«Ғарыш ұщу аппараттары » немесе жай ғана
«Ғарыш аппараттары» деп атайды.
Ғарыш аппараттарды қолданатын аймақтар келесі топтарға бӛлінеді:
-
суборбиталық ҒА;
-
Жердің жасанды серіктерінің геоорталық орбиталар бойынша қозғалатын жер
маңы орбиталық ҒА;
-
планетааралық (экспедициялық) ҒА;
Планетааралық миссиялар 2015 жылы ӛз миссиясына жету үшін екі автоматты планетааралық «New Horizons»
ғарыш аппаратары Атлас-5» тасымалдаушы зымырандары арқылы 4 шілдеде Канаверал
мүйісінен ұшырылды. Олар 19 қантарда 2006 жылы Плутон планетасына 12,5 мың.км
дейін максималды жақындады
20 мамырда 2010 жылы Танэгасима ғарыш алаңынан H-IIA зымыранымен ұшырылған
«Акацуки» планетааралық зонды 7 желтоқсанда Шолпан (Венера) планетасының
орбитасына жетті. Планетаға жақындаған кезде ол орбитасынан шығып кетті.
Ғарыш аппараттардың топтастырылуы. Жұмыс режімі бойынша ғарыш аппаратары келесі класқа бӛлінеді:
-
Жердің жасанды серігі (ЖЖС) - Жер маңын айналып жүретін геостанционарлы
орбитада орналасқан барлық аппараттар;
-
алыс ғарышты планеталарды зерттейтін және олардың орбиталарына шығуы
мүмкін планетааралық автоматты станциялар (ғарыштық зондтар);
-
Жер маңындағы орбитаға жүк және адам таситын және қайта алып келетін ғарыш
кемелер, автоматты немесе басқарылатын аппараттар;
-
орбиталық станциялар – адамдардың Жер орбитасында ұзақ уақыт жұмыс істеуге
арналған басқарылатын (пилотируемый) аппараттар;
-
орбиталық апппараттар - планета және оның орбитасын зерттейтін ұшқышсыз
аппарат;
-
жерге қонушы аппарат –планета маңындағы орбитадан немесе планетааралық
траекториядан планетаның немесе жердің бетіне адамдарды немесе құралдарды жеткізу
үшін пайдаланатын аппарат;
-
планетаходтар – планеталар және басқа аспан денелерінінің үстінде жүретін
автоматты зертханалық кешендер немесе кӛлік құралдары.
Ғарыш аппараттар ғылыми, халық-шаруашылық, әскери, және басқа да
мақсаттатарда қолданылады. Жерді зерттеуде – арақашықтықтан зерделеу зымырандары,
метеорологияда – метеорологиялық, навигацияда – навигациялық замырандары
пайдалнады. Сонымен қатар, планета және планетааралық зерттеулерде – автоматты
планетааралық станциялар, планетаходтар, телекоммуникация және байланыс үшін –
телекоммуникациялық зымырандар, ғарыш кеңісінде адам қауіпсіздігін қамтамассыз
етуде – бақарылатын ғарыш кемелері және орбиталық станциялар, барлау және әскери
мақсаттарында – барлау зымырандары, әскери зымырандары, басқарылатын ғарыш
кемелері және орбиталық станциялар пайдаланады.