Тапсырманы орындаудың 2- нұсқасы 3-қадам: әр оқушы кубик тапсырмаларын кезекпен жазбаша орындайды:
Суреттеңіз (түсі, пішіні, өлшемі).
Салыстырыңыз (неге ұқсайды, неге ұқсамайды).
Байланыстырыңыз (бұл туралы ойлағаныңызды көзге елестетіңіз).
Талқылаңыз (Неден тұрады? Неден жасалған? Не үшін?).
Қолданыңыз (бұнымен не жасауға болады?).
Дәлелдеңіз («ия», «жоқ» деп алыңыз да, дәлелдеңіз, бұл жақсы ма, әлде жаман ба?)
4-қадам: кубик лақтыру арқылы топтар арасында тапсырманы бөлу.
5-қадам: өзінің жазбаша мәліметін топта талқылау, топтың атынан ортақ жауап дайындау және орындалған жұмыс бойынша презентация жасау.
6-қадам: орындалған тапсырма бойынша әзірлеген презентацияны көрсету, баға беру.
«Сатылау»( ранжирование) әдісі Күтілетін нәтиже Оқушы жасай алады:
жағдайды талдау және бағалау;
өлшемдерін анықтау;
дәлелдеу;
әртүрлі көзқарастарды қарастыру;
идеяларды ұсыну;
таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі
Жүзеге асыру қадамдары: 1-қадам: «Миға шабуыл» - әр оқушыға проблеманы жеке ұсыну.
2 -қадам: ұсынылған проблеманы маңыздылық деңгейіне қарай әр оқушыға жеке сатылай беру.
3-қадам: нұсқаларын топта салыстыру.
4 -қадам: әрқайсысы өз көзқарасы бойынша дәлелдер келтіру.
5 -қадам: ыңғайлы нұсқаны таңдау.
«Басымдылық пирамидасы» әдісі Күтілетін нәтиже. Оқыған жасай алады: