Бекітемін ЖШС «Оспан05,Адина»балабақшасы Меңгеруші: Баймуханова Т.С «04»қазан , 2023ж
Ұйымдастырылған тақырыптық іс-әрекет Ортаңғы «Балапан» тобы (3 жас) Тақырыбы: «Төрт түлігім-ырысым»
Тәрбиеші:Мүтәліп Т. М Алматы қ, 2023-2024ж.
Сабақтың тақырыбы: "Төрт түлігім-ырысым " Сабақтың мақсаты: Балалардың төрт түлік мал туралы түсініктерін кеңейте отырып, халқымыздың төрт түлікті дәріптеген өлең жырлар, әңгімелер арқылы танымын, жан-жануарлар туралы түсініктерін арттыру, жылқылардың басқа малдардан айырмашылығын таныту, сөздік қорын байыту, тіл байлықтарын дамыту, ұлттық тағамдар түрлері туралы ұғымын пысықтап, тиянақтап, көбірек білуге ынталарын ояту, балалардың тазалыққа, бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу. Әдіс-тәсілі: түсіндіру, әңгімелеу,көрсету.
Сабақтың көрнекілігі: Төрт түліктің суреттері слайд түрінде
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі -Қуан, шаттан, алақай! Қуанатын күн келді. Қайырлы таң, қайырлы күн, Күлімсіреп шықты күн! -Сәлеметсіздер ме, балалар!
-Отырыңдар.Бүгін бізде ерекше бір қызық сабақ. Сондықтан сабаққа барлығымыз қатысайық. Бүгінгі сабақтың тақырыбы: "Төрт түлігім-ырысым "
Балалар, бүгін біз сендермен саяхатқа шығамыз. Қане көздеріңді жұмыңдаршы, енді ашайық. Балалар , біз жайлауға келдік. Қане, қалай демаламыз? Бәріміз таза ауамен дем алайықшы. Қараңдаршы жайлауда не жайылып жүр екен? (Осы кезде өрісте жүрген малдардың дауыстар қойылады. Балалар: -Қойлар, сиырлар, ешкілер, жылқылар, түйелер. Мұғалім: Осы үй жануарлары сендердің үйлеріңде бар ма? Мұғалім; Олар қайда жайылып жүр? -Дұрыс, жайлауда немесе өрісте жүр. - Балалар, ал қазір «Мал қалай дыбыстайды?" деген ойын ойнаймыз. Ойынның шарты: Тақтада үй жануарлар берілген. Қазір мен сендерге төрт түліктің дыбыстарын қосқанда, сендер ненің дыбысы екенін тауып алу керексіңдер. Ойынның мақсаты: Қандай төрт түліктің дыбысы екенін тауып алу.Оларды атау. Сергіту сәті: Қошақаным тұршы, Беті –қолыңды жушы. Айнаға қарашы, Шашыңды тарашы. Орныңа отыршы.
Мұғалім: Ал енді балалар тақтаға қарайық.
- Балалар тақтада ненің суреттерін көріп тұрсыңдар?
-Дұрыс, айтасыңдар. Ал енді осы малдардың әрқайсына тоқталайық.
-Мынау ненің суреті?
-Дұрыс, сиыр. Сиырдың пайдасы қандай?
Одан не аламыз?
Балалардың жауаптары: Сиырдың төлін -бұзау дейміз. Сиырдан біз сүт, ет, тері аламыз. Ал сүттен қаймақ, май, ірімшік, айран аламыз. Сиырдың атасы -Зеңгі баба.
Сиырды аухау-аухау деп шақырамыз. Сиыр шөп, су, жем жейді.
Келесі ненің суреті?
-Дұрыс, жылқы. Жылқының пайдасы қандай? Одан не аламыз?
Балалардың жауаптары:
Жылқының төлі-құлын. Жылқыны көлік ретінде пайдаланамыз.
Көбінесе, арбаға жегеміз.(отын, шөп, су, жүк тасығанда) Жылқыдан біз сүт, ет, тері аламыз Сүтінен қымыз жасайды .Қымыз-шипалы сусын. Оны өкпе ауруына емдік ретінде қолданады. Жылқы жем, су, шөп жейді.Жылқының атасы-Қамбар ата. Оны құрау-құрау деп шақырады.
Ойын: «Төлін тап»
Ойынның мақсаты: Малдардың төлін тауып алу.Төлдерін атау.
Келесі ненің суреті?
-Дұрыс, қой. Қойдың пайдасы қандай? Одан не аламыз?
Балалардың жауаптары:
Қойдың төлі-қошақан.Қойды Шопан ата бағады. Қойды пұшайт-пұшайт деп шағырады. Қойдан ет, жүн, тері аламыз. Жүннен әжелер байпақ, , қолғақ т.б тоқиды.
Келесі ненің суреті?
Балалардың жауаптары: -Дұрыс, ешкі. Ешкінің төл-лақ.
Ешкі шөре-шөре деп шақырады.
Ешкіден ет, түбіт аламыз. Әжелеріміз түбіттен шәлі, байпақ, қолғақ тоқиды.
Ойын: «Ішіне-сыртына». Ойынның мақсаты: Оқушыларды үй жануарлары мен жабайы жануарларды айыра білуге үйрету.
Малды теппе. Ақты төкпе. Малды ұрма. -Енді балалар, бәріміз төлдер"Төлдер" әнін орындайық.
-Жарайсыңдар, балалар. Әнді жақсы айтады екенсіңдер. Ортаға енді биші қызымызды шақырайық. Айсана бізге қазақтың биін билеп берем дейді.
Ойын:Кубик-рубик.
Ойынның мақсаты:Оқушылардың танымдық біліктерін арттыруға арналған жаттығу.
Тәжірибелік бөлік:Балаларды түліктің бірі сиырмен таныстырып оның бізге тигізер пайдасын түсіндіру, сиыр саууды үйрету, құрт жайдыру.
Қорытынды: -Балалар сендерге саяхат ұнады ма? Не ұнады? Біз бүгін көп нәрсені біліп көрсете білдік. Яғни төрт түлік малдардың қалай дауыстайтынын, олардың төлдерін, пайдасын біліп үйрендік.