5
тақырып бойынша білімдерін байытуға арналған. Мұғалім
бұл тапсырмаларды сабақта деңгейлік тапсырмалар беру
кезінде қосымша тапсырма ретінде пайдалануына болады.
Мұғалім естімейтін оқу шылардың жеке даму ерекшелігіне
қарай кейбір тап сырмаларды өз қалауындағыдай өзгерте
алады, бірақ оларды әзірлеуде оқу бағдарламасының тиісті
тарауында берілген оқыту мақсатынан ауытқымау керек.
Мұғалім математика сабағында сыныптық, топтық және же-
келей жұмыс тапсырмаларын орындатуға тиісті.
ОӘК-нің базалық білім мазмұны оқу бағдарламасында
көрсетілген мынадай ортақ тақырыптардан тұрады:
1. Өзім туралы
2. Менің мектебім
3.
Менің отбасым және достарым
4. Бізді қоршаған әлем
5. Саяхат
6. Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті
7. Тағам және сусын
8. Дені саудың – жаны сау.
Осы тақырыптарға сәйкес тапсырмалалар, математика
сабағында естімейтін оқушылардың ой-өрісін, зердесін,
зейінін, шығармашылық қиялын, танымын, сөйлеу тілін, есту
қабілетін және сыни тұрғыдан
ойлау қабі ле тін дамытуда
маңызды рөл атқарады. Оқулық пен жұмыс дәптерлерін де
берілген тапсырмалар есті мейтін баланың логикалық ойын,
сыни тұрғыдан ойла уын, сөйлеу тілі мен есту қабілетін да-
мытып, өзіндік іс-тәжі рибелік іскерліктері мен дағдыларын
қа лып тасты руға бағытталған.
0-сыныбының алғашқы сабақтарынан бастап гео мет-
риялық материалдарға арнайы көңіл бөлінеді. Заттар дың
өлшеміне қарай салыстыру барысында оқушылардың
кеңістік туралы түсінігін қалыптастыруға дайындық жүр-
гізіледі. Осында қарастырылған геометриялық фи гура-
лар арифметикалық амалдардың мағынасын түсіндіру,
6
есептің мазмұнын бейнелеу (иллюстрация) үшін және
санау материалы ретінде пайдаланылады. Сол сияқты
геометриялық фигуралардың қасиеттері анықталып,
олар дың элементтерінің
арасындағы қатынастарды пай-
далануға арналған жаттығулар орындалады. Мысалы,
саны
бірдей берілген геометриялық денелерді көрсет, гео
метриялықденелердіата,боя,суретінсал т.с.с. Осын дай
тапсырмалар геометриялық материалдармен жүргізілетін
практикалық жұмыстармен (фигураларды сызып, қиып,
бояп дайындау, айналадағы ортадан, берілген суреттерден
геометриялық фигураларды айы рып тану, өлшеу, сызу)
жалғасады. Бұл жұмыстар бала лардың ой-еңбегін жан-
дандыруға бағытталып, берілген тапсырмаларды орын-
даудың тиімді тәсілдерін өздігінен ізденіп табуын көздей-
ді. Өзіндік жұмыстардың түрлері (оқулықпен, үлестірме лі
материалдармен жұмыс істеу, өлшеуге,
салуға және
есеп теуге байланысты іс-тәжірибиелік жұмыстарды орын-
дау; өзінің немесе жолдастарының қатесін іздеп табу,
жауапты толықтыру «математикалық жұмыс» дәптердегі
тапсырмаларды орындау, қажетті көрнекі және т.б. құрал-
жабдықтар жасау т.с.с.) оқушылардың жас ерекшеліктеріне,
оқу деңгейіне байланысты таңдалып алынады.
Сабақтар көрнекі құралдармен қамтамасыз етілуі қажет.
Көрнекі құралдар анық боялған, тапсырмалар сұранысына
сай болғаны жөн. Оқушыларға күнделікті пайдаланып жүр-
ген, өздеріне таныс заттармен тапсыр малар орындату қажет.
Берілген ортақ тақырыптар және оқулық пен жұмыс
дәптеріндегі тапсырмалар бір-бірімен тығыз байланыс ты
алынған. Мысалы: «Өзім туралы» ортақ тақырып бойы н-
ша алынған тапсырмалар
бөлмедегі заттарды атай білу,
салыстыру, оның неге қажеттілігін білу, дактиль әліпбиін
пайдаланып сөз құрастырып айтуды, сұрақтарға қысқаша
және толық жауап беруді үйрету, заттарды салыстыру
арқылы не көп, не аз екендігін айта білуді қалыптастыруға
7
бағытталып берілген. Сабақ та пайдаланылатын заттарды
оқушылар көріп қана отырмай, қолдарына ұстап көруі
керек. Балалар көптеген сөздерді айтып жүрсе де, кей
сөздердің мағынасын анық білмейді.
Сөзді айналадағы
заттармен байланысты ра алмайды. Ол үшін әр жасаған
іс-әрекет сөзбен қоса айтылып отыруы керек. Естімейтін
оқушылардың іс-әрекеттерін түсініп орындағанын талап ету
қажет. Әрбір оқушының оқу деңгейіне байланысты олардың
сабақ үлгерімі де әртүрлі болады.
Оқулық бағдарламаның «Санға дейінгі түсініктер», «Сан-
дар және шамалар», «Геометрия элементтері», «Мате-
матика лық модельдеу» бөлімшілерінен құрастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: