1. №1. Иммундық жауап: жасушалық иммундық жауап кезінде жасушалардың кооперациясы


тiндерге саты ерекшелк антигендердiң жойылуына алып келедi



Pdf көрінісі
бет16/19
Дата26.04.2023
өлшемі0,59 Mb.
#87039
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
тiндерге саты ерекшелк антигендердiң жойылуына алып келедi.
 Осымен бiрге, әдетте эмбрион кезеңде болатын гендер белсендiлiгi арқасында, рак-
эмбрионалды антигендер де пайда болады (РЭА). Рак жасушасы геномының жұмысы 
белсендi түрiнде, басқа тiндерге зиянды әсерiн тигiзуiнiң нәтижесiнде iсiк жасушасының 
бетiнде басқа тiндерге тән антигендер пайда болады (гетеромүшелiк антигендер).
Қазiргi кезде iсiктер түрiмен бiрлескен көпшiлiктi эмбрионалды антигендер анықталған. 
Оның iшiнде толық зерттелген: альфафетопротеин, карцино-эмбрионалды антиген, 
эмбрионалды сульфогликопротеин, Н-цитокин, Реган фосфатазасы, т. б. 
 Рак-эмбрионалды антигендердiң аурулар қан сарысуында анықталуы рактың ерте 
анықталуына мүмкiндiк бередi.
Альфа-фетопротеин адам iсiктерiнде бiрiншi анықталған эмбрионалды антигендердiң 
бiрi. Ол аурулар қанында және бауыр гепатоцеллюлярлы iсiктер жасушаларында 
кездеседi, сонымен қатар, аналық және аталық жұмыртқа бездерiнiң 
тератобластомаларында кездеседi. Бұл антиген асқазан iсiгi бар ауруларда, қуық асты 
без iсiгiнде және асқазан iсiгiнiң бауырға жайылуы кезiнде қан сарысуында кездеседi. 
Карцино-эмбрионалды антиген ауру қанында серологиялық әдiс көмегiмен анықталады 
және тiк iшек, тоқ iшектiң қатерлi iсiгi жасушаларында табылады. Эмбрионалды 
сульфогликопротеин асқазан шырышты қабатының қатерлi өзгерген жасушаларында 
байқалады, ал Н-цитокин асқазан-iшек, сүт безi, өкпе, қуық асты безi, қалқанша без, 
лимфогранулематоз сияқты қатерлi iсiгi бар аурулардың қан сарысуында анықталады 
және ол жүктi әйелдердiң қан сарысуында табылған. Реган фосфатазасы қатерлi өкпе 
және асқазан-iшек жолдары iсiгiнде 10-20% жағдайда болады. Бұл фермент 
плацентаның сiлтiлi фосфатазасымен бiрдей, ол плацентамен түзiледi және жүктi ана 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет