0сын тұРҒысынан ойлауды дамытатын педагогикалық технология «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытатын»



бет6/26
Дата02.05.2023
өлшемі1,2 Mb.
#89227
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
«Кластер» әдісі
Күтілетін нәтиже
Оқушы жасай алады:

  • оқылып жатқан проблема бойынша білімді актуалдандыру;

  • проблема жайлы өз білімдерін ұсыну ;

  • Проблеманың қойылуын көрнекі сызбамен көрсету (оқылып жатқан ақпарат бойынша);

  • Тақырыпаралық проблемаларға өзара байланыс орнату ;

  • Ұсынылған проблема бойынша толыққанды түйіндеме жасау;

  • таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі


Жүзеге асыру қадамдары:
1-қадам: «Қыс» тақырыбына тақтада кластер жасау; «Қысқы аңдар», «Қысқы еңбек», «Қысқы киім», «Қысқы табиғат көріністері», «Қысқы құстар» .

2-қадам: оқушыларға осы бағыттағы тақырып бойынша жеке өз дәптерлеріне не таныс, соны жазғыза беру;


3-қадам: жеке жазуды топта талқыға салу, жалпы топтың атынан жауап дайындау;
4-қадам: кластер бойынша топтың жауабын жалпы тақтаға жазу.

«Венн диаграммасы» әдісі.
Күтілетін нәтиже.
Оқушы жасай алады:

  • оқылып жатқан проблема бойынша білімін өзектендіру;

  • салыстырып отырған түсінік пен құбылыстың ортақ және жеке ерекшеліктерін анықтау, белгілеу;

  • өз ойларын талдау және сараптау (шеңбер ішіндегі жазудың көмегімен);

  • ойлау логикасын дамыту;

  • таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі

Жүзеге асыру қадамдары
1-қадам: үй жануарлары мен дала жануарларының ерекшеліктері мен ұқсастықтарын қиылысқан шеңберге жазу (жеке/ жұпта)

2-қадам: ортасына дала жануарлары мен үй жануарларына ортақ қасиеттерді жазамыз.


3–қадам: үй және дала жануарларының ерекшеліктерін топта салыстыру.
4- қадам: салыстыру нәтижесіне презентация жасау.

«ББҮ» сызба әдісі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет