Қорытынды сөз.
Оқушы білімін бағалау.
Үйге тапсырма. Шығарма: “Ілияс – ірі эпик
ақын”.
Сұлушаш ҚАЛАБАЕВА,
Шыңғырлау колледжінің
оқытушысы
4
Жайық ұстазы
13 тамыз, 2014 ж.
** Сабақтан тыс жұмыстар **
Рухани адамгершілік тәрбие құралы
А қ ы н д ы қ
ө н е р д і ң қ ұ л а г е р і
Қобдиша жасау технологиясы
*** Ағашты пайдалану ***
Ақын оқыған
Натурал сандарды жай көбейткіштерге жіктеу
** Тәжірибе бөлісемін **
*** Қазақ әдебиеті, 11-сынып ***
Орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский:
«Балаларға берілген тәрбиенің негізі
халықтың құңдылықтарынан тұрмаса, он-
дай тәрбие ешқандай нәтиже бермейді» де-
ген екен.
Біз Қазақстанда тұрамыз, сол себеп-
тен халықтың дәстүрі мен өнерін зерттеу
рухани-адамгершілік тәрбиенің манызды
бөлімі болып табылады.
Мен кәсіби ісімде көбінесе бейне-
леу өнері,технология, музыка, әдебиет
пәндерін өзара кіріктіру әдістерін пайдала-
нып, сабақтан тыс уақыттарда балалармен
қосымша жұмыс жүргіземін.
Оқушылармен жүргізген «Ұлттық киім»,
«Ою өрнек», «Халық шеберлері», «Пей-
заж жанры» тақырыбындағы сабақтарда,
халықтың қолөнері мен табиғаты ту-
ралы түсініктерді ақындардың өлеңдерін,
музыкалық шығармаларын байланыстырып,
олардың бейнелі түрде ойлау қабілеттерін,
іскерлігін дамытумен қатар, туған елге деген
сүйіспеншіліктерін арттыруға тырыстым.
Пейзажды орындауда кеңістік, композиция
заңдылықтарын үйрете отырып, практикалық
кезеңдердің өтілу кезінде қазақтың ұлы ақыны
Абайдың өлеңдерін, дәстүрлі әндерін және
де Еуропа композиторларының классикалық
шығармаларын тыңдаттым. Жас суретшілер
эмоциялық әсер алып, шабыттары көтеріліп,
нәтижесінде олардың кескіндемелері сәтті
аяқталды.
Анималистік жанр туралы түсініктерді
кеңейту мақсатында жануарлардың бейнесін
сомдауда музыка мен биология пәндерінің
аралық байланысын орнатамын. Мысалы,
киіктің бейнесін орындауда оқушылар оның
пластикалық анатомиясын зерттеп, қазақ ком-
позиторы Ықыластың «Жез киік» атты күйін
тындайды. Күйді тыңдау процесінде оқушылар
жез киіктің шабысын, дене қозғалысы мен түс
ерекшелігін елестетіп, ойларында пайда болған
бейнені жазықтыққа паш етуге тырысады.
Сабақтан тыс шараларының маңызды
компоненті «Шығармашылық сәттер фестивалі»
шеңберінде бейнелеу өнері, экология, өлкетану,
тарих бағыттары бойынша оқушылар туған
жерін жан-жақты зерттеп, шығармашылық жоба-
лар қорғайды. Топтық жұмысты орындау бары-
сында балалар бір мақсатқа жету үшін біріккен
іс атқарады. Оқушылардың қызығушылығы өз
нәтижесін береді.
Жас суретшілер сабақтан тыс үйірме оты-
рыстарында мектепішілік шараларды безендіру,
кейіпкерлердің киім үлгілерін тігуде тарихтың
сырларына үңіліп, зерттеу жұмыстарын
жүргізеді. Сақ патшайымы, батырлар мен
серілердің киім үлгілері мен декорациялар орын-
дауда өнердің түрлері және бағытарымен таны-
сады.
Оқушылардың рухани өсуін қалыптастыратын
әдістердің бірі - көрмелер мен байқауларға
қатысуы, биік шыңдардан көрінуі олардың өздеріне
деген сенімділіктерін арттырып, қабілеттерін
одан әрі қарай дамытуға мүмкіндік береді.
Шығармашылықты арттыратын пішімдердің бірі
бинарлық сабақтарды ұйымдастырып өткізу.
Бинарлық сабақ - пәнаралық байла-
нысты жүзеге асыратын пішім. Дәстүрлі
емес сабақтардың түрі. Сондықтан жас
суретшілердің талғамын тәрбиелеп, әр түрлі
пәндердің мұғалімдерімен бірлесе отырып,
эстетикалық пәндерді беретін мұғалімдердің
ынтымақтастығын дамыту қажет. Ұстаздың
міндеті - жоғары мотивация негізінде оқушының
танымдық қабілеттерін белсендіру.
Сабақ және сабақтан тыс уақыттағы оқу-
тәрбие жұмысы жаңа технологияларға то-
лы, қайраткерлік сипатта жүзеге асы-
рылса, оқушылардың рухани адамгершілік,
отансүйгіштік қасиеттерін сақтауға және қоғамда
өз орындарын табуға көмектеседі.
Әлима ИСМАҒҰЛОВА,
Ғабит Сарыбаев атындағы
ЖББОМБ,
Жәнібек ауданы
Мақсаты: 1. Натурал сандарды жай
көбейткіштерге жіктеуді үйрету. 2. Оқушылардың
танымдық ізденістерін логикалық ойлау
қабілеттерін дамыта отырып, ой-өрістерін кеңейтуге,
шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіндік жа-
сау. 3. Ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, дәлдікке,
шапшандыққа және өзін- өзі басқаруға тәрбиелеу.
Әдісі: Жаңа материалды меңгерту.
Көрнекілігі: плакат «Кім 5-ке жетеді?» , «Кім
мерген?»
Сабақтың барысы: а). ұйымдастыру
(оқушылардың сабаққа қатысуын, даярлығын тек-
серу). ә). сабақтың өту әдісін түсіндіру.
Сабақтың жоспары:
І. Ой толғау сәті. Сұрақ-жауап.
ІІ. Жаңа материалды меңгерту.
ІІІ. Кім мерген?
ІҮ. Кім тапқыр?
Ү. «Кім 5-ке жетеді?»
ҮІ. Сабақты қорытындылау. (оқушыларды
білімдеріне қарай бағалау. Үйге тапсырма беру)
І. Ой толғау.
1. Санның бөлгіші дегеніміз не?
2. Санның еселігі дегеніміз не?
3. Қандай сандар жай сандар деп аталады?
4. Қандай сандар құрама сандар деп аталады?
5. Сандардың 2-ге бөлінгіштік белгісі.
6. Сандардың 5-ке бөлінгіштік белгісі.
7. Сандардың 10-ға бөлінгіштік белгісі.
8. Сандардың 3-ке бөлінгіштік белгісі.
9. Сандардың 9-ға бөлінгіштік белгісі.
10. Қосындының санға бөлінгіштік белгісі.
ІІ. Жаңа материалды меңгерту.
1. Мақсат қою.
Берілген құрама сандарды жай сандардың
көбейтіндісі түрінде жазыңдар.
6= 2*3 15= 3*5 20= 2*2*5
Құрама санды жай көбейткіштерге жіктеу оны
тек жай сандардың көбейтіндісі түрінде жазу.
Құрама сан жай көбейткіштерге жіктеудің екі
тәсілі бар.
1-тәсіл. Берілген құрама сан екі көбейткіштің
көбейтіндісі
түрінде
жазылады.
Егер
көбейткіштердің ішінде құрама сан болса, онда ол
жай сандарға жіктеледі.
84=4*21=2*2*3*7 84=6*14=2*3*2*7=2*2*3*7
˄ ˄ ˄ ˄
2 2 3 7 2 3 2 7
2- тәсіл. Натурал сандардың бөлінгіштігін пай-
даланып, құрама сандардың жай көбейткіштерге
(өсу ретімен) баған түрінде жіктеу.
40 2 40;2=20 Құрама жай көбейткіштер
20 2 20;2=10 сан
10 2 10;2=5 40 = 2*2*2*5
5 5
1
Құрама сан өзі жіктелген жай көбейткіштердің
көбейтіндісіне тең.
40 = 2*2*2*5; 2*2*2*5= 40;
40 = 2*2*2*5 = 23 *5
Құрама санды жай бөлшектерге жіктегенде,
ондағы қайталанатын көбейткішті
ІІ. Кім мерген?
№265. Құрама сандардың жай көбейткіштерге
жіктелуі бойынша:
а= 2*7*13 у= 2*7*11.
в= 5*7*11 m= 3*5*7
c= 3*7*11 n= 5*11*13
d= 2*3*11 k= 2*3*19
х= 3*7 *13
Қай құрама сан 1/2- ге 2/3- ке 3/5- ке бөлінеді.
2- ге бөлінетін сандар: а , d, y, k.
3- ке бөлінетін сандар: с, d, х, m, k.
5- ке бөлінетін сандар: b, n.
Ү. Кім тапқыр?
1/ а= 5*7*13 в= 7*13 а: в = 5
2/ а= 11*13*41 в= 1*41 а: в = 13
3/ а= 7*3*19 в= 7*19 а: в = 3
4/ а= 2*2*41 в= 2*41 а: в = 2
5/ а= 3*3*29 в=3*29 а: в = 3
6/ а= 2*11*37 в= 2*37 а: в = 11
ІҮ. Кім 5-ке жетеді?
88 =2
3
* 11 246= 2*3*41
222= 2*3*37 435= 3*5*29
385=5*7*11 555=3*5*37 136=2
3
*17 530=2*5*53
ҮІ. Рефлекция.
1.Сабақта саған қалай болды?
- жеңіл; - бірқалыпты; - қиын.
2. Берілген материалдарды қалай меңгердің?
- толық меңгердім, қолдана аламын.
-меңгердім, бірақ қолдана алмаймын.
- аздап меңгердім
- мүлдем меңгерген жоқпын
ҮІІ . Қорытындылау. Үйге тапсырма: №263
Сара ТІЛЕГЕНОВА,
Кеңсуат ЖББОМ,
Ақжайық ауданы
Сабақ мақсаты: Білімділік: оқушыларды
қобдиша жасау технологиясымен таныстыру, әр түрлі
материалдарды үйлесімді пайдалануарқылы шеберлік
денгейін арттырып, әсемдік пен сұлулықты бағалай
білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық
қабілетін, ізденімпаздығын және сабаққа деген
қызығушылығын ояту.
Тәрбиелік: оқушыларды өз бетінше жұмыс
жасауға үйрету, материалды үнемді пайдалана от-
ырып, лайықты түстерді таңдау арқылы
эстетикалық қабілеттерін дамытуға,
ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: теориялық, сарамандық.
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: қобдишаның
жасалған үлгісі, жасалу технологиялық
нұсқауы, еңбек құралдары, желім жаққыш,
гуашь, әр түрлі ағаш бөлшектері, сызғыш,
қарындаш.
Пән аралық байланыс: геометрия, сызу,
бейнелеу, өзін-өзі тану.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
2. Өткен сабақты қайталау: үй тапсырма-
сын сұрау және қорытындылау, бекіту.
3. Жаңа сабақ: Кіріспе. Тұрмыстағы
қобдишаның қажеттілігі туралы, оның түрлері
туралы.
Теория бөлімі: бұрын халқымыз ғылым
мен білімге қолы жетпесе де, сұлулық пен
әсемдікті таңдай білген.
Қазақ халқының қолөнері – халықтық
мәдениет пен өнердің айқын көрінісі. Осы
кезге дейін халқымыздың өмірінде ағаштан
жасалған үй бұйымдары ерекше орын алады.
Ағаш өңдеуді кәсіп еткен шебер өндіретін
бұйымдарын әр түрлі бұйымдар жасай білді.
Әр шебер өзінің мүмкіндігіне қарай үй
бұйымдарын асқан шеберлікпен көркемдей
білген. Осындай шеберліктен туындаған,
қазақ арасына кең тараған – ағаштан жасалған
қобдиша. Ол Қазақстанның бәрлық аймағында
кең таралған. Ол барлығымыздың қажетімізге
жарайды, сондықтан біз бүгін сол қобдишаны
өзіміз жасаймыз. Бүгінгі сабағымызда
қобдиша жасау технологиясымен танысамыз.
Жасалу тәртібімен таныстыру: 1.
Қобдиша жасауға қажетті ағашты таңдаймыз,
оған жеңіл, жұқа, жарығы, бұтағы жоқ ағаш
таңдаймыз. Бұл тек қабырғаларына қажет.
Төбесіне, астына қалдық ДВП, фанера ма-
териалын қолдануға болады. Енді әр топ
тақтадағы қобдишаның жасалу технологиясы
бойынша ұйымшылдықпен жұмыстанамыз.
Ең алдымен технология сызба үлгі бойынша ағашқа
өлшем түсіру. Одан кейін белгіленген бұйымдарды
кесіп әзірлеу, сүргілеу және бөлшектерді желіммен
құрастырып бекіту кезінде мұқият орындалу қажет.
Қобдишаны құрастырғаннан кейін гуашпен бетін бо-
яп бейзендіру жұмысына кірісу. Оқушылар өз ойла-
рымен әр түрлі ою өрнектер салуға болады.
Сабақты қорытындылап, бағалау.
Жақсы жұмыстарды көрмеге ұсынуға
оқушылардың өздеріне таңдатып, мадақтау.
Үйге тапсырма: Жасалуы осы технологияға
ұқсас бұйым жасау.
Қобдиша жасау технологиясының нұсқау кар-
тасы.
Табиғат ҚҰРМАНҒАЗИЕВ,
Ғ.Молдашев атындағы ЖББОМ,
Казталов ауданы
5
13 тамыз, 2014 ж
.
Жайық ұстазы
С
т у д е н т т і к ө м і р -
е ң қ ы з ы қ т ы с ә т
Ү з д і к т а р и х ш ы л а р
а н ы қ т а й д ы
Х а т т а р , х а
т т а р . . .
Қоғамдық пәндер бойынша
секциялық отырыстар
Батыс Қазақстан облыстық білім
басқармасының мектепке дейінгі,
жалпы орта, техникалық және
кәсіптік білім беру ұйымдарының
облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің
ұйымдастыруымен 2014 жылдың 7 та-
мызында облыстық дарынды балаларға
арналған мамандандырылған мектеп-
интернаты базасында облысымыздың та-
рих пәні мұғалімдері арасындағы «Ең үздік
тарих пәнінің мұғалімі-2014» байқауы
өткізілді.
Байқаудың мақсаты - тарих пәнінің
мұғалімдері арасында инновациялық және
кәсіби маңызды іс-тәжірибелерді анықтау
және қолдау,педагогикалық бастама-
ларды қолдау, инновациялық техноло-
гияларды енгізу, білім беру жүйесіндегі
мұғалімнің әлеуметтік белсенді және
кәсіби келбетін қалыптастыру мен
мәртебесін көтеру, шығармашылықпен
жұмыстанатын мұғалімдерді анықтау
және қолдау, мұғалім мамандығының
абыройын дәріптеу,мұғалімнің кәсіби
деңгейін көтеруді ынталандыру.
Байқауға аудандық, қалалық кезеңде
жеңімпаз атанған 14 қатысушы сынға
түсті. Байқау 3 кезеңнен құралды.
1 кезең «Мен-тарихшымын» деп атал-
ды, бұл кезеңде қатысушылар өздерін
таныстырды, екінші кезең «Менің
педагогикалық табысымның формула-
сы» деп аталды, бұл кезеңде мұғалімдер
өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті,
үшінші кезең «Эрудит» деп атал-
ды, бұл кезеңде мұғалімдерге оқыту
әдістемесі мен білім беру саласындағы
нормативтік-құқықтық актілер бой-
ынша тест сұрақтары берілді. Байқау
қорытындысы бойынша Бас жүлдені
Сырым ауданы, Қ.Мырзалиев атындағы
жалпы орта білім беретін мектебінің
тарих пәнінің мұғалімі Арыста-
нов Мұқат Қайыржанұлы жеңіп алды.
Бірінші орын Казталов ауданы Қараоба
мектеп-гимназиясының тарих пәнінің
мұғалімі Кайсагалиева Рысты Жүнісқызы
өз қанжығасына алды. Екінші орынды
Қаратөбе ауданы Қаратөбе мектеп-
гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі
Баймулдина Айнұр Асылбекқызы жеңіп
алды. Үшінші орындарды Тасқала ау-
даны Аманкелді жалпы орта білім
беретін мектеп-балабақшасының та-
рих пәнінің мұғалімі Владимирова Жа-
дыра Владимировқызы және Бөрлі ауда-
ны Ақсай қаласы № 6 жалпы орта білім
беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі
Серікбаева Жұлдыз Нұрланқызы иеленді.
Байқаудың қазылар алқасының құрамында
- М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан
Мемлекеттік Университеті, тарих және
құқық факультеті аға оқытушысы, тарих
ғылымдарының кандидаты, «Қазақстан
тарихы» ғылым орталығының жетекшісі
Ж.Ж.Жақсығалиев, мектепке дейінгі, жалпы
орта, техникалық және кәсіптік білім беру
ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік
кабинетінің директоры А.О. Хамзина,
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық
орталығы» акционерлік қоғамының фи-
лиалы «Батыс Қазақстан облысы бой-
ынша педагогикалық қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институты»
мұғалімнің кәсіби дамуын инновациялық-
педагогикалық қолдау кафедрасының
оқытушысы Г.Е.Таскалиева мүшелік
етті.
Байқауға қатысушылар облыстық
білім басқармасының дипломдарымен, сер-
тификаттар және бағалы сыйлықтармен
марапатталды.
Байқау барысында қатысушылар
өз шығармашылық шеберліктерімен
әділқазылар мен көрермендерін таң
қалдырды.
Мұғалімдердің тамыз кеңесі аясында
Мектепке дейінгі, жалпы орта,
техникалық және кәсіптік білім беру
ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік
кабинетінің ұйымдастыруымен 2014
жылдың 7 тамызында облыстық дарын-
ды балаларға арналған мамандандырылған
мектеп-интернаты базасында «Білім
берудің инновациялық стратегиясы-
мемлекеттің, қоғамның және же-
ке тұлғаның тұрақты даму факторы»
тақырыптағы облыстық педагогикалық
кеңес аясында қоғамдық пәндер
мұғалімдерінің «Қоғамдық пәндерді
оқытуда белсенді және интербелсенді
әдістерді қолдану
–
тұлғаның басты
құзыреттіліктерін дамыту және табысты
әлеуметтендіру факторы» тақырыбында
секциялық отырысы өткізілді.
Секция жұмысы мектепке дейінгі,
жалпы орта, техникалық және кәсіптік
білім беру ұйымдарының облыстық оқу-
әдістемелік кабинетінің директоры
А.О.Хамзинаның құттықтау сөзімен
басталды.
Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің
мектепке дейінгі және жалпы орта білім бе-
ру бөлімінің тарих және қоғамдық білімдер
негіздері пәндері бойынша әдіскері Д.Шакаева
2013-2014 оқу жылында облыстық оқу-
әдістемелік кабинетінің тарих және
қоғамдық білімдер негіздері пәндері бойынша
атқарылған жұмыстарының есебін берді.
Секциялық
отырыс
барысын-
да облысымыздың тәжірибелі тарих
пәнінің мұғалімдері өз іс-тәжірибелерімен
бөлісті. «Оқушылардың дарындылығын
арттыру жолдары» шеберлік класымен
облыстық дарынды балаларға арналған
мамандандырылған мектеп-интернатының
тарих пәнінің мұғалімі Альмуханов Асқар
Сатыбайұлы бөлісті. Теректі ауданы
Ұзынкөл ЖББОМ тарих пәнінің мұғалімі
Иксанова Лариса Мұратқызы «Қазақстан
тарихы бойынша жіберілетін типтік
қателерді түзету – ҰБТ кезінде білім са-
пасын көтерудің бір жолы» тақырыбында
маңызды мәселелерді қозғады, «Стимули-
рование правовой грамотности учащих-
ся на уроках основы права» Жаңақала
ауданы Жаңақала ЖББОМ тарих
пәнінің мұғалімі Алиев Саид Зохрабұлы,
«Оқушылардың ҰБТ және КТ сынағына
дайындаудың құрылымы» Орал қаласы №23
ЖББОМ тарих пәнінің мұғалімі Добряева
Марина Николаевна, «Тарих сабақтарында
оқушылардың шығармашылық қабілеттерін
қалыптастыру жолдары». Бөрлі ауданы
Ақсай қаласы №3 ЖББОМ тарих пәнінің
мұғалімі Капанова Гүлайым Ерсайынқызы,
«Қоғамдық пәндерді оқыту кезінде
белсенді әдістерді қолдану ерекшеліктері».
Шыңғырлау ауданы Л.Қлышев атындағы
Шилі ЖББОМ тарих пәнінің мұғалімі
Камыспаева Кенжегүл Бисембайқызы,
«Дінтану негіздері курсын оқытуда
ақпараттық-коммуникативтік технологи-
яларды қолдану» тақырыбымен Зеленов ау-
даны Переметное ЖББОМ тарих пәнінің
мұғалімі Дакешева Ақзила Батырханқызы
ой бөлісті.
«Белсенді технологияларды қолдану
арқылы білім сапасын арттыру»
тақырыбында облыстық дарынды балаларға
арналған қазақ-түрік лицейінің тарих
пәнінің мұғалімі Кенжеалиева Ботагөз
Сағындыққызы және Орал қаласы №21
ЖББОМ тарих пәнінің мұғалімі Мути-
гуллина Толқын Жасталапқызы коучинг
ұйымдастырды.
Секциялық отырыс 2014-2015 оқу жы-
лына арналған ұсынбаларды қабылдап,
бекітті.
Д.ШАКАЕВА,
МДЖОТжКББҰООӘК әдіскері
Ұстаздық қызмет шәкірттерімен
қызықты. Мен жетекшілік ететін топ –
1а РДО (Мектепке дейінгі тәрбие және
оқыту мамандығының 1 курс орыс тобы).
Менің тобым бір отбасының балаларын-
дай өте бауырмал, ауызбіршілігі мол.
Бұған тіпті топтағы әр студенттің әр түрлі
мінезі, өмірге деген көзқарастарының
әр түрлілігі кедергі келтірер емес. Олар
дамып келеді, биіктерге ұмытылуда, бәрі
бір ұжым болуға, топтың қиындығын
шеше алатындай қабілетті болуға ты-
рысып келеді. Ол үшін барлық іске
өздерінің күш-жігерлерін, білімдерін са-
луы қажет. Бұл топта оқитын студенттер
өздерінің өмірлік мамандықтарын дұрыс
таңдады деп ойлаймын,
себебі бұл істі болашақта
жандандырмақ ойлары да
бар.
Тәрбиеші – бұл
балаларға қоршаған орта-
ны тануға көмектесетін,
жаңа білімді қабылдауға
дайындайтын еңбекқор
жан. Ол баланы өзі
білетін нәрсені дамытуға
және жаңа нәрселерді
меңгертуге, үйретуге
міндетті.
Топта осы қасиеттерді
бойларына сінірген, 25
болашақ маман оқиды.
Менің тобымдағы қыздар
өте мейірімді, ақкөңіл,
қиын кезде бір-біріне қол
ұшын беруге даяр тұрады. Олар бір-біріне тез
бауыр басып, достасып кетті. Барлығын
біріктіретін – жақсы оқуға деген құлшыныс,
ниет. Сонымен қатар колледждегі қоғамдық
шараларға белсенді қатысу үлкен күшті,
бірлікті талап етеді. Сондай сәтте бәрі
жұмыла күш біріктіреді. Топтағы қыздар
өте талантты: ән айтады, билейді, актерлік
шеберліктерін көрсетеді және мәнерлеп
оқиды. Бұны біз сыныптан тыс өткен шара-
лар мен мерекелік кештерде байқадық. Атап
өтсек: «Ұстаздар мерекесі», «Тұңғыш Пре-
зидент күні», «Тәуелсіздік күні», «Наурыз
мерекесі».
1а РДО тобы – Орал гуманитарлық-
техникалық колледжінде «Қазақстан -2020»
бағдарламасы бойынша мемлекеттік грант-
та оқитын, бірінші орыс тіліндегі білім алып
жатқан топ болып есептеледі. Сондықтан
білім алушы қыздар барлық күштерін
білімге салып, бұл мүмкіндікті туғызған
гуманитарлық-техникалық колледжінің
құрылтайшысы Шалқыма Хайроллақызының
сенімін ақтауға тырысады.
Құрманалина Шалқыма Хайроллақызы
– педагогикалық ғылымдарының док-
торы, «ҚР Білім беру ісінің үздігі», ҚР
АПН Академигі, көптеген форум, съезд,
конференциялардың делегаты, қалалық
Мәслихаттың депутаты, Қазақстанның
іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі, ол
қыздардың өнеге тұтар тұлғасы.
Олар үшін үлгі тұтар ұстаз, ол кісіден
тәлім-тәрбие ала отырып, болашаққа нық
қадам басады. Сонымен қатар, Шалқыма
Хайроллақызы білім беріп жатқан, сол
білімді машықта жүзеге асыратын мектеп-
ке дейінгі мекеменің құрылтайшысы болып
есептеледі.
Студенттер
колледжде
қызмет
атқаратын құзыретті маман ұстаздардан
мамандық бойынша мектепке дейінгі
білімге негізделген арнайы білім алуда. Әр
ұстаздың өзіндік мінезі, әдіс-тәсілдері және
оқыту әдебі бар. Студенттер оларды түсініп
те, жақсы көріп те үлгерді. Оқытушылар
студенттер бойларындағы көшбасшылық
қасиеттерді дамытуға бәсекеге қабілетті,
сапалы маман болып шығуларына өзіндік
үлестерін қосып, еңбектенуде. Ия, олар ба-
ла емес. Дегенмен, одан алшақтап кеткен де
жоқ. Бастапқы кезде студенттер үшін жаңа
талаптарды қабылдау өте қиынға соқты.
Бұл жағдайда оқытушылардың өздеріне
қарым-қатынастары мен педагогикалық
әдеп, дағдыларына алғыс айтады.
Ұлы ғұлама педагог А.С.Макаренко бы-
лай деген: «Тәрбие бере алу – бұл скрипка-
да ойнаған сияқты, әдемі сурет салған секілді
өнер».
Болашақ тәрбиешілер бұл өнерді де
игеріп, колледж құрылтайшысы Шалқыма
Хайроллақызының, білім нәрімен сусын-
дап жатқан барлық оқытушылардың сенімін
ақтайды деген ойдамын. Студенттік өмір
әлі жалғасуда. Алдағы жылдар бұдан да
қызықты, бұдан да әсерлі болып, білім жо-
лында көптеген шыңдарды бағындырып,
жетістіктерге жететініне сенімім мол.
Достарыңызбен бөлісу: |