Қарамен жазылған сөздер- көпшілікке жақсы таныс нәрселерді, яғни баланы көздің ағы мен қарасына, байлар мен күресті күштілермен жарысу, намысын жырту деп тұлпарын ұшқан қаңбаққа салыстыру арқылы жасаған метафоралар болып табылады.
Және метафоралардағы тағы бір ерекшелік- сөз зергерлері метафоралық тіркестің бір сыңарын басқа сөзбен яғни іргелес ұғымдағы мәндес сөзбен (синониммен) ауыстырып отырған. Мұндай ерекшелік көптеген ақындарда кездесіп жатады. Мысалы Абайдың мына екі өлеңін салыстырайық:
«Талаптың аты арындап,
Әр қиынға салған шақ
Талаптың мініп тұлпарын,
Тас қияға өрледің.»
Ақын бұл үзіндіде “ат” сөзінің орынына “тұлпар” сөзін қолданған.
Ал Ілияс Жансүгүров осы орайда метафоралық тіркестің бір компонентін жалпыдан жалқылыққа ауыстыру арқылы өзгертеді:
«Қырдың жазып борбайын,
Темір түйе боздатып,
Гүрілдейді комбайн,
Сықырлайды трактор!»
Сәбит Мұқанов шығармаларындағы метафораларға когнитивті талдау
«Сұлушаш бала еді аз жыл бұрын, Балалық өмірдің жай терген гүлін.» Бұл жердегі байқап тұрғандарығыздай ,балалық өмірдің жай терген гүлін деген жолдарында біз алаңсыз балалық кезеңді суреттеп отырғанын байқаймыз. Бұл сөз саптауына қарап,ақынның бір жол өлеңінен өмірге деген ерекше көзқарасты байқаймыз. Бұл жерде құлындай ойнап жүрген бала бейнесін елестетеміз.
«Май туып, жер құлпырып, шешек атты, Даланы Мың құлпырған бүліс жапты. Сай суларға мөлтілдеп, өзен-дағы, Сылқ-сылқ, күліп бұраңдап төмен ақты.» -деген өлең жолдарында қолданылған «Даланы мың құбылған бүліс жапты»,- дейді , яғни жердің беті бүліс матасы секілді құлпырды дейді, «сай суларға мөлтілдеп»,-деп судың өзінің ерекше сулулығын, оның мөлтілдеген тамшылардай нәзік ақққанын, «сылқ-сылқ күліп»,- дейді ,яғни дауысының өзін сылқылдаған күлкіге ауыстырып меңзеп тұр.
«Сұм жүрек тілегіңе жете алмасаң, Қол жетпес сұлу күнді неге сүйдің? Сұлуға зарлы күйдің даусы жетті, Оның да жүрегінің қылын шертті, Қараса Сұлу ойын өрге салып, Асудан өтетұғын мезгіл жетті.»
Бұл жердегі қолданылған метафоралар: “сұм жүрек” яғни мұңға толы, шер жұтқан жүрек ретінде көрсетіп тұр, “қылын шертті” жүрегінің мұңын шақты , мұңына ортақтасты деген мағынада болса, “асудан өтетұғын мезгіл жетті” деп барлығын еңсеріп тастайтын уақыт келді, бәрінің артта қалатын сәті туды деген мағынада көрініс табады
Қорытынды ой
Қазақ әдебиетінде , қазақ төл әдебиетінде Сәбит Мұқановтың алатын орыны ерекше, өте жоғары. Біз оның тілдік тұлғасының шарықтау шегіне жеткендігін көркемдік тәсілді ерекше етіп қолдана алуында десек кем айтқанымыз емес. Мұқанов шығармашылығында көркемдеуіш құралдардың қайысысы болмасын қазақ дәстүрін дәріптеп тұрады. Мұқановтың авторлық метафоралары көркем концептің түзілуінің негізіне айналды. Және оның саяси ойлау қабілеті өзінің “мен” дәрежесін көтеріп тұр.
Қорыта айтқанда, метафора-тілімізді байытатын , көркем ететін , адам ойын ерекше, таңғажайыптарға толы етіп көрсете алатын, адам жанына эмоциялық қылық тудыра алатын дүниені танып білуге көмегін тигізетін бір үлкее құндылық. Адам миы мен тілінің арасындағы алтын көпір- метафора десек те болады. Себебі адам ойындағы небір құбылысты бір көріктеуші құрал арқылы жеткізу бұл- адам санасы мен тілдің қызметінің жоғары екендігінің бірден бір дәлелі. Тіл тарихын зерттеп білуде метафораның мәні зор, мағынасы терең. Көркем әдебиетте соның ішінде осы поэзияда метафораның өрісі кең, ауқымды. Ақындардың өлең тармақтарында метафораны жасауы ерекше, олар космостан көмек алады десек те болады, оларға өлең-сөз, көркемдеуіш құралдар көкткен санасына түскендей болып тұрады. Сол себепті менің ойымша , тіліміздің тарихында осы метафоралардың зерттелуінде алатын орыны өте жоғары.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Омирбекова, Жамиля Калдыбековна «Метафора және тіларалық транспозиция» 2. Кәрібаева, Саягүл Елтайқызы «С. Мұқанов поэзиясындағы авторлық метафоралар» 3. Сыбанбаева, А. С. «Метафораның тілдік болмысы және концептуалды метафоралар» 4. Хасанов, Бақытжан «Қазақ тілінде сөздердің метафоралы қолданылуы» 5.Берікбай Сағындықұлы «Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы» 6. Б.Сағындықұлы ,Б.Р.Құлжанова «Қазақ тілі : Лексикология» Назарларыңызға Рақмет!!!
http://emirsaba.org