1- дәріс Тақырыбы: Жиындар және оларға қолданылатын амалдар. Жоспары


Жиынның толықтауышы. Жиындардың айырмасы



бет7/7
Дата30.09.2023
өлшемі186,27 Kb.
#111991
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1- дәріс

Жиынның толықтауышы. Жиындардың айырмасы
А – қайсыбір кластағы барлық парталар жиыны, ал В – осы кластағы бір қатарда тұрған парталар жиыны, яғни ВА болсын. Егер В жиынына кластағы басқа қатарда тұрған парталарды қоссақ, онда А жиыны шығады. Бұл жерде біз В жиынын А жиынына дейін толықтырдық.
Сонымен, егер ВА болса, онда А жиынының В жиынына тиісті емес элементтерінің жиыны В жиынының А жиынындағы толықтауышы деп аталады және арқылы белгіленеді.
Егер А және В жиындарын Эйлер-Венн диаграммалары арқылы кескіндесек, онда А жиынындағы В жиынының толықтауышы штрихталған (15-сурет) бөлік болады.
жиынының қалай табылатынына тоқталайық. А{1, 2, 3, 4, 5, 6, 7}, ал В{2, 4, 6} болсын. Онда жиынын табу үшін А жиынынан В жиынына енетін элементтерді шығарып тастау керек: {1, 3, 5, 7}. Басқаша айтқанда, жиынын табу үшін А жиынынан В жиынын азайту керек екен.
А жиынынан в жиынын азайтуды В жиыны А жиынының ішкі жиыны болмаған жағдайда да орындауға болады. А және В жиындарының айырмасы деп А жиынына тиісті және В жиынына тиісті емес элементтер жиынын айтады. А және В жиындарының а йырмасын А\В символы арқылы белгілейді. Мысалы егер А{а, в, с, д, е}, В{д, е, к, л} болса, онда А\В {а, в, с} болады.
А және В жиындарын Эйлер-Венн диаграммалары көмегімен кескіндесек, онда А\В жиыны (16-сурет) штрихталған бөлік болады.
Бір жиынды екінші бір жиынға дейін толықтыру ұғымын бастауыш кластарға натурал сандарды бірінен-бірі азайтудың негізі ретінде пайдаланады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет