ерекшеліктерін кӛрсетеді. Оларға кӛптеген табиғи заңдылықтар мен ландшафт
компоненттері мен элементтері арасындағы қатынастар жатады.
Орман дешифрлауында маңызы бар жанама белгілер ретінде мыналарды кӛрсетуге
болады: екпелердің құрылысы мен құрамының алдын ала зерделенген ерекшеліктері
(құрамдағы бір-екі тұқым бойынша осы кӛрсеткіштер аэрофотосуреттерде тікелей бейнені
таппаған жағдайларда үшінші немесе екінші қабаттың бар-жоғын анықтауға мүмкіндік
береді); аралас екпедегі жарық сүйгіш және кӛлеңкеге тӛзімді тұқымдылардың орташа
биіктігіндегі арақатынас сипаты (алқаағаштардың биіктігін айқындау үшін тірек бола
алады).); учаскенің биік немесе тӛмен орналасқан жерде орналасуы (топырақтың
ылғалдануының тиісті режимін,
орманның типін және тиісінше, екпенің ықтимал
ӛнімділігін кӛрсетеді); аралас учаскелердің бірдей кӛрсеткіштері; топыраққа неғұрлым
талапшыл жыныстар қоспасының болуы (бонитеттің жоғары сыныбын кӛрсетеді);
екпелердің жасы мен биіктігінің арақатынасы (бонитет сыныбын айқындауға мүмкіндік
береді); биіктігі мен диаметрінің 1,3 м биіктіктегі, ұшар басының диаметрінің биіктігі мен
диаметрі 1,3 м, екпенің биіктігі мен қорының ӛзара байланысы (бір кӛрсеткіштер
бойынша басқаларын
Суреттерде ландшафттардың барлық элементтері әр түрлі түсте, кӛлемде, нүкте,
сызық және дақ түрінде бейнеленеді. ӘФС-ң түсті градациясы және ұсақ бӛліктері
неғұрлым кӛп болған сайын олардың кӛріну қасиеттері де жоғары болады.
Әуеғарыштық суреттерде әр түрлі нысандар кӛрінеді: мысалы, бір суретте жеке
тұрған құрылыс жақсы түсірілсе, екінші суретте елді мекендер әрең кӛрінеді.
Әуесуреттерде нысандар мың және миллион есе кішірейтіледі, сондықтан олардың негізгі
кӛрсеткіші болып түсіру мүмкіншілігі саналады.
Дешифрлеу дегеніміз – әуе және ғарыштық суреттерден қолданбалы мақсатта
пайдалану үшін жергілікті жер және түрлі нысандар мен элементтердің сапалық және
сандық сипаттамалары туралы қажетті мәліметтер алу процесі.
Бұл процестің логикалық
құрылысы үш деңгейден тұрады:
табу, тану, жүйелеу.
Табу процесі
әуефотосуреттердегі элементтердің мағынасын анықтамай-ақ,
біртіндеп қабылдаудан тұрады. Мысалы, әуесуретте тік бұрышты бейне табылды дейік.
Табу процесі – кӛз сезімінің немесе кӛз анализаторының нәтижесі болып саналады.
Тану процесі
дегеніміз – біртұтас жеке образды қабылдау және оны элементтерге
бӛліп сапалық және сандық сипаттамаларын анықтау, соңында шыққан образға баға
беру. Мысалы, жоғарыда табылған тік бұрыштың кӛлемі 40х10х6 м, темір шатырлы,
шлакпен бетоннан салынған құрылыс болып шықты. Тану процесі үш сатыдан тұрады:
Тұтас образды алу (синтез)
Кӛріністі элементтерге бӛлу және олардың сипаттамаларын анықтау (анализ)
Алынған кӛрініске баға беру (жоғарғы сатыдағы синтез).
Бұл процесс дешифрлеу кезіндегі қолдағы бар мәліметтерді пайдаланады. Тану
процесі барысында үш түрлі жағдай пайда болады:
1) дешифрлеушіде дешифрлейтін нысан туралы ешқандай мәліметтер жоқ. Бұл
жағдайда далалық зерттеулер жүргізу қажет немесе нысан туралы басқа,
тіпті сәйкес
келмейтін ойлар, болжаулар туады. Бұндай жағдайды адекваттық ойдың босағасы деп
атайды.
2) дешифрлеуші адам нысанның әуекӛрінісін кӛрмеседе, оны тек карта арқылы
және түрі мен сипаттамасы бойынша таниды. Ол нысанның образын оның кӛрінісімен
салыстырады да, сәйкес келген белгілер арқылы таниды. Мұндай дешифрлеуде
ықтималдыққа сүйенеді, ал бұл кездегі жағдайды (таңдау жағдайындағы) танудың
босағасы деп атайды.
3) дешифрлеуші адам нысанды ӛз тәжірибесі бойынша жақсы біледі. Бұл кезде
тану процесі белгілі кӛріністі тауып алған кӛрініспен салыстырады, ал жағдайды белгілі
нысанның тану босағасы деп атайды.
Жүйелеу процесі - жеке нысандардың жалпы белгілерін
анықтау және жеке
сипаттамадан жалпы сипаттамаға кӛшуден тұрады. Жүйелеу кезінде нысанды
қабылданған бір шартты белгілерге келтіреді. Мысалы, жоғарыдағы табылған құрылыс –
мал қорасы болып шықты.
ӘФС-гі нысандар бір-бірінен кӛптеген дешифрлеу белгілері арқылы ажыратылады.
Дешифрлеу белгілері дегеніміз
– жергілікті жердің әр түрлі нысандары мен
элементтерін ажырататын ерекшеліктері мен ӛздеріне тән түрлері. Олар екіге бӛлінеді:
тура және жанама. Тура дешифрлеу белгілеріне -түрі, кӛлемі, құрылысы, сондай-ақ, (осы
аталған белгілерді біріктіруші белгі) бейненің суреті (құрылымы) жатады. Дешифрлеу
белгілеріне нысанның кӛлеңкесі де жатады.
Достарыңызбен бөлісу: