Жүзеге асыру қадамдары
1-қадам: тапсырма қойылады- шешуге тиісті проблема ұсынылады.
2-қадам: «Миға шабуыл» проблема жайлы өз білімдерін көрсетуі.
3-қадам: проблема шешімінің әр нұсқасын оқушылар жеке анықтайды.
4 -қадам: топта проблема шешімдерінің түрлі нұсқаларының өлшемдері мен таңдау себебін түйіндейді.
5-қадам: топта проблема шешімдерінің нұсқаларын талдайды.
6 –қадам: ыңғайлы нұсқаны таңдау.
7 –қадам. қабылданған шешімнің салдарын талдау.
«РАФТ ( роль/аудитория/ форма/тақырып)»әдісі
Күтілетін нәтиже.
Оқушы жасай алады:
оқыған мәлімет бойынша өз ойын талдайды ;
проблема бойынша өз көзқарасы бойынша рефлексия жасай алады;
ұсынылған проблема бойынша өз көзқарасын шығармашылық тұрғыдан көрсете алады;
кластастарына ұсынылған проблема туралы өз елестетуін жеткізе алады;
өз жұмысына кластастарымен бірге терең талдау жасау;
таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі
Жүзеге асыру қадамдары
1-қадам: тақырыптың қойылуы (немесе таңдау)
2-қадам: қолдан келетін рольдерді анықтау үшін миға шабуыл жасау (журналист, директор, жұмысшы, зейнеткер,оқушы, президент т.б.)
3-қадам: қажет аудиторияны таңдау үшін миға шабуыл (ақпарат кім үшін жазылады: газет оқырмандары, әкімшілік, зейнеткерлер, жастар т.б.)
4-қадам: жазылуы мүмкін хат үлгілерін анықтау үшін миға шабуыл (статья, фельетон, жарлық, арыз, шығарма, эссе, жарнама және т.б.).
5-қадам: таңдалған роль, форма, аудиторияның тақырыбына түзету енгізу. Тақырыптың аспектісін ұсынылған роль, аудитория, формаға сәйкес айқындау.
6-қадам: белгіленген уақыт аралығында оқушылардың хат жазуы (формаға, тақырыпқа сәйкес)
7 -қадам: жазған хаттарын жұпта: бір-біріне, сосын топта, класта оқу, немесе мұғаліммен бірге талдау жасау – кері байланыс орнату мақсатында.
Достарыңызбен бөлісу: |