«Бортты журнал»әдісі
Күтілетін нәтиже.
Оқушы жасай алады:
ақпаратты терең меңгереді;
сараптайды, қорытады, бағалайды, болжайды;
жаңа ақпаратпен ықыласты жұмыс жасайды;
өз болжамының сәйкес келуі немесе келмеуі бойынша рефлексия жасай біледі;
таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі.
Жүзеге асыру қадамдары:
1-қадам: сабақ тақырыбын жариялау .
2-қадам: тақырып бойынша болжамды жүк журналының сол жағына жазу:
Жүк журналы
Болжам
|
Жаңа ақпарат
|
Тақырып бойынша бұрыннан не білемін? Бұл туралы не білуім керек?
|
Бұл туралы енді не білдім? Қандай маңызды сәттерді мен енді анықтадым?
|
3-қадам: жұмыс жұбын құру
Жұмыстың 1- нұсқасы
4-қадам: Ақпаратты тыңдау барысында жұптың біреуі «Болжам» бөлігімен жұмыс жасап, «+» немесе «-»таңбасын болжамның дұрыс-бұрыстығына қарай қойып отырады, екіншісі тек жаңа ақпарат жазады. Оқушылар жеке жұмыс жасайды.
5-қадам: «жүк» журналының екі жағын салыстыру, ақпаратты қосу, жазғандары және класпен талдауға дайындық.
Жұмыстың 2-нұсқасы
4-қадам: жұп мүшелері 2 бөлікті де өз беттерінше жеке толтырады.
5-қадам: жұмыс нәтижесі жұпта талқыланады.
«Фишбон»немесе «Балық қаңқасы»
Күтілетін нәтиже.
Оқушы жасай алады:
ақпаратты терең меңгереді;
талдайды, қорытады, бағалайды;
жаңа ақпаратпен ықыласты жұмыс жасайды;
таным әрекетінде коммуниактивті қатынасты іске асыру.
Достарыңызбен бөлісу: |