Американ психологы Бенджамин Блумның сын тұрғысынан ойлауды дамытуды көтеретін сұрақтар үлгісі:
Таксономия сұрақтары сипатының І нұсқасы:
ес (механикалық ес– алынған ақпаратты еске түсіру, тану Әңгіме кім туралы? Не болды? Қашан, қалай болды?)
түсіндіріп талдау ( алынған ақпаратқа жаңа түр беру, оқиғалар, идеялар, деректер, құндылықтар арасындағы байланысты анықтау және ойды түсіндіру. Әңгіменің ең қызық жері? Неге қызық?);
қолдану – (ақпаратты оқиғалы мәтінде немесе мәтіннен тыс проблеманы шешу құралы ретінде қолдану: Сіз оның орнында болсаңыз қайтер едіңіз?);
талдау – мәтіндегі «жалпы» оқиғадан «жалқының» бөлінуі, жеке оқиғалардың пайда болуын қарастыру кейіпкерге тән қасиеттерді ата, қандай адам?;
жинақтау – алынған ақпаратқа толық логикалық қорытынды жасау,оқиғаның себебі мен салдарының байланысын толық түсіну;
бағалау – алынған ақпаратқа пікірталас жасай отырып, субъективтік-өзіндік көзқарастарын қалыптастыру;
Таксономия сұрақтарының 2-нұсқасы
Жай сұрақтар. Оларға жауап бере отырып, қандай да бір деректерді атау, кейбір ақпараттарды еске түсіру.
Анықтау сұрақтары. Олар әдетте мынадай сөздерден басталады: «Сонымен, сіздің айтуыңызша….?», «Егер мен дұрыс түсінсем, осылай ғой ..?». Бұндай сұрақтар әңгімелесушінің жаңа айтқан сөзіне қатысты кері байланысты орнату үшін қажет.
Практикалық сұрақтар. Бұл сұрақтар теориялық және практикалық өзара байланысты орнатуға бағытталады. «Егер сіз кейіпкердің орнында болсаңыз қайтер едіңіз?»
Түсіндірме сұрақтар. Әдете «Не үшін?» деген сұрақтан басталады. Бұл сұрақтар себеп-салдар байланысты орнатуға бағытталады.
Шығармашылық сұрақтар. Сұрақта шарт қою бөлшектері, жорамал, қиял, болжам болса, «Не өзгерер еді? …., осылай болса қайтер еді?..», «Қалай ойлайсыз, оқиға әрі қарай қалай өрбуі мүмкін?»
Бағалау сұрақтары. Бұл сұрақтар оқиғаларға, деректерге, құбылыстарға берілген бағалар өлшемін түсіндіруге арналады. «Неге мынау жақсы, ал мынау нашар?», «Бір кейіпкер екінші кейіпкерден несімен ерекшеленеді?»
4-қадам: шығарманың атын талқылау.
5-қадам: мәтінді үзіп оқу және дайындалған сұрақтарға оқушылардың жауабы (мәтінді өз беттерінше оқуға немесе оқушылар «тыңдай» отырып, қабылдауы үшін мұғалімнің дауыстап оқуын ұйымдастыруға да болады).
6-қадам: бірнеше рет оқығаннан кейін «Сәуегей ағаш» тәсілін қолдануға болады: тіктөртбұрышқа өз болжамдарының нұсқасын жазады, ал тілсызыққа - өз болжамдарына түсінік жазады, осылайша олар өз көзқарастарына мәтіннен дәйектемелер келтіріп үйренеді.
7-қадам: «Рефлексия» сатысында оқушылар мәтінге қайтып оралып, дәл келген сәйкестік пен пайда болған әртекті ойларды талқылайды.
Достарыңызбен бөлісу: |