0сын тұРҒысынан ойлауды дамытатын педагогикалық технология «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытатын»



бет11/26
Дата02.05.2023
өлшемі1,2 Mb.
#89227
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26
«Семантикалық карта» әдісі
Күтілетін нәтиже.
Оқушы жасай алады:

  • бұрын меңгерілген білімді обьектінің анықталған семантикалық сипатына қарай салыстырады ;

  • анықтайтын обьектінің қандай семантикалық сипатқа ие болатынын болжайды;

  • семантикалық картадағы мақұлдау немесе түзету белгілеріне қарап, анықталатын обьекті туралы болжамы жайында рефлексия жасайды;

  • мәтінмен жұмыс жасау дағдысын дамытады;

  • ақпаратпен жұмыс жасауға ынталы болады;

  • таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі


Жүзеге асыру қадамдары
1 -қадам: мұғалім төмендегі сызба-кестені алдын-ала дайындап алады:

Семантикалық карта



Нысана

Азықтану орны

Қозғалыс тәсілі

Немен тамақтанады?

Жануардың тегі

Су

жер

ауа

ұшады

жүзеді

жүреді

ет

балық

өсімдік

балық

сүтқоректі

Құс

Түйе





































Бүркіт





































Кит




































2-қадам: оқушылар өткен тақырыптарды талдайды, (түйе, бүркіт, жайлы) және «+» - ия, «-» - жоқ белгілерін әр нысанның кестедегі тұсына сипатына қарай белгілеп отырады.


3 -қадам: жаңа тақырыпты өтер алдында оқушылар мәтінді оқу барысында (мәтін бұл жерде кит жайлы) семантикалық сипаттамада әлі өздеріне түсініксіз тұстарға «?» белгісін қояды.
4-қадам: жаңа мәтінді оқу.
5 -қадам: оқыған мәтінді талдау, кестеге қайта оралу: қосымша алынған мәліметтері бойынша түзетулер енгізу немесе алдыңғы жауаптарын бекіту.

«Эссе» немесе «Еркін жазу» әдісі
Күтілетін нәтиже.
Оқушы жасай алады:

  • оқылған мәлімет бойынша өз ойларына талдау жасай алады;

  • проблема бойынша өз көзқарасына рефлексия жасай алады;

  • ұсынылған проблема бойынша өз көзқарасын шығармашылық тұрғыдан көрсете алады;

  • таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі

Жүзеге асыру қадамдары
1-қадам: тақырыптың қойылуы.
2 -қадам: оқушыларға тақырып бойынша түсінгендерін 5 (10) минут бойы үздіксіз жазғыза беру (тақырып бойынша білгендерін), ойларына не келсе, соны жаза беру, және тақырып бойынша бір ғана сұрақ беру.
3 -қадам: жазғандарын әуелі жұпта бір-біріне оқып беру, сосын топта оқылады, жазылғандарды кері байланыс жасау үшін мұғалім жинап алады

«Автордың орындығы» әдісі
Күтілетін нәтиже.
Оқушы жасай алады:

  • Ұсынылған проблема немесе ақпарат бойынша өз кластастарына не елестетінін айту;

  • өз жұмысын кластастарымен талқылау, мейілінше тереңірек талдау жасау;

  • таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі.

Жүзеге асыру қадамдары
1 -қадам: кез-келген жұмысты жазып болғаннан кейін тақтаның алдына үстел қойылады
2 -қадам: столға отырып, өз жазғанын автор ретінде аудитория алдында оқуға шақырылады.
3-қадам: аудитория тыңдап сұрақ қояды, түсінік береді.

«Кілттік сөздер» немесе «Тірек сөздер арқылы әңгіме»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет