0сын тұРҒысынан ойлауды дамытатын педагогикалық технология «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытатын»



бет8/26
Дата02.05.2023
өлшемі1,2 Mb.
#89227
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26
Байланысты:
СТО ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ 66

Жүзеге асыру қадамдары
1-қадам: сұрақтар дайындау ( 1-ден 8-ге дейін), сұрақтарды нөмірленген ватмандарға жазып, аудиторияның әр бұрышына іліп қою;
2-қадам: класты 4 (8) топқа бөлу әр топқа түс бөліп беру(қызыл,көк,жасыл,сары), әр топ 5-6 минутта ватманға өз түсінің маркерімен өз сұрағына жауап береді (әуелі жеке, сосын топта):
1) Көктемде табиғатта қандай өзгерістер пайда болады?
2) Көктемде адамдар қалай киінеді?
3) Көктемде адамдар қандай еңбек түрлерімен айналысады?
4) Көктемнің келуімен жануарлардың өмірінде қандай өзгерістер болды?
3- қадам: мұғалімнің белгі беруімен оқушылар сағат тілі бойынша орындарын алмастырып отырады (яғни сұрақтарымен) және 5 минут шамасында өзге топтың сұрағы мен жауабын оқып, сол сұраққа өз жауаптарын жазады (әуелі жеке, сосын топта). Осылайша сұрақ ауыстыру әуел бастағы өз сұрақтары қайтып келгенше, жалғаса береді.
4-қадам: Барлық топтардың жауаптары талқыланып, ақырғы пікір түйінделеді.

«Кең ауқымды дәріс» әдісі
Күтілетін нәтиже.
Оқушы орындай алады:

  • өз білімдерін ұсынылған тақырып бойынша актуалдандырады;

  • ақпаратты сыни тыңдай алады;

  • ақпарат мағынасын өз бетінше жете түсіне алады, салыстырады және қорытынды жасай алады;

  • ақпаратты қысқа да нұсқа жазбаша түрде тұжырымдай біледі;

  • ақпаратпен жұмыс жасау барысында ақпаратқа ықыласты болады;

  • меңгерілген ақпаратты өз кластастарына түсінікті жеткізе білу;

  • ұсынылған ақпарат жайында өз білетініне,білмейтін жерлеріне және оған өз қарым-қатынасына рефлексия жасау;

  • өзінің біліміне және кластастарының білім алуына жауапкершілікпен қарау;

  • таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі

Жүзеге асыру қадамдары:
1-қадам: берілген тақырып бойынша өздеріне бұрыннан таныс ақпараттың дәптерлеріне тізімін жасау, сосын жұпта талқылау, шағын топта және жалпы тақырып бойынша ақпаратты тақтаға жазу, оқушылар дәптерлеріне толықтырып жазып алады.
2- қадам:класты жұптастыру. Жұптарға тапсырма беріледі: біреуі дәрісті тыңдап отырып, өзінде бар ақпаратқа белгі қойып отырады, ал екіншісі өздерінде жоқ ақпаратты жазып алып отырады.
2- қадам:мұғалімнің шағын дәріс оқуы.
3- қадам: идеяларды толықтыру.
Жұптардың жазғандарын алмастыруы:

  • Жұптың біреуі айтылған дәрісте өзінде бар ақпараттың қайталанғанын айтады.

  • Екіншісі дәрісте бұларға таныс емес ақпараттар болғанын айтады.

4- қадам: Әуел баста дәптерлеріне жазған ақпараттарды толықтыру;
5- қадам: Жаңа тақырыптың келесі «үлесі»де осы сызба бойынша беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет