мүмкін. П.а. жағ-
дайында адам өзіне-өзі есеп бере ал-
майды, оның белгісі сананың түнеруі
және болған оқиғаның естен толық
шығуы. Физиологиялық аффект пен
патологиялық аффектіні ажыратудың
соттық-психиатриялық істе маңызы
зор. Аффектілеу (ашуланғандықты,
долданғандықты сөз арқылы, кейіп-кел-
бет арқылы білдірушілік). А. – субъект
үшін маңызды болып табылатын
өмірлік жағдаяттардың кенеттен өзге-
руінен туындайтын күшті және са-
лыстырмалы қысқа мерзімді жүйке-
лік-психикалық қозу.
А. айқын көрінетін қозғалыстық кө-
ріністермен және ішкі мүшелердің
қызметіндегі өзгерістермен, еріктік қа-
дағалаудың жоғалуымен және эмо-
циялық күйзелістерді өте қатты көр-
сетумен бірге жүреді. А. болған оқиға-
ға жауап ретінде сыртқа шығады. А.
күйі үшін зейіннің А. тудырған жағ-
дайларға тұтас шомылумен бірге жү-
ретін сананың тарылуы тән. Сананың
бұзылуы А. тудырған оқиғаны еске
түсіре алмауға, ал өте күшті А. кезін-
де сананың мүлдем жоғалуы мен то-
лық амнезияға әкелуі мүмкін. А. –
адамның көңіл күйінің кенеттен өз-
геріп, зор қарқынмен бұрқан-талқан
болып сыртқа тебуі. Адам сезімдері-
нің көпшілігі А. дәрежесінде жетуі
мүмкін. Мыс., қорқу
сезімінің алғашқы
сатысы тынышсызданып, сескенуден
басталып, одан соң үрейлену сезімі
пайда болады, ол күшейе келе, кісінің
зәресі ұшып, А. сатысына жетеді.
Қуаныш кернеген немесе қайғы-қасі-
ретке душар болған адамның да бұл
эмоциялары А. түріне өтуі мүмкін.
Аффекттің физиологиялық негізі ми
қабығында туған, күші жағынан па-
рапар екі қарама-қарсы реакцияның
қақтығысуында. Осы қақтығысуға бай-
ланысты жүйкелік үрдістер барысын-
да кездесетін кенеттен пайда болған
өзгерістер аффекттің жүйкелік меха-
низмі болып табылады.
Егерде осындай өзгерістер адамның
жүйке әрекетінде ұзақ уақыт орын
тепкен байланыстарды бұзса, оның
мінезінде невроз тууы мүмкін. А. се-
зімдері адамның бойын билеп алған
кезде, оның сыртқы әлпетінде де ерек-
ше өзгерістер туады. Қазіргі кезде
психологиялық, физиологиялық тех-
никаны пайдалану арқылы тыныс алу,
жүректің соғуы, тері сияқты мүшелер-
дің өзгерістерін ғана емес, ми жұмы-
сын да зерттеп электрэнцефалограм-
масын жазып алуға болады. Адамның
вегатативті жүйке жүйесі А. кезінде
АФФЕ
АФФЕ
65
физиологиялық процестердің тууын,
оның барысын басқарып, адамның
сыртқы әлпетінің өзгеруіне әсерін
тигізеді. Жас балалар өздерінің іс-
әрекеттерінің дәлел-себептері әлі сана-
лы түрде айқын қалыптаспаған даму
сатысында аффекттерге оңай ұрынуы
мүмкін.
Баланың кез келген қажеттіліктерін
қанағаттандырмау немесе кез келген
қайшылық аффекттің дамуына әкеліп
соқтырады. Дұрыс тәрбие беру сал-
дарынан аффектіге бейімделу бала
өмірінде үлкен орын алып, оның мінез-
дамуына кері әсерін туғызу мүмкін.
Егер баланың айналасындағылардың
өз дегенін сөзсіз орындауына еті үйре-
ніп, онда оның әлдебір талап-тілегінің
орындалмауына бөгет жайттар орын-
сыз ашу-ызасын келтіруі мүмкін. Ба-
ланың іс-әрекет түрлері күрделене түс-
кен сайын, оның себеп дәлелдері соғұр-
лым саналы түрде жасалған түрде
болады, баланың эмоцианалдық өмірі
жинақы нысандарымен ерекшеленеді
және кірікпелі аффективтік төтенше
жағдайлар кезінде пайда болады.
Аффективтік хал-ахуалдың алдын алу
үшін адамның құлықтық қасиеттерінің
қалыптасуына, сондай-ақ аффекттің
әрбір пайда болуы көрінісін дұрыс
қабылдауға бағытталған жүйелі тәрбие
жұмыстарын жүргізу қажет. Бұл
орайда баланы оның барлық тілегінің
орындалуы мүмкін еместігі және бұл
жағдайда ұстамдылық танытып, төзім-
ділікпен күте білуге үйренуінің қа-
жеттігі жөнінде ертерек сіңіре берген
жөн.
А. алдын алу үшін бала назарын басқа
жаққа аудару қажет. Жасөспірім және
бозбала кезде аффектпен күресте өзін-
өзі тәрбиелеу үлкен рөл атқаруы мүм-
кін. Афферентация – сыртқы тітіркен-
діргіштерден (экстероцепция) немесе
ішкі ағзалардан (интероцепция) ақ-
паратты қабылдап, орталық жүйке
жүйесіне келетін жүйке импульстары-
ның ағыны. Афференттік лат. афференс
деген сөзі, қаз. жеткізуші деген ма-
ғынаны білдіреді. Бұл жерде миға ті-
тіркендіргіштерді жеткізіп отыратын
жүйке талшығы ретінде айтылып отыр.
АФФЕРЕНТТІК СИНТЕз (лат . af-
ferens – әкелуші) – функциялық жү-
йе теориясында шешім қабылдау мақ-
сатымен қоршаған орта және іске
қосылатын стимул жөніндегі есте сақ-
талған материалды, мотивацияны, ақ-
параттарды жинақтау. Бұл тұрғыда жад
(ес) – эволюция процесінде және жеке
бастық тәжірибе арқылы қалыптасқан
иерархияның әр түрлі деңгейіндегі өз-
ара байланысты функциялық жүйе-
лердің жинағы, ал мотивация – орга-
низм қажеттіліктерінің нақты бір кө-
рінісі ретінде түсіндіріледі. А.с. кезін-
де мотивацияның арқасында бір кез-
дері осы қажеттілікті қанағаттанды-
руға әкеліп соқтырған барлық жүйе-
лердің актуалдануы арта түседі. Орта
жөніндегі ақпарат осы жағдайда талап
етілетін нәтижелерге қол жеткізуге
көмектеседі. Мотивация және жағдай-
дың ықпалымен таңдап алынған әлде-
бір оқиға-іске қосылатын стимул –
жүйелердің бірі болған сәтте ақырғы
шешім қабылданады. Жүйелердің ие-
рархиялық ұйымы организмнің қор-
шаған ортамен бейімделгіштік арақа-
тынасының эволюциялық және жеке
тұлғалық қалыптасуы. А.с. мидың
әлдебір жекелеген құрылымынан орын
АФФЕ
АФФЕ
66
алмайды; ол мидың және организм-
нің бүкіл көлемін қамтитын морфоло-
гиялық (орталық және перифериялық,
афференттік және эфференттік) құ-
рылымдарға жататын әр түрлі нейрон-
дардың өзара әрекеттесу процесі бо-
лып табылады.
АФФИЛИАЦИЯ (ағылш. affili-
ate – қаз. қосу, қосылу) – адамның
топпен бірге болуға мотивациялық,
эмоциялық қажеттілігін білдіретін
ұғым. А. адамның басқа адамдармен
бір ортада болуға, олармен өзара әре-
кеттесіп, біреуге көмек беруге, қолдау
көрсетуге, және сонымен қатар, басқа
тарапынан да сондай көмекті алуға
талпыныс түрінде көрініс табады.
Ол әсіресе, адамның қатты стреске,
депрессияға, қорқыныш пен үрейге
душар болғанда, өзіне-өзі сенімсіздік-
тің арту жағдайында қарқынды кө-
рінеді. Себебі А. психиканы мобили-
зациялап, сезімдік-эмотивті күйзеліс-
терді бәсеңдетеді. А. – адамның бас-
қа адамдардың қоғамында болуға
ұмтылуы. Адамның айналадағы адам-
дармен жағымды эмоционалды: дос-
тық, жолдастық т.с.с. жайларды сақ-
тауға және бекітуге қажетсінуі. А-ға
бейімділік, субъект ықтимал қауіпті-
лігі бар стресс жағдайына ұшыра-
ғанда байқалады. А. – адамның ай-
наладағылармен жағымды эмоция-
лық, достық, жолдастық қатынастар-
ды сақтап және бекітуге бағытталған
адамның қажеттілігі. Адамдармен
дара эмоционалды жақын болуға ұм-
тылысы.
АХУАЛ – бұл ұғым көбінесе топ-
тық психологияға байланысты ай-
тылады. Сондықтан оны «әлеуметтік-
психологиялық ахуал» немесе «пси-
хологиялық атмосфера» ұғымымен
белгілейді. Бұған топ пен ұйымдағы-
лардың өзара қарым-қатынасы, көңіл
күйі мен ынтымақтығы, бірін-бірі тү-
сіне алу, тәртіп пен жауапкершілік,
топтық борыш пен намыс, үйреншікті
жұмыс стилі, ортақ пікір, өзара сын
т.б. осы секілді компоненттер кіреді.
Оң жақсы ахуалға, сондай-ақ топта-
ғылардың бір-біріне деген шексіз се-
німі, басқалардың ақыл-кеңесіне құлақ
асу, бір-біріне деген шынайылық пен
жылы шырайды жатқызуға болады.
Еңбек өнімділігі, оның нәтижесі ұжым-
дағылардың кәсіби шеберлігі мен дағ-
дысы, білімі мен икемділіктерінен ға-
на тәуелді болмай, мұндағы қалып-
тасқан жұрттың тұрақты көңіл күйіне
де байланысты болады. Мәселен, жақ-
сы көңілмен 3 секундта орындалатын
бір деталды 1,6 секундта орындауға
болады екен, ал ұрыс-керіс, дау-да-
май бар жерде адам 30 минутке де-
йін өзіне-өзі келе алмайтындығы анық-
талған. Сөйтіп, көтеріңкі көңіл күйі,
білек сыбанған құлшыныс, жарасқан
ынтымақ, жолдастық көмек, бірін-бі-
рі демеу, қандай ауыр жұмыс болса да,
оның нәтижелі орындалуына себеп-
ші болады. Мұндайда еңсені басар са-
ры уайым, жабырқау мен түңілу, жал-
ғызсырау ұрыс-керіс болып жары-
майды да, шығармашылық іске аса қа-
жетті қолайлы ахуал орнайды. Осын-
дай ахуал ұжымдағы адамдардың пси-
хологиясына жақсы әсер етеді.
АШУ – ыза, кейіс, реніш, араздық тү-
рінде көрініс беретін адамның мінезі
мен көңіл күйінің жағдайы. А. оған
АФФИ
АШУ
67
әсер еткен қолайсыз нәрселерге жауап
ретінде ашулы, ызалы, кекті, қаһар-
лы түрде көрінеді. Бойын А. – ыза кер-
неп, мейірімсіздік көрсету, өңі түнеріп,
жаман ниетті күй кешетін болса, адам
әр қилы жаман істерге барып жауыз-
дық әрекеттер жасауы мүмкін. Бұл
жайт жоғары жүйке қызметіндегі
тежелу процесіне ерік бермей күшті
қозу процесінің ықпалында болды. А.
ықпалына көну адамның өз еркіне
ие бола алмай жағымсыз іс-әрекетке
ұрынуын білдіреді. Мұндайда адам-
ның бойын билеген көңіл күй А-ды
жеңіп, оған тежеу жасап, адам өзін
саналы түрде басқара алатын болуы
керек. Қазақта «Ашу – дұшпан, ақыл –
дос, Ақылыңа ақыл қос» деген нақыл
бар. Бойын А. кернеп, кек пен ызаға
булыққан адам қатыгездік істерге ұры-
нады. Өйткені оның бойын А. – ыза
билеп, кейде ол өшпенділік іс-әрекет-
терге баруы мүмкін. Ондай адам ашу-
шаң, ызақор, кекшіл, қараниетті, арам
ойлы болып келеді. А. – сезімдік-эмо-
циялық күй. Сезімді әр кезде ақыл-
ой, сана билейді. А-ын ақыл-санаға
билеткен адам білікті әрі байсалды.
ӘБЕСТІК – мінез-құлықтағы өрес-
кел, қателік, білместік, ағаттық әрекет-
терден көрінетін ерсі сипат. Кісінің ар-
ұятына тиетін әдепсіздікті білдіреді.
Әбестік күнделікті өмірде мінездің
оғаш қылығы ретінде адамның кісілік
қасиеті мен тұлғалық сипатына сын
болып тағылады. Мұндай сипаттар
зиянсыз, зілсіз болғанымен сырт көз-
ден тыс қалмайтын ұнамсыз қылық.
Әбестік адамның жан дүниесіне шан-
шудай қадалатын жағымсыз қасиет
емес, бірақ адамның ары мен сезіміне
әсер етіп, кейде күлкі тудырады. Мі-
нез-құлықтағы кейбір әбестік көрініс-
терге жол бермеу үшін әлеуметтік ор-
та мен тәлім-тәрбие істерінің мақсат-
ты жүргізілуі тиіс.
ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ (870-
950) – қазақ жерінен шыққан, зама-
нында Шығыс Аристотелі, Екінші ұс-
таз атанған әмбебап ғалым. Ол өмір
сүрген заман Шығыс әлемінде ғылым
мен білімнің дәуірлеп тұрған кезі еді.
Ұлы ғұламаның балалық, жігіттік шақ-
тары өткен қазақ даласы да сол кез-
де мәдени орталықтардың бірі бол-
ды. Тарих шежіресі бізге ІХ-Х ға-
сырлар арасында Отырар қаласы (бұ-
ӘБЕС
ӘБУН
68
рынғы Фараб) Таяу және Орта Шы-
ғысқа баратын үлкен сауда жолы бол-
ғандықтан, ол, сондай-ақ, өнер-білім-
нің, мәдениет пен әдебиеттің өркендеп
өскен, көптеген ғұлама ғалымдар шы-
ғарған белгілі ел болғандығы жайлы
сыр шертеді. Әрине, осындай құнар-
лы ортаның Фарабидің аты әлемге
жайылған ғалым болуына себі тиген-
дігіне күмәндануға болмайды.
Әл-Фарабидің әлеуметтік көзқарасы-
ның, қоғамдық ой-санасының, фи-
лософиялық пікірлерінің қалыпта-
суына ерекше әсер еткендердің іші-
нен Аристотель мен Платоннан басқа
Араб философиясының негізін салушы
әл-Киндиді айырықша атап өтуге тиіс-
піз. Фараби еңбектерінің көпшілігі
Аристотель мен Платонның филосо-
фиялық мұраларын оқып, үйренуге,
оларға түсініктеме жазуға, олардың
қайшылықтарын табуға, сондай-ақ, әл-
Киндидің философиялық көзқарас-
тарын одан әрмен қарай жалғасты-
рып, дамытуға бағытталған. Фараби,
әсіресе, гректің ұлы ойшылы Аристо-
тельдің философиялық мұраларына
ерекше көңіл бөледі. Фарабидің біраз
еңбегі ұлы ұстазының философиялық
мұраларын оқып үйренуге, оны зерт-
теп түсіндіруге арналғаны да осыдан
болса керек. Алайда, әл-Фараби тек
өзінен бұрын өмір сүрген философ-
тардың мұраларын зерттеп, оларға жай
түсініктеме берумен ғана қанағатта-
нып шектелмей, психология саласын-
да Аристотельден әлдеқайда ілгері
кетеді. Мәселен, Аристотель «Жан ту-
ралы» бір ғана трактат жазса, Фараби
бұл ғылым жайлы жеті еңбек жазған.
Фараби Аристотельдің пантеистік
пікірлерін қайта қарастырып, мұның
негізінде натуралистік пантеизм деп
аталатын ілім жүйесін ұсынады. Зерт-
теушілердің (А.Закуев, С.Григорян,
А.Машанов, А.Көбесов, М.Хайруллаев
т.б.) айтуынша ұлы ғұлама өзінің фи-
лософиялық пайымдауларын негізі-
нен идеалистік сарында өрбіткен Фа-
раби материяның өзі форианы сақтау-
шы, сол арқылы заттар алуан түрлі
сипаттама алады дейді. Бүкіл әлемді
қозғалысқа келтіруші «алғашқы қоз-
ғаушы» құдай жөніндегі Аристотельге
тән концепция әл-Фараби көзқара-
сында да белгілі орын алды.
Философия, психология ғылымдары
үшін танымдық мәні зор, іргелі мәсе-
ленің бірі – жан мен тән проблемасы.
Осы мәселенің шешіліміне қарай ға-
лымдар сонау ескі заманнан бермен
қарай қарама-қарсы екі топқа бөлініп
келеді. Мәселен, идеалистер жанды,
рухты алғаш пайда болған, ол тәннен
бөлек мәңгі бақи өмір сүре береді десе,
материалистер дүниенің алғашқы-
лығын, жанның тәнмен байланысты-
лығын, тән өмір сүруін тоқтатса, жан
да бітетіндігін дәйекті деректермен
дәлелдеп түсіндіреді.
Әл-Фараби осы мәселеде дәйекті пі-
кір айта алмай, материализм мен идеа-
лизмнің арасында ауытқып жүрді, дін
мен мистика түгелдей тұмшаланған
сол кездегі шығыс әлемінде жан ту-
ралы салиқалы тұжырымға келу оңай
да емес еді. Фараби өзінің «Мәселе-
лердің түпкі төркіні» дейтін тракта-
тында Платонның «Жан тәннен бұ-
рын пайда болған, бұл екеуі бір-бі-
рімен байланысты емес» дейтін қате
тұжырымын сынға алды. Сөз боп
отырған мәселеге орай Фараби бы-
лай дейді: жан мен тән бірлікте өмір
сүреді, Платонның жан тәннен бұрын
пайда болған деуі қате түсінік, жан-
ӘБУН
ӘБУН
69
тәннің тірлік қасиеті, адамда қатары-
нан екі жан болмайды. Жанның ойда-
ғыдай дамып, қалыптасуы үшін тән
саулығы қажет. Тән саулығы жоқ жер-
де жан саулығы да жоқ. Міне, жан
мен тән жөніндегі Фараби түсінігінің
негізгі желісі осындай еді. Бірақ осы
мәселеге байланысты айтылған Фара-
би пікірлерінде қайшылықтар да кез-
деседі. Ол «тәннен бұрын жан пайда
болған» дейтін Платонның қате тұжы-
рымына қарсы шыға отыра, өзі де жан-
ның мәңгі бақи өлмей, өмір сүретінді-
гін мойындайды. Дене қызметі тоқта-
лып, тәнде жан мәңгілікке жасай бе-
реді, ол қайтып оралмайды, жаңадан
өзгеріске де түспейді. Денеден кеткен
рух басқа адамдардың жандарымен
қосылып, бүкіл әлемдік жан дүниесін
құрайды. Әсіресе, көңілі, рухы таза,
адал адамдардың жаны мәңгі өмір
сүреді де, залым зымияндардың жаны
бірден шіріп, қурап бітеді, – дейді
ғұлама.
Ұлы ойшылдың жан мен тән жайлы
айтылған пікірлерінің осылайша екі
ұштылығы оның философиялық көз-
қарастарындағы кейбір қайшылық-
тармен ұштасып жататындығы бай-
қалады. Әйтсе де, оның жан мен тән
мәселесі жөніндегі пікірлері ғылым
үшін үлкен жаңалық еді. Фараби Пла-
тонға қарсы шығу арқылы бейнелеу
теориясының ілкі материалистік сіле-
мін салып, психологиялық құбылыс-
тардың тәнмен байланыстылығын
көрсетіп, адамның жан дүниесі сырт-
қы ортаның сәулесі екендігіне жұрт-
тың көзін жеткізді. Өсімдіктерде де жан
болады деген кейбір виталистік пікір-
леріне қарамастан, бүкіл Шығыс әле-
мінде психиканың пайда болу, даму
жолдарында ғылыми тұрғыдан алған
түсіндірген, жан туралы ғылымның
терминдерін мұсылман елдерінің та-
рихында тұңғыш жүйеге салған да осы
ұлы бабамыз Фараби еді.
Ғылым мен техника қазіргідей кең
өріс ала қоймаған сол кездегі Шығыс
әлемінде ұлы ойшылдың осындай
батыл ғылыми пікірлері сол кездің
өзінде-ақ дін иелерін қатты қобалжыт-
ты, олар Фарабиді құдайдан, діннен
безген адам деп, оған лағынет оғын
жаудырды.
А). Әл-Фараби еңбектеріндегі жалпы
психология мәселелері. Ол адамның
жан дүниесін (психикалық құбылыста-
рын) тәннің құрылысына орайлас
түсіндіруге тырысты. Тәннің де, жан-
ның да иесі – жүрек, бұған мидың да
қатысы бар, бірақ тәннің басқа мүше-
лері сияқты ми да жүрекке бағыныш-
ты. Жүрек тіршілік тірегі, қан айналы-
сы мен қимыл қозғалысының орта-
лығы. Жүрек пен байланыспайтын мү-
ше жоқ, ми да жүректен қорек алып,
сонан кейін ғана адамның жан дүние-
сін басқарады. Жан туралы ілімде
Фараби ұстазы Аристотельдің ықпа-
лында болды. Ұлы грек ойшылы өзі-
нің «Жан туралы» атты еңбегінде өсім-
діктерде, жануарларда, адамдарда үш
түрлі жан болады десе, Фараби осы
пікірді қуаттай келіп, адам жанының
өзін үшке бөлді. Ол психикалық құ-
былыстарды жан қуаттары деп атады.
Жан қуаттарын ол алдымен организмді
қозғалдыратын және оған бір нәрсені
танып білгізетін қуат деп екіге бөлді.
Қозғалдыратын қуат бүкіл тірі орга-
низмге ортақ. Ал танып-білу қуаты
жануарлар мен адамдарға ғана тән,
бұлар сыртқы дүниені түйсіне, сезіне
алуға қабілетті. Өсімдіктерде мұндай
қабілет жоқ. Сондықтан да, олар бұл
ӘБУН
ӘБУН
70
топқа кірмейді. Адамда ең алдымен
қоректендіру қуаты пайда болады. Бұл
адамдардың тәні яғни өсіп өнуге не-
гіз болатын дене бітімі. Адамның та-
нып білу қуаты да екіге бөлінеді.
Оның біріншісі – сыртқы жан қуаты
немесе оның түйсіктену қуаты деп
аталады. Мұндай қабілет сыртқы
дүние заттарының сезім мүшелеріне
тікелей әсер етуінен туады. Сыртқы
жан қуатының бес түрі бар. Олар –
көру, есту, дәм, иіс, тері түйсіктері.
Екіншісі – ішкі жан қуаты делінеді.
Бұларға еске түсіру, талпыну қа-
білеттері жатады. Адамды жануар-
лардан ерекше бөліп тұрған қуат –
оның ақыл-парасаты, яғни ойлай, сөй-
лей алу қабілеті. Фараби «Ізгі қала
тұрғындарының көзқарасы туралы
трактат» дейтін еңбегінде жан құбы-
лысының түрлі көріністеріне жекелеп
сипаттама береді. Мәселен, ол адам
өмірінде қиялдың қандай рөл атқа-
ратыны жөнінде былай дейді: «Қиял
адамға аса қажет жан қуаты. Ол екі
түрлі міндет атқарады. Қиял арқылы
сыртқы дүние заттарының бейнелері
өңделіп, сұрыпталады, бір бейне екін-
шісіне қосылып, одан жаңа бейне
жасалады. Екіншіден, ол ойлауға ма-
териал береді, түйсікпен қосыла адам
ойлауының терең, жан-жақты, орамды
болуына жәрдем етеді. Адамда түс
көру неден болады деген сұраққа да
Фараби тыңғылықты жауап берген.
Түс көру – адамның ояу кезіндегі шын-
дықта көрген, білген, естіген нәрсе-
лерінің мидағы бейнесі. Ұйқы кезінде
мұндай бейнелер адам ырқынан тыс
жүріп жатады, бұл қиялдың енжар
көріністері. Фарабидің түс көру тура-
лы тұжырымдарының қазіргі ғылыми
психологияның айтқандарымен та-
маша үндесіп жатқанына қайран қа-
луға болады.
Фараби адамның тану процесі екі
кезеңнен тұрады дейді. Оның бірінші-
сі – сезімдік кезең. Бұған түйсік, қа-
былдау, ес процестері жатады. Түйсік –
дүниетанудың алғашқы көзі, бірінші
баспалдағы. Адамның есі мен елесінің
сапалы, әрі нәтижелі болуы оның дұ-
рыс түйсіктене алуына байланысты.
Ойлау дүниені әр қырынан тануға,
мәселені тереңнен түсінуге мүмкіндік
береді. Ойлау адам танымының екінші
басқышы, танымның жоғары сатысы.
Ойлау сөйлеумен тығыз байланысты,
ол жалпы адамзатқа тән құбылыс, ал
тіл әр ұлттың, әрбір халықтың өзін-
дік өрнегі. Жаттағаннан түсінген ар-
тығырақ. Түсіну әр нәрсенің тегін ашып,
жалпы ережелер мен канондар жө-
нінде талдау жасауға мүмкіндік бе-
реді. Ғұламаның түсінігінше адамның
эмоция, сезім процестері жан қуаты-
ның дербес көрінісі болып саналмай-
ды бұлар психиканың қалған түрлері-
не әр береді, оларды қозғалысқа итер-
мелейді. Талпыну, әсерлену қуаты
адамның мәнерлі қозғалыстарынан
жақсы байқалады. Мәселен, адам ұял-
ғанда қызарса, қорыққан кезде сұп-
сұр болып, түсі қашады.
Жан қуаттары туралы теориясында
Фараби адамның ерік-жігер, қажыр-
қайратын жеке процесс ретінде қа-
растырмайды. Бұларды этика ғылы-
мына орайлас пікірлерінде жол-жө-
некей сөз етеді. Жақсы қоғам, ізгі адам-
дар, олардың күшті қажыр-қайраты
мен ерік-жігері – рухани қасиеттерді
қалыптастырудың негізгі факторлары
қылық пен іс-әрекетінің саналылығы,
тоқтамға келушілік, батырлық пен
ерлік, рухани жағынан жетілу т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |