Қ. жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет11/90
Дата03.03.2017
өлшемі11,21 Mb.
#5955
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   90

ӘБУН

ӘБУН

71

ерік-жігердің  жақсы  сапалары  бол- 

са,  мейрімсіздік,  қорқақтық,  дүние- 

қоңыздық, нәпсіқұмарлық т.б. адамның 

ұнамсыз қасиеттері болып табылады.

Фараби таным мәселесінің түп қазы- 

ғына  келгенде  дуалистік  көзқараста 

болды. Мәселен, ол танымның бірін- 

ші  басқышы  –  түйсіктерді  материа- 

листерше  түсіндіргенімен,  ойлауға 

келгенде жаңсақ түсінікке жол бере- 

ді. Ол ойлау материядан тыс тұрған 

ерекше рухани күштің әсерінен туып 

отырады деп тұжырымдады. Ал, Фа- 

рабидің  түйсік,  қабылдау,  қиял  про- 

цестерін сыртқы дүние заттары мен 

құбылыстарының денедегі (жүйкеде- 

гі), мидағы түрлі бейнелер деуі ғылы- 

ми тұрғыдан өте байсалды түсінік еді. 

Мәселен, көз айна тәріздес нәрсе, ол 

сыртқы  дүниенің  сәулесі  түсіп  оты- 

ратын алғашқы саңлау. Көру түйсігі 

көзге зат әсер еткенде ғана пайда бо- 

лады. Егер көзден зат кетсе, онда түй- 

сік  тумайды,  құлақ  ауадағы  тербе- 

лістер әсер еткенде ғана естиді. Сезім 

мүшелерінің қай-қайсысы да адамды 

сыртқы дүниемен байланысқа түсіре- 

тін аспап. Көру түйсігі көзден шық- 

қан шырақтың нәтижесі, көзге зат әсер 

етпей-ақ түйсік пайда болады дейтін 

Платон пікірімен Фараби келіспейді. 

Қараңғыда зат та, оның бояуы да анық 

көрінбейді, көзге сырттан күшті әсер 

келіп түскенде ғана адамда түйсік пай- 

да болады, дейді Фараби. Ұлы ғұла- 

ма жан қуатының басты-басты түрле- 

ріне  сипаттама  бере  келіп,  психоло- 

гияның бұдан басқа да проблемалары 

жөнінде сөз қозғайды.

Мәселен, ол психиканың қалайша да- 

мып жетілгендігі жайлы мәселеге де 

ерекше мән берген. Психика айрық- 

ша сапада тұрған қасиет. Жануарлар 

мен  адамдардың  тән  құрылысының 

өзгешелігіне  қарай  олардың  жан 

қуаттары да өзгеше болады. Материал- 

дық элементтердің қосылысынан (ыс- 

тық, суық, дымқыл, құрғақ) жануар- 

лар психикасы түзілген. Осы элемент- 

тердің ең жоғарғы қосындысынан ба- 

рып  адам  психикасы  пайда  болған. 

Адам жаны дүниенің теңдесі жоқ туын- 

дысы.  Оның  жануарлардан  негізгі 

айырмашылығы  ақыл-парасатпен 

сөйлей  алу  қабілеті,  өнермен  айна- 

лысуы, еңбек ете алуы. Бұл айтылған- 

дарсыз адамның тәні де, жаны да ой- 

дағыдай дамымайды.

Оның  бала  психикасының  қалайша 

дамып, жетілгендігі жөнінде де қыз- 

ғылықты пікірлері көп. Баланың жасы 

өскен  сайын  оның  ақылы  да,  яғни 

тәнімен бірге жаны да өсіп отырады. 

Мұның бәрі оның тіршілік қажетінен 

туындайды. Мәселен, балада ең алды- 

мен өсіп-өну қуаты пайда болады. Бұл 

оның  дене  бітімінің  қалыптасуында 

үлкен  рөл  атқарады.  Алдымен,  тән 

түйсігі, кейіннен барып дәм, иіс айы- 

ратын түйсіктері, заттың түрін, түсін, 

пішінін  түйсіне  алу  қабілеті  пайда 

болды. Адам психикасы негізінен өмір 

барысында, оқу – тәрбие үстінде қа- 

лыптасады. Бұл жерде оның өз бетін- 

ше  әрекеттенуі,  өзіндік  белсенділік 

қасиеттері  де  оның  өмірден  алатын 

тәжірибесінен туындайды. Адам дү- 

ниеге ақылды, не ақылсыз, зұлым, не 

ақ  ниетті  болып  келмейді.  Бала  ой- 

лау, сөйлеу қабілетіне туыстан бола- 

тын икемділікпен ғана дүниеге келе- 

ді. Оның осы пікірлері де қазіргі ғы- 

лыми  психология  түйіндеген  тұжы- 

рымдармен ғажап үндеседі.

Фарабидің адамның әртүрлі дара өз- 

гешеліктері туралы айтқан пікірлері  

ӘБУН

ӘБУН


72

де  көңіл  қоярлықтай.  Жеке  ерекше- 

ліктер адамның дербес өмір сүру тә- 

жірибесінен,  оның  дене  бітімінен, 

өзіндік  белсенділігінен  туындайды, 

яғни  адам  бір-бірінен  тәні  жөнінен 

өзгеше болса, жаны жөнінен де сондай 

өзгеше болады, жан қуаты біреуде мол, 

біреуде кем келеді, бұл жағдай оның 

темпераментіне де байланысты, тәнді 

жетілдіруге болатыны сияқты жанды 

да жетілдіре беруге болады. Фараби 

еңбектерінде  психология  ғылымы- 

ның бұдан басқа мәселелері де жан-

жақты сөз болады.

Ә).  Әл-Фарабидің  қоғамдық  психо- 

логия  жайлы  түйіндері.  Оның  ұғы- 

мынша әлеуметтік топтардың ең үлке- 

ні  адамзат  қоғамы,  халықтар  бір-бі- 

рінен үш ерекшелігімен ажыратыла- 

ды дейді. Бұл айтқандарға әрбір ха- 

лықтың табиғи әдет-ғұрпы мен салт- 

санасы, мінез бітістері мен тіл ерекше- 

ліктері жатады. Фараби түрлі тайпа- 

лар мен халықтардың психологиялық 

ерекшеліктерін көп жағдайда геогра- 

фиялық ортаға қарай түсіндіреді. Әри- 

не, мұның қазіргі ғылым тұрғысынан 

дәйексіз  түсінік  екені  белгілі.  Осы 

жерде біз Фарабидің түрлі қоғамдық 

топтар  туралы  айтқан  пікірлерімен 

беттесіп отырмыз. Фараби айтып отыр- 

ған  адамзат  қоғамы,  халықтар  мен 

тайпалар  бәрі  де  әлеуметтік  психо- 

логияда  үлкен  топтар  немесе  макро 

орта делінеді.

«Ізгі  қала  тұрғындарының  көзқара- 

сы  туралы  трактат»  деген  еңбегінде 

Фараби  осындай  топтардың  әрқай- 

сысына  жеке-жеке  сипаттама  беріп, 

бұларды  әлеуметтік  психологияның 

негізгі  категориялары  ретінде  ұсы- 

нып, ғылыми талдау бере отыра, Фа- 

раби  сол  қоғамдағы  жекелеген  топ- 

тардың  әлеуметтік  жағдайын,  атап 

айтқанда,  олардың  нендей  кәсіппен 

айналысатындығын, тұрмыс-салтын, 

кейде оларға тиісті қоғамдық байлық- 

тардың адамдарға тиетін үлесін көр- 

сетпекші болады. Сөйтіп, Фараби әр 

алуан топтың өкілдері туралы сөз қоз- 

ғап, әлеуметтік психологияның ірге- 

лі мәселелерін күн тәртібіне бірінші 

қойған ғалым болды. Біздің ойымыз- 

ша  Фарабидің  «қала»  ұғымын  түрлі 

әлеуметтік топтарды даралап сипат- 

тауға  қолдануы  тектен  тек  болмаса 

керек.


Тарихи деректерге жүгінсек, орта ға- 

сырда қала тұрғындары тікелей айна- 

лысқан кәсібіне, көбінесе, қоғамнан 

алатын әлеуметтік орнына қарай бір 

жерге  шоғырланып,  бір  топ  екінші 

топтан бөлек тұрған. Мұндағы топтар- 

дың  өздеріне  тән  ортақ  моральдық-

психологиялық  қасиет  –  ерекшелік- 

тері де болған. Қала тұрғындарын түр- 

лі топқа бөлген кезде мұның себебін 

ғұлама  материалдық  жағдайлардан 

іздегісі келеді. Фараби материалдық 

қажеттерді  өтеу  үшін  адамдарға  ең 

алдымен материалдық игіліктерді өн- 

діру қажет екенін, осы жерде адамдар 

арасында  пайда  болатын  қоғамдық, 

әлеуметтік қатынастардың қандай прин-

ципке негізделуі керектігін айқын тү- 

сіне  алмады.  Фарабидің  ұғымында 

ізгі қала басшылары, топ жетекшіле- 

рі туралы мәселені де қоғамдық пси- 

хология  қарастырады.  Қаланың  әр- 

түрлі топтағы өкілдері рет-ретімен са- 

тылап орналасып және өзіне қызмет 

ететіндерге  әмірін  жүргізіп  тұратын 

болады. Төменгі басқышқа орналасқан 

жоқ-жітік адамдар, қоғамдағы ең тө- 

менгі  адамдар  болып  есептелінеді. 

Әртүрлі әлеуметтік топтарға бөлінген 

ӘБУН

ӘБУН


73

қала  тұрғындарының  моральдық-

психологиялық ерекшеліктері де түр- 

ліше сипат алады.

Қала  басшыларының  кішісі  үлкені- 

не,  яғни  екінші  басқыштағы  бастық 

бірінші басқыштағыға сөзсіз бағынуы, 

үлкен бастық қай жағынан да айтқа- 

нын екі еткізбейтін, абсолюттік бас- 

тық болып есептелінеді. Оны үстінен 

ешкім басқармайды, оған ешкім ша- 

ғым  да  жасамайды.  Оның  білімі  де 

телегей  теңіздей,  ақыл-парасатына 

да, ерік-жігеріне де ешкім тең келе ал- 

майды.  Тек  осындай  қасиеттері  бар 

басшы  ғана  халықты  соңына  ертіп, 

бұқараның  мұң-мұқтажын,  талап-

тілегін өтей алады. Фарабидің түсіні- 

гінше, қала басшысы да мұғалім сияқ- 

ты жұрттың әрі ұстазы, әрі тәрбиеші- 

сі. Егер мұғалім балаларды тәрбиеле- 

се, қала бастығы ондағы тұрғындар- 

ды  ізгі  қасиеттерге  баулиды.  Олай 

болса, мұның екеуі де «сегіз қырлы, 

бір сырлы», жұртқа қай жағынан да 

болса үлгілі болғаны абзал.. Олар бас- 

қалардан қай жағынан да көш ілгері 

тұратын кісілер. Осыған орай ізгі қа- 

ланың  бастығында  мына  сипаттар, 

атап айтқанда: дене мүшелері мінсіз... 

жаратылысынан  өзіне  айтылғанның 

бәрін  жете  түсінетін...  өзі  түсінген, 

көрген, естіген және аңғарған нәрсе- 

лердің бәрін жадында жақсы сақтай- 

тын... алғыр да аңғарымпаз ақыл ие- 

сі...  өткір  сөз  иесі  және  ойына  түй- 

геннің бәрін айдай анық айтып бере 

алатын... өнер білімге құштар... тағам- 

ға, ішімдік ішуге, сыр-сұхбат құруға 

келгенде қанағатшыл, жаны асқақ жә- 

не ар-намысын ардақтайтын жараты- 

лысынан игі істерге ынтазар... әділеттік 

пен  әділеттерді  сүйіп,  әділетсіздік 

пен  озбырлықты  жек  көретін...  жа- 

қындарына да, жат адамдарына да әділ, 

пасықтық атаулыға мүлде рақымсыз... 

қорқыныш пен жасқану дегенді біл- 

мейтін батыл,  ержүрек бойында туа 

біткен  он  екі  қажетті  ұштастырған 

адам ғана ұстаз, халықтың басшысы 

бола  алады.  Осылайша  Фараби  ізгі 

қаланы  басқаратын  әрі  білімді,  әрі 

ақылды, әрі әділ билеушінің негізгі он 

екі түрлі жақсы қасиеттері болуы ке- 

рек екендігін айтады. Әрине, мұндай 

қасиеттердің бәрі бір адамның басы- 

нан табыла бермейтін болғандықтан, ол 

«ізгі қаланы» бірнеше басшы бірлесіп, 

коллегиялық жолмен басқарғаны жөн 

деген қағиданы ұсынады.

Ұлы ойшыл әртүрлі қаланың адамда- 

ры  бір-біріне  қалайша  көмектесеті- 

нін,  олардың  бақытқа  қандай  жол- 

дармен  жететіндігін  де  айтқысы  ке- 

леді.  Әр  топтағы  адамдар  бақытқа 

түрлі  жолмен  жетеді.  Егер  ізгі  қала 

адамдары тату-тәтті өмір сүрумен, ғы- 

лым-білімді  дамытып,  көркею  жо- 

лымен бақытқа жететін болса, надан 

қаланың  адамдары  бақытқа  жұртты 

алдап-арбап,  неше  түрлі  сұмдық  іс- 

тер жасап, жететін болады. Адамдар 

бақытты болу үшін біріне-бірі көмек- 

тесіп  отыру  мақсатымен  бірлескен 

қала ізгі қала болады. Халқы бақытқа 

жету үшін өзара көмектесіп отырған 

қоғам да ізгі қоғам болады. Бақытқа 

жету жолында біріне-бірі көмектесіп 

тұратын халық ізгі халық болады. Сол 

сияқты  халықтардың  бәрі  бақытқа 

ұмтылып, біріне-бірі көмектесіп отыр- 

са, бүкіл жер жүзі ізгі болар еді, – деп 

тұжырымдайды ұлы ұстаз.

Ізгі  қала  адамдары  бір-бірімен  тең 

өмір сүреді, біреуден біреу артық бо- 

луды көздемейді, қала басшысы тұр- 

ғындардың  қалауымен  сайланады, 

ӘБУН

ӘБУН


74

адамдар өз еркімен некелеседі, дүние- 

ге келу, өсіп-жетілу, тәрбиелену бәрі 

де  табиғи  жағдайда,  өз  үйлесімімен 

жүріп жатады. Мұнда ойшылдардың, 

шешендердің,  ақындардың,  ғалым- 

дардың т.б. зиялылардың кемелденіп 

жан-жақты шарықтауына барлық жағ- 

дай  жасалған.  Әрине,  Фараби  кол- 

лективтік қала туралы айтқанда мұн- 

дағы  түрлі  әлеуметтік  топтардың 

психологиясындағы антагонистік жақ- 

тарды  ашып  көрсете  алмағаны  бел- 

гілі. Фараби түсінігінде ізгі қала тұр- 

ғындары пайдаланатын игіліктер: ғы- 

лым негіздерін меңгеру, әділдікке ұм- 

тылу,  әртүрлі  әлеуметтік  топтардың 

бір-бірімен тату-тәтті өмір сүруі т.б. 

Фараби осы қала тұрғындарының өзін 

бірнеше  топқа  бөледі.  Соның  бірі  – 

қоғамдағы  әлеуметтік  жағдайы  бір- 

шама ұқсас адамдар. Бұл категория- 

дағылардың өзін ол әрмен қарай үш 

топқа бөледі: бірінші топтағы адам- 

дар  –  бір-біріне  дос;  екіншілері  – 

бір-біріне  қас;  үшіншілері  –  бір-бі- 

ріне бейтарап қарайтын адамдар. Дос- 

тықтың екі түрі болады. Оның бірі – 

адал дос та, екіншісі – айнымалы, ал- 

дамшы дос.

Адал досқа үнемі зор ілтипатпен қа- 

рап,  одан  айырылып  қалмау  жағын 

көздеген дұрыс, екі жағы да бір-біріне 

жақсылық  ойлап,  ылайым  да  өзара 

қамқорлық  жасалынуы  тиіс.  Жақсы 

достың сенімін ақтаған абзал. Осын- 

дай  достар  ащы-тұщыны  бірдей  та- 

тысып, нені болса да бірдей көретін 

болады. Фараби нағыз шынайы дос- 

тықты  дәріптеп,  жұртты  осындай 

адамдардан  үлгі  алуға  шақырады. 

Достықтың екінші бір түрі – алдам- 

шылыққа  негізделеді.  Жалған  дос- 

қа адам өзінің құпиясын, мінез-құл- 

қындағы кемшіліктерін айта берудің 

қажеті жоқ. Осындай жалған достар- 

ды адал жолға түсіру үшін қажымай-

талмай жұмыс жүргізген абзал. Бір- 

біріне жау адамдардың да екі түрі бо- 

лады. Бірі – өшпенділігі мол, жаулы- 

ғы басынан асқан адамдар да, екінші- 

сі  –  көре  алмаушылықтан  жауыға- 

тындар. Фараби бұлардың біріншісі- 

нен  ерекше  сақ  болып  жүрудің  қа- 

жеттігін айтады, олардың ой-пікірін 

үнемі  қадағалап,  біліп  жүруді  еске 

салады.  Тіпті,  осындай  адамдардың 

арам ниетін біліп қана қоймай, тиісті 

жерінде аяусыз әшкерлеу қажет дейді.

Бейтарап  адамдардың  жолдастық, 

достық  жөніндегі ұғымдары мардым- 

сыз  болады.  Бұлардың  өшпенділік- 

пен жұмысы жоқ, кейде пайдалы ақыл-

кеңес беретіндері де кездеседі. Бірақ 

олардың айтқан пікіріне сын көзбен 

қараған дұрыс. Бейтарап адамдардың 

адалдығына көз жеткенше оларға дос 

адамдай беріліп кетуге болмайды. Жақ- 

сы  ой-тілектегілер  араз  адамдарды 

татуластыруға,  олардың  арасында 

қарым-қатынасты  қайта  орнатуға 

жәрдемін тигізеді. Сондықтан, бұларға 

көңіл бөліп, іс-әрекетіне қолдау жа- 

саған  жөн.  Ақымақ  адамдарды  да 

асқан төзімділікпен тәрбиелеп, байып- 

тылықпен  қарым-қатынас  жасаған 

абзал.  Бұлардың  іс-әрекетіне  қарсы 

тұрып, теріс қылықтарын үнемі бет- 

ке  айтып,  жаман  қылығына  көзін 

жеткізген  дұрыс.  Мақтаншақтарды 

тиісті тәрбиенің арқасында тезге са- 

лып,  олардың  артық  сезімдерін  те- 

жеп, қарапайым жан етуге мүмкіндік 

мол, дейді Фараби.

Ізгі  қала  тұрғындарының  енді  бір 

тобы – әлеуметтік жағдайлары төмен 

сатыда тұрған адамдар. Бұлар да бір- 

ӘБУН

ӘБУН


75

неше  топқа  бөлінеді.  Мұның  бірін- 

шісіне кедей-кепшіктер жатады. Фа- 

рабидің  ұғымынша,  бұлар  ерекше 

қамқорлықты  қажет  ететін  адамдар. 

Мұндайлардың мұң-мұқтажын қана- 

ғаттандыруды үнемі естен шығармау 

керек.  Егер  адам  кедейлігін  айтып 

босқа мүләйімситін болса да, бірден 

жазғырмай аздап көмектесу қажет, яғ- 

ни оның тауын шақпаған дұрыс. Ал, 

шын  мағынасындағы  жарлы  адамға 

ерекше  көмек  жасау  қажет.  Фараби 

осындай топ өкілдерінің біріне мед- 

ресе шәкірттерін жатқызады. Кейбір 

шәкірттер, – дейді ол, – білім алуды 

өздерінің  қара  басының  қамы  үшін 

пайдаланғысы келеді. Бұл өте жаман 

әдет.  Мұндай  шәкірттердің  ісін  сын 

көзбен қарап, теріс мінездерін алды- 

мен  өздеріне  түзеттіру  жағын  ойла- 

ған жөн. Ал, мінезі әуелден түзу шә- 

кірттерге білім ешбір қиындықсыз қо- 

нады. Осыларды оқытып, тәрбиелеу- 

ге  ешуақытта  да  жалықпау  керек. 

Ұстазының жәрдем беріп, көмектесе- 

тіні  де  осындай  шәкірттер,  –  дейді 

ұлы ғұлама.

Ізгі қала тұрғындарының үшінші то- 

бына әлеуметтік жағдайы барша жұрт- 

тан жоғары тұратындар жатады. Бұл 

категорияға кіретіндер – қала басты- 

ғы, оның әртүрлі жәрдемшілері мен 

серіктері.  Фарабидің  айтуынша,  бұ- 

лардың да жақсы қылығын мадақтап, 

әділдігін жұртқа айтып отыру керек. Ал 

қала бастығының кемшілігін тікелей 

айтпай, жанамалап, үлгі-өнеге түрін- 

де, мақал-мәтелдер арқылы салысты- 

ра, яғни астарлы әсем сөздермен ғана 

сырласып отырулары тиіс. Осылайша 

өмір сүрген адам ғана өзіне де, өзінің 

қаласына да қиянат етпей, ар-ожданы 

таза адам болады. Фараби қоғамдық 

(әлеуметтік) психология саласында өз 

заманы үшін сындарлы пікір айтқан 

ұлы ойшыл. Оның осы мәселеге орай- 

лас  көптеген  пікірлері  қазіргі  әлеу- 

меттік  психологияның  кейбір  ғылы- 

ми  қағидаларымен  үндесіп  жатқан- 

дығы  былай  тұрсын,  бұлары,  тіпті, 

өзінің оригинальдығымен, күн тәрті- 

біне  алғаш  қойылуымен  жұрт  наза- 

рына  бірден  түседі.  Біздің  ойымыз- 

ша,  Фараби  осы  мәселе  жөнінен  де 

бүкіл Шығыс әлемінде алғаш ой тас- 

тап, өзін биіктен көрсете білген, өре- 

сі жоғары әмбебап ғұлама.

В). Фарабидің ән мен музыка жайлы 

толғаныстары. Оның осы төңіректегі 

ой-тұжырымдарын сөз еткенде біз ал- 

дымен  оның  музыка  саласында  тұ- 

жырымдаған басты принциптерін қа- 

растыруымыз  керек.  Әбу  Насыр  әл-

Фарабиден  бұрын  музыка  теориясы 

жөнінде біршама ғылыми пікір айт- 

қан Пифагор мектебінің өкілдері еді. 

Фараби болса өзінен бұрынғы музы- 

ка  теоретиктерінің  айтқандарын  те- 

рең зерттеп, олардың кем-кетік, ша- 

лағай  жерлерін  ғылыми  сарапқа  са- 

лып түсіндіреді.

Фараби музыканы математиканың ірі-

ірі жеті тарауының бірі деп санайды, 

ол  оны  екі  тұрғыдан  қарастырады. 

Мұның біріншісі – практикалық музы- 

ка да, екіншісі – теориялық музыка. 

Ғұлама, сөйтіп, музыканы ғылымның 

белді бір саласына жатқызады да, оны 

басқа ғылымдармен (математика, пси- 

хология, этика, философия т.б.) қосар- 

ластыра  қарайды.  Ұлы  ғалымның 

музыка саласындағы еңбектері жайлы 

«Философиялық трактаттардың» ал- 

ғы сөзінде былай делінген: Ибн Сина- 

ның даңқы, ең алдымен, «Медицина 

каноны»  арқылы  шыққан  болса,  әл-

ӘБУН

ӘБУН


76

Фараби  «Үлкен  музыка  кітабының» 

авторы ретінде әйгілі. Бұл – эстетика, 

психология, акустика, математика, ас- 

пан өнері проблемаларын қамтитын, 

жинақты шығарма. Осы трактат жа- 

йындағы кіріспе пікірлерден ізденіс-

зерттеудің  тыңнан  жүргізілгені,  со- 

қыр  сенім  атаулыдан  аулақ,  айқын 

творчестволық программаның алға қо- 

йылғаны көрінеді... Ол музыка прин- 

циптерін және соған қатысы бар мә- 

селелерді  зерттеумен  тынбайды.  Ол 

өзіміз  қолданып  жүрген  музыкалық 

аспаптарды  үйреніп  алғанға  дейін 

зерттеуін жүргізе береді. Сөйтіп осы 

аспаптардың көмегімен принциптер- 

дің қалай жүзеге асырылатынын көр- 

сетеді.

Фараби  еңбектерінде  музыканың 



адамның эстетикалық сезімдеріне қа- 

лайша  әсер  ететіндігі,  оның  әртүрлі 

жағымды, жағымсыз көңіл күйлерін 

қалайша туғызатындағы, адамның эс- 

тетикалық  талғамы,  яғни  әсемдік 

пен  көріксіздікті  бағалай  алуы,  бір 

сөзбен айтқанда, оның талғамдарды 

қалыптастыруға  қалайша  әсер  ете- 

тіндігі сөз болады. Бұларда, сондай- 

ақ  эстетикалық  сезімдердің  дүние- 

дегі  әсемдік  пен  күйкі  заттарды  қа- 

былдаудағы атқаратын рөлі, музыка- 

ның  адам  организмін  бірқалыпты 

күйге  келтіруі  жайлы  әңгіме  бола- 

ды.  Фараби  жақсы  музыкалық  шы- 

ғармалардың  адамгершілік  қасиет- 

терді  қалыптастырудағы  маңызына 

тоқтала келіп, эстетикалық талғам мен 

этикалық ұғымның тығыз байланыс- 

та екендігіне ерекше назар аударады.

Ұлы ойшыл музыканың адамға беретін 

әсерінің  сырларын  дәлелдей  келіп, 

мұның адам өміріндегі алатын ғылы- 

ми зор маңызын былайша түсіндіре- 

ді:  «Бұл  ғылым  (музыка,  ән)  өзінің 

байсалдылығынан  айырылған  адам- 

ды түзеуге, қызба адамды бірқалып- 

ты ұстауға құдіреті әбден жетеді». 

Бізге эстетикалық сезімдердің әртүр- 

лі  жағымды,  жағымсыз  эмоциялар- 

дың жиынтығы екендігі, онда махаб- 

бат пен жек көрушілік, қуаныш пен 

қайғы, тағы осындай адамның толып 

жатқан көңіл күйлерінің тоқайласып 

жататындығы  белгілі.  Музыка  трак- 

таттарының  бірінде  Фараби  былай 

дейді:  музыканың  негізгі  мақсаты 

адамның  эстетикалық  қажетін  қана- 

ғаттандыру.  Бұл  поэзияға  да  ортақ 

қасиет,  өйткені  поэтикалық  тіл  мен 

музыка тілі бір-біріне етене қабысқан 

кезде ғана музыканың әсерлілігі арта 

түседі.  Адамзатқа  тән  ерекше  бір 

жақсы қасиет – өзін қоршаған дүние- 

нің  әсемдік  сырларына  үңілу,  содан 

рухани  нәр  алу,  өзінің  нәзік  сезімін 

образдар арқылы паш ету; «Музыка- 

ның ұлы кітабы» деген еңбегінде Фа- 

раби дауыс өнеріне үлкен мән беріп, 

оны жоғары бағалайды. Ән өнері адам 

жанының  нәзік  сезімін  бейнелейтін 

тамаша құралдардың бірі. Оны адам- 

зат  тарихынан  бөліп  қарау  мүмкін 

емес, өйткені, ол – адамдармен бірге 

өсіп, біте қайнап келе жатқан айны- 

мас жан серігі, өмір өткелінің сырла- 

рын дауыс арқылы бейнелейтін жан- 

ды тарих. Ежелгі дүниенің ұлы ойшы- 

лы Аристотель өзінің «Саясат» дейтін 

еңбегінде музыканың ізгі моральдық 

принциптерді қалыптастырудағы зор 

маңызы туралы айта келіп оны тәнді 

ширатып,  шыңдайтын  гимнастика- 

мен салыстырады, мұның адам ден- 

саулығына пайдасы мол екендігін ай- 

тады.  Тән  ауырғанда  көңілдің  күрт 

түсуі табиғи құбылыс. Сондай кездер- 



ӘБУН

ӘБУН

77

де сазды әуеннің әсерімен көңіл сер- 

гиді де адам жаны жай тауып, өзінің 

ауру халін ұмыта бастайтын болады. 

Фараби да осы пікірге қосылады. Му- 

зыка  бізді  қиындыққа  шыңдауға, 

ауыр еңбекке төзуге көмек етеді. Сон- 

дықтан да, кемеңгер ойшыл шаршап-

шалдығуды ұмыту үшін, көңілді жұ- 

бату үшін ән салу қажет деп тапқан.

Фараби  ұғымында  ән  және  оған  қа- 

тысты  аспаптар  сезім,  қиялды  оята- 

тын,  сананы  нұрландыратын  болуы 

керек. Музыкалық нағыз өнер мело- 

дияларды  (әуендерді)  барынша  тар- 

тымды етіп орындауда көрінеді. Фа- 

рабидің  пікірінше,  ән  салудың  түр- 

лері де сан алуан. Мәселен, мұнда ро- 

мансты, жоқтауды, мұңды лирикалық 

шығарманы  (элегияны)  шақыруға 

керекті  қабілеттен  төгілмелі  өлеңді 

термелеп (тақпақтап) айту немесе бас- 

қа өлең түріне бейім дарындылық әр 

түрлі болады.

«Музыканың ұлы кітабында» ол му- 

зыкалық форманың үш түрі бар еке- 

нін еске салады. Оның біріншісі адам- 

да жай ғана рақат сезімін тудырады. 

Екінші түрі – құмарлықты, іңкәрлікті 

қоздырады. Музыканың үшінші түрі 

қиялды оятып, санада небір ғажайып 

бейнелердің  тоғысуына  жағдай  жа- 

сайды.  Осы  үш  жайтқа  бірдей  ие 

болған музыка ғана кемеліне келген 

музыка болады. Ол бізге өлеңдей әсер 

етеді, поэзияға ұқсас міндет атқара- 

ды. Егер музыканы өлеңге лайықта- 

са, оның әсері де, ондағы сөздер де 

мәнерлене түседі. Мұндай жағдай тек 

адамның даусы тудыратын музыкада 

болады. Адам, тіпті, жануар да әдет- 

те  аса  қуаныш  сезіміне  бөленгенде, 

не  ауыр  қайғыға  ұшырағанда  сазды 

дауыстар  шығарады.  Адамның  да- 

уысы  көңіл  күйінің  басқа  да  жағ- 

дайларына  байланысты  болады.  Ол 

қайғыны, мейірімділікті, ашуды біл- 

діре алады. Музыкалық әуендер адам- 

дардың жұмыс істеу кезінде, демалыс 

сағаттарында, әр түрлі формада қиы- 

сып  келуі  тиіс.  Мәселен,  жағымды 

сезім оятатын музыка демалыс үшін 

қолданылады, ол бізді жақсы тынық- 

тырады, оның жұмыстан шаршаған- 

дықты ұмыттырып, өзіне баурап әке- 

тетін қасиеті де болады.

Ұлы  ғұламаның  музыкалық  қабілет 

(дарын) жөніндегі пікірлері де көңіл 

аударарлықтай.  Адамның  мелодия 

тудыра  алу  қабілеті  ойлау  әрекетіне 

қарағанда  ең  негізгі  қабілет  болып 

саналады.  Теориялық  музыка  өнері 

ақыл, ой-санамен тығыз байланысты, 

тек осындай жағдайда ғана музыка ті- 

лін жақсы түсінуге болады. Ғылым- 

дардың  қай  саласы  да  табиғи  түрде 

кездесетіндігін, кейде бұлар өнердің, 

іс-әрекеттің барысында туатынын ай- 

та  келіп,  айырықша  дарынды  адам- 

дарда  жоғарыда  айтылған  музыка- 

ның үш түрін бірден шығарарлық мүм- 

кіндігі байқалады дейді ғалым. «Му- 

зыканың  ұлы  кітабында»  Фараби: 

музыкалық қабілет адамның туыстан, 

табиғатынан  берілген  дарыны,  бұл 

қабілет оның музыка шығармаларын 

жасауына, оларды жанға жайлы етіп 

тудыруына жағдай жасайды, мелодия- 

ны санасына толық сәулелендіріп жат- 

пай-ақ,  суырып  салатындай  дарыны 

бар музыканттар да болады, дегенді 

ескертеді. Мәселен, мұндай дарыны бар 

музыкант қатарына Фараби медине- 

лік Мабаданды жатқызады. Кейбір му- 

зыканттардың елестету, қиялдау қабі- 

леті аса күшті болады. Олар музыка- 

ны  дыбыс  сезіміне  сүйенбей,  яғни 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет