1. Тура дешифрлеу белгілері Негізгі тура белгілер арқылы нысанның жергілікті жерде бар екенін және оның
ерекшеліктерін анықтайтын әуесуреттің түрі саналады. Кӛздің кӛру жүйесі біріншіден,
заттың бейнесін және түрін кӛреді.
Түрі. Түр екіге бӛлінеді: геометриялық анықталғаны және анықталмағаны.
Біріншісі - түрлі құрлыстарға тән болады (құрылыстар, кӛпірлер т.б.) және сенімді
дешифрлеу белгілері деп саналады. Екіншісі - кӛптеген табиғи нысандарға тән (тоғай,
дала т.б.) және нақты сенімді дешифрлеу белгі деп саналмайды. Сондай–ақ, дешифрлеу
белгілерінің жинақты, созылмалы (сызықты), жазықты және кӛлемді түрлері
ажыратылады. Созылмалы түрдің негізгі дешифрлеу белгісі болып ерекшелігі табылады
(мысалы, сызықтың иректелу түрі арқылы жолды, ӛзеннен ажыратуға болады).
Стереоскоп арқылы жазықты түрді дӛңесті және ойысты жерлерден ажыратуға болады
(үй, үйін, шұңқырлар, жыра т.б.).
Нысанның
кӛлемі – түріне қарағанда онша нақты дешифрлеу белгі емес деп
саналады. Тек, кейбір жағдайда нысанды кӛлемі арқылы танып сипаттауға болады
(мысалы, құрылыс маңызын, кӛпірдің салмақ кӛтеруін, тоғай массивін, ағаштардың
тобын ажыратуға т.б.).
Түсі. Суреттің түсі (нысанның жарықтығы әсер ететін) фотоэмульсияның қараю
деңгейімен байланысты. Түстің ӛзгеруіне қосымша суретке түсіру жағдай мен
материалдардың зертханалық ӛңделуі әсер етеді. Адамның кӛзі сұр түстің деңгейіне дейін
ажыратады (тәжірибеде дәлелденген). Жәй кӛзбен дешифрлеу үшін, түстің 7 баллды
шкаласы пайдаланады: ақ, аппақ, ақшыл-сұр, сұр, қара-сұр, қаралау, қара. Жердегі
нысандар, суретте бір түспен ӛте сирек шығады. Тек қана жылтырақ немесе біркелкі
беттер бір түсті болып келеді (судың, қардың, топырақтың беттері т.б.). Жалпы бір түсті
болып кӛп жағдайда қаралау немесе ақшыл түстер немесе басқада біркелкі түспен
боялған нысандар кездеседі. Сұр түске қарағанда әуе- және ғарыштық суреттерде әр түрлі
бояулар кӛбірек болады. Түрлі түсті суреттерді дешифрлеу кезінде түстердің табиғи
түрінің біршама ӛзгеріп кететінін естен шығармау керек.
Кӛлеңке. Ара қашықтықтан түсірген суретте нысанның кӛлеңкесі керісінше
дешифрлеу белгі болып келеді. Кейбір жағдайда нысанды тек қана кӛлеңке арқылы
тануға немесе оған сипаттама беруге болады, ал басқа кезде, кӛлеңке нысанды жауып
кетеді де, дешифрлеуға кедергі жасайды. Кӛлеңке екі түрге бӛлінеді: түсіп тұрған және
жеке ӛзінің кӛлеңкесі. Жеке ӛзінің кӛлеңкесі деп нысанның бір бӛлігін жауып, күн түспей
тұрған кӛлеңкесін айтады. Жеке кӛлеңке нысанның кӛлемін кӛрсетеді. Нысандардан түсіп
тұрған кӛлеңкелер, оның жақын түрін кӛрсетеді және жалғыз ғана дешифрлеу белгі
болып табылады. Трубалардан, ағаштардан түсіп тұрған кӛлеңкелер арқылы жақсы
дешифрлеу жүргізуге болады.
Ең жақсы ірі масштабты әуесуреті бойынша дешифрлеу процесі дәлірек болады.
Масштабы ірі болған сайын, нысандар мен олардың элементтерін кӛбірек анықтауға
болады. Әсіресе, камералдық жағдайда ірі кӛлемді нысандар жақсы бажайланады.
Кӛлемдері ӛте ұсақ нысандар (онды және жүзді доля мм) жанама белгілер немесе
оптикалық құралдар арқылы анықталады.