1- дәріс. Аэроғарыштық әдістердің ерекшеліктері мен маңыздылығы



Pdf көрінісі
бет9/29
Дата10.12.2023
өлшемі1,69 Mb.
#136426
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29
 
 
 
 


Түсіріс жүйелері. 
Аэроғарыштық суреттері, бірнеше рет түсіріс жасайтын арнайы аппаратураларымен 
алынады. Бір-бірінен жұмыс істеу принциптері, конструкциялары, мақсаттарымен 
ажыратылатын оншақты түрлі түсіріс жүйелері бар. Олардың ішіндегі ең негізгілері – 
фотографиялық, оптикалық-электронды және радиоэлектрондық. Олардың ӛзі ӛзара бір-
бірімен тығыз байланысты аспаптар мен құрлығылардан тұрады. Бірақ ең негізгілері 
фотокамералар, сканерлер және радиолокаторлар
Барлық түсіріс жүйелері аэроғарыштық суреттер алуға арналған. Әрбір аэросуретке, 
жер бетінің кӛрінісінен басқа, келесі ақпарат кіреді: тіркеу номері, түсіріс күні, уақыты, 
түсіріс аппаратураның параметрлері, координат белгілері, басқа да суретті ӛндеуге 
қажетті мәліметтер және сипаттамалар. 
Фотографиялық аппараттар
(
кадрлі және панорамалық) 
– бұл ұшақтан түсіретін 
кеңінен таралған және әмбебапты түсіріс аппараты. Әуесқой фотоаппараттардан
айырмашылығы – түсіріс фотоаппараттардың салмағы оншақты килограммға жетеді. 
Аэрофотоаппараттардың
ең кеңінен таралған кадр кӛлемі 18х18 см, кейде одан да 
үлкен 30х30 см кадр кӛлемі пайдаланады. Аэрофотоаппараттарда шексіздікке 
фокусталған фокустық қашықтығы35 мм-н 1000 мм-ге дейн (жиі 70 мм, 100 мм, 200 мм-і) 
линзалы объективтер қондырылған. Кадрдың форматы және фокустық қашықтық
аэрофотоаппараттың кӛру аясының бұрышын анықтайды (2β). Тар бұрышты 
аэрофотоаппараттарда 2β< 40
0
, кең бұрыштыда – 140
0
– қа дейін жетеді. Түсіріс алдын-ала 
арнайы құралмен түзетілетін жазықтықты ақ-қара, түрлі-түсті немесе спектрзоналы 
пленкаға түсіріледі. Жоғары сапалы объектив, түзілген жазықтықты фотопленкаға түсіріс, 
кадрлі аэрофотоаппаратпен алынатын сурет, жердің қатаң орталық проекциясы болып 
шығуын қамтамасыз етеді. Бұндай суреттер дәл фотограмметриялық ӛлшемдерге 
арналған. 
Кӛпзоналы аэрофотокамералар арқылы суреттерді бірнеше тар спектрлізонада 
алады. Кӛпзоналы суреттер дешифрлеуге арналған, фотограмметриялық ӛлшемдерде 
сирек қолданады. 
Ғарыш аппараттары
аэрофотоаппараттардың жаңартылған түрі. Ресейде алғашқы 
шолу ғарыш түсірістері 1: 2 000 000 – 1: 3 000 000 масштабтарда кадр кӛлемі 18х18 КАТЭ-
140 ғарыш фотоаппаратымен түсірілген. Ғарыш суреттердің рұқсаттамасы оншақты метр 
болған.
Ғарыштық ұшу деген – ғарышқа саяхаттану немесе тасымалдау. Жер мен ғарыш 
арасында нақты шекара жоқ. Халықаралық авиациялық федерациясы бойынша Жерден 
100 км биіктік шекара ретінде қабылданды. Сол биіктікте аэродинамикалық күштер
арқылы ұшу үшін, бірінші ғарыштық жылдамдық қажет. Бірінші ғарыштық жылдамдық 
аэродинамикалық ұшуды, орбиталы ұшуға кӛшіреді. Авиа және ғарыш кемелерінің 
арасындағы классикалық айырмашылық суборбиталы ғарыш кемелері және орбиталы 
ұшақтардың дамуына байланысты жойылады. 
Сонымен, бірінші ғарыштық жылдамдық – 8 км/с; екінші ғарыштық жылдамдық – 12 
км/с; үшінші- 14 м/с шамасында
200 км биіктікте шеңберлі жылдамдық 7,79 км/с. тең. 36 000 км геостационарлы 
орбитада зымыранның жылдамдығы – 3,07 км/с. және айналу кезеңі 24 сағат. Ол Жердің 
бір нүктесінің үсінде тұрады. Айға бару үшін 10,8 км/с жылдамдық керек, Марсқа ұщып 
бару үшін – 11,6 км/с. Барлық жылдамдықтан инерциялы есеп жүйесінде берілген 
(жұлдыздарға қарай). Жерден алыстаған сайын жылдамдық азаяды, себебі аппарат әлі 
Жердің әсер ететін сферасында болады (940 000 км). 10 км/с жылдамдықты барлық 
отынын таусып, аппарат орбитаға шыққанда алады, ары қарай ол инерциямен ұша береді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет