Топырақ пішінінің құрылымы Түсiнiгi және маңызы. Топырақ құрылымы деп оның ұсақ бөлшектер мен микроагрегаттардан органикалық және минералдық колоидтар арқылы желiмделiнiп, бiрiккен түйiршiктерiн атайды. Топырақтың түйiршiктерге бөліну қабiлетiн оның құрылымдылығы дейдi. Топырақтың құрылымы – оның құрылысын, су-ауа, жылу, физикалық-механикалық және технологиялық қасиеттерiн анықтайтын ең маңызды шарттарының бiрi.
Топырақтың құрылымы деп оның әртүрлі пішінді үлкенді-кішілі түйіртпекті агрегаттарға бөліну қасиетін айтады. Топырақ құрылымы ірі кесекті, кесек дәнді, үлкен-кіші жаңғақты, призмалы, т.б. түрлерге бөлінеді. Олар бір-бірімен жабысқан механикалық элементтермен: құм, шаң, балшықпен қосарласа жүреді. Әрбір құрылымдық агрегат біріккен органикалық және минералды бөліктерден тұрады. Жалпы топырақ құрылымының пайда болуы – күрделі биохимиялық және физикалық-химиялық процесс. Көп жағдайда аралас құрылымды топырақтар кездеседі.
Топырақтың құрамында 0,5 мм-лік микроагрегаттардан бастап, одан әлденеше есе үлкен макроагрегаттар бар. Агрегаттарының көлемі 1 мм-ден 10 мм-ге дейінгі топырақ – бағалы, құнарлы. Өйткені мұндай топырақ ылғалды үнемді жұмсайды, ысырап етпейді, яғни оның бөлшектерінің сіңіру құрамында кальцийдің катионы болады. Ал су ұстамайтын топырақтың құрамында басқа катиоңдар кездеседі.
Топырақтың тығыздылығы – оның борпылдақ қуысты немесе тығыз болу қасиеті, бұл көрсеткіш топырақтың тығыздығы мен жұмсақтығын және құрылым бөліктерінің арасындағы қуыстар дәрежесін білдіреді. Топырақ қуыстары ауа мен судың, жылудың жылжуына ықпал етеді.
Топырақтың тығыздылығы топырақтың құрылымына, механикалық құрамына, органикалық және минералдық бөлшектердің мөлшеріне байланысты.
Тығыздықтың деңгейіне қарай топырақ мынадай түрлерге бөлінеді:
Өте тығыз, біртұтас топырақ. Мұндай топырақ сортаң және карбонатты жерлерде кездеседі. Ауа мен суды өткізбейді, механикалық құрамы ауыр әрі өзі құрғақ болады. Агрономиялық тұрғыдан бұл топырақ жыртуға жарамайды.
Тығыз топырақ жердің жыртылған қабатынан төмен орналасқан. Сортаңдау және механикалық құрамы ауыр балшықты жерлерде топырақ тығыз болады. Агротехникалық шаралар қолданылған жағдайда мұндай топырақты ауылшаруашылығына пайдалануға болады.
Тығыздау топырақ жердің иллювиальды қабатында кездеседі. Мұндай топыраққа күректі күш жұмсамай-ақ батыруға болады.
Борпылдақ топырақ үстіңгі қабатта болады. Өйткені мұнда органикалық заттардың мол болуына байланысты құрылымы түйіртпекті, арасынан ауа, су өтетін кеуектер көп болады. Сондықтан мұндай құнарлы топырақта мәдени өсімдіктер жақсы өседі.
Бос жылжымалы топырақ құмдақ және құмды жерлерде болады. Ауыл шаруашылығына пайдалану үшін арнайы агротехникалық шараларды қолдануды қажет етеді.
Бұл топырақтың маңызды генетикалық және агрономиялық көрсеткіші. Топырақтың құрылымы деп, оның массасының әртүрлі үлкенді-кішілі түйіртпекті агрегаттарға бөліну қасиетін айтады.
Топырақ құрылымы ірі кесекті, кесек дәнді, үлкен-кіші жаңғақты, призмалы, т.б. түрлерге бөлінеді (16-сурет). Олар бір-бірімен жабысқан механикалық элементерімен: құм, шаң, балшықпен қосарласа жүреді. Әрбір құрылымдық агрегат біріккен органикалық және минералды бөліктерден тұрады.
Жалпы топырақ құрылымның пайда болуы-күрделі биохимиялық және физикалық-химиялық процесс болып саналады. Көп жағдайда аралас құрылымды топырақтар кездеседі.