Қ. жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет81/90
Дата03.03.2017
өлшемі11,21 Mb.
#5955
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   90

ТҮСІНУ.  Адамның  ойлау  әреке- 

тінде  шындықтағы  заттар  мен  құ- 

былыстардың  негізгі  қасиеттеріне, 

ерекше  белгілеріне,  мәніне  түсіне 

білудің  маңызы  зор.  Түсіну  арқылы 

ғана  біз  айналамыздағы  заттардың 

себеп-салдарды байланыстарын, бір-

біріне  тәуелділігінің  шығу  тегі  мен 

даму  жолын  ажыратамыз.  Түсінудің 

басы  –  шындықтағы  заттар  мен  құ- 

былыстарға танысудан, көріп, білуден 

басталады.  Өйткені  қандай  нәрсені 

болмасын  «ұғыну  үшін,  ұғынуды, 

зерттеуді  эмпириялық  жолмен  бас- 

тау» қажет.

Түсіну  күрделі  ой  жұмысын  керек 

етеді. Мәселен, «Бұл не нәрсе?» деп 

сұрақ қоюдың өзі де түсінудің қара- 

пайым формасы, ал «Бұл қалай және 

қашан пайда болған?», «Бұл не үшін 

жасалынады?» деген сұрақтарға жа- 

уап беру арқылы шындықтағы құбы- 

лыстардың  негізгі  белгілерін,  олар- 

дың  байланыстарын  ашып,  түсіну 

қабілетімізді білдіреміз.

Заттар мен құбылыстардың тек ішкі 

мәніне түсінудің арқасында ғана түр- 

лі  амал-әрекеттің  себебін,  олардың 

бір-бірімен  байланысын,  ішкі  маз- 

мұнын, яғни ғылымның тұжырымда- 

рын аңғарамыз. Бұл айтылғандармен 

бірге  түсіну  сан  алуан  құбылыстың 

бөліктері  мен  ұсақ-түйектерін  айы- 

руда,  басқа  біреудің  сөзінің  мәнін 

ұғуда да (мәселен, интонация, пауза, 

метафора, әзіл, қалжың т.б.) ерекше 

көрінеді.  Бірақ  барлық  жағдайда  да 

дұрыс  түсіну  үшін  адамға  білім  қо- 

ры, дағды, іскерлік қажет.

Түсіну  сөз  арқылы  берілетіндіктен 

түрліше  формаларда  тұжырымдала- 

ды. (Түсіну қысқаша, жалпы, кең, де- 

тальді  т.б.  болып  келуі  мүмкін)  Тү- 

сінудің  бұлай  түрліше  болып  келуі 

адамның  алдына  қойған  мақсатын, 

жеке  психологиялық  ерекшеліктері- 

не,  ана  тілінің  ішкі  заңдылықтарын 

білуіне,  сол  адамның  сөзі  мен  ісіне 

байланысты болады. Бір нәрсеге дұ- 

рыс түсінгендіктің көрінісі – сол ма- 

териалды өз сөзімен түрлендіріп ай- 

тып, іс жүзінде орындап көрсету бо- 

лып табылады.

Түсіну  екіге  бөлінеді:  оның  бірінші 

түрі – тікелей түсіну. Тікелей түсіну 

жанама түрде ой операцияларын ке- 

рек етпейтін, қабылдауға ұқсас про- 

цесс. Мәселен, бізге жақсы таныс сөз- 

дер, сөйлемдер, белгілі құбылыстар, 

адамдардың қылықтары т. б.

Түсінудің  екінші  түрі  –  жанама  тү- 

сіну.  Жанама  түсіну  бірнеше  ара- 

лық, басқыштардан тұратын, ой опе- 

рацияларын  керек  ететін,  көмескі 

нәрсені анық, айқын етіп бейнелеуде 

бірнеше  ой  түйіндерін  талап  ететін 

процесс. Жанама түсінуде сұрақ қою- 

дан басталатындығын, сұрақ пен жа- 

уап табудың арасында аралық түйін- 

дер  бар  екендігін,  осы  аралық  тү- 

йіндерді  табу  жаңа  мәселені  шешу- 

дің кілті екендігін атап өтуіміз қажет. 

Тіпті,  қарапайым  есептің  өзінде  де 

осы жолды көруге болады. Мәселен, 



ТҮСІ

ТҮСІ

547

«Ахметте үш алмұрт, Хасенде екі ал- 

мұрт  бар.  Екі  балада  барлығы  қан- 

ша алмұрт бар?» деген мәселе есеп- 

ті шешуде де белгілі шығару амалын- 

сыз  (яғни  бұл  екі  санды  бір-біріне 

қоспайынша) оның жауабы шықпай- 

ды. Бұл жерде қосу аралық амалдың 

қызметін атқарып отыр.

Ойлау дегеніміздің, өзі мәселені ше- 

шу, оның мәнісіне түсіне білу деген 

сөз. Мәселен, «Сырдария Арал теңі- 

зіне құяды» деген сөйлемде ой туу- 

ға негіз боларықтай себеп жоқ. Өйт- 

кені бұл бұрыннан бізге белгілі нәр- 

сені білдіретін хабарлы сөйлем ғана. 

Ойлау қашанда белгілі қажетке бай- 

ланысты адамға әзірше белгісіз жайт- 

ты  іздестіруден  туындайды.  Проб- 

лемалық ситуация (жағдай) адам ой- 

лауының  түрткі  қазығы.  Бізге  әзір- 

ше  белгісіз,  ойланып-толғануды  қа- 

жет  ететін  құбылыстың  бәр-бәрі 

проблемалық жағдайға саяды. Мәсе- 

лен,  құйғытып  келе  жатқан  жеңіл 

машина кенеттен тұрып қалды дейік. 

Мұндайда  шофер  машинасының  әр 

тетігін басып көріп, осы жайттың не- 

ден  болғанын  ой  жүгіртеді  де,  көп 

ұзамай  өзіне  бұрыннан  белгілі  нәр- 

сенің  енді  жарамсыз  екендігіне  көзі 

жетіп, жаңа мүмкіндіктерді іздестіре 

бастайды.

Адам сұрақ қою арқылы алдыңдағы 

кедергіні сезеді, оны біртіндеп жоя- 

ды,  сөйтіп,  өзінің  әр  түрлі  тану  қы- 

зығуларына жауап алады. Сұрақ қою, 

оны дәл тұжырымдау, мәселені «ойда 

ұстай білу» сұрақты талдай білу және 

жинақтау, шығару тәсілі мен амалдың 

орталық  түйінін  табу,  жорамалдар 

жасай білу т.б. ойлау процесінде мә- 

селелерді шешу үшін аса қажетті жағ- 

дайлар болып табылады.

Төменгі  сынып  оқушыларында  та- 

нуға  негізделген  тікелей  түсінулер 

байқалады.  Бұл  тікелей  түсінулер  – 

заттарды тікелей қабылдаудан туған 

түсінулер.  Егер  зат  баланың  өткен 

тәжірибесінде  болмаған  болса,  оны 

бірден түсіну қиынға соғады. Түсіну 

үшін  оны  алдымен  жан-жағынан 

жақсылап  қабылдап  алу  қажет.  Жа- 

нама түсіну – жаңа затты, құбылысты 

белгілі ұғымға жанастыра барып тү- 

сіну деген сөз. Баланың сыртқы дү- 

ниенің,  сан  қилы  сырларын  түсіне 

алуы жанама түсінулер арқылы ғана 

жүзеге  асады.  Бір  нәрсенің  мәніне 

түсіну  үшін  жай  тану  жеткіліксіз, 

оған  қоса,  оның  себебін,  яғни  не- 

ліктен осылай болып тұрғанын білу 

керек.  Мектеп  жағдайында  кейбір 

оқушылардың  оқыған  әңгімесін, 

грамматикалық, математикалық ере- 

желерді дұрыс түсіне алмайтын фак- 

тілері жиі кездеседі.

Мұғалімдер көбінесе баланың әр жа- 

ңа материалды не себептен түсінбей 

қалатынын кезінде талдау жасап отыр- 

майды. Бала ойлауы үнемі кедергісіз 

жүріп отыратын процесс емес, ол кей- 

де  құбылыстарды  толық  бейнелей 

алмайды, тіпті қателіктер де жібереді, 

бірде  білмегенің  екіншіде  біледі. 

Міне,  осы  жайларды  мұғалім  асқан 

байсалдылықпен  ескеріп  отыруы 

тиіс. Сондықтан жаңа сабақты бірден 

түсіне  алмай  қалған  оқушыларды 

ұғымы төмен деп кінәлаудың өзі пе- 

дагогикалық  тұрғыдан  дұрыс  бол- 

майды.


Төменгі класс оқушыларының ойла- 

уы негізінде нақтылы келетіндіктен, 

олар көп нәрселерді өз қалпында тү- 

сінуге бой ұрады. Мәселен, бір зерт- 

теуде  үшінші  кластағылардың  алле- 

ТҮСІ

ТҮСІ


548

гориялық  ұғымдардың  мәнін  жете 

түсінбейтіндігі  анықталған.  Олар: 

«білімді» деген ұғымды тек «оқитын 

адам»;  «дүние»  ұғымын  «байлық», 

«ақша»; «жақсылық,» ұғымын «жақ- 

сы нәрсе»; «ер» ұғымын «аттың ері» 

деп олардың заттың, бейнелік жақта- 

рына  көбірек  көңіл  аударады  да, 

осы  ұғымдардың  мәнін  салыстыру, 

теңестіру  арқылы  түсіндіріп  бере 

алмайды».

Балалардың  құбылыстарды  түсіне 

алуында олардың сөз байлығын, сөз- 

дік қорының өсіп отыруын қадағалау 

зор  маңыз  алады.  Мұғалімнің  жаңа 

сабақты  түсіндірудегі  методикалық 

шеберлігінің (әр ұғымды өз мәнінде 

толық  түсіндіру,  сөйлемдердің  қыс- 

қа,  ықшам  болып  келуі,  екі  ұшты 

сөйлемеу т. б.) жоғары болуы бала тү- 

сінігінің жақсы дамуына қатысы бар 

басты факторлардың бірі.

ТЫЙЫМ  МЕН  ЫРЫМ.  Тыйым 

сөздер  –  психологиялық  мағынасы 

зор,  адамды  қолайсыз,  зиянды  әре- 

кеттерден  тартынуды  талап  ететін 

ерлі-зайыптылар  мен  үлкен  кішінің, 

әке  мен  баланың,  ұл  мен  қыздың, 

нағашы-жиеннің,  ағайын-туыс,  жек- 

жат-жұрағаттың  қарым-қатынасын 

реттестіруде  өзіндік  орны  бар,  сон- 

дай-ақ  денсаулық,  тазалық,  әртүрлі 

жағдайда  тәртіп  сақтау,  жол-жоба, 

жөн-жосық  т.б.  осы  секілді  әдет-ғұ- 

рыптарды  бұлжытпай  орындау  мақ- 

сатында  пайда  болған  рәсім.  Мәсе- 

лен, дос-туыс, құда-жекжатқа ит, пы- 

шақ,  балта  сыйламау,  некелі  төсек- 

ке  басқа  адамның  отырмауы,  ит  ас- 

панға  қарап  ұлыса  жамандық  ша- 

қырады  деп  қорқу,  бос  бесікті  тер- 

бетпеу, жас босанған әйелдің қолын 

суық  суға  салдырмау,  қыз  баланың 

қатты  сөйлемеуі,  кіндігін  көрсетіп 

жүрмеуі,  қыз-келіншектің  шашын, 

аттың құйрығын кеспеу т.с.с. 

Ырымдар  да  психологиялық  тұрғы- 

дан  ойлаудың  қарапайым  түрінен 

туындайтын наным-сенімнің бір түрі. 

Бұлар  өмір  сүру  барысында  біртін- 

деп қалыптасқан этностық топқа ор- 

тақ,  көшпенділер  санасынан  орын 

алған психологиялық ерекшеліктер. 

Тыйым  мен  ырым  этностық  қауым- 

дастықтағы ер мен әйелге, үлкен-кі- 

шіге,  ұл  мен  қызға  т.б.  осы  секілді 

әртүрлі топтарға байланысты айтыл- 

ған.  Мәселен,  бөбек  психологиясы- 

на  байланысты  бесіктің  үстіне  жеті 

нәрсе (шапан, кебенек, тон, жабу, жү- 

ген, қамшы, бесік, көрпе) жабылады. 

Мұндағы  түйін  кебенек  пен  қамшы 

нәрестені  ел  қорғайтын,  ер  болсын 

деген ниеттен туған.

Осынау  наным-сенімдердің  әсіресе, 

жас ұрпақтың санасына ұлттық рух- 

ты сіңіру, оның дәстүрі мен салтын, 

әдет-ғұрпын  қастерлеп  ардақтай  бі- 

луге,  баланың  ұлттық  дүниетены- 

мын қалыптастыруға да алатын орны 

ерекше. Өйткені бұлар халқымыздың 

ғасырлар бойы тірнектеп жинастыр- 

ған  тәліми  тәжірибесінің  қорытын- 

дысы, ұлттық тәлім-тәрбиеміздің қай- 

нар  көзі  мен  мүмкіндігі.  Бір  әттеге- 

найы – осындай тамаша психология- 

лық  жайттар  күні  бүгінге  дейін  ғы- 

лыми тұрғыдан жіктелмей, бір жүйе- 

ге түспей келеді.

ТЫНЫМСЫз  ҚЫЛЫҚ  –  невроз-

дықпен және қатты мазасызданумен 

сипатталатын  адам  қылығы,  әдетте 

ТЫЙЫ

ТЫНЫ


549

мұндай  қылықтар  өз  кезегінде  еш- 

қандай тіке, объективті анықталатын 

себептерсіз жасалады. Тынышсыздық 

(үрейлілік); 1. мазасыздану, мазасыз- 

дануға  бейімділік;  2.  қауіп  тудыра- 

тын,  қайғыру,  алаңдау,  әбігерлену, 

тынышсыздану,  үрейлену,  қауіпте- 

нушілік.

ТІЛЕК  –  ықылас,  ниет.  Ниет  –  қа- 

жеттілікті қанағаттандыру үшін әре- 

кеттенуге  және  оған  іштей  ұмтылу. 

Ниеттің  жүзеге  асуы  материалдан- 

ған сипатта болады. Т. – адамның бір 

іс-әрекеті,  ой-пікірді  іске  асыруға 

ниет  білдіруі.  Адам  тілегі  арқылы 

алға  қойған  мақсатын  іске  асыруға 

жоспар жасап, әрекетке бағыт-бағдар 

алады. Тілек – іс-әрекеттің бастау бұ- 

лағы, Ол адамды қарекетке, ойға ал- 

ған, алға қойған жоспарын іске асы- 

руға  бағыттаушы  саналы  әрекеттің 

ұйытқысы.  Бұл  жағдайда  оның  іс-

әрекет  объектісі  санасынан  орын 

алып  қана  коймайды,  оны  іске  асы- 

рудың мүмкіндік жолдары да айқын- 

дала түседі.



ТІЛЕНШІҰЛЫ  ШАЛКИІз  (1465-

1560).  Халқымыз  осы  кезге  дейін 

ұмытпай  есте  сақтап  келе  жатқан 

көне  заман  жырауларының  бірі  – 

Шалкиіз Тіленшіұлы.

Жырау  туындылары  әсерлі,  өткір, 

аз  сөзге  көп  мағына  сыйғызған  сұ- 

лу  сазды  көркем  келеді.  Шалкиіз 

шығармашылығынан  орта  ғасырда- 

ғы  көшпенді  қазақтардың  нанымы, 

моральдық  –  этикалық  түсініктері, 

психологиялық  ерекшеліктері  көрі- 

ніс тапты. («Арғымақ ару аттар», «Ер 

Шобан», «Қоғалы көлдер» т. б.) Сол 

дәуірдегі  жыраулардың  қай-қайсы- 

сы  да  адамгершілікпен  қоса  ерлікті 

де  тебірене  жырлады.  Мәселен, 

Шалкиіз жырау көшпенді халықтың 

кесек  тұлғалы  батырлар  бейнесін 

шебер  суреттейді.  Біз  әрбір  батыр- 

дың жеке сипаттамасынан арғы ата-

бабаларымыздың  сыртқы  кесек  пі- 

шіні  мен  ішкі  жан  дүниесін,  жау- 

гершілік  заман  тудырған  айбынды- 

лық  пен  айбарлықтың  белгілерін 

жақсы аңғарамыз. Бұл суреттемелер- 

дің біз үшін этнопсихологиялық мә- 

ні де аз емес. Ол сонау алыс дәуір- 

ден,  көне  заман  адамының  тыныс-

тіршілігінен  біраз  елес  береді.  Мә- 

селен, «Ер Шобан» атты толғауында 

Шалкиіз  жырау  «алдаспан  ауыр 

қылыш байлаған, бір ойында (ұрыста) 

алпыс  ала  балта  сындырған»,  дене- 

сіне  «қан  жұқпас  қайқы  болат  өт- 

пеген»  деп  батырлардың  ерлігін 

әсерлі бейнелейді.

Шалкиіз  толғауларында  да  мораль- 

дық-этикалық  тақырыпқа  бой  ұру- 

шылық ерекше байқалады. Бұл жұрт- 

ты адамгершілік жағынан жетілдіру 

арқылы  қоғамды  жақсартуға  бола- 

ды дейтін асыл арманнан туындаған 

жайт  еді.  Адам  мінезінің  әртүрлі 

жақтары,  оның  әрқилы  көріністері 

жақсы мен жаман адамның бір-бірі- 

не  қарама-қарсы  екі  түрлі  психо- 

логиясы  Шалкиіз  шығармаларында 

көптеп кездеседі. Жақсы адам – қа- 

рапайым,  қайырымды  келеді,  әр  кі- 

сінің  байыбына  барып  әрекет  етеді

бөтенді жатсынбайды, жұртты қадір 

тұтып, құрмет ететін ақ көңіл елгезек 

жан.

Жақсының  жақсылығы  сол  болар, 



Жаманменен бас қосып, Сөйлемекті 

ТІЛЕ

ТІЛЕ

550

ар  етер...  Бір  жақсымен  дос  болсақ, 

Азбас,  тозбас  мүлкі  етер...  Жақсы- 

лардың, өзі өлсе де сөзі сау...

Жырау осындай ақ жарқын адал да, 

абзал  жандардың  бақыты  жанбай, 

еңбегі бағаланбай, жұртқа жақпайтын 

кездері  де  болады  деп  қынжылады: 

Бір жақсысы бар болса, Қоңқалаған 

көп жаман, Сол жақсысын көре алмас...

Шалкиіз жыраудың пікірінше, жаман 

адам – бұл ішіне сыр сақтай алмай- 

тын, дұрыстап ойланып сөйлеу де қо- 

лынан  келмейтін,  басқаның  ақы- 

лын тыңдауға босқа арланатын, өмі- 

рі  қулық-сұмдықпен  күн  кешетін, 

дос-жолдас  дегеннің  не  екенін  біл- 

мейтін, реті келсе адамды сатып ке- 

туге дайын тұратын қорқақ, бишара 

жан. Жаман адамның мұрнына жақ- 

сылықтың иісі де бармайды. Ол өті- 

рік айтуға, алдап кетуге, бейім тұра- 

ды. Ел басына күн туса, ол өз басын 

сағалап жүреді. Осындайлар жөнін- 

де  Шалкиіз  былай  дейді:  Жаманға 

сырыңды  қосып  сөз  айтпа...Жаман 

туған бар болса, Жаман жолдас көп 

болса, Жазаны содан көрерсің... Қы- 

ға  шықпас  жаманның,  Барынан  да 

жоғы  игі...  Бір  жаманға  сөз  айтсаң, 

Есікті  кетер  сарт  ұрып,  Жаманның, 

жамандығы  сол  болар,  Сөйлесе  дә- 

йім  бетін  қара  етер...  Ойлап  тұрсам 

жаманның, Жалаңдаған өз басына ті- 

лі жау – деген жолдардан жаман адам- 

ның  психологиясы  қандай  болатын- 

дығын тану қиын емес.

Достық  пен  бауырмалдықты,  ізгілік 

пен  ұйымшылдықты  адамдардың 

бір-бірімен  бауырласып,  тату  өмір 

сүруін аңсаған жырау адамның жақ- 

сы  қасиеттерін  ерекше  қастерлейді, 

жастарға досың мен қасыңды ажыра- 

та біл, көлденеңнен кез келгенге сы- 

рыңды шаша берме деп кеңес береді. 

Ойшыл жырау ылғи да халық мүдде- 

сін  қастерлейді,  ел  басшыларының 

жұртқа ұнамды болып келуін қалай- 

ды, адамгершілігі мол, ер жаужүрек 

батыр адамдарды жастарға үлгі етеді.



ТІТІРКЕНДІРГІШ ПЕН ТҮЙСІК-

ТІҢ  АРАҚАТЫНАСЫ  –  ХІХ  ға- 

сырдың  орта  шенінде  өмір  сүрген 

неміс  ғалымдары  Э.Вебер  (1795-

1878) мен Г.Фехнер (1801-1887) тітір- 

кендіргіштердің  күшімен  адам  түй- 

сігінің  арасындағы  байланысты  заң 

түрінде  тұжырымдады.  Мұны  түй- 

сіктің  психофизикалық  заңы  дейді. 

Осы  заң  бойынша  тітіркендіргішер- 

дің күші геометриялық прогрессия жо- 

лымен көбейсе, одан туатын түйсік- 

тер  арифметикалық  прогрессия  жо- 

лымен өседі.

Тітіркендіргіш пен түйсіктің арасындағы логарифмдік тәуелділікті 

былайша көрсетуге болады:

Түйсік күшінің 

артуы

Тітіркендіргіш күштерінің 

артуы

Бұлардың логарифмі

0

1



2

3

4



5

1

2



4

8

16



32

20

21



2

2

2



3

2

4



2

5

ТІТІ



ТІТІ

551

ТІТІРКЕНУШІЛІК – организмнің, 

оның  жеке  органдарының,  ондағы 

жасушаларының физиологиялық кү- 

йінің көрсеткіші. Т. қасиеті тірі жү- 

йелердің іргетастық қасиеттеріне жа- 

тады:  оның  болуы,  жалпы  алғанда, 

тіршіліктің  классикалық  критерийі 

болып табылады. Ең қарапайым ор- 

ганизмдердің  тітіркенушілігінің  өзі 

олардың қозғалысының не әсер негі- 

зіне карай не одан сыртқа қарай бел- 

гілі бір бағыттылығымен сипаттала- 

ды.  Ең  қарапайым  шартты  реакция- 

лар түзу қабілетімен бірге бір жасу- 

шалар  протоплазмасының  тітірке- 

нушілігі  оларда  байқалатын  барлық 

әрекет нысандарының негізі болады. 

Сезім  органдарының  қозушылығы 

не  тітіркенушілік  организмнің  оны 

қоршаған  ортаның  объективтік  қа- 

сиеттерін бейнелеуінің аса маңызды 

алғышарты болып табылады: мұның 

өзі сезгіштік процестерінің мәні бо- 

лып табылады. Тітіркенгіштік – әсер- 

ленушілік, қозғыштық. Жүйке жүйе- 

сінің  әр  алуан  сыртқы  жәке  ішкі 

әсерлерге тітіркенуі. Төменгі сатыда- 

ғы  микроорганизмдердегі  психика- 

ның көрінісі – тітіркенгіштік. Тітір- 

кенудің өте қарапайым түрі тропизм- 

дер. Тропизм – «бұрылу» деген сөз.

УАҚЫТША  БАЙЛАНЫС  –  шарт- 

ты  рефлекстердің  қалыптасу  кезін- 

де  ми  қыртысындағы  шартсыз  жә- 

не  шартты  тітіркендірігіштерді  қа- 

былдайтын  орталықтардың  (клетка 

топтарының)  арасында  пайда  бола- 

ды. Уақытша жинақталу – вегетатив- 

ті жүйке жүйесіндсгі түйін алды жүй- 

ке талшығын бір рет тітіркендірген- 

де емес, қайталап, бірнеше рет тітір- 

кендіргенде  ғана  қозудың  уақытша 

жинақталуынан  организм  жауап  бе- 

реді  (мыс:  қышыған  жерді  қандыру 

үшін бір рет қасу аз, оған рефлектор- 

лы жауап беру үшін секундына 18 рет 

қасу қажет. Сонда қышуды қандыра- 

тын  қозу  уақытша  жиналып,  қатты 

әсер етеді де, яғни қышу қанады.



УӘЛИХАНОВ  ШОҚАН  ШЫҢ- 

ҒЫСҰЛЫ  (1835-1865)  –  Қазақ  то- 

пырағында қоғамдық прогресс үшін 

ғылым-білімнің маңызын ерекше кө- 

ре білген Шоқан Шыңғысұлы Уәли- 

ханов бүкіл әлемдік өркениет қоры- 

нан мейлінше мол сусындаған, жан-

жақты  білімді,  озат  ойлы,  ерекше 

дарынды адам еді. Ол өзін терең та- 

рихшы, ерінбес этнограф, батыл сая- 

ТІТІ

УӘЛИ


552

хатшы,  талмас  географ,  білгір  әде- 

биетші,  шебер  суретші,  жалынды 

публицист,  жан  сырын  ұққыш  нәзік 

психолог  ретінде  көрсете  білді.  Не 

бары  отыз-ақ  жыл  өмір  сүрген  Шо- 

қан  аз  ғұмырының  ішінде  білім-ғы- 

лымның  көптеген  салаларына  баға- 

сын мәңгі жоймайтын үлес қосты.

Шоқан еңбектерінде психологиялық 

мәселелерге байланысты әр түрлі си- 

паттағы  деректер  баршылық.  Осы- 

лардың  ішінде  басқа  мәселелерден 

көбірек сөз болғаны – халқымыздың 

ұлттық санасы, оның ішінде өзіндік 

психологиялық ерекшеліктері туралы 

мәселе еді.

Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстан 

тарихы  мен  этнографиясын  зерт- 

теген  шовинистік  рухтағы  орыс  ға- 

лымдарының  еңбектерінде  халқы- 

мыздың  ондаған  ғасырлық  тарихы 

бар  мәдениетіне  қиянат  жасалып, 

тіпті  ұлттық  психологиямызға  күйе 

жағылып, екінші сорттағы халық деп 

келгені белгілі.

Осындай  келеңсіз  көзқарасқа  қыр 

жағдайында  алғаш  қирата  соққы 

беріп,  туған  халқының  ұлттық  ар-

намысын  қызғыштай  қорғап,  қазақ 

халқын «тағы халық» деп қарау мүл- 

де  қате,  бұл  білместіктен  айтылған 

сөз, халқымыз ертеден елдігі, өзіндік 

өнері  бар,  ылғи  да  көшіп-қонудың 

салдарынан  оқу-білімінен  кенжелеу 

қалса  да,  рухани  дүниесі  бай,  прог- 

ресс атаулыға ұмтылғыш, жаңалыққа 

ерекше  бейім  халық  деп  тебіренді. 

Осымен  қатар  Шоқанның  алдына 

қойған  тағы  бір  мақсаты  өз  халқы- 

ның өмірін жете зерттеп, кең даласы 

мен дархан халқын берісі орыс, ары- 

сы Еуропа жұртшылығына танысты- 

ру еді. Сондықтан ол өз еңбектерін- 

де дала халқының қоғамдық өміріне 

ерекше  үңіліп,  жан-жақты  зерттеді. 

Бұл  жерде  ол  танымдық  жағынан 

зор  ғылыми  маңызы  бар  деректер 

келтіріп  қана  қоймай,  кейбір  қи- 

сынды ой топшылауларын да ортаға 

салды. Шоқан өз халқының тарихын 

мәдениеті  ерте  танылған  елдермен 

сабақтастыра  сипаттайды:  «Біздің 

бай  және  поэзиялық  құны  жоғары, 

реалистік  әдебиетіміз  бар.  Ол  Шы- 

ғыстың эпосына емес, индо-герман- 

дық эпосқа ұқсайды», – деп ой түйін- 

дей  келе,  ол  қазақтардың  рухани 

байлығын  өркениеті  аса  бай  ірі  ел- 

дермен  төркіндестіре қарайды. Енді 

бір еңбегінде ол былай деп жазады: 

«Түркі  тектес  халықтардың  ішінде 

поэтикалық  қабілеті  жағынан  қа- 

зақ  бірінші  орын  алады  деуге  бо- 

лады. Біздің Шығысты зерттеуші ға- 

лымдарымыздың  арабтар  туралы 

айтқан  сөзі  қазақтарға  дәл  келеді. 

Қазақтар да бәдәуилер сияқты жара- 

тылысынан өлеңші және ақын».

Ұлттық  психика  өнер  саласында 

ерекше көрінеді, өйткені өнер адам- 

дарының  өз  айналасын  көркем  түр- 

де қабылдап алу ерекшеліктерін, бір- 

тіндеп  қалыптасқан  халықтың  эс- 

тетикалық  талғамдарын  көрсететін 

қоғамдық сананың бір формасы.

Шоқан  қазақ  ақындарының  төгілді- 

ре жырлау қабілетін олардың негізгі 

ерекшеліктерінің  бірі  деп  бағалады. 

Күні  бүгінге  дейін  халқымыздың 

ұлттық психологиясынан елеулі орын 

алып келе жатқан айтыс өнері, адам- 

ның төгілдіре жырлау, суырыпсалма 

сияқты  ой  қабілетінің  үлкен  тап- 

қырлығын,  қиыннан  қиыстырар  қас 

шеберлігін ерекше қажет етеді. Мұн- 

дағы  түйдек-түйдегімен  айтылатын 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет