0сын тұРҒысынан ойлауды дамытатын педагогикалық технология «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытатын»



бет12/26
Дата02.05.2023
өлшемі1,2 Mb.
#89227
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26
Байланысты:
СТО ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ 66

(сурет бойынша)әдісі
Күтілетін нәтиже.
Оқушы жасай алады:

  • талдайды, болжайды, қиялдайды;

  • әңгімелеуде өз болжамын шығармашылық тұрғыда жеткізеді;

  • жаңа ақпаратпен жұмыс жасау барысында ықыласты болады;

  • өз болжамының сәйкес келуін немесе сәйкес келмеуіне рефлексия жасайды;

  • таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі.

Жүзеге асыру қадамдары
1-қадам: мұғалім мәтіннен бірнеше тірек сөздерді тақтаға жазады.
2-қадамдары:
«а»нұсқасы: «миға шабуыл» әдісі бойынша бұл терминдерге жалпы түсінік беруге және мәтінде бұл терминдер қалай көрініс табатынын болжауға жұптарға 5 минут уақыт беріледі.
«б»нұсқасы: оқушыларға топта немесе жеке берілген сөздерді қатыстырып әңгіме құрастыру, өз болжамдарын жазу ұсынылады.
3-қадам: берілген мәтінмен танысу барысында «өз» болжамы мен берілген «түпнұсқаны» салыстыру.
4-қадам: оқушылар берілген тірек сөздерге қайта оралып, табылған сәйкестіктер мен үйлесімсіздікті талдау.


«Бағытталған оқу» әдісі
Күтілетін нәтижелер.
Оқушы жасай алады:

  • ақпаратты терең меңгереді;

  • талдайды, қорытады, бағалайды, болжайды, берілген сұраққа сәйкес қиялдайды;

  • мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді (Блум таксономиясы немесе «сәуегей ағаш» әдісіне сәйкес );

  • әңгіме бойынша өз болжамын шығармашылықпен жеткізеді;

  • жұмыс жасау барысында жаңа ақпаратпен ықыластана жасайды;

  • өз болжамының сәйкес келу, келмеуіне қарай рефлексия жасай білу;

  • ұсынылған проблема, жасалған жұмыс бойынша өз ойына талдау жасай біледі;

  • Таным әрекетін жүзеге асыру барысында сындарлы қарым - қатынас жасай білу

Жүзеге асыру қадамдары
1-қадам: мұғалім оқитын мәтінді мынадай өлшемдерге сәйкес алуы керек:
- мәтін аудиторияға мүлдем таныс болмауы керек (әйтпесе қолданылған әдіс мәні мен маңызын жояды);
- оқиғасы қызғылықты, серпінді болуы керек;
- күтпеген шешім, «ашық» проблемалыаяқталуы керек.
2-қадам: мәтін алдын ала ойдың аяқталуына қарай бөлініп қойылуы керек. Мәтінді қай жерден үзу керек екені белгіленіп қойылуы керек және аялдама жасау керек: «бірінші аялдама», «екінші аялдама»т.с.с.
3-қадам: оқушылардың әр түрлі ойлау дағдысын дамытуға бағытталған Блум таксономиясы бойынша мұғалім алдын - ала сұрақтар мен мәтін бойынша тапсырмалар дайындап қояды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет