Қ. жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет79/90
Дата03.03.2017
өлшемі11,21 Mb.
#5955
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   90

ТОРА

ТОРА

533

ғармаларында жан қуаттары ғылыми 

атаулармен аталмайды және олардың 

әрқайсысына  жеке  талдау  да  жаса- 

майды.  Сұлтанмахмұт  мұндай  мақ- 

сатты алдына қойған да жоқ, өйткені 

ол  да  Абай  сияқты  ғалым-психолог 

емес.


С.Торайғыров  қазақ  тарихында  бі- 

рінші  болып  жан  мен  тәннің  яғни 

психика мен мидың (дененің) ара қа- 

тынасы  туралы  мәселе  көтеріп,  бұл 

екеуінің  өзара  байланысын  ғылыми 

тұрғыдан  дұрыс  түсіндірді.  Ол  жан 

мен  тәннің  ылғи  да  бірлікте,  тұтас- 

тықта,  байланыста  болатынын  айта 

келіп:  «Дене  азыққа  тоюдан  жан  ер 

жетер... Жан ер жетіп, дүниенің сырын 

табар...», – деп адамның тәні өсумен 

қатар жаны, ақыл-ойы сана-сезімі де 

бірге өсіп, («жас, тән мен сезім, білім 

қабат өсіп») жетіліп дамып отырады 

дейді. Тән мен жанның қоса өзгеруі- 

нің негізін Сұлтанмахмұт тәнде, яғни 

мида  деп  түсінеді.  Адам  өлгеннен 

кейін онда «қимыл жоқ, сезім жоқ... 

жек  көру  жоқ,  махаббат  жоқ...  өмір 

жоқ, яғни бір сөзбен айтқанда, тәннен 

бөлінген жанда ешуақытта өмір бол- 

майды»,  –  деп,  осы  мәселені  мате- 

риалистерше баяндайды.

XIX  ғасырдың  екінші  жартысында 

өмір сүрген казақ ғұламалары сияқ- 

ты  Сұлтанмахмұт  та  адам  тағдыры 

жайлы,  оның  қоғамдағы  орны  мен 

арман,  мүдде-мақсаты  туралы  көп 

ойлап, терең толғанады. Ол еңбекші 

халыққа жаны ашып, дала өміріндегі 

тұрмыстың  бүкіл  тауқыметі  кедей 

атаулының  басында  екендігін, 

өмірдегі адамға қажетті нәрсенің бә- 

рі  де  осылардың  қолымен  жасалып 

жатқаңдығын, ал патша отаршылары 

мен  олардың  жергілікті  жердегі 

жандайшаптары  бұларды  сүлікше 

сорып  отырғандығын  жақсы  аңға- 

рады. Ақынның ойынша адам – өскен 

ортасының,  өмір  сүрген  жағдайы- 

ның туындысы. «Дүниедегі нәрсенің 

бәрі, – деп жазды С.Торайғыров «Ке- 

дей»  поэмасына  жазған  эпиграфын- 

да,  –  белгілі  бір  жағдай  мен  орта 

әсерінің нәтижесі. Бұл жағдай ортаны 

жасау-жарату  адамның  қолынан  ке- 

леді, адамның хайуанаттан өзгешелі- 

гі де осында, адамның ақыл-ойымен 

табылған  нәрсенің  бәрі  де  осылай 

жасалған».

С.Торайғыров  адам  психологиясы- 

ның  қалыптасуы  іс-әрекет  үстінде 

болып отыратынын, мұнсыз сана-се- 

зімнің  дұрыс  қалыптасып,  дамы- 

майтынын, адам тіршілігінің мазмұ- 

нын да қоршаған ортасы, әлеуметтік 

жағдайлар  билейтіндігін,  сондай-ақ, 

үй-іші, отбасы, әке-шешенің де «Көрге- 

ні әке-шеше қандай болса, алмақшы 

сонан үлгі баласы да» дегендей, жас 

ұрпақ  санасының  қалыптасуыңда 

шешуші  роль  атқаратындығын  жақ- 

сы түсінген: «Жақсылық көрсем өзім- 

нен,  Жамандық  көрсем  өзімнен. 

Тағдыр қылды деулерді, Шығарамын 

сөзімнен», – деп ол адамның психо- 

логиясы  тағдырға,  жазмышқа  бай- 

ланысты емес, керісінше оның өскен 

ортасына,  бәрінен  бұрын  нақтылы 

іс-әрекетіне  тәуелді  екендігін  айт- 

ты. Ақын қоғамдық жағдай адам пси- 

холгиясына ерекше әсер етіп, терең із 

қалдыратындығын, әр түрлі қоғамда 

адамның  сана-сезімі  де  түрліше  бо- 

лып  қалыптасатынын  нақты  дерек- 

термен, «Кедей» поэмасында өте на- 

нымды көрсеткен.

ТОРА

ТОРА


534

С.  Торайғыров  шығармаларында 

ерекше бір көңіл аударатын мәселе – 

оның адамның әр түрлі жас кездері- 

не байланысты жасаған психология- 

лық талдаулары. Ол қазақтың ой-пі- 

кір дамуының тарихында осы мәсе- 

лені ғылыми тұрғыдан күн тәртібіне 

алғаш  рет  қоя  білген  ғұлама.  Ақын 

адам  психикасының  дамуын  басты-

басты  төрт  кезеңге  (балалық  шақ, 

жігіттік, ересектік, кәрілік) бөледі. Ол 

бұлардың бір-бірінен ерекшеліктерін 

жәй-қарапайым  пайымдаулармен 

шектемей,  ғылыми  сарапқа  салуды 

ойлаған.  Мәселен,  «Адасқан  өмір» 

поэмасының  «Мен  жігіт»  деп  ата- 

латын бөлімінде ол жігіттік шақтың 

психологиялық  ерекшеліктерін  бы- 

лайша  сипаттаған:  «Мен  жігіт,  он 

бес – отыз арасында, Бұл жаста көп 

бересі – аласым да... Жалыны бойға 

сыймай сырттан көрініп, Күн сайын 

тұрады  артып  қайрат-күшім»,  –  деп 

түйеді ақын жігіттік, бозбалалық ке- 

зеңнің  басты  ерекшелігін.  Расында 

да адам баласының осынау бір кезеңі 

психологиялық жағынан аса бір қы- 

зық шақ. Осы кезеңнің қызығын хал- 

қымыздың  ақын-жыраулары  бұрын 

да  аз  жырламаған.  Бірақ  олардың 

ғылыми сипаттамасы жетіспей жата- 

тын. Сұлтанмахмұт, жас жігітке тән 

қасиеттерді жай тізе бермей, олардың 

әрқайсысының  сыр-сипатын,  мәнін 

ашуға талаптанады.

Жастық шақ – адамның дене күші мен 

рухани тіршілігінің кемеліне келетін 

кезеңі. Жас адам ылғи да албырт, қа- 

жырлы, іс-әрекет пен қимылға құш- 

тар.  Оны  ойландырмайтын  нәрсе 

жоқ, нағыз романтик, тауды қопарып 

тастағысы келеді, оған «Сырдың суы 

сирағынан  келмейтін»  тәрізді.  Жас 

адам өз мүмкіндігін, қабілет, дарынын 

көруге де ынтызар: «Алдымда толған 

мақсат, толған таңдау, Алайын мына- 

сын ба, анасын ба?..» – деп осылайша 

дүниеге зор сеніммен қарайтын жас 

адамның  таудай  талабы  мен  қиялы- 

ның  шарықтамайтын  жері  жоғын, 

көксеген арманының есепсізін, оның 

асыл  мұрат  іздейтіндігін  сөз  етеді. 

Жас  кезінде  адам  өмір  қыспағынан 

қорқа бермейді. Онда күйреп, босқа 

мұқалу деген жоқ, ол ержүрек, батыл 

адам. Оған тән ерекше қасиеттің бі- 

рі – алдағы жерде жұртқа беретін де, 

одан  алатыны  да  көп,  алда  тұрған 

сансыз мақсат, қайсысы таңдап ала- 

мын десе де, ерік өзінде. Ол үшін бә- 

рі де мүмкін, қол жетпес ештеңе жоқ. 

Осы айтылғандардың бәрін ақын бы- 

лайша  түйіндейді:  «Ұқпаймын  қол 

жетпейтін бақыт бар деп... Үміттімін, 

алдар  деп  және  ұқпаймын...  Қарын 

тоққа қанағат қылатұғын, Мен емес, 

тәнім тірі, жаным өлік. Ірі мақсат бол- 

маса, ұзақ іске... Неге мен алданамын 

уақыт бөліп...» 

Ақын шығармаларында жастық шақ- 

тың  ерекшеліктері  «сезімді  ыстық 

жүрек», «дүние мен үшін жаралған», 

«қайғы  алған  жоқ  жүректің  бір  бұ- 

рышын»,  т.б.  дегендей  сөз  тіркесте- 

рімен сипатталып отырады. Сұлтан- 

махмұтың жігіттік кезеңге байланыс- 

ты  айтатын  ойының  түйіні,  жастық 

шақ  қызығы  мен  қиыны  мәңгі  тау- 

сылмайтын,  адам  бақытын  іздеуде 

таптырмайтын  өте  қолайлы  кезең, 

соңдықтан  да  шамаң  келгенше  осы 

кезде құлашыңды сермеп бақ. Өмір- 

дегі  орның  қандай,  нені  таңдауың 

керек – гәптің үлкені, міне, осында. 

Байлық, өкімдік, атақ, махаббат, т.б. 

адам  бақытына  қандай  қатысы  бар? 

ТОРА

ТОРА


535

Ақын  осылардың  барлығына  шолу 

жасай  келіп,  шын  бақыт  әділдікте, 

білімде,  адал  еңбекте  деп  өз  ойын 

«Адам  бағындырудың  асылы  еңбек, 

түбінде  еңбексізді  еңбек  жеңбек»,  – 

деп дұрыс қорытынды жасайды. Ақын 

жастық шақта адамның ақыл-ойы ин- 

теллектісі өте алғыр, дүниені танып-

білуге құмарлығы күшті, сондықтан 

да осы кезде оқуға, білім алуға ерекше 

ұмтылу  қажет  дейді.  Бұған  ата-ана, 

ағайын-туыстың  жақсы  ақыл-кеңесі 

де  ауадай  қажет.  Білім  алу,  бәрінен 

бұрын  адамның  өзіне  байланысты. 

Ол  үшін  үлкен  ерік-жігер,  ұғарлық 

зейін,  зор  үміт,  таудай  талап,  шын 

ықылас, ұғымталдық, зеректік, т.б. аса 

қажетті шарттар. «Оқу инемен құдық 

қазғандай», ол еріккеннің ермегі емес 

дейтін  тұжырымды  мына  төмендегі 

шумақтардан жақсы аңғаруға болады: 

Таусылмас ғылым теңіз шалқып жат- 

қан, Өмір бойы оқысаң бір таусылман. 

Қиындығы  қинайды  жанға  батқан, 

Білімге қарсы тұрар қандай күш бар, 

Бас  иер  талай  мырза  кеуде  каққан... 

Оқу малды тыңдамас, зейін тыңдар... 

Молда атанған жақсы ғой, оқу болса, 

Баста зейін, кеудеде тоқу болса...

Адамның  көңіл  күй  ерекшеліктері, 

сезім-эмоция  секілді  жан  ары  да 

С.Торайғыров шығармаларында бір- 

шама  сөз  болған.  Басқа  жан  құбы- 

лыстары сияқты адамның сан алуан 

сезімдерін  (қуаныш,  қайғы-қасірет, 

реніш,  т.б.)  сыртқы  ортаның,  яғни 

белгілі себептердің нәтижесінен туып 

отырады  дейді.  Адам  сезіміне  әсер 

етпейтін  нәрсе  жоқ.  Оған  табиғат 

құбылыстары  адамның  суық  және 

жылы сөздері де, денсаулық жағдайы 

«тұрмыс күйі де, т.б. үнемі әсер ете- 

ді. Сезім адам организмінде – бет пі- 

шінінде, көз жанарында, қас-қабағын- 

да,  т.б.  әр  түрлі  қимыл-қозғалыстар 

тудырады,  ол  жүрек  жұмысына  да 

байланысты  дейді:  Сезімнің  сыртқа 

шықпас  түсі  бар  ма?  Оны  жасырар 

адамның күші бар ма? Біреу күй, біреу 

пішін,  біреу  сөзбен,  Көрсетпейтін 

жүректің іші бар ма?

С.Торайғыров  адамның  ең  жоғарғы 

сезімдерінің  (эстетикалық,  адамгер- 

шілік, т.б.) табиғатына ерекше көңіл 

бөледі, бұлардың қалай пайда болып, 

қалыптасып отыратындығын сөз ете- 

ді. Мәселен, оның айтуынша «жақсы 

ән мен тәтті күй», яғни жақсы музы- 

калық  әуен  адам  құлағының  құры- 

шын  қандырып  қана  қоймай,  оның 

сұлулық,  әсемдік  сезімдерінің  қа- 

лыптасуына  да  ерекше  әсер  етеді. 

«Халықтың  арғы-бергісін  қозғап,  – 

деп жазды ол «Өлең һәм айтушылар» 

деген мақаласында естеріне түсіріп, 

мұң-мұқтаждарын  зарлап,  кем-ке- 

тігін көрсетіп, әдемі дауысымен құй- 

қылжытып тұрғанда қандай тас бауыр 

болса да жібімеген еркіне қоймайды. 

Халықтың қайдағы-жайдағысы ойы- 

на  қозғалыс  түсіп,  қандары  қайнап, 

тіпті арқалары қозып кетеді. Әркім- 

нің көңіл көздерінен жастар моншақ- 

тап,  бойлары  балқығандай  шартта- 

шұрт қол шапалақтасып... тарқайды». 

Осы үзіндіде ақын ән мен күйдің қан- 

дай  тас  бауырды  да  жібітіп  жібере- 

тінін,  қанды  қайнататыны,  көзден 

жас ағызып, бойды балқытатыны, т.б. 

адамның  ішкі  жан-дүниесін  нұр- 

ландырып,  байытатындығы,  сөйтіп 

адамды  ерік-жігер  ләззатқа  бөлей- 

тіндігін айтып отыр.

Сұлтанмахмұт  адамның  ерік-жігер 

қасиеттері туралы да сындарлы пікір 

айтқан  ақын.  Оның  шығармалары- 

ТОРА

ТОРА


536

ның  кейіпкерлері  қажыр-қайратқа 

толы, әрқашан да күреске әзір, ылғи 

да іс-әрекет үстінде, көздеген мақса- 

тына  жету  жолыңда  тынбастан  қи- 

мылдап, тіршіліктің тиімді жолдарын 

іздейді, бұларда түбінде жеңіске же- 

теміз деген сенім баршылық: Тұрмыс- 

та үмітім көп жеңем деген, Жігермен 

жеңуіме сенем деген. Ырқыма жүрер 

менің қай дүние, Көнбесе өз ырқыма 

өзім денем... Менде жоқ қажу деген 

де, ашу деген, Тарығып, болымсызға 

жасу деген...

Бұл жерде ол белсенділік, қажыр-қай- 

рат, төзімділік, шыдамдылық, өзін-өзі 

билей алу, батылдық, қауіп-қатерден 

жасқанбай  қиыншылыққа  мойымау, 

т.б.  –  адамның  тамаша  еркін-жігер 

қасиеттері жайлы толғайды.

Қайрат-жігері  ерекше  күшті,  мінезі 

темірдей  берік  адам  ғана  көздеген 

мақсатына жете алады. Ақын жастар- 

ға: «жігерлі бол, жасыма, жасқанба, 

қылышпен шапса да, найза сұқса да, 

бейнеттің  сан  алуан  түрлеріне  төзе 

біл, ылғи да таудай талабың болсын 

(«Талпыну  бар,  талап  бар,  бүйткен 

адам оңады»), келешектен күдеріңді 

үзбе, ылғи да талпынып күресе бер, 

өмір  деген  толған  күрес,  тәуекелге 

бел байла да күреске түс, оны жеңбей 

қойма («Тәуекел күреске түс, бардағы 

жең»),  босқа  ынжық  болма,  жалғыз 

ғана оқумен теңелмейсің, алауыз аз- 

ған,  қоянжүрек  қорқақ  болма,  кез 

келгенге құлай берме, біреуге босқа 

алданып қалма» деп талай рет тебі- 

ренген  ғой  қайран  ақын.  Абайдың 

да,  Сұлтанмахмұттың  да  жастарға 

айтпақ ойы ортақ: олар мына дүние- 

ден  өз  орныңды  таба  біл,  адам  бол, 

қатарыңнан қалма, үнемі ілгері қара, 

жігерлі де, талапты бол, жалқаулық- 

қа,  еріншектікке  салынба,  ерінбей 

еңбек ет! Сонда ғана мұратыңа жете- 

сің,  өмірден  орныңды  табасың  дей- 

тін теңдесі жоқ ақыл-кеңестер берді.

Ақын  шығармаларында  бұдан  бас- 

қа да әр түрлі психологиялық құбы- 

лыстардың  табиғаты  сөз  болады. 

Мәселен, Сұлтанмахмұт адамның әр 

түрлі  қабілеті  мен  таланты,  мінезі 

іштен  тумайтынын,  олар  іс-әрекет 

үстінде  қалыптасатынын,  барлық 

адамның қабілеті де бірдей болмай- 

тындығы  жайлы  айтады.  «Қазақ 

ішінде  оқу,  оқыту  жолы  қалай?» 

деген  мақаласында  былай  дейді: 

«Балаларының  жайын  түсіндіріп 

реттеймін  деуге  көне  қоятын  қазақ 

па?  Біреуінің  баласы  жүйрік,  бірі- 

нікі жорға, бірінікі шабан». Осындай 

пікірді  ол  басқа  шығармаларында 

талай  рет  қайталаған  еді.  Мәселен, 

«Секілді  өмір  қысқа,  жарты  тұтам» 

деген өлеңінде: «Денеден-ақ көрініп 

тұрған  жоқ  па,  Саусақтың  алалығы 

біткен қолға», – деп ақын адам пси- 

хологиясының  кейбірі  туыстан  бе- 

рілетіндігін  астарлы  сөзбен  білдіріп 

отыр. Адамның қабілет, талантының 

түрліше  болуы  оның  тума  ерекше- 

ліктеріне де (нышандарына) тәуелді 

болып  отырғандығын  айтады.  Бірақ 

сайып  келгенде,  адамның  қабілет, 

таланты, нәтижелі іс-әрекеті бәрінен 

бұрын  өзіне,  адамның  белсенді  қи- 

мыл-қозғалысына байланысты. Сұл- 

танмахмұт  бұл  жәйтті  де  ескерген. 

Оның  «Оқу  малды  таңдамас,  зейін 

таңдар... Оқу бай, кедей, жақсы, жаман 

деп тандамайды, кім ыждиһаттанып 

ықыласын салса, оқу содан табылады» 

дейтін  пікірлері  біздің  соңғы  айт- 

қанымызға жақсы дәлел бола алады.

Ақын  ерекше  мен  беріп,  көтерген 

ТОРА

ТОРА


537

тәлімдік  мәселенің  бірі  –  жастарды 

ана тілді ардақтап, оны қадір тұтып, 

сүйе  білуге  тәрбиелеу  мәселесі.  Әр 

халықтың  ұлттық  психологиясының 

негізгі  бір  жағы  –  сол  ұлттың  тілі. 

Ұлттық тіл сол халықтың нақты та- 

рихы, оның өмірінің, сана-сезімінің, 

ғасырлар  бойы  қалыптасқан  әдет-

ғұрпының шежіресі. Кім де болса өз 

халқының  тарихын,  оның  тілін  дұ- 

рыс білмейінше, әрі жан-тәнімен сүй-

мейінше өз халқының адал перзенті, 

сүйікті ұлы бола алмайды.

Өз ұлтын, ұлттық тілін жөнді қадір- 

лемейтін  адамнан  шын  мәніндегі 

интернационалист  шығуы  да  қиын. 

Ана  тілінің  адам  психологиясынан 

алатын  орнын  жақсы  көре  білген 

Сұлтанмахмұт, оны жастарды адам- 

гершілік  пен  имандылыққа  тәрбие- 

леудің  басты  құралдарының  бірі 

деп  түсінген.  Ақын  ұғымында  ана 

тілі  туған  халқының,  өзіне  ақ  сүтін 

беріп,  әлпештеп  өсірген  анаңның 

тілі. Дүниеде анадан жақын не бар! 

Сондықтан  да  осы  тілді  қадірлеп, 

ерекше құрмет тұтқан абзал. Ана ті- 

лі – бұл өмірге жаңа ғана келген нә- 

рестенің ә дегенде еститін бірінші ды- 

бысы,  ол  жас  өспірім  жеткіншектің 

қинала  әлемді  тамашалағанда  біл- 

діретін  көңіл  күйі,  ол  бозбала  мен 

бойжеткеннің бір-бірімен табысуын- 

дағы  жүрек  тілі.  Ондай  болса,  осы 

тілді  ардақтап,  ерекше  қадір  тұту 

қажет, қандай жағдайда да адамның 

бойында  оның  рухы  сақталуы  тиіс. 

Өз ана тілінде «шүлдіреп, шолжаңдап, 

жығылып-сүрініп»  жүруге  болмай- 

ды. Тіл қайнаған қанның, тебіренген 

жанның, толғанған көңіл мен жүрек- 

тің  сығындысы,  тілде  әркез  маңыз 

және дәм болуы қажет. «Қазақ тілінде 

бастырған кітаптардың көбіне қазақ- 

тың иісі де жоқ, дені бытпырақ, қа- 

зақтағы «сіріге жамаған былғарыдай» 

деп, ақын өз ана тілін ардақтап, қадір 

тұтпайтын адамдарды аяусыз мінеп-

шенеді,  жастардың  ана  тіліндегі  са- 

уаттылығы үшін мұғалімдер мен ата-

аналар  қатты  ойлануы  қажет  дейді. 

Өршіл  де  ойшыл  ақынның  осынау 

пікірлері қазіргі тіл туралы заңның іс- 

ке асуы барысында қаншама маңыз- 

ды екендігі өзінен-өзі түсінікті.



ТОРНДАЙК  ЭДУАРД  ЛИ  (1874-

1949)  –  америкалық  психолог  және 

педагог,  бихевиоризмнің  негізін  са- 

лушылардың бірі, жануарлардың жү- 

ріс-тұрысын  эксперименттік  зерт- 

теудің  объективті  әдістемелерін  жа- 

саған  («Жануарлар  ақылы»,  1898). 

Т.  машықтар  мәселесін  зерттеуге 

елеулі үлес қосты, үйретудің бірқатар 

заңдылықтарын  бекітті,  педагогика 

және оқыту әдістемесі бойынша бір- 

неше еңбектер жариялады.



ТОРЫҒУ  –  өмірде  жолы  болмаған 

жағдайларда  күйзеліп,  түңілушілік. 

Торыққан адамда мұңаю, қорқыныш, 

үрей, ашу, ыза, долылық, өмір сүруде 

мән жоқ деп сезіну, депрессия сияқ- 

ты  сезімдер  байқалады.  Жеке  адам 

мен  әлеуметтік  топтардың  психи- 

калық  көңіл  күйінің  көрінісі.  Т.-

дың объективтік негізі – табиғи ала- 

пат  және  әлеуметтік  зілзала  (катак- 

лизм),  жазылмайтын  ауру,  жақын 

адамынан айырылу, жұмыста, шығар- 

машьшықта және жеке өмірде жолы 

болмаушылық.

Торығудың  субъективтік  көзі  –  қай- 

ғы-қасіретті  еңсеруге  деген  адам- 

гершілік-психологиялық  ұстаным- 

ТОРА

ТОРЫ


538

ның болмауы не босаңдығы, тіршілік- 

тің  жаңа  жағдайына  бейімделуге 

бастайтын  ерік-жігердің  болмауы. 

Торығудан шығудың  амалы әртүрлі: 

рухани  жаңарудан  моральдық  азуға 

дейін,  өмірдің  қызығынан  күдер 

үзуден, өзін-өзі өлтіруге дейін.

Психикасы  тұрақсыз  жастар  мен 

жасөспірімдер  болар-болмас  сәтсіз- 

діктің өзінен тез торығады. Т. сезімін 

бастан кешіріген адамдарға әлеумет- 

тік  қолдау,  психотерапевт-маман- 

дардың  көмегі  қажет.  Австриялық 

психиатр  Н.Франкл  жасаған  лого- 

терапия  терапиясы  мен  практикасы 

адамдарға  өмірдің  мәнін  қайта  ұғы- 

нуға көмектеседі. Былайғы тіршілік- 

те  торығудан  арылу  үшін  достық 

қарым-қатынас пен моральдық қолдау 

жеткілікті болатын жағдайлар көп.

ТөЛЕ БИ (1663-1756). Ұлы жүздің 

төбе биі. Оның мақал-мәтелге айнал- 

ған  толғауларында  психологиялық 

мәні  терең  тіркестер  баршылық. 

(«Біліп  айтқан  сөзге  құн  жетпейді, 

Тауып айтқан сөзге шын жетпейді», 

«Өзің  білмесең  білгендерден  үйрен, 

үйренгеннен  ештеңең  кетпейді», 

«Жүзге  бөлінгеннің  жүзі  күйсін», 

«Әділ болса – әкім шырақ...» «Әділдігі 

болмаса әкім ит, Ақылсыз болса әйе- 

лің ит, Аяңсыз болса – атың ит», «На- 

данға  көзіңді  салма  –  сағың  сынар, 

Досыңа өтірік айтпа – сенімің кетер, 

дұшпанға  сырыңды  айтпа  –  түбіңе 

жетер»  т.б).  Төле  би  адам  мінезінің 

сан алуан жақсы, жаман қасиеттерін 

де талдайды. «Жасы кіші демеңдер, 

ақылы озса аға ғой...», «Ауылыңның 

таңы бол, маңдайындағы бағы бол», 

«Ұқпасқа  айтқан  сөз  жетім...»,  «Ба- 

лаң  жақсы  болса,  жан  мен  тәннің 

шырағы...»,  «Екі  досты  айырған 

түбінде  өзі  оңбайды,  Өзіңнен  туған 

ұл  мен  қыз  сыйламаса  сол  қайғы», 

«Жаңбыр болмаса – сөз жетім... Бас- 

шы болмаса – ел жетім... Ұқпасқа айт- 

қан  сөз  жетім...»,  «Атадан  ұл  туса 

игі, Ата жолың қуса игі, Өзіне келер 

ұятын,  Өзі  біліп  тұрса  игі,  Жаудан 

бұққан немені, Ортасынан қуса игі», 

«Шешендіктен не пайда, артында сө- 

зі қалмаса.... Хандықтан да пайда жоқ, 

қара  шашын  жалмаса,  Молшылық- 

тан  пайда  жоқ,  шарапатты  өзгертіп 

надандарды алдаса т.б.



Т-ТОП  (әлеуметті-психологиялық 

тренинг  тобы)  –  әлеуметтік-психо- 

логиялық  тренинг  жүргізетін  адам- 

дардың  арнайы  тобы.  Мұндай  топ- 

тың мақсаты – қатысушылардың тұл- 

ғааралық икемділіктер мен дағдыла- 

рын  дамыту,  тұлғааралық  қатынас- 

тардың нәтижелігіне кері әсерін ти- 

гізетін  психологиялық  кедергілерді 

жою.


ТРАЙБАЛИзМ  –  рулық  тайпалық 

негізде оқшаулануға ұмтылу. Т. прин- 

циптеріне негізделген топтар (кландар) 

саяси және экономикалық өмірге бел- 

сенді араласады.

ТРАНС (франц. transir – сілею, мел- 

шию) – сананың бұзылуы, айналада- 

ғы  жағдаятты  және  өз  қылықтары- 

ның мақсаттарын ұғынбай мінез-құ- 

лықтың  күрделі  актілерін  бірнеше 

минут бойына не одан да ұзақ уақыт 

автоматты түрде атқарудан көрінеді. 

Мысалы,  Т.  күйінде  адам  кенеттен 

жүгіре жөнелуі, күрделі ырғақты қи- 

мылдар мен қозғалыстарды қайталай 

бастауы мүмкін. Кейде ол ұзақ уақыт 

ТөЛЕ

ТРАН


539

бойы  ел  аралап  сапарға  шығып  ке- 

туі ықтимал. Т.-тың басталуы да, аяқ- 

талуы да кенеттен болады. Бұл кезең 

туралы  есінде  ештеңе  қалмайды, 

Т.  кезіндегі  адамның  жүріс-тұрысы 

айналасындағыларға  жөн-жосықты 

болып көрінуі мүмкін, ол қарапайым 

сұрақтарға жауап бере алады, үйрен- 

шікті әрекеттерін орындайды. Т. нев- 

роздар кезінде, эпилепсия ұстағанда 

және басқа да кейбір психикалық ау- 

рулар кезінде байқалады.

ТҰҚЫМҚУАЛАУШЫЛЫҚ  –  ата-

анасынан  ұрпақтарына  қандай  да 

бір белгілердің, ерекшеліктердің бе- 

рілуі. Ұрпақтардың биологиялық са- 

бақтастығы. Әрбір түрге тән морфо- 

логиялық,  физиологиялық  және  т.б. 

ерекшеліктердің тұрақтылығын қам- 

тамасыз  етеді,  сол  арқылы  түрлер 

арасындағы айырмашылықтарды, ал 

түрлердің ішінде түрдің жеке мүше- 

лері  арасындағы  айырмашылықты 

сақтайды.

Т.-тың материалдық тасымалдаушы- 

лары  гендер  –  молекулалары  орга- 

низмнің  барлық  жасушаларының 

хромосомаларында  бар  дезоксири- 

бо-нуклеин  қышқылдарының  бөлік- 

тері  болып  табылады.  Барлық  ген- 

дердің  жиынтығы  сол  организмнің 

генотипін,  яғни  ата-анасының  ұрпа- 

ғынан  алынған  тұқым  қуалайтын 

факторлардың  жиынтығын  түзеді. 

Жаратылыс заңдылықтарына сәйкес, 

әрбір  адамның  бірегей  генотипі,  яғ- 

ни  әрбір  кісінің  қайталанбас  ерек- 

шелік қасиеттері оның тұқымқуалау- 

шылығында  күн  ілгері  белгіленген 

болып  шығады.  Алайда  кез  келген 

ген  өзіне  сәйкес  орта  болғанда  ғана 

белсендіріледі. Олай болмаса, геннің 

белсенділігі мүлдем көрінбей қалуы 

немесе күрт төмендеуі мүмкін. Гено- 

тип  пен  ортаның  өзара  әрекетінен 

фенотип – сырттай бақыланатын ана- 

томиялық,  физиологиялық  және  т.б. 

белгілердің нақты көріністері түзіле- 

ді. Психиканың жеке ерекшеліктері- 

нің қалыптасуы үшін маңызды орта 

әсерлері де әрбір адам үшін ерекше 

болады.


Т.-пен  ортаның  әсер  ету  арақатына- 

сын анықтау үшін генетикалық әдіс- 

тер:  популяциялық,  генеалогиялық, 

егіздік  әдіс,  асыранды  балалар  әді- 

сі  қолданылады.  Егіздік  әдіс  –  пси- 

хогенетиканың,  негізгі  әдістерінің 

бірі;  генотиптік  және  орта  фактор- 

ларының  адамдардың  психология- 

лық  ерекшеліктерінің  қалыптасуы- 

на  әсер  етуін  зерттейді.  Бұл  сала- 

да  жоғары  психикалық.  функцияға, 

темпераментке жататын психология- 

лық  ерекшеліктер  зерттелді.  Алын- 

ған мәліметтер нәтижесінде адамдар 

арасындағы көптеген психологиялық 

айырмашылықтар  тұқым  қуалау 

факторларына  байланысты  екені 

анықталды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет