Жүзеге асыру қадамдары: 1-қадам: сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау. Тақырып бойынша білімнің актуалдылығы;
2-қадам: топтарға бөлу («жанұяға» -1,2,3,4). Мәтін қанша бөлікке бөлінсе, топ та сонша бөлікке бөлінеді.
3-қадам: жанұяның әр мүшесіне тапсырма беріледі: сабақ соңында әр жанұя мүшесі мәтінді толығымен біліп шығуы керек, сондықтан әр бөлікті оқитын топ мүшесі үлкен жауапкершілікпен өз бөлігін оқуы керек, себебі ол өз ұяластарына оқығанын жеткізе алмаса, мәтін толық меңгерілмей қалады.
4 қадам: сараптау топтарына бөліну (1+1+1+1, 2+2+2+2, 3+3+3+3, 4+4+4+4)
5-қадам: мәтіннен өзіне бөлінген үзіндіні оқып, сараптау тобында талқылау, күрделі жерлерін мұқият түсініп, осы үзіндіні өз жанұя мүшелеріне қайткенде де ұғынықты жеткізудің жолдарын қарастырады
6-қадам: «жанұя»тобына барып, сараптау тобында түсініп келгендерін бір-біріне үйретеді. Қажет болса, мәтін мазмұнын түсіну үшін өзара сұрақтар қояды.
7-қадам: презентация жасауға, мәтін бойынша сұрақтар қоюға болады, немесе басқа да тапсырмалар беруге болады.
«Синкуейн» әдісі Күтілетін нәтиже. Оқушы жасай алады: