Дәлелдеме (мотивациялық) –тақырыпқа, жаңа ақпаратқа қызығушылықты ояту:
Ақпараттық – бар білімді актуалдандыру және жүйелеу
Сындарлы қарым-қатынас, байланыс (коммуникативті)– жанжалсыз ой алмасу
Мақсат қою – зерттелетін тақырыптың мақсатын анықтау.
Екінші кезең «Мағынаны тану»оқушылар жаңа ақпаратты алғанда, жаңа идеялар ойға келгенде жүзеге асады.
Сыни ойлауды дамытудың көптеген шарттарының бірі зерттелетін мәліметпен жұмыс жасағанда өз түсінігіңді бақылау болып табылады. Дәл осы міндет оқу процесінің мазмұнды түсіну кезеңінің негізгісі болады. Ең маңыздысы - жаңа тақырып бойынша жаңа ақпарат алу. Егер қызығушылықты ояту кезеңінде өз танымының бағытын анықтаса, енді мұғалім түсіндіру сәтінде күтілетін нәтижеге сұрақтар қою арқылы екпін бере алады. Бұл кезеңде жұмысты ұйымдастыру әр түрлі болуы мүмкін. Ол түсінік беру, жеке лекция оқу, жұппен, топпен оқу, бейнематериал қарау т.б. болуы мүмкін. Қай жағдайда да оқушы ақпаратты жеке қабылдайды және жеке зерттейді. Сыни ойлауды дамытатын педагогикалық технологияның алғашқы кезеңіндегідей, мағынаны тану сатысында да өз бетінше белсенді білім ала отырып, мақсатқа жетуді жоспарлайды. Оқушылар алдын-ала қойылған сұрақтарға жауап алуы мүмкін, жұмыстың алғашқы кезеңінде пайда болған қиындықтарды шешеді. Бірақ барлық сұрақтар мен қиындықтар шешілмеуі мүмкін. Бұндай жағдайда мұғалім оқушыларды мұратқа жетелеу үшін жаңа сұрақтар қоюға тырысуы керек, сол жұмыс жасап отырған ақпараттарына басқа қырынан келуі керек:
Мағынаны тану кезеңінің мазмұнында оқушы:
Жаңа ақпаратпен танысады.
Пайда болған сұрақтар мен қиындықтарға жауап іздейді..
Түсінбеген жерлерге көңіл бөледі, жаңа сұрақтар қояды, мақсатқа түзету ендіреді.
Жаңа ақпаратпен танысу процесін бақылайды, өздерінің көңілдерін не аударып тұрғанын аңғарады, қандай аспект қызық және неге екенін түсінеді.
Естіген және оқыған мәліметтерді талдауға және сараптауға дайындалады.
Оқушының бұл кезеңдегі міндеті - мазмұнмен айналысу, жаңа идеяларды өзінде бар біліммен байланыстыра білу. Оқушылар ақпаратпен белсенді жұмыс жасап, ақпараттың маңыздылығы туралы шешім қабылдай алуы қажет, маңызды ақпараттарды елеусіз ақпараттардан ажырата білуі, бар білімді жаңа біліммен кіріктіре алуы, жаңа жағдайлар мен мүмкіндіктерге ақпаратты қолдануға машықтануы қажет.
Мұғалім бұл кезеңде:
Жаңа ақпараттың тікелей көзі. Бұл жағдайда ол жаңа ақпараттаы түсінікті әрі қызықты етіп жеткізе білуі керек.
Егер оқушылар мәтінмен жұмыс жасап жатса, мұғалім олардың мәтінді оқу барысындағы белсенділігін, ынтасын қадағалайды.
Мәтінмен жұмысты ұйымдастыруда ойланып оқуды және оқығанды талдау үшін мұғалім әртүрлі әдістерді қолданады.
Осылайша, сыни ойлаудың «Мағынаны тану» екінші кезеңі мынадай қызметтерді атқарады: