0сын тұРҒысынан ойлауды дамытатын педагогикалық технология «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытатын»



бет15/26
Дата02.05.2023
өлшемі1,2 Mb.
#89227
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26
Жүзеге асыру қадамдары:
1-қадам: сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау. Тақырып, проблема бойынша білімнің көкейкестілігі.
2-қадам: 4 адамнан «үй» тобына бөлу. Әр топ : 1, 2, 3, 4 деген өз нөмірлерін алады.
3-қадам: әрқайсысына тапсырма: сабақ соңына дейін топтың әр мүшесі тақырыптың немесе проблеманың мәнін түсінуі керек.
4-қадам: топ ішінде әр оқушыға жеке нөмір беріледі (1-ден 4-ке дейін)
5-қадам: үй тобында мәтінді оқу және талдау немесе проблеманы шешу; осы ақпаратты немесе проблеманың шешімін басқа топтарға қалай жеткізетінін анықтау.
6-қадам: белгі берілген уақытта, барлығы орындарынан тұрады, 1-номерлер сағат тілінің жүрісімен көрші топқа жиналады, 2-нөмірлер 3-топқа, 3- нөмірлер 4-топқа, ал 4-нөмірлер 1-топқа қонаққа келеді, әркім өз тобында жасалған жұмысты өз қонақтарына жеткізеді.
7-қадам: «қонақтар» сұрақ қояды, сосын қайта өз топтарына қайтады.
8-қадам: 1,2,3-нөмірлер «үй» тобына келіп, кезек-кезек «қонақта» не үйреніп, не естіп келгенін айтып береді.
9-қадам: топ өз жұмыстарын басқа топтарда естіп келгендерімен салыстыра талдайды.

«Кубизм» әдісі
Күтілетін нәтиже.
Оқушы жасай алады:

  • тақырыпты жан-жақты қарау;

  • тақырыппен терең танысып, әртүрлі ойлау дағдыларын жүзеге асыру;

  • тақырып бойынша рефлексия жасай білу;

  • ұсынылған проблема бойынша өз көзқарасын шығармашылық тұрғыдан жеткізе білу;

  • таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі


Жүзеге асыру қадамдары:
1-қадам: тақырыптың қойылуы.
2-қадам: 6 топқа бөлу (№1-№6).
Тапсырманы орындаудың 1-нұсқасы
3-қадам: кубиктің көмегімен төмендегі тапсырмаларды бөлу:

    1. Суреттеңіз (түсі, пішіні, өлшемі).

    2. Салыстырыңыз (неге ұқсас, неге ұқсамайды?).

    3. Байланыстырыңыз (бұл туралы ойлағаныңызды көзге елестетіңіз).

    4. Талдаңыз ( неден жасалған? Неден тұрады? Не үшін?).

    5. Қолданыңыз (бұнымен не жасауға болады?).

    6. Дәлелдеңіз («ия», «жоқ» деп оған дәлел келтіру, бұл жақсы ма, әлде жаман ба? Неге?)

4-қадам: әр топ кубик бойынша өздеріне берілген тапсырмалармен жұмыс жасайды, тақырыпқа сәйкес әр оқушының жеке жауабы.
5-қадам: жазған мәліметтерін топта талқылау, топтың атынан ортақ жауап дайындау және презентацияға дайындық.
6-қадам: жасаған жұмыстары бойынша презентация, бағалау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет