1 -дәріс кіріспе: курстың мақсаты мен міндеттері, топырақтану ғылымының ҚЫСҚаша даму тарихы



бет11/72
Дата14.03.2023
өлшемі0,89 Mb.
#74403
түріҚұрамы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   72
Байланысты:
Дәріс топыр 1-15-3

ТОПЫРАҚ МОРФОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰРАМЫ
Топырақтың морфологиясы деп оның сыртқы белгілерінің жиынтығын атайды.
Табиғи жағдайларға байланысты топырақ жаратылу процестері әртүрлі жылдамдықпен жүреді де, оның сыртқы белгілерінің жетілуі де әртүрлі келеді.
Топырақтың сыртқы белгілерін зерттеу далалық және зертханалық әдістермен жүргізіледі. Топырақтың органо-минералдық құрамы оның сыртқы белгілерін құрайды. Мысалы, топырақ гумусының (қарашірігінің) мөлшеріне және құрамына қарай топырақ түсі мойыл қара түстен (егер қара шірінді 6%-дан асса және гумин қышқылымен гумин көп болса) ақшыл сұр түске дейін (қара шірінді 1,5-2 % және фульвоқышқылдар көп болса) өзгереді. Сол сияқты топырақтың гранулометриялық құрамы, сіңген катиондардың арақатынасы, әртүрлі химиялық қосындылардың болуы топырақ морфологиясын жасайды. Топырақтың құрамы, осыған орай оның физикалық, химиялық ерекшеліктері топырақ түзуші (аналық) жыныстың минералдық құрамына және топырақ түзілу процесінде жасалған қасиеттеріне байланысты болады. Сонымен, топырақ морфологиясы оның түзілу процесі және агрономиялық құндылығы жөнінде ұғым бере алады.
Далалық әдісте топырақ кесіндісін (көлденең қимасын) шұңқыр қазу арқылы жасайды. Топырақтың морфологиясын білу үшін оның құрылысын (қабатын және олардың қалыңдығын), бояуын (түсін), құрылымын, әртүрлі қосындыларды, жаңа түзінділерді анықтайды. Сондай-ақ, топырақтың грануметриялық құрамын, топырақ түзуші жыныстың сипатын, ылғалдылығын, органикалық заттың және өсімдіктер тамырларының таралуын, тұз қышқылынан (HCl) қайнау тереңдіктерін, ыза суларының жер бетінен қашықтығын, судың дәмін (тұщы, кермек, ащы, т.б.) анықтайды.
Зертханалық әдісте бұл анықтаулар топырақ құрылысын бұзбай жәшікпен алынған үлгілерде, монолиттерде жүргізіледі.
Топырақ түзілуі құбылыстарының әсерінен тау жынысынан пайда болған топырақта оған тән құрылыс, пішін, ерекше белгілер, қасиеттер мен жаңа қосылыстар пайда болады. Сөйтіп топырақ тау жынысынан өзінің қүнарлылығымен ғана емес, құрылысымен және сыртқы морфологиялық белгілермен ерекшеленеді. Осы морфологиялық белгілер арқылы топырақ түрлері бір-бірінен ажыратылады, топырақ түрлерге жіктеліп, оларға атау беріледі. Басты морфологиялық белгілерге топырақтың құрылысы, топырақтың және оның қабаттарының қалыңдығы, түсі, құрылымы жайласуы, механикалық құрамы, жаңа жарандылар мен кіріспелер жатады. Далалық жағдайда топырақтың морфологиялық белгілерін зерттегенде тік қазылған шұңқырлар пайдаланылады. Бұл әдісті алғаш рет топырақтанудың ғылыми негізін салушы В. В. Докучаев қолданды. Осы әдіс іс жүзінде топырақты далалық жағдайда зерттеуде осы күнге дейін қолданылып келеді. Топырақтың құрылысы – оның тік кескінінде кезектесіп орналасқан әртүрлі қабаттары. Бұл қабаттар бір-бірінен түсімен, құрылымымен, тығыздылығымен, химиялық құрамымен, кейде механикалық құрамымен ерекшеленеді. Топырақтың құрылысы пайда болып, қабаттардың ерекшеленуі топырақ түзілу процесінің және топырақты өндірісте пайдаланудың ықпалынан болады. Топырақтың тік кескінінде бірнеше қабаттар кездеседі. Осы қабаттарға атау қойылып, әріппен (индекс) белгіленеді. Әдетте, топырақтың:
А  қарашірінді жиналған қабат;
В  иллювиальді немесе аралық қабат;
 глей;
 аналық тау жынысы;
Д  астыңғы тау жынысы;
 элювиальды қабат;
AЕ  қарашірінді элювиальды қабаты;
О  орман төсеніші;
– шымтезек сияқты генетикалық қабаттары ажыратылады.
 (ескіше Ао немесе Ад)–органогенді қабат, орман ішінде түскен, құраған жапырақтардан, ал далалық аймақта шөптесін өсімдіктерінің қалдықтарынан құралған, тың жерде болатын топырактың ең үстінгі қабаты.
 қарашірінді және қоректік заттар жиналатын топырақтың жоғарғы жағында қалыптасқан қабат. Минералды заттардың бұзылуы мен сілтісізденуі байқалмайды. Түсі басқа қабаттарға қарағанда, күңгірт келеді.
АЕ  қаршірінді элювиальды қабатта қарашірінді жиналуымен қатар, минералдардың бұзылуы және ыдыраған заттардың төменгі қабаттарға шайылып жылжуы байқалады.
Е – (ескіше Аг) – элювиальды қабатта топырақ түзілу процесі кезінде бірқатар заттар төменгі қабатқа немесе топырақ кескіні астына шашылады. Сондықтан қабатта балшықты минералдар азайып кремний негізді заттар көбейеді.
В – иллювиальды немесе аралық қабатта жоғарғы қабаттан шайылған заттар, кей жағдайда жерасты сулары арқылы келген заттар жиналады. Топырақ кескінімен жылжушы заттарға байланысты иллювиальды қабат әртүрлі қосындылармен, мысалы: қарашіріндімен (Вһ), карбонаттармен (Вк), темір қосындыларымен (Вте) батылуы мүмкін. Егер топырақта мұндай заттардың жылжуы байқалмаса онда В қабатын аралық қабат, яғни қаршірінді қабаттан аналық тау жынысы қабатына алмасу қабаты деп атайды. С – аналык тау жынысы, топырақ түзілу процесінің әсері тимеген немесе оның сәл әсері болған тау жынысы қабаты. Топырақты қабаттарға бөлгенде олардың бір қабаттан екінші қабатқа алмасуы сипатына көңіл аударады. С. А. Захаровтың анықтауынша үш құрылым типі бар:
1) куб тәріздес  құрылым бөлшектері бір-біріне перпендикуляр үш ось бойы бірқалыпты қалыптасқан;
2) призма тәріздес – бөлшектердің даму баллы негізінен тік ось бойы қалыптасқан;
3) тақта тәріздес – бөлшектер негізінен көлденең жазықтық екі ось бөлшекпен қалыптасқан. Топырақтың құрылымының түрлерге жіктелінуі 1-кестеде келтірілген. Топырақтың құрылымының типіне және одан қабаттыға байланысты өзгереді. Мысалы, қара топырақтың үстіңгі қарашірінді жиналған қабатында дәнді түйіршікті кұрылым, ал кейбір топырақтың иллювиальді қабатында бағаналы немесе призмалы құрылым кездеседі.
Топырақтың жайласуы  оның тығыздығы мен кеуекшілігінің сырт көрінісі. Ол топырақтың механикалық құрамына, құрылымына, топырақ фауна әрекетіне және өсімдіктердің тамыр жүйесінің дамуына байланысты қалыптасады. Тығыздылық дәрежесіне қарай топырақ өте тығыздалған, тығыздалған, қопсынды, бытыраңқы болып жіктеледі. Өте тығыз топырақты күрекпен қазу қиынға түседі, сондықтан қайла қолдану қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет