Адалдық өміріңе керек нәрсе,
Ол да гүлдеп нұрланар көңіл бөлсе.
Халыққа өз пайдасын тигізе алмай,
Адам боп, өзін – өзі меңгермесе.
Әңгімелесуді мұғалім тақтаға «адалдық, әділдік» сөздерін іліп, олардың өз тұжырымдарын айтып, құндылық мәнін аша түсуден бастайды. Оқушылар әділдік бойынша әр оқушы өзі жазып шығады. Берілген сауалдарға оқушылар өз пікірлерін жеткізеді.
- Оқушылар сонымен біздер адам бойындағы адалдық қасиеттерге тоқталдық. Енді келесі тапсырмаға назар аударайық.
Әңгімелесу.
• Адал дос дегенді қалай түсінесіңдер?
• Әділ болуға ұмтылу адамға не үшін қажет?
• Адал болу кез келген адамның қолынан келе ме?
• Неліктен?
І. Ұйымдастыру кезеңі: «Өрмекші торы» жаттығуы (8 мин.)
Барлық оқушылар дөңгеленіп отырады.
Мақсаты: Бұл тамаша жаттығу оқушылар арасындағы жақсы қатынастың дамуына ықпал жасайды. Кейбір балалар өзінің эмоцияларын еркін көрсете алады, ал бұл кейбіреулер үшін үлкен мәселе. Бұл ойында барлық қатысушылар осы маңызды дағдыны дамытудың шынайы мүмкіндігін алады. “Өрмекші торы” өзара қатынастың ахуалын жақсартады.
Қажетті құрал: түрлі - түсті жіп орамы.
Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.
Компьютер
Сабақ басы (13 мин)
Адам өмірінің көп жағдайы өмірдің бағытына байланысты екенін ескерсек, әр адам өз өмірінің бағытын анықтауға тиісті екенін ұғынамыз. Ол үшін адам алдына мақсат қоя білу керек. Біз бүгін мақсатқа, жетістікке жету жолдарын анықтаймыз. Осы орайда сіздермен келесі сұрақтардың мәнін ашып көрейікші …
II - топқа бөлу. Әр топқа сұрақтар беру талқылау.
1. Сіздер қалай ойлайсыздар өмірдегі басты адалдық не?
2. Мектепке келудегі мақсаттарың қандай? Сіздерді не үшін оқытып жатыр?
3. Өмірде қандай жетістіктерге қол жеткізгіңіз келеді?
4. Дәл қазіргі кезде қандай мақсатты көздер отырсыз?
Адал дос дегенді қалай түсінесіңдер?
Адал болу кез – келген адамның қолынан келе ме? Неліктен?
Әділ болу оңай ма?
Әңгімелесу:
Компьютер
Соңы
Адал – араб тілінің «Рұқсат етілген», «таза» деген мағына беретін сөзі.
Адалдық – ол шыншылдық, әділдік, мойнына алған міндеттемелерінен жалған сөйлеп
жалтармаушылық, уәдесінде тұрушылық сияқты қасиеттерді қамтиды.
Әділдік – туралық, дұрыстық, түзулік дегенді білдіреді. Одан таю, яғни әділдікке
жатпайтын іс істеп, қиянат жасау, біреудің обалына қалу ол жазықсыз жапа шектіру
болып табылады.