Қ. Т. Сапаров г.ғ. д., С. Торайғыров ат


Ресей Империясының қарамағында дамуы



Pdf көрінісі
бет133/151
Дата07.01.2022
өлшемі5,58 Mb.
#19097
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   151
Ресей Империясының қарамағында дамуы 
Экспедиция карта жасаған атақты ғалым Ш. Уәлиханов Омбыдағы 
Кадет  корпусын  бітіріп,  жиырма  екі  жасында  Орыс  география 
қоғамына  мүше  болып  сайланды.  Шоқан  Уэлиханов  1950-52  ж.ж. 
Омбы  қаласындағы  әскери  оқу  орнының  студенті  бола  жүре, 
Сырымбет  тауы  мен  оның  төңірегінің,  Көкшетау  және  Қосмұрын 
аймақтарының схемалық карталарын, ол 1856 ж. бастап әскери-ғылыми 
экспедиция  құрамында  жүріп,  Қазакстан,  Ыстық-көл,  Орталық  Тянь-
Шянь  аймақтарында  топографиялык  түсірістер  жүргізген,  сөйтіп, 
Орталық  Азияның  картасын,  сондай-ақ  Қашкариядан  Ташкентке 
дейінгі  жердің  маршруттық  картасын  жасаған.  Ш.Уәлихановтың 
география  жэне  топография  саласындагы  елеулі  еңбектері  жайлы 
оның  5  томдык  шығармалар  жинағының  3-томынан  толық  мағүлмат 
алуға  болады.  XIX  гасырдың  бірінші  жартысында  Ресейдегі 
геодезиялық жүмыстардың жоғарғы дәрежеде жүргізілуіне коп еңбек 
сіңірген  орыс  астрономы  және  геодезист,  Ленинградтагы  Пулков 
обсерваториясының негізін қалаушы В.Я. Струве болды. Геодезиялық 
қызметтің  қарқындап  дамуына  Кеңес  өкіметі  кең  жол  ашты. 
Геодезиялық  ғылыми  жұмыстарды  жүргізуге  арналған  геодезиялық 
орталық  ғылыми-зерттеу  институттар  мен  мамандар  даярлайтын 
көптеген  оқу  орындары  ашылды.  1925  жылдан  бастап  бұрынғы 
Кеңестер  Одагында  мемлекеттік  карталар  жасау  үшін  жер  бетін 


 
127 
әуеден  суретке  түсіру  қолданылды.  Ал  қазіргі  кезде  топографиялық-
геодезиялық  жүмыстардың  және  картографияның  бүдан  әрі  дамуына 
ғарыштық техника үлкен әсер етуде. Келешекте шаруашылығымыздың 
қажеттерін  жан-жақты  қамтамасыз  ету,  ғарыштан  суретке  түсірмей 
жүзеге  асырылмайтынына  көз  жетіп  отыр.  Жер  пішінінің  жаңа 
өлшемдерін анықтауда, бірыңғай мемлекеттік координаталар жүйесінің 
теориясын  жасауда  жэне  практикага  ендіруде  Ф.Н. Красовский 
бастаған  орыс  ғалымдары  зор  еңбек  етті.  Геодезия  мен  картография 
саласының дамуына М.С. Молоденский, А.А. Изотов, А.С. Чеботорев, 
Н.А. Урмаев, т.б. қосқан еңбектері айтарлықтай. 
Қазіргі  заман  картографиясы  –  ғылыми  пәндер  мен  техникалық 
салалардың  тармақталған  жүйесі.  Картографияда  жалпыгеографиялық, 
геологиялық,  топырақты,  этнографиялық  картографиялау  сияқты 
көптеген  тақырыптық  салалар  қалыптасты.  Әдісі  бойынша  олар 
картографияға,  ал  пәні  бойынша  нақты  ғылымдарға  (геология, 
топырақтану, этнография) жатады. Білімнің жаңа салаларының пайда 
болуына байланысты тақырыптық картографияның да жаңа бөлімдері 
қалыптасты,  мысалы:  геоэкологиялық,  геосаяси,  электронды 
картографиялау. Мақсаты мен практикалық бағдарлау бойынша келесі 
салаларды  белгілеуге  болады:  ғылыми,  туристтік,  навигациялық 
(теңіздік, аэронавигациялық), инженерлік картографиялау және т.б.  
Қазiргi заман картографиясы заманның талап етуіне байланысты 
геоинформатикамен  және  компьютерлік  модельдеумен  өзара  әрекет 
етедi. Екі ғылымның интеграциялануы нәтижесінде картографиялаудың 
перспективті  саласы  –  геоақпараттық  картография  қалыптасты. 
Телекоммуникацияның  тоғысуымен  интернетті-картография  дамыды, 
яғни  атластарды,  карталарды  электронды  жүйеде  шығаруға  және 
орналастыруға болады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет