Ұ с т а з ы №12-13 (293-294) 13 тамыз, 2014 жыл



Pdf көрінісі
бет8/8
Дата15.02.2017
өлшемі14,41 Mb.
#4146
1   2   3   4   5   6   7   8

 

Гүлбаршын  СӘРСЕНОВА,

№37 ЖББОМ 

12

Жайық ұстазы

13 тамыз, 2014 ж.

 МЕНШІК ИЕСІ:

“Өрлеу” біліктілікті арттыру 

ұлттық орталығы» акционерлік 

қоғамының филиалы “Батыс 

Қазақстан облысы бойынша 

педагогикалық қызметкерлердің 

біліктілігін арттыру институты”

Бас редактор: 

АҚМАРЖАН ТАуБАЕвА

Жауапты хатшы:

Руфия Афлетонова

Тілші: Рысты Исмағұлова

Компьютерлік 

жұмыстар:

Галина Бижанова

* Газет айына екі рет шығады

* Редакция оқырман хаттарына 

жауап бермейді, хаттар мен қолжазба 

қайтарылмайды

* Автор мақалалары редакция көзқарасын 

білдірмейді

* Деректердің дәлдігі үшін автор 

жауапты

Газет Қазақстан Республикасының мәдениет, ақпарат 

және мұрағат министрлігінде 10.06.2013 ж. тіркеліп, 

№13667- Г тіркеу куәлігі берілген.

Мекен жайымыз: 090001 Орал қаласы, Евразия даңғылы, 

238 үй. 

Тел: 23-75-27. Zkoipk.kz, Zh-Ustazy@rambler.ru

Жалпы тираж 4500

Газет “Полиграфсервис“ ЖШС баспаханасында 

басылады. Мекен-жайы: Л.Толстой көшесі, 27/3. 

Тел: 50-51-46

«Ақ шағаладағы» 

тамаша демалыс

 

 

« Б а қ ы т т ы   б а л а л ы қ 

ш а қ т а н   к ө р і н і с »

* Жаз жайнатып, күн күлдіріп... *

«Ең үздік МдҰ тәрбиешісі - 2014»

Ертеңгі еліміздің тірегі 

мықты  болуы    өсіп  келе 

жатқан болашақ ұрпағымызға 

байланысты. Олардың дені  

сау, салауатты өмір салтын  

ұстануына білім және  тәрбие  

саласының    маңызы  зор. 

Осындай игілікті шаралардың 

бірін  атқарушы  аудандық 

Балалар  шығармашылығы 

орталығы жанынан құралған 

«Ақшағала»демалыс лагері. 

Маусымның 10-16 күндері  

тынығу лагеріне тәлімгерлік  

қызметпен барып қайттым. Өте тамаша демалыс 

болды. Жан-жақтан келген  балалар өте өнерлі, 

бауырмал, спорт десе жанып тұрған өрендер екен. 

Емін-еркін демалып, шығармашылық қабілеттерін 

дамыту  үшін лагерде барлық жағдай жасалған. 

Лагерь  күні  таңғы  жаттығудан  басталып, дема-

лушылар үшін қызықты  шаралармен жалғасын 

табады. Психологиялық тренингтер, балалардың  

ой-өрісін дамытуға арналған сергіту сәттері 

ұйымдастырылды. Балалар бос уақыттарында су-

рет салып, спорттық ойындар ойнап, лагердегі 

әрбір  күнді қызықты өткізуге барынша атса-

лысты. «Досыма сыйлық» акциясы, «Жүректен 

жүрекке», «Танысу» тренингтері балалардың 

бір-бірімен танысып, достасып кетуіне жақсы 

әсерін тигізді. Сасай тауына жорыққа шығып, 

сол жердің тарихи сырларымен таныс болдық. 

«Ерте, ерте, ертеде...» ертегі ай-

ту  байқауы балалардың  сөздік  

қорларын  дамытып,  әртістік  

қабілеттерін  байқатты. Соны-

мен  қатар демалушылар лагерь 

орналасқан Сарыөмір ауылының 

мәдениет  үйі  ұйымдастырған 

«Ән жұмбақ»бағдарламасына 

қатысып, өз өнерлерін  көрсетті. 

Төрт  мезгіл  ас  балалардың 

денсаулығына    қажетті  азық-

түлікпен  толық  қамтылған. 

Бөлмелердің жарық, әрқашан та-

за  тұруына, тамақтың дәмді әрі 

құнарлы, ұйқыларының тыныш     болуына де-

малыс  орнында  қызмет  ететін  апайлардың, 

ағайлардың  еңбегі зор. Тимур, Арай, Мирлан 

сынды тәлімгерлер де балаларға бар мейірімдерін 

төгіп, алты күн бойы  алуан түрлі іс-шаралармен 

жалықтырмады. Соңғы күні қоштасу  кеші  

ұйымдастырылып, балалар  бір-біріне жақсы  

тілектерін  арнап, қимай  қоштасты. Біз де достық 

сезімге толы лагерьден сүйкімді  балақандармен 

қимай  қоштасып, шаттыққа  толы  жарқын  

болашақ тілеп, ауылымызға аттандық.  

Жанат  ЕРЛАНҚЫЗЫ,

Ғ.Махамбетов атындағы 

ЖББОМ тәлімгері,  

Ақжайық  ауданы

"Бала-тәрбиесі-бір өнер, өнер болғанда 

ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды 

тілейтін өнер" 

            

 

        М.Жұмабаев



Мектепке  дейінгі,  жалпы  орта, 

техникалық  және  кәсіптік  білім  беру 

ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік 

кабинетінің  2014  жылға  арналған 

жылдық жұмыс жоспарына сәйкес «Ең 

үздік мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі 

- 2014»  ағымдағы жылдың маусым 

айының  13  жұлдызында  облыстық 

байқауы өткізілді. 

Байқаудың негізгі мақсаты: 

*  шығармашылықпен  жұмыс 

істейтін,  талантты  педагогтар-

ды  анықтау,  оларды    қолдау  және 

көтермелеу;

*  мектепке  дейінгі  мекеме 

маманының мәртебесін көтеру;

* алдыңғы қатарлы педагогикалық 

іс-тәжірибені насихаттау және тарату;

Байқаудың негізгі міндеттері: 

* білім беру жүйесінде мектепке дейінгі 

ұйым тәрбиешілерінің кәсіби имиджін 

қалыптастыру;

*  тәрбиешілердің    инновациялық 

тәжірибесін анықтау және қолдау;

*  тәрбиешінің  шығармашылық 

әлеуетін ашу, өзін-өзі іс жүзінде көрсетуіне 

мүмкіндіктер ұсыну.

Байқауға облысымыздың 9 ауданы мен 

(Ақжайық, Бөрлі, Бөкейордасы, Жаңақала

Жәнібек,  Қаратөбе,  Зеленов,  Сырым, 

Теректі)  Орал қаласы мектепке дейінгі 

ұйымдарынан тәрбиешілер  қатысты. 

Байқау 3 бөлімнен тұрды: 

1. Зияткерлік сайысы (мамандығы бой-

ынша тест сұрақтарына жауап беру).

2. Шығармашылық шеберлік қоржыны 

(шығармашылық талантын аша білуі, пе-

дагог өз шығармашылық тақырыбы бой-

ынша жоба қорғауы, шығармашыл жеке 

тұлға ретінде көрсете білуі, заманауи 

ақпараттық технологияларды қолдануы, 

іс-тәжірибесін ұсынуы).

3. Идеялар жәрмеңкесі (мектепке 

дейінгі ұйым мен отбасының серіктестігі 

негізіндегі жаңа форматтағы жұмыс 

түрін практикалық бағытта ұсынуы).

Байқауға қатысушы тәрбиешілер 

өздерінің шығармашылық шеберліктері-

мен әділ-қазылар мен көрермендерді таң 

қалдырды. Байқаудың жеңімпаздарын 

анықтау  үшін  қорытынды  шешімін 

әділқазылар 

алқасы 

дайындау 



сәтінде,  қатысушы  педагогтар  мен 

қонақтарды  Орал  қаласының  №34 

«Балбұлақ» және №45 «Нұрсәт» мек-

тепке дейінгі ұйымдарының педагогтары 

өз шығармашылығынан дайындаған сән 

үлгілерімен, музыкалық би - шашуымен 

құттықтады. Байқауға қатысушылар арнайы 

Дипломдармен, Қатысушы сертификаттары-

мен және бағалы сыйлықтармен  марапат-

талды.


Байқау  нәтижесінде:  Бас  жүлдені, 

«Ең  үздік  мектепке  дейінгі  ұйым 

тәрбиешісі - 2014» атағын – Теректі ауда-

ны Подстепное ауылы «Бәйтерек» бала-

лар бақшасының тәрбиешісі Сәрсенова 

Айнұр  Серікқызы  иеленсе,  І  орын-

ды – Қаратөбе ауданы Қаратөбе ауылы, 

«Балдырған» бөбекжайының  тәрбиешісі 

Аманжолқызы Айгүл, ІІ орын – Бөрлі ау-

даны Ақсай қаласы №2 мектепке дейінгі 

ұйымының тәрбиешісі Мұқанова Жази-

ра Калимжанқызы, ІІІ орынды – Жәнібек 

ауданы,  Жәнібек  ауылы  «Балдәурен» 

балабақшасының тәрбиешісі Емзалиева Ди-

нара Қайнуллақызы иеленді.

Даурия ҚҰДАШЕВА,

Облыстық оқу әдістемелік 

кабинетінің мектепке дейінгі тәрбие 

мен оқыту бойынша әдіскері

Құрметті 

Қуанышкерей 

Ғалымжанұлы

Сізді  63  жас  – 

зейнеткерлікке 

шығу 

мерейтойыңызбен  шын 

жүректен құттықтаймыз! 

Ұзақ жылдар атқарып келген қызметіңізде 

жауапкершілік, ұқыптылық, ең бастысы-көпке 

үлгі  боларлық  адамгершілік  қасиеттеріңіз 

арқылы ұстаздардың құрметі мен алғысына 

бөленіп келесіз. Сіздің еңбекқорлығыңыздың, 

қажыр-қайратыңыздың, ақыл-парасатыңыздың 

арқасында, кемелденген тұлғаңыз барша ұстаздар 

қауымына үлгі боларлық.Сан мыңдаған шәкірттер 

тәрбиелеп, білімнің қиясына қанат қақтырған еселі 

еңбегіңіз, ізденіске толы әр күнімен өз жемісін бер-

ген өнегелі істеріңізді шәкірттеріңіз үлгі тұтады. 

Біз зейнеткерлік жасқа шығып отырған қадірлі 

ұстаз Қуанышкерей Ғалымжанұлына мықты 

денсаулық, шат көңіл, еңбегіңіздің жемісін көріп, 

жаныңызды жадыратар жақсы сәттер көп бо-

лып, отбасыңыздың ортасында аман-есен жүре 

беріңіз деген адал ниетпен тілек жолдаймыз.

Игі тілекпен: Бұлдырты ЖББОМ  ұжымы

«Бөрлі ауданы әкімдігінің «Балалар өнер мектебі» 

МКҚК ваканттык бос орынға конкурс жариялайды:

1. Фортепиано аспабының оқытушысы -1 бірлік.

2. Фортепиано аспабы бойынша сүйемелдеуші 

– 1 бірлік

3. Баян аспабы бойынша сүйемелдеуші – 1 бірлік

4. Флейта аспабының оқытушысы – 1 бірлік

5. Гитара аспабының оқытушысы – 1 бірлік

6. Қобыз аспабының оқытушысы – 1 бірлік

7. Хореография оқытушысы – 1 бірлік

8. Театралды оқытушысы (орыс тілінде) – 1 бірлік

Керекті құжаттар:

 

СТН, ӘЖК, жеке куәлік, ди-



плом көшірмелері нотариуспен шандырылған, 

түйіндеме.

Конкурсқа қатысу туралы арыз хабарланды-

ру шыққан күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде 

қабылданады.

Мекен-жайымыз: 

БҚО, Ақсай қаласы, Теміржол 

көшесі, №125/3, тел./факс: 8 (71133) 36915, 40045, 



52045. 

Х а б а р л а н д ы р у




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет