125
әдістері мен ірі қүрылыстардың көрнекті ескерткіштері дүние жүзінде
бірнеше жерлерде бар. Мысалы, біздің заманымыздан бұрынғы
VI ғасырда Ніл өзенінің бойында салынған суару жүйелері мен
каналдарда геодезиялық өлшеулер қолданылған. Ежелгі Мысыр
(Египет) елінде орасан зор құрылыстар салынған. Ал Египет
патшаларының өздері тірі кездерінде салғызған пирамидаларының
ішіндегі ең үлкені-Хеопс пирамидасының төрт қырының әрқайсысы
230,13 метрден де, ал бір-бірінен айырмашылығы 2 см-ден аспайды.
Египет пирамидалары «Әлемнің жеті кереметінің» бірі болып
саналады. Мүндай қүрылыстар салу, арнаулы геодезиялық өлшеулерсіз
жүргізілуі мүмкін емес. Біздің заманымыздан IV ғасыр бұрын өмір
сүрген фек математигі Евдем «Жерді өлшеу нәтижесінде египеттіктер
метрия ғылымын ойлап шығарды», -деп жазды. Жер өлшеу өнерін
египеттіктерден үйренген гректер, оны алғашқы кезде «геометрия»
деп атады. Геометрия заңдары жер өлшеуде әрдайым қолданылады,
барлық ғылымдарға үстаздық еткен үлы ғалым-Аристотель өлшеу
ғылымын геометриядан бөліп айту үшін оны «геодезия» деп атаған.
III ғасырда өмір сүрген фек ғалымы Эратофен градустық өлшеулердің
көмегімен жер радиусін аныктаған. Бүдан кейін геодезия Үндістанда,
Орта Азияда, Араб елдерінде дамыды. Дүние жүзінде осы күнге дейін
сақталып қалған ірі қүрылыстар қатарында жататындар: Үндістанда-
Чанрагута, Қытайда-Ұлы қорған (қабырға), Жапонияда-Тодайдзи,
Индонезияда-Боробудудр, Арабияда-Қүдыс, Медина, Бағдат. Кейінгі
Ақсақ темір заманынан бастап салынған тамаша қүрылыстар қатарына
жататындар: Шахи-Зинда, Тадж-Махал, Хожа-Ахмед Яссауи мавзолейі,
Ұлықбек обсерваториясы, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: