(сурет бойынша)әдісі Күтілетін нәтиже. Оқушы жасай алады:
талдайды, болжайды, қиялдайды;
әңгімелеуде өз болжамын шығармашылық тұрғыда жеткізеді;
жаңа ақпаратпен жұмыс жасау барысында ықыласты болады;
өз болжамының сәйкес келуін немесе сәйкес келмеуіне рефлексия жасайды;
таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі.
Жүзеге асыру қадамдары 1-қадам: мұғалім мәтіннен бірнеше тірек сөздерді тақтаға жазады.
2-қадамдары:
«а»нұсқасы: «миға шабуыл» әдісі бойынша бұл терминдерге жалпы түсінік беруге және мәтінде бұл терминдер қалай көрініс табатынын болжауға жұптарға 5 минут уақыт беріледі.
«б»нұсқасы: оқушыларға топта немесе жеке берілген сөздерді қатыстырып әңгіме құрастыру, өз болжамдарын жазу ұсынылады.
3-қадам: берілген мәтінмен танысу барысында «өз» болжамы мен берілген «түпнұсқаны» салыстыру.
4-қадам: оқушылар берілген тірек сөздерге қайта оралып, табылған сәйкестіктер мен үйлесімсіздікті талдау.
«Бағытталған оқу» әдісі Күтілетін нәтижелер. Оқушы жасай алады:
ақпаратты терең меңгереді;
талдайды, қорытады, бағалайды, болжайды, берілген сұраққа сәйкес қиялдайды;
мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді (Блум таксономиясы немесе «сәуегей ағаш» әдісіне сәйкес );
әңгіме бойынша өз болжамын шығармашылықпен жеткізеді;
жұмыс жасау барысында жаңа ақпаратпен ықыластана жасайды;
өз болжамының сәйкес келу, келмеуіне қарай рефлексия жасай білу;
ұсынылған проблема, жасалған жұмыс бойынша өз ойына талдау жасай біледі;
Таным әрекетін жүзеге асыру барысында сындарлы қарым - қатынас жасай білу
Жүзеге асыру қадамдары
1-қадам: мұғалім оқитын мәтінді мынадай өлшемдерге сәйкес алуы керек:
- мәтін аудиторияға мүлдем таныс болмауы керек (әйтпесе қолданылған әдіс мәні мен маңызын жояды);
- оқиғасы қызғылықты, серпінді болуы керек;
- күтпеген шешім, «ашық» проблемалыаяқталуы керек.
2-қадам: мәтін алдын ала ойдың аяқталуына қарай бөлініп қойылуы керек. Мәтінді қай жерден үзу керек екені белгіленіп қойылуы керек және аялдама жасау керек: «бірінші аялдама», «екінші аялдама»т.с.с.
3-қадам: оқушылардың әр түрлі ойлау дағдысын дамытуға бағытталған Блум таксономиясы бойынша мұғалім алдын - ала сұрақтар мен мәтін бойынша тапсырмалар дайындап қояды.