1. №1. Иммундық жауап: жасушалық иммундық жауап кезінде жасушалардың кооперациясы


(тұқым қуалайтын ангионевротикалық ісіну)



Pdf көрінісі
бет13/19
Дата26.04.2023
өлшемі0,59 Mb.
#87039
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19
(тұқым қуалайтын ангионевротикалық ісіну) 
Жауабы:Комплемент компоненттерінің ақауы ( С1, С4, С2, С3, С5-9 т.б.) 
капсулаішілік микроағзалармен шақырылатын қайталама жайылған жұқпаларға алып 
келеді. Бұл жағдайда жүйелі қызыл жегі жиі кездеседі. 
Ангионевротикалық ісіну немесе Квинке ісінуі – есекжемге ұқсас болып келеді, бірақ 
Квинке ісігі зақымдалу тереңдегіне байланысты ажыратылады. Ангионевротикалық ісігі 
кейбір кезде бөртпе шығуынсыз да болуы мүмкін. Пайда болу себептері: Квинке ісігі – 
аллергиялық реакцияның есебінен пайда болуы мүмкін. Аллергиялық реакция кезінде 
гистамин және тағы сол сияқты химиялық заттар қанағымға босап шығады. Организм 
гистаминді иммунды жүйе ағзаға жат затты анықтағанда, яғни аллергенді сол сәтте бөледі.
Аурудың негізгі симптомы – кенеттен пайда болатын терінің беткей қабатының ісінуі. 
Сонымен қатар терінің беткі қабатында ісіктер мен тыртықтар пайда болуы да мүмкін. 
№19. Екіншілік иммунитет тапшылығы: индукцияланған, стихиялы. Екіншілік иммундық 
тапшылық дамуына әкелетін факторлар 
Жауабы: Екіншілік (жүре пайда болған) иммунды тапшылық жағдайлар дегеніміз — 
иммунды жүйеге түрлі зақымдардын әсер етуінен қалыптасатын клиникалық 
иммунологиялық синдромдар. Екіншілік иммунды тапшылықтар иммунды қорғаныстың 
арнайы және/немесе арнайы емес факторларының мөлшерлік және функционалдық 
көрсеткіштерінің айқын және тұрақты төмендеуімен сипатталады. Екіншілік иммунды 
тапшылықтар, сонымен қатар, созылмалы жұқпалы аурулардың, аутоиммундық 
патологияның, аллергиялық аурулардың және қатерлі ісіктердің пайда болуының себебі 
болып келеді. 
Екіншілік ИТЖ қалыптасуына сабепкер келесі факторлар
• физиологиялық (жасқа байланысты) факторлар; 
• ауруға шалдығу; 
• ятрогендік факторлар; 
• экологиялық факторлар; 
• өмір салтының қауыпты факторлары. 


Физиологиялық (жасқа байланысты) иммунды тапшылықтар дегеніміз - иммунды жүйенің 
күрделі физиологиялық өзгерістерінің кезендерінде (жас балалық шақ, жасөспірімдік 
кезең, қарттық кезең, жүктілік сияқты) пайда болатын иммундыжетіспеушіліктер.
Баланың туылғанынан үш жасқа дейінгі кезең – иммуноадаптивті кезең деп аталады. Бұл 
кезең иммунды жұйенің орталық және шеткері мүшелерінің функционалды жетілмеуімен 
сипатталады. Иммунды жүйенің пісіп жетілуі, оның қызмет етуін реттеу механизмдерінің 
қалыптасуы көптеген, сонын ішінде жұқпалы, антигендермен әсерлесу жағдайында өтеді 
(құрсақішілік даму стерилді ортада өтеді). 
Жасөспірімдік кезең – бұл жыныстық жетілу кезеңі. Бұл кезеңде организде иммунды 
жүйенің қызмет етуіне зор әсер көрсететін гормоналдық қайта құру өтеді. Бұл жағдай 
организмнің үш негізгі реттегіш жүйелерінің - жүйке, эндокринді және иммунды - өзара 
әсерлесу үрдістерінің қайта құрылуының нәтижесі болып келеді. 
Қарт жастағы адамдарда ИТЖ, көбінесе, тимус инволюция нәтижесінде қалыптасады. 
Шеткері қанда жетілмеген Т-лимфоциттер пайда болып, олардың жетілген түрлері азаяды. 
Сонымен қатар қанда айырша бездің гормондарының - тимозин, тимопоэтин және т. б. – 
деңгейі төмендейді. Қартайған сайын клеткалық белгілер механизмдері өзгереді, сонын 
ішінде аденилатциклазаның кальций-тәуелді белсендлігі мен цитокиндердің (сонын 
ішінде ИЛ-12) өндірілуі төмендейді Қарт адамдарда жасушалық иммунитеттің тапшылығы 
басым болатындығынан онкологиялық аурулар жиіленеді, жұқпалы, біріншіден вирустық 
және саңырауқұлақтық табиғаты бар аурулардың ағымы ауырлайды. Аутоиммунды 
аурулардың пайда болуы жиіленеді. 65 жастан асқан адамдарда айырша бездің 
гормоналдық жетіспеушілігінен лимфоциттердің реттегіш субпопуляцияларының өзара 
тепе-тендігі өзгереді. Бұл жағдай жасушалық иммунитетімен қатар гуморалдық 
иммунитеттің сандық және сапалық бұзылыстарына алып келеді. IgG мен IgA көлемі 
жоғарлап, IgM- төмендейді. Аутоиммундық аурулардың дамуының мүмкіншілігін күрт 
жоғарылататын аутоантиденелердің – антиядролық, антитиреоидтық және т.б. синтезі 
жоғарылайды, ревмотоидтық факторлардың концентрациясы жоғарылайды. Бұл жастағы 
адамдарда иммунологиялық дезадаптацияға тек қана иммунды факторлардың 
дисбалансы ғана емес, жүйке жүйесінің жасқа байланысты өзгерістер, гормоналдық 
бұзылыстар, ферментопатиялар, метаболизмнің өзгеруі және т.б. факторлар себепші бола 
алады. Қалыпты жүктілік кезінде міндетті түрде ана организмінде эмбрионның дамуын 
қамтамасыз ететін ұақытша иммунды жетіспеушілік қалыптасады. Сонда ана организмінде 
IgG плацента арқылы тасымалданғаннан және жүктілік кезінде ұақытша IgG түзілуінің 
өзгергенінен қан сары суында IgG деңгейі төмендейді. Ал IgА мен IgМ деңгейлері керсінше 
аздап көтерілуі мүмкін. Қан нейтрофилдерінің қызметі төмендеп (әсіресе хемотаксис пен 
грамтеріс және кокктық флораға қарсы бактерицидтік әсерлері), макрофагтардың оттегінің 
белсенді формаларын түзуі азаяды. Т-супрессорларының саны көбейеді, бірақ Т- және 
Влимфоциттердің тепетендігі өзгермейді. Жүктілік кезінде қалыптасқан иммунды статус 
(IgG жетіспеушілігі, нейтрофилдер мен макрофагтардың фагоцитозының әлсізденуі, Т-
супрессорлардың белсенуі) вирустық (грипп, гепатит, полиомиелит, қызамық, жел шешегі) 
және бактериалдық (әсіресе стрептококктық) жұқпаларға бейімділікті тудырады. Бірақ, 
олай болса да, жүкті әйелдің иммунды жүйесінін қызметін түзегіш кіріспелер жүктіліктің 
ағымын бұзуы немесе түсікті шақыруы әбден мүмкін, сондықтан қауыпты. 
Ауруларға щалдығу. 
Екіншілік ИТЖ әр түрлі табиғаты бар аурулардың нәтижесі ретінде қалыптасуы мүмкін. Ең 
жиі екіншілік ИТЖ себебі болып жұқпалы аурулар келеді. Әр жедел жұқпалы аурудан кейін 
1 айға созылатын транзиторлық иммунды тапшылық пайда болады. Осы мерзімге, 


әдеттей, балаларға вакцина егуге тыйым салынады. Егер иммунды жүйе қалыпты 
жағдайда болса, жұқпалы аурулар жедел түрде өтеді. Жұқпалы аурудын созылмалы болуы 
қалыптасқан иммунды тапшылықтын белгісі. Созылмалы жұқпалар кезіндегі иммунды 
тапшылық қоздырғышпен күресу жағдайындағы иммунды жүйенің резервті 
мүмкіншіліктерінің жұқарғанынан болады және бара-бара ауырлайды. Сонымен қатар, 
аталған жағдай патологиялық үрдістің ары қарай созылмалануына себеп болады. 
• Бактериалдық жұқпалар (туберкулез, мерез, лепра, пневмококктық, 
менингококктық, стрепто- және стафиллококктық және басқа жұқпалар). 
Вирустық жұқпалар: 
- жедел (қызылша, қызамық, грипп, паротит, жел шешегі, жедел вирустық 
гепатит); 
- персистенциялаған (жеделасты склероздаушы панэнцефалитпен әсерлескен қызылша, 
гепатита В созылмалануы, ұшық); 
- туа біткен (цитомегаловирустық инфекция, қызамық); 
- иммунды жүйенің вирустық жұқпалары (ЖИТС, цитомегаловирустық жұқпа, жұқпалық 
мононуклеоз). 
Ятрогендік факторлар 
Екіншілік иммундытапшылықтардың қалыптасуына ятрогендік факторлар да қатысуы 
мүмкін. Оларға, біріншіден, дәрілік препараттар жатады. Көптеген эксперименталды 
жұмыстарда және клиникалық тәжирибелерде цефалоспориндік және фторхинолондық 
тізбектің антибиотиктерінің, левомицетиннің, стрептомициннің, тетрациклиннің, 
туберкулезге және саңырауқұлақтарға қарсы антибиотиктердің иммундыдепрессиялық 
әсері табылған. Сонда антибиотиктердің ең айқын иммундыдепрессиялық әсерлері 
ретінде вирустарға қарсы иммунитеттің төмендеуі, Т-лимфоциттердің функционалды 
белсенділігінің тежелуі, нейтрофилдер мен макрофагтардың фагоцитарлық белсенділігі 
азаюы жүзеге асады. Онкологиялық, лимфопролиферативті және аутоиммундық 
аурулардың ем шарасы ретінде, сонымен қатар трансплантация кезінде қолданылатын 
дәстүрлі иммунодепрессанттар мен цитостатиктер иммуносупрессиялық әсер көрсетеді. 
Күшті иммундысупрессиялық әсер кортикостероидті гормондармен емдеу кезінде де 
байқалады. Физиологиялық концентрациялардан тым жоғары мөлшерлерде 
кортикостероидті гормондар иммундыхабарлы жасушалардың миграциясы мен 
рециркуляциясын тежейді, белсенділіктерін басып тікелей лимфоцитотоксикалық әсер 
көрсете алады. Қазіргі кезде ауруханаішілік госпиталды жұқпалардың - медициналық 
мекемелерде болатын қоздырғыштар шақырған жұқпалы үрдістердің жиілігі өсуде. 
Өмір салтының қауыпты факторлары 
Тамақтану жетіспеушілігінің аздап болуы иммундық реактивтілігінің терең бұзылыстарын 
шақырмайды. Бірақ созылмалы ақуыз – калорийлік жетіспеушілікте фагацитоз 
активтілігінің төмендеуі байқалады, комплемент жүйесі мен пропердин жүйесінің ақуыз 
синтезі төмендейді, антиденелер синтезі тежеледі, перифериялық қанда Т және В – 
лимфоциттердің және олардың субпопуляцияларының саны азаяды, жетілмеген 
жасушалар саны ұлғаяды. 
• 
Ақуыздық тапшылық 
• 
микроэлементтер жеткіліксіздігі 
• 
Витаминдер тапшылығы 
• 
Екіншілік ИТЖ – дың пайда болуына темекі шегу, маскүнемдік және 
• 
нашақорлық үлкен әсер етеді. 


№20. Табиғи иммунологиялық төзімділік: қалыптасу механизмдері (оң және теріс 
селекция) 
Жауабы: Иммунологиялық төзімділік дегеніміз – белгілі бір антигенмен шақырылған және 
осы антигенге арнайы иммунологиялық жауаптың болмауы (ареактивтілік). Ал басқа 
антигендерге қалыпты иммундық жауап сақталады. Төзімділік иммундық тапшылық 
жағдайлардан мүлдем өзгеше, себебі иммундық тапшылық жағдайлар кезінде иммундық 
жүйенің бұзылыстары салдарынан көпшілік антигендерге иммундық жауап 
қалыптаспайды немесе төмендейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет