ПАРОКСИзМ (грек. раraxуsmos –
тітіркену) – 1) спазмалық ұстама не-
месе селкілдек ауруының кенеттен
асқынған адамды булықтыратын тү-
рі. Бұл эмоцияық қалыптың бұзы-
луының кісінің жан жүйесі күйзел-
ген жағдайда торығу, үрейлену жағ-
дайынан көрініс беріп отырады.
ПАРЫз – адамның ел-жұрт, мемле-
кет пен қоғам алдындағы борышын
ПАРА
ПАРЫ
433
білдіретін әдептік ұғым. П.-дың әр
заманда, әр дәуірде тарихи-қоғамдық
жағдайға орай анықталып түрленеді
және толықтырылады. П. адамның
бейімділігі мен белсенділігіне, сезім-
талдығы мен естілігіне байланысты.
Сондықтан оны адам болмысы мен
мүддесінен, туған ел тұрмысы мен
туған жер қажетінен бөліп қарауға
болмайды. П. дүниетанымдық бағ-
дармен ұласып, астарласып жатады.
Өйткені, П. өмірдің қажеттілігін рас-
тау, құндылығын көбейту ынтасынан
туындайды, адамның қоғамдық бол-
мыстағы орнын жалғастыру қажетін
қуаттайды.
Парыз: 1) адам мен қоғам арасында-
ғы қарым-қатынастың ұрпақтық мән-
жайын іріктейді; 2) адамның адамға
қамқорлығын, жағымды әдеп пен адал
еңбек ету үлгісін сақтайды, жастар-
дың үлкендер мен Отан алдындағы
перзенттік қарызын, азаматтық мін-
детін тиянақты орындауға жұмыл-
дырады; 3)адамның жақсы қасиетін
орнықтыруға ұлтаралық қатынастың
тиімді түрлеріне қызмет еткізеді.
ПАРЫҚСЫзДЫҚ – жеке тұлғаның
әр түрлі өмір құбылыстарын бағ-
дарлай алу белгісі. Парықсыздық
ақылсыздықтан пайда болады. Әр
нәрсенің (заттың. құбылысының, іс-
әрекеттің) парқын білу – адамның
жауапты міндеті. Өмір құбылыста-
рын парықтай білуге жас ұрпақты
үйрету – ата-ананын, айналасының
міндеті. Парықсыздық – бір объекті-
ге оң немесе теріс эмоционалдық реак-
циялардың, адамның қызығушылы-
ғының жоқтығын сипаттайтын нем-
құрайдылығы.
ПАТОЛОГИЯЛЫҚ КҮМӘНДАНУ
(грек. рathos – азап, ауру) – нақты не-
месе ықтимал қолайсыздық пен қиын-
шылыққа төзуге ипохондриялық то-
рығушылық. Мәселен, асқазанның сәл
де болса мазалауы не тері қабатын-
дағы кінәрат субъектіні қатерлі ауру-
ға шалдықтым деген азап ойға жете-
лейді. Бұған сондай-ақ күмәншілдік,
жеңіл-желпі нәрсенің өзін егжей-тег-
жейлі талдау, оған мән берушілік, бе-
йімділік және басқа да мінез ерекше-
ліктері себепші болады. Патология-
лық күмәнданудан психотерапевтік
ақылға қонымды кеңесі арқылы
арылтуға болады.
ПАТОЛОГИЯЛЫҚ МІНЕз; грек.
рathos – азап шегу, ауру және ... ло-
гия) – адамның берекесіз, бақытсыз
көңіл жайында нақты реніштен, жай-
сыз қырсықтан, түрлі бәледен туын-
дайтын әдеп-дағдының адамгерші-
лік пен әдептілік, денсаулық (ипо-
хондриялық) туралы ауыр, үрейлі,
мазасыздықты біржақты тамырла-туы.
Мысалы, өз бітімі мен жүріс-тұрысы-
на күдікпен қарайтын адам асқазаны
аздап бұзылса да, денесі бөртіп қыза-
ра қалса да, ондай оқыс күйге үлкен
секеммен қауіппен қарап, өз дегбірін
қашырады. Жорамал күйді секем-
шілдік пен шүбәланғыштық сияқты
басқа жеңіл мінез-құлықтар қоздыра
түседі. Патологиялық мінездің естен
танарлық сандырақ пен құндылығы
жойылмас идеядан айырмашылығы –
мінездегі кесапатты психотерапия-
лық әңгіме арқылы жеңілетуде тіпті
емдеуге болады.
ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ПСИХОЛО-
ГИЯ – ауырған адамның психика-
ПАРЫ
ПАТО
434
лық қызметі мен қасиетінің, мінез-
құлықтың ауытқу заңдылықтарын
зерттейтін психология (медициналық
психология) ғылымының саласы.
П.п. психологиялық теорияға сүйеніп,
аурудың қозуы мен қайтуын дені сау
адамның психикалық үрдістерінің
қалыптасуы мен өту сипатын салыс-
тыру арқылы анықтайды. Патоло-
гиялық психологияның психопатоло-
гиядан айырмашылығы – клиника-
да байқалған психикалық ауыр күй-
дің құрылымдық ерекшелігі мен түр-
лену сипатын психикалық әдісті қол-
дану арқылы түсіндіреді. Патопси-
хологиялық зерттеулердің теориялық
және қолданбалы ғылым аумағында
маңызы зор.
Соңғы кездерде патопсихологияның
органикалық практикада психоте-
рапевтикалық жұмысқа да қатысуы
дамып келеді. Патопсихологиялық
эксперименттің балалық шақтың
психиатриялық клиникасында да
орны ерекше. Патопсихологияның
тарихы психиатрия, неврология жә-
не эксперименталды психология са-
лаларының дамуымен байланысты.
Негізгі патопсихологиялық экспери-
ментті (Б.В.Зейгарник), кез келген
диагностикалық процедураны та-
нымдық үрдістердің тұтастық жүйе-
сін және (В.Н.Мясишев) мотивтерді
«тұлғааралық қатынасты» модельдеу
үшін пайдаланылады. П.п.- әртүрлі
аурулар нәтижесінде адамдардың
психикасы мен қылығында пайда бо-
латын ауытқуларды зерттейтін және
солар туралы білімдерді қарастыра-
тын психология саласы.
ПӘТУА (консенсус; лат. сопsensus –
келісу, бірауыздылық) – 1) даулы мә-
селелер бойынша дауысқа салмай
келіссөз барысында ортақ келісімге
келу. Оқу-білім мекемелерін басқару
процесінде шешім қабылдаудың бір
амалы; 2) белгілі бір іс жөніндегі бі-
тім, тоқтам, келісім; ислам дінінде
шариғат бойынша керекті мәселе, іс
жөнінде дінбасы муфтидің, бас қа-
зының шығарған қарары, шешімі,
тоқтамы, қорытындысы. Мұсылман-
дар үшін пәтуа – бұлжытпай сөзсіз
орындалуға тиісті заң, міндет, парыз.
Пәтуа, әдетте, қағида, ереже, нұсқау
түрінде жазылып, мұсылмандарға
жария етіліп, таратылып отырған.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТ-
ТЕР – мұғалімнің педагогтік қызмет-
те жоғары нәтижелерге жетуін қам-
тамасыз ететіндей даралық-психоло-
гиялық ерекшеліктері мен кәсіптік
тұрғыдан маңызды қасиеттерінің жал-
пылама жиынтығы. Педагогикалық
қабілеттердің мынадай түрлері сара-
ланады: гностикалық (танып білу жә-
не одан ләззат ала білу), дидактика-
лық (түсіндіре білу, білім бере үйрете
білу), коммуникациялық, (қарым-қа-
тынас, ынтымақтастық жасай білу),
конструктивтік (оқу-тәрбие мате-
риалын іріктеп ала білу, жобалай, жа-
сай білу), ұйымдастырушылық (шә-
кірттерін әр алуан қарекет түрлеріне
еліктіріп, тарта білу, қатысушылар-
дың бәрін біріктіріп, олардың мүд-
делерін қойылған мақсатты орындау-
ға бағыттай білу), перцептивтік (ба-
ланың ішкі жан дүниесін ұғына білу,
олардың сезімдері мен жай-күйін тү-
сіне білу, эмпатияға қабілеттілік),
болжамдаушылық (педагогикалық
көрегендік жасай білу, педагогика-
лық қызметтегі өзара әрекеттестік
ПӘТУ
ПЕДА
435
нәтижелерін болжай білу), суггестив-
тік (мұғалімнің эмоциялық, ерік-жі-
герлік иландырушылық ықпалы, нық
айтылған жігерлі сөзбен қажетті әсер
нәтижесіне жете білу қабілеті), экс-
прессивтік (мұғалімнің өзінің білімі
мен сенімдерін эмоциямен әсерлі
етіп айтып жеткізе білуі, артистизмі,
дауыс ырғағы, ым-ишара, оңтайлы-
лық элементтерін жетік меңгеруі).
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПСИХОЛО-
ГИЯ – білім беру мен тәрбиелеудің
психологиялық негіздерін зерттейтін
жас ерекшелігі психологиясымен
тығыз байланысты сала, өйткені білім
беру мен тәрбиелеудің психологиялық
заңдылықтарын оқитындардың жас
шамасы және даралық ерекшелік-
терін ескермейінше, дамыту мүмкін
емес. П.п. саласындағы зерттеулер
білім беру мен тәрбиелеудің мәнін
дұрыс түсінуге, оқулықтар мен оқу
құралдарына қойылатын әртүрлі та-
лаптарды анықтауға, оқушылардың
ақыл-ой әрекеті мен мінез-құлқын
басқара отырып, олардың дамуын
қамтамасыз ететін білім беру және
тәрбиелеудің тиімді тәсілдерін тауып
негіздеуге мүмкіндік береді. П.п. пе-
дагогтар мен оқушылардың арасын-
дағы өзара қатынас мәселелерін, пе-
дагогтың жеке басына қойылатын та-
лаптарды зерттейді, педагогикалық
қабілеттер мазмұны мен қалыптасу
үрдісін ашады. Сонымен қатар оқу-
шылар ұжымындағы өзара қатынас-
тармен, олардың психологиялық да-
ралық ерекшеліктерімен санасып
отырудың мүмкіндіктерін іздестіреді.
Оқу-тәрбие жұмыстарын және бала-
лардың психологиялық ерекшелік-
терін қарастырып, бірқалыпты даму
заңдылықтарынан ауытқыған бала-
лармен тәлім-тәрбие жұмысын жүргі-
зу әдіс-тәсілдерінің психологиясын
зерттейді. Сондай-ақ, ересек адамдар-
мен жұмыс істеудің ерекшеліктері-
мен және оларды қалай оқыту мәсе-
лелерімен де шұғылданады.
Тәлім-тәрбие психологиясының ке-
лесі тармақтары бар: 1) Оқыту психо-
логиясы – дидактикалық психоло-
гиялық негіздерін, оқыту мен білім
берудің жекелеген әдістеме мәселе-
лерің бағдарлап оқыту мен балалар-
дың ақыл-ойын дамыту сияқты өзге
де мәселелермен айналысады. 2) Тәр-
бие психологиясы – гуманистік және
әлеуметтік тәрбие мәселелерінін пси-
хологиясын зерттеп, оқушылар ұжы-
мының, еңбекпен түзету педагоги-
касының психологиялық негіздері-
не қатысты мәселелерді іздестіреді.
Бұлардан басқа мұғалімдер психоло-
гиясы, кемтар балаларды (ересектер-
ді де) оқытып тәрбиелеу мәселеле-
рін қамтиды. П.п. – балаларды оқыту
мен тәрбиелеу мәселелері туралы бі-
лімдерді қарастыратын, сондай-ақ
мұғалімдердің, тәрбиешілердің, ата-
аналардың, педагогикалық топтар
мен ұжымдардың іс-әрекетінің пси-
хологиялық негіздерін зерттейтін
психология ғылымының саласы. П.п.
терминін орыс педагогі П.Ф. Капте-
рев (1849-1922) енгізді. П.п. қалып-
тасуына XIX ғ. ортасындағы сарап-
тау психологиясы тікелей ықпал етті
П.п. педагогика мен балалар психо-
логиясымен, дифференциалдық пси-
хологиямен тығыз байланысты. П.п.
құрылымы үш бөлімнен тұрады: тәр-
бие психологиясы, оқыту психология-
сы, мұғалім психологиясы.
ПЕДА
ПЕДА
436
Психологиялық-педагогикалық зерт-
теу нәтижелері білім беру әдістері-
мен мазмұнын құрастыру кезіңде,
оқу құралдарын жасауға, диагности-
ка құралдары мен психикалық даму
түзетімін тексеруде қолданылады.
Педагогтың жұмыс істеу стилі – пе-
дагогикалық үрдісте жетекшілердің
оқушылармен қатынас жасау әдіс-
терінің жиынтығы, педагогикалық
жұмысқа теориялық және тәжірибе-
лік дайындалудың бірлігі де П.п. қа-
растыратын мәселелерінің бірі.
ПЕДОЛОГИЯ – грек сөзінен алын-
ған, сөзбе-сөз аударғанда оның эти-
мологиясын «пед» (бала), «логия»
(ілім-білім), яғни бала туралы білім
деген мағынаны білдіреді. Яғни ол
психология, педагогика, физиоло-
гия, биология, медицина, әлеуметтік
ғылымдардың жиынтығынан туын-
дайтын білім саласы. ХІХ ғасырдың
аяғы мен ХХ ғасырдың басында қа-
лыптаса бастаған бала туралы ғы-
лымның үлкен бір саласы. Оның не-
гізін салған Америка ғалымы, психо-
лог Стендли Холл (1846-1924).
Оның пайда болуы эксперимент-
тік педагогика мен психологияның
қолданбалы салаларының дамуы
мен ғылым әлеміндегі эволюциялық
идеяның өріс алуына байланысты
еді. Педологиялық зерттеулер батыс
елдерінде Дж.Болдуин, Мейман, Ре-
сейде В.М.Бехтерев, Г.И.Россолимо,
А.П.Нечаев есімдерімен тығыз бай-
ланысты. Педологияға алғаш рет әділ
бағасын берген белгілі орыс психо-
логы, академик В.М.Бехтерев болды.
Ол 1903 жылы Санкт-Петербургтегі
Әскери академияда жүйке қызметі,
жан аурулары кафедрасын ұйымдас-
тырып, академик И.П.Павловтың шарт-
ты рефлекстер теориясымен үндесе-
тін «Қосарланған рефлекс» дейтін
ілімнің іргесін қалайды. Ғалым 1908
жылы өзі ұйымдастырған психо-
неврологиялық ғылыми-зерттеу инс-
титутының жанынан шағын педо-
логиялық ғылыми-зерттеу мекемесін
ашады. Мұнда бала психикасының
жалпы дамуы мен қалыптасуын ке-
шенді зерттеу мақсатында білікті
тәрбиешілерді іріктеп, оларды зерт-
теуге қажетті құрал-жабдықтармен
қамтамасыз етіп, баланың туған күні-
нен бастап (бала туғаннан кейін 7-10
күнде осы мекемеге қабылданған),
зерттеуге алынатын болған. Ол есей-
генге дейін осы мекеменің қамқор-
лығында болып, физиологиялық, ана-
томиялық, психологиялық тұрғыдан
зерттеуге алынған. Мұнда баланың
жандүниесі, оның физиологиялық,
анатомиялық өсуімен қосарлана зерт-
телінген. Бұл бір кездегі К.Д.Ушин-
скийдің «Адам – тәрбиенің нысана-
сы» деген еңбегінде адамды туғаннан
бастап, жан-жақты танып-білу үшін,
оны жан-жақты зерттеу керек деген
ойының жалғасы болып табылады.
Бала жанын жан-жақты зерттеу – пе-
дологияның ерекше көңіл бөлген мә-
селесі болды. Сөйтіп, В.М.Бехтерев
ғылым тарихында педологияның зерт-
теу лабораториясын ашқан бірінші
орыс ғалымы болды. Кейіннен мұн-
дай орталықтар мен бірнеше зерттеу
орындары Брюссельде (1913), сон-
дай-ақ Еуропа мен Америкада пайда
болды. В.М.Бехтеревтің «Тәрбие мен
даму баланы зерттеудің ең негізгі
кредосы» дейтін идеясын 1950 жыл-
ПЕДО
ПЕДО
437
дары оның шәкірті Б.Г.Ананьев «Ба-
ланың антропологиялық психология-
сы» тұрғысынан зерттеді.
В.М.Бехтеревтің бастауымен 1907
жылы педологиялық институттың
Жарғысы жасалды. Мұнда баланы
ұзақ уақыт бойына бақылау, анасы-
мен қоса жан-жақты қамқорлыққа
алу мәселесі қатты ескерілді. Жарғы-
да сондай-ақ, институттағы бала тәр-
биесі, үйде ата-анасы тарапынан бе-
рілетін әлпештеу, аймалау, жүрек жы-
луынан кем болмауы тиіс деген қағи-
да орын алды. Институтта үш бөлім
(психология, гигиена мен физиоло-
гия, педагогика) болды. Мұндағы ғы-
лыми қызметкерлер бірлесіп, жас өс-
кінді жан-жақты тәрбиелеуде, яғни
В.А.Сухомлинский айтқандай, «Ба-
лаға жүрек жылуы» дейтін гуманис-
тік идеяны басшылыққа алды. БК(б)П
Орталық Комитетінің 1936 жылғы Үш
тілдегі «Наркомпростар жүйесіндегі
педологиялық бұрмалаушылықтар ту-
ралы» қаулысынан кейін, педологияға
дұрыс көзқарас болмады. Сол кездегі
тоталитарлық режим ғылым саласына
да өзінің өктемдігін жүргізетін. Осы
қаулының педологияға қиянат жаса-
ғаны, оның ақ-қарасын айырмағаны
қазіргі кезде белгілі болып отыр.
Қайта мұның теоретиктері мен прак-
тиктері қуғын-сүргінге ұшырады. Осы
қаулының зардабы психологтарға да
қолайсыз әсер етті, оның «Бала және
педагогикалық психология» дейтін
салаларының дамуына тұсау салын-
ды. Өйткені педологтар өзгермейтін
орта мен тұқымқуалаушылық дейтін
ғылыми тұрғыдан қате ұстанымды
басшылыққа алған болатын. Педоло-
гияға оң көзқарас тек соңғы жылда-
ры, яғни ғылымда демократиялық
принцип қалпына келгеннен кейін
ғана қайтадан өріс ала бастады. Ға-
лымдар (психологтар, физиологтар)
педологияның теориялық қисында-
рының әлсіздігін мойындай отыра,
оның практикалық зерттеу әдістері-
нің маңызын жоққа шығармайды.
Әсіресе, педологияның қиын бала-
ларды тәрбиелеу туралы түйіндерінің,
оларды тест арқылы зерттеу әдістері-
нің құндылығын мойындайды.
Академик В.П.Зинченко педология-
ның ғылыми концепциясында бала
тұлғасын зерттеуде төмендегі 4 прин-
ципті басшылыққа алғандығын бы-
лайша тұжырымдайды:
1) баланы бір ғана психологияның
көмегімен жан-жақты зерттеуге бол-
майды, оны гигиеналық, физиоло-
гиялық, антропометриялық, басқа да
әлеуметтік ғылымдармен бірлесе зерт-
теу қажет. Бұл генетикалық принцип
деп аталады;
2) Баланы үнемі даму үстінде зерт-
теу қажет;
3) Оны әлеуметтік ортамен байланыс-
тыра зерттеу (Л.С.Выготскийдің қо-
ғамдық-тарихи теориясына сәйкес);
4) Баланы іс-әрекет үстінде зерттеу.
В.М.Зинченконың осынау пікірле-
рін М.В.Ломоносов атындағы Мәс-
кеу университетіндегі психология
кафедрасының профессоры, акаде-
мик А.Г.Асмолов қолдап, «Педоло-
гия» журналын шығарды. Бұл ай-
тылғандар Орталық Партия комите-
тінің жоғарыда аталған қаулысынан
зардап шеккен педологияны қайта-
дан өмірге келтірудің бір көрінісі.
Бұл жайт Қазақстандағы тәлім-тәр-
бие ғылымдары саласында зерттеу
жүргізіп жүрген оқымыстылардың да
есінде болуы тиіс.
ПЕДО
ПЕДО
438
ПЕРСЕВЕРАЦИЯ (лат. perseveratio –
қасарушылық, қыңырлық) – белгілі
бір қимыл-әрекетті, қобалжуы, арна-
йы пиғылдан тыс қайталанып үне-
мі қайта жаңғыртылуы. П. ерекше
жағдайда әр түрлі көрініс табады:
қимыл-қозғалыс, эмоциялық, сенсор-
лық-персетивтік сезімдік – аясында,
сондай-ақ ми бөліктері жартылай за-
қымданғанда, байқалатын жағымсыз
бейнелер. П. көңіл күй жиі бұзылған-
да немесе қатты қалжырағанда қай-
талануы мүмкін.
ПЕТРОВСКИЙ АРТУР ВЛАДИ-
МИРОВИЧ (1924-2005) – орыс пси-
хологі, академик. Ресей білім ака-
демиясының президенті. Психология
тарихы, педагогикалық, әлеуметтік
психология салаларынан 2000-ға
жуық ғылыми мақаланың, 30-ға
жуық жеке еңбектердің (оқулық, мо-
нография т.б.) авторы. Жиырмаға
жуық еңбектері шетел тілдеріне «қы-
тай, вьетнам, болгар, неміс т.б.) ауда-
рылған. Негізгі еңбектері: «Совет пси-
хологиясының тарихы» (1966), «Жас
және педагогикалық психология»
(1979), «Жалпы психология» (1970-
2004), «Әлеуметтік психология» (1986),
«Психологияның жапы теориялық
мәселелері» (2001) т.б.
ПИАЖЕ ЖАН (1896-1980) – Швей-
цария психологі. Психиканың түрлі
кезеңмен дамуы концепциясының
авторы. «Генетикалық эпистемоло-
гия» ілімін жасаушы. Женева және
Париж университетінің профессоры.
Сорбонна (Франция), Гарвард және
Чикаго университетінің құрметті про-
фессоры. 1929 жылдан Жан-Жак Рус-
со атындағы институтты басқарады,
1940 жылдан Женева университеті-
нің эксперименталды психология ка-
федрасы мен психалогиялық лабора-
ториясын меңгереді. 1955 ж. «Гене-
тикалық эпистемология жөнінде Ха-
лықаралық Орталық» құрды. Ол ба-
ла интеллектісін зерттеу жайында ғы-
лыми мектеп ашты. Ол «Логика жә-
не эпистемология» (таным теориясы)
жөніндегі еңбектерімен әйгілі. Пиа-
же: «Ойлау дегеніміз – операциялар
жүйесі» – дейді. Операция – ішкі қи-
мыл-әрекеті, сыртқы заттық әрекет-
тің жемісі, ішкі әрекет реалды объек-
тілер арқылы іс жүзіне аспайды, об-
раз, белгі, символ арқылы жүзеге
асады. Операцияның концепциясы
негізінде, ол баланың эмоциялық іс-
әрекет генезисін, қабылдауының да-
муын қарастырады, Пиаженің кон-
цепциясы қазіргі кездегі әр түрлі ғы-
лымдардың (логика, психология, со-
цаология, эпистемология т.б. тәсіл-
дерін біріктіру негізінде жол көрсе-
теді. Оның еңбектері: «Баланың ой-
лауы мен сөйлеуі», «Генетикалық
психологияның проблемалары», «Қа-
рапайым логиканың құрылымдық
генезисі» т б.
ПЛАЦЕБОЛЫҚ-ЭФФЕКТ (лат.
рlasebо – сауығамын) – қандай да бір
дәрі деп тағайындалатын зиянсыз
препарат – плацебоны ішкізгенде
субъекттің физиологиялық не пси-
хологиялық күйінде болатын өзгеріс.
П.-э. дәрі қабылдау фактісінің өзінің
психотерапевтік әсер-әрекетін көр-
сетеді және жаңа препараттың әсері-
не иландырудың қатыстылығы дәре-
жесін анықтау қажет болғанда қол-
ПЕРС
ПЛАЦ
439
данылады. Бұл орайда сыналушылар
тобына жаңа құралмен емдейміз деп
хабарланады да, бұдан соң топтың
жартысына плацебо беріледі. Екі кі-
ші топ бойынша нәтижелерді салыс-
тыру дәрінің шын мәніндегі нәти-
желілігі туралы пайымдауға мүмкін-
дік береді. П.-э., сондай-ақ психоте-
рапияда психологиялық міндеттерде
пайдаланылады.
ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР –
болашақ психологтардың қолданба-
лы сипаттағы мақсаты-міндеті тұл-
ғалық ерекшелікті анықтауға бағдар-
ланған. Кейбір әдістемелерде прак-
тикалық жұмыстың орнына эмпи-
рикалық зерттеулер деген ұғым қол-
данылады. П.ж. болашақ психолог-
тарды дайындау бағдарламасына ен-
гізіліп, теориялық қалыптасқан бі-
лімдерін тәжірибелік тұрғыдан ба-
қылаудан өткізуге арналады.
Практикалық жұмыстарды жүйелі
түрде орындау – анализ, синтез, салыс-
тыру, зерттеудегі теория мен прак-
тиканың байланысы, психологтар-
дың дербес тәжірибелері және та-
нымдық мүмкіндіктерінің дамуы
сияқты ойлау амалдарын меңгерудің
маңызды құралы болып танылады.
П.ж. білімді бекітуге және нақтылау-
ға себепші болады. Практикалық
жұмыстарды орындау мазмұны мен
тәсілдері қалыптасқан білімдерінің
нәтижесіне байланысты. Мысалы,
химиядан практикалық жұмыс хи-
миялық құбылыстарды түсіндіруге
және бақылау біліктілігін дамытуға;
заттарды алуға және ажырата білуге
себепші болады; мамандарды хи-
миялық лабораториядағы жұмыстың
қарапайым тәсілдерімен таныстыра-
ды; заттармен, химиялық ыдыстар-
мен жұмыс істеу дағдыларын қалып-
тастырады.
Биологиядан практикалық жұмысқа
табиғи объектілерді анықтау бойын-
ша жүргізілетін жұмыстар, экспери-
мент жатады. География сабағы бо-
йынша жүргізілетін П.ж. арқылы гео-
графиялық және топографиялық кар-
талармен жұмыс істей білу, тұрғы-
лықты жердің планын құру және т.б.
біліктілігі қалыптасады. Психолог-
тарды дайындаудың бастапқы са-
тысында жоғарыда аталған ғылым
салалары сияқты болашақ маманның
теориялық білімдерін тәжірибеде іс-
ке асырудың жаттықтырушы сипат-
тарында болады. Сондай іс-әрекет-
тердің күрделілігі біртіндеп өзгере-
ді: болашақ мамандар практикалық
жұмыстарды көп уақыт жұмсамай
орындау дағдыларына көшеді. Тиісті
дағдыларды меңгергеннен кейін пси-
хологтар мақсатқа сәйкес практика-
лық жұмыстарды өз бетімен жүргізу-
леріне мүмкіндік алады.
Достарыңызбен бөлісу: |