Қ. Мырзалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп «Ана өмірдің шуағы» 4 «В» сынып


— оқушы Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (сұлу, көркем)



бет12/13
Дата28.06.2023
өлшемі66,33 Kb.
#103620
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Ана омирдин шуагы

3 — оқушы

  1. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (сұлу, көркем)

4 — оқушы

  1. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2: жуан, жіңішке)

5 — оқушы

  1. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады? (жұрнақ)

ІІ айналым «Ойлан, тап»
Бұл кезеңде ұлы ақын-жазушыларымыздың шығармаларынан үзінділер беріледі. Әр оқушыға 1 шығармадан үзінді (өлең, әңгіме) беріледі. Үзіндіні оқып, шығарманың атын және авторын табу. 2 минут уақыт беріледі. 10 ұпай қойылады. (Әр оқушыға тапсырманы беремін, дайындалуға уақыт беріледі).
1-оқушы

  1. Кей адам әдет қылған киікті атып,

Мүйізін пайда қылып шетке сатып.
Сандалған бір киікке ұшырастым,
Бір жылы бетпақ шөлде келе жатып.
( «Ақсақ киік» өлеңі. С.Сейфуллин)
2-оқушы
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
(«Қыс». А.Құнанбаев)
3-оқушы

  1. Өнер, білім бар жұрттар,

Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып-жұмғанша
Жылдам хабар алғызды.
(«Өнер, білім бар жұрттар». Ы.Алтынсарин)
4-оқушы
1.Шықшы тауға, қарашы кең далаға,
Мәз боласың, ұқсайсын жас балаға…
(Касым Аманжолов «Туған жер»)
5-оқушы
3.Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр,мылқау танымас тірі жанды.
Үсті – басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
(«Қыс». А.Құнанбаев).
ІІІ айналымды бастаймыз «Айшықты сөздер»
Бұл айналымда бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі. Барлық оқушыға ортақ сөз тіркесі беріледі. 1 ұпай беріледі. Ойланып, мағынасын айтуларың керек.
1.Төбесі көкке жетті (қуанды)
2. Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ)
3. Қой аузынан шөп алмас (жуас)

  1. Қабағынан қар жауды (ашуланды)
    5. Бетінен оты шықты (ұялу)
    6. Ит өлген жер (алыс)

  2. Төбе шашы тік тұрды (қорықты)
    8. Көзді ашып-жұмғанша (тез, лезде)
    9. Таяқ сілтем жер (жақын)

10.Жүрегі тас төбесіне шықты (қорықты)
11.Қас пен көздің арасында (тез, жылдам, лезде)
12.Ат құлағында ойнайды (шабандоз) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет