№1 (118) 14 қаңтар, 2016 жыл АҢдатпа 10 бет



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата03.03.2017
өлшемі10 Mb.
#5504
1   2   3   4   5   6

Назгүл ӘУЖАНОВА,

Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов 

атындағы, "Еңбек ардагері" 

медальдарының иегері. 

Жетісу 

университеті



БЕС ИНСТИТУТТЫҚ РЕФОРМА

бейсенбі,  14 қаңтар,

2016 жыл

5

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев  

өткен жылы сәуір айында «100 нақты қадам» - ұлттық жос- 

парын ұсынып, Қазақстанның болашақтағы даму бағытын 

белгілеп берген болатын. «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру», 

«Заңның үстемдігін қамтамасыз ету», «Индустрияланды-

ру және экономикалық өсім», «Есеп беретін мемлекетті 

қалыптастыру» деп аталатын бөлімдерден тұратын бұл  рес-

ми құжатты халқымыз – еліміздің  экономикалық даму 

саласындағы түпкілікті бағдарламасы деп қабылдады.

Міне, 2016 жылдың басынан «5 институттық реформаны 

жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» - Ұлт жос- 

парын орындаудың практикалық кезеңі басталды. Қаңтар 

айының 6 жұлдызында Елбасы баспасөзде   «Ұлт жоспары 

- қазақстандық арманға бастайтын жол»  атты мақаласын 

жариялады.

Сот жүйесіндегі серпіліс

Мақалада  жаңа  Азаматтық  іс  жүргізу 

кодексі  мен  жаңа  «Жоғары  Сот  Кеңесі 

туралы» Заң қабылданғаны, «Сот жүйесі 

және  судьялардың  мәртебесі  туралы» 

Конституциялық  заңға,  Қылмыстық-іс 

жүргізу  кодексіне  және  Әкімшілік  құқық 

бұзушылық  туралы  кодекске  қажетті 

өзгерістер  енгізілгені  туралы  айтылған. 

Онда: 

«Екінші 


реформаның 

мәні 


тәуелсіз  сот  төрелігі  мен  Қазақстанның 

бүкіл  құқық  қорғау  жүйесінің  тек 

қана  азаматтардың  құқықтары  мен 

бостандықтарын 

қамтамасыз 

етуге, 


заңдарды  қатаң  орындауға  және  құқық 

тәртібін  нығайтуға  бағытталуы  тиіс»,- 

деп  көрсетілген.  Шындығына  келгенде, 

мемлекет  басшысы  зайырлы,  өркениетті 

мемлекеттің негізгі тірегі оның заң, құқық 

жүйесінің  дұрыс  құрылуына  байланы-

сты екеніне жіті көңіл аударып отырғаны 

анық байқалады.  Осы саладағы бұрынғы 

қабылданған заңдардың  барлығына жаңа 

өзгерістер енгізуді  уақыт талап етіп отыр. 

Мәселен,  «Қазақстан  Республикасының 

сот  жүйесі  мен  судьяларының  мәртебесі 

туралы»  Қазақстан  Республикасының 

Конституциялық 

заңына 

 

2014 



жылы  14  қарашада  өзгерістер  мен 

толықтырулар  енгізіліп,  судья  лауа-

зымына  кандидаттардың  моральдық-

адамгершілік  қасиеттерін  бағалау  үшін 

облыстық  сот  жанынан  консультативтік-

кеңесші  орган  –  Қоғамдық  кеңес 

құрылатындығы көрсетілген.  

Сол  заңға  сәйкес  облыстық  соттың 

кассациялық  сот  алқасы  отырыста-

рында  төрағалық  ету  облыстық  соттың 

кассациялық  сот  алқасының  судьясына 

жүктелетін  еді.  Облыстық  соттың  жал-

пы  отырысы  төралқасының  құрамы  жеті 

мүшеден – облыстық соттың төрағасынан 

және  сот  алқаларының  төрағаларынан, 

Судьялар 

одағы 

филиалының 



төрағасынан,  Судья  әдебі  жөніндегі 

комиссияның 

төрағасынан 

тұратын. 

Сондай-ақ облыстық соттың жалпы оты-

рысы  екі  жыл  мерзімге  жіберетін  екі  су-

дьядан құралатын.

Жоғарғы  Соттың  жалпы  отырысы 

төралқасының  құрамы  тоғыз  мүшеден 

– 

Жоғарғы 



Соттың 

Төрағасынан 

және  қадағалау  сот  алқаларының 

төрағаларынан,  Судьялар  одағының 

төрағасынан,  Судья  әдебі  жөніндегі 

комиссияның 

төрағасынан, 

Сот 


жюриінің  төрағасынан,  Кадр  резерві 

жөніндегі  республикалық  комиссияның 

төрағасынан, сондай-ақ Жоғарғы Соттың 

жалпы  отырысы  екі  жыл  мерзімге 

жіберетін екі судьядан тұратын.

Аудандық  соттың  судьясы  болып: 

жиырма  бес  жасқа  толған,  жоғары  заң 

бiлiмi, мiнсiз беделі және заң мамандығы 

бойынша  кемiнде  екi  жыл  жұмыс  өтілі 

бар,  біліктілік  емтиханын  тапсырған 

(мамандандырылған 

магистратурада 

оқуды  бітірген  және  онда  біліктілік  емти-

ханын  тапсырған  адам  оқуы  аяқталған 

күннен  бастап  бес  жыл  бойы  емтихан 

тапсырудан  босатылады),  медициналық 

куәландырудан өткен және судьяның кәсiби 

мiндеттерiн  атқаруға  кедергi  келтiретiн 

ауруларының  жоқтығын  растаған,  сот-

та  тағылымдамадан  ойдағыдай  өткен 

және  соттың  жалпы  отырысының  оң 

пiкiрiн  алған  (мамандандырылған  ма-

гистратурада  оқуды  бiтiрген  және  онда 

біліктілік емтиханын тапсырған адам оқуы 

аяқталған  күннен  бастап  бес  жыл  бойы 

тағылымдамадан  өтуден  босатылады) 

Қазақстан  Республикасының  азаматы 

тағайындалуы мүмкiн болатын. Аудандық 

сот  төрағасының  бос  лауазымдарына 

кандидатуралар,  әдетте,  жұмыс  істеп 

жүрген  судьялардың  немесе  судья  лауа-

зымында кемiнде бес жыл жұмыс өтілі бар 

адамдардың арасынан ұсынылатын еді.

Ал  енді  Елбасы  белгілеп  берген  «100 

нақты  қадам»  -  ұлттық  жоспарда  судья-

ларды ipiктey жүйесін жетілдіру бағытында 

жаңа    реформалар  белгіленген.  Айталық, 

17  қадамда:  «Судья  лауазымына  канди-

даттарды  ipiктey  тетіктерін  көбейту  және 

біліктілік талаптарын қатайту тиіс. Міндетті 

түрдегі  талап  -  сот    icтepiн  жүргізуге 

қатысудың  5  жылдық  өтелі  болуы  керек. 

Kәciби дағдысы мен іскерлігін тексеру үшін 

ахуалдық  тестілер  жүйесін  енгізу  қажет. 

Судьялыққа  үміткерлер  соттарда  стипен-

дия төленетін бip жылдык тағылымдамадан 

кейін судья бip жылдық сынақ мерзімінен 

өтеді»  деген  талаптар  бар.  Бұл  рет-

те  судья  деген  үлкен  лауазымға  лайық  

кадрлар даярлау мақсатында судьялыққа 

үміткерлердің  жасын  25-тен  30-ғa  дейін 

ұлғайту қарастырылуда. 

Бұрынғы 

2014 


жылғы 

енгізілген 

өзгерістерге  сәйкес  облыстық  соттардың 

төрағалары 

мен 

сот 


алқалары 

төрағаларының 

бос 

лауазымдарына 



кандидатуралар,  әдетте,  жұмыс  істеп 

жүрген  судьялардың  немесе  судья  лауа-

зымында кемiнде он жыл жұмыс өтілі бар 

адамдардың арасынан ұсынылатын.

Бұл  ретте  аудандық  сот  төрағасының, 

облыстық  соттардың  төрағалары  мен 

сот  алқалары  төрағаларының,  Жоғарғы 

Сот  судьяларының  және  сот  алқалары 

төрағаларының  лауазымдарына  канди-

даттарды  іріктеу  кезінде  кадр  резервінде 

тұрған адамдарға басымдық берілетін.

Жоғарғы  Соттың  сот  алқасының 

төрағасы  лауазымына  кандидат  Жоғарғы 

Сот судьяларының арасынан ұсынылатын. 

Сол  сияқты  отставкаға  шыққан  су-

дьяларды  әлеуметтік  қамтамасыз  ету 

мәселесіне  де  баса    көңіл  бөлініп  отыр. 

Мәселен,  2015  жылғы  31  шілдедегі 

енгізілген өзгерістер мен толықтыруларда: 

«кемінде  он  бес  жыл  судьялық  жұмыс 

өтілі  бар,  «Қазақстан  Республикасында 

зейнетақымен  қамсыздандыру  туралы» 

Қазақстан  Республикасының  Заңында 

белгіленген  зейнеткерлік  жасқа  толған 

отставкадағы, оның ішінде 2016 жылғы 1 

қаңтарға дейін отставкаға шыққан судьяға 

судьяның  соңғы  атқарған  лауазымы  бой-

ынша  лауазымдық  айлықақысының  елу 

пайызы  мөлшерінде  салық  салынбай-

тын  өмір  бойғы  ай  сайынғы  қамтылым 

төленеді» делінген.      

Тағы  бір  көңіл  қуантатын  дүние  ол,  20 

жылдан астам еңбек өтілі бар судьяларға 

жасалған  жеңілдіктер.  Айталық,  заңда: 

«Жиырма  жылдан  асатын  судьялық 

жұмыс  өтілінің  әрбір  жылы  үшін,  ал 

2016  жылғы  1  қаңтарға  дейін  отставкаға 

шыққан судьяларға – он бес жылдан аса-

тын судьялық жұмыс өтілінің әрбір жылы 

үшін  отставкадағы  судьяның  өмір  бойғы 

ай  сайынғы  қамтылымының  мөлшері 

судьяның  соңғы  атқарған  лауазымы  бой-

ынша  лауазымдық  айлық  ақысының  бір 

пайызына ұлғайтылады»,- деп көрсетілген.

Сот  реформасының  маңызды  қыры  - 

сот  төрелігінің  бес  сатылы  жүйесінен  үш 

буынды  жүйесіне  өту  көзделгенін  айтуға 

болады.  Азаматтардың  сот  төрелегіне 

қолжетімділігін  жеңілдету  үшін  сот 

жүйесі  инстанцияларын  оңтайландыру 

тиіс.  Осыған  байланысты  16-қадамда: 

«Бес  сатылы  сот  жүйесінен  (бipiнші, 

апелляциялық,  кассациялық,  қадағалау 

және  қайта  қадағалау  жасау)  үш  сатылы 

(бipiншi,  апелляциялық,  кассациялық,) 

сот  төрелігі  жүйесіне  көшу  туралы    оң 

өзгерістерге қадам жасалған.

Бipiншi 


инстанциядағы 

соттар 


аудандық, және оған теңестірілген соттар, 

апелляциялық инстанция - облыстық сот-

тар,  кассациялық  инстанция  -  Жоғарғы 

Сот  болып  құрылады.  Қазіргі  кезеңде 

облыстық  сотта  апелляциялық  және 

кассациялық  инстанциялар  шоғырланған. 

Кассациялық  инстанцияның  Жоғарғы 

Сотта  болуы  дүние  жүзіндегі  дамыған 

елдердің  сот  тәжірибесіне  сай  келеді. 

Сот  инстанцияларының  неғұрлым  көп 

болуы  тараптармен  сот  процестерінің 

қасақана  созылуына  мүмкіншілік  береді, 

ал  сот  инстанцияларының  азаюы  қысқа 

мерзімде  ic  бойынша  түпкілікті  шешім 

шығарылып,  орындалуын  қамтамасыз 

етеді.

Мақалада    біріншіден,  Жоғарғы  Сот 



жанындағы  Сот  жюриі  түбегейлі  қайта 

құрылатыны,  Сот  жюриі  азаматтардың, 

судьялардың іс-әрекетіне және судьялық 

корпус  өкілдерінен  қабылданады  деп 

күтіліп  отырған  Этикалық  кодексті 

бұзу 


жағдайларына 

байланысты 

арыз-шағымдарын  қарайтыны  тура-

лы  анық  айтылған.  Екіншіден,  Жоғарғы 

Сот  жанынан  дауларды,  оның  ішінде, 

ірі  инвесторлар  қатысатын  дауларды 

қарау  үшін  мамандандырылған  алқа 

құрылатыны,  оның  шеңберінде  ше-

тел  инвесторларының  құқын  өздерінде 

туындаған  құқықтық  даулар  бойын-

ша  сапалы  әрі  әділ  шешу  жүзеге  асы-

рылатынына 

тоқталған. 

Үшіншіден, 

қылмыстық  іс  жүргізу  шеңберінде  сот-

тарда, оның ішінде сотқа дейінгі кезеңде, 

айыптау  мен  қорғау  арасында  теңгерім 

қамтамасыз  етілетіні,  бұған  адамның 

конституциялық құқығы мен бостандығын 

шектейтін  тергеу  судьясының  барлық 

тергеу  әрекетін  санкциялау  бойынша 

өкілеттіліктерін  одан  әрі  қарай  кеңейту 

есебінен  қол  жеткізілетініне  жете  мән 

берілген.  Төртіншіден,  қазақстандық 

соттардың төрағалары – құқы теңдердің 

ішіндегі жолы кеңдері екенін ұмытпаудың 

маңыздылығын 

қатаң 


ескертілген. 

Бесіншіден,  мемлекеттік  сот  орындаушы-

ларын кезең-кезеңімен қысқарту арқылы 

жеке сот орындаушыларының институты 

одан әрі дамытылатыны көзделген.

Судьялардың  жауапкершілігін  арт-

тыру  және  тәртібін    күшейту  үшін 

судьялардың есеп беру тәртібін күшейту, 

судьялардың  жаңа  этикалық  кодексін 

жасау,  соның  негізінде  азаматтар  судья-

лардын,  әрекеттері  бойынша  еліміздің 

Жоғарғы Сотының жанынан құрылған ар-

найы  Сот  алқасына  шағымдана  алатын 

мүмкіншілігін  және  барлық  сот  процесін 

бейнебақылауға  түсіру    шараларын 

міндетті  түрде енгізу айқындалған.

Алқабилер  соты  қолданылатын  сала-

ларды  кеңейту  21-қадамда  айқындалып 

отыр. Халық арасынан іріктелініп алынған 

10 азаматтық судьямен бipгe сот төрелігін 

аткаруы  демократияның  бipден  бip 

көрінісі.  Алқабилер  соты  қолданылатын 

салаларды 

кеңейту 


демократиялық 

қоғамымыздың  дамуының  кепілі  болып 

табылады.

Адамның және азаматтардың конститу-

циялык құқығын шектейтін барлық тергеу 

қызметі  жөніндегі  өкілеттілікті  тергеу  су-

дьясына бipтіндеп беруді қамтамасыз ету 

арқылы сотта айыптаушы және қорғаушы 

арасындағы  теңгерімді  қамтамасыз  ету 

жайы 22 - қадамда керсетілген.

Бұл қадамды іске асыру, сот бақылауын 

күшейту  мақсатында  тергеу  судьясына 

қосымша  қарауды,  тінтуді,  жеке  тінтуді 

санкциялау  құзыреті  беріледі.  Қазіргі 

уақытта тергеу судьясы 8 тергеу әрекетіне 

санкция  береді.  Болашақта  сот  санкция 

беретін  тергеу  әрекеттері  кеңейтілмек. 

Сот  peciмдерін    оңайлату  және  сот 

процестерін  жеделдету үшін азаматтық-

құқықтық  даулар  жөніндегі  соттарға 

прокурордың қатысуын қысқарту жөнінде 

25- қадамда көрсетілген.

Жаңа 

 

реформалардың 



негізгі 

бағыттары  Қазақстанда  азаматтардың 

заңның  үстемдігіне,  сот  әділдігіне, 

қылмыстың  заңның  күшіне  деген  сенімін 

арттырары сөзсіз.

Қорыта айтқанда, Елбасы «Ұлт жоспа-

ры  –  қазақстандық  арманға  бастайтын 

жол»  атты    мақаласында    «Қазақстан- 

2050» стратегиясына орай жүзеге асыры-

латын  жұмыстардың  бағытын  белгілеп, 

Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына 

ендіріп,  Мәңгілік  Елге  айналдыруды 

көздейтіні  тағы бір  халқымыздың сана-

сына  құйып  өтті.    Әсіресе,      құқық,  сот 

саласындағы  жаңа    реформалардың 

негізгі 


бағыттары 

қазақстандық 

азаматтардың заңның үстемдігіне, соттың 

әділдігіне деген сенімін арттырары сөзсіз.



С.ТИНИСТАНОВА, 

заң факультеті деканының оқу ісі 

және тәрбие жұмыстары жөніндегі 

орынбасары, тарих ғылымдарының 

кандидаты.

Жетісу 

университеті



6

бейсенбі, 14 қаңтар, 

2016 жыл

ҚАУЫРСЫН ҚАЛАМ

Кеңес    заманынан  ауылға  сыйлы  да 

қадірлі  жандардың  бірі  -  Алдияр    қарттың  

үйінде  бүгін  үлкен  той.  Ақсақал  атанып, 

немерелі болды. Осылайша, ағалықтан өтіп, 

даналықтың «шеніне» көтерілді.  Баласы әлі 

студент.  Ерте  үйленіп,  ата-анасына  неме-

ре  сүйдіріп  отыр.  Алматыдағы  жоғары  оқу 

орындарының  бірінде  білімін  жалғастырып 

жүр.  Баласын  ауылға  алып  келіп,  ата-

сы  Алдияр  мен  әжесі  Айкүмістің  қолына 

тапсырған-ды. Ата мен әженің қуанышында 

шек  жоқ.  Тіпті,  Алдияр  ақсақал  мейірімге 

толы дауысымен: «Немеремнің есімі Мұрат 

болады,  тіпті,  туу  туралы  куәлігіне  де  со-

лай  жаздырып  қойдым»,  -деп  ақ  жарыла 

қуанып,  ақтарылып  отыр.  Студент  Алмас 

әке  атанғанымен,  келіншегі  екеуіне  әзірге 

бала  тәрбиелеу  бұйырмайтындай.  Өйткені, 

атай  мен  әжей  Мұратты  меншіктеп  алды. 

Өткенде  ғана  бесікке  бөленіп  жатқан  ба-

ламен  қоштасайын  деп  аяғының  ұшымен 

бесікке  жақындай  беріп  еді,  Алдияр 

ақсақал: «Оқуларыңды тәмамдап алыңдар, 

балада  жұмыстарың  болмасын»,-  деп  ер-

келете ескертті. Бірте-бірте алтын асықтай 

Мұратты өзінің кенже баласына балап, ай-

наласына да солай таныстыратын дәрежеге 

жетті.  Осылайша,  Мұрат,  атасының  жа-

нында  қала  берді.  Тұсаукесер,  шілдехана, 

ашамайға  мінгізу,  тілашар  сынды    қазақы 

дәстүрлердің  барлығының  қызығын  көрді. 

Әжесі  Айкүмістің  әкесі    кезінде  ауылға 

белгілі,  тіпті,  шет  жаққа  да  танымал  ша-

бандоз,  атбегі  болған.  Қажыбайдың  атын 

естіген атбегілердің барлығы  оған бас иіп, 

қатты сыйлайтын. Сол елге қадірлі  ақсақал 

жиеншарының    сүндет  тойында:  «Жиеннің 

жақсы  болмағы  нағашыдан»,-  демекші, 

өзіме  тартып,  еліңе  елеулі,  халқыңа 

қалаулы азамат болсын деп жеті қазынаның 

бірі  сұлу  қасқа  тұлпардың  кер  құлынын 

атадым.  Ал  енді  Мұратжан,  қолыңды  жай. 

Өнер-білімге  зейінді  бол.  Халқым  дейтін 

жүрегің  болсын.  Жұртыңның  тірегі,  туған 

жеріңнің  қамқоры  бол.  Жұлдызың  жоғары 

биік  болсын!»,-деп  батасын  берді.    Кеш 

батқан шақта Мұрат, атасына еріп шығып: 

«Ата,  бағана  нағашы  атам  айтқан  менің 

жұлдызым  аспандағылардың  қайсысы?»,- 

деп  көкке көз жіберді. «Сенің жұлдызың тым 

қашықта,  өте  биікте-е  орналасқан»,-  деп 

атасы маужырап тұрған жұлдызды аспанды 

қолымен нұсқады. Мұрат нағашы атасының 

өзіне аталған кер құлынын алуға атасы мен 

әжесіне ере барды. Ғажап!.. Бөлмеде сөре 

толған  том-том  кітаптар  жиналған.  Көрген 

сәтте  Мұраттың  есі  шығып,  кітаптарды 

бірінен  соң  бірін  ақтарды.  Әріптерді  енді 

үйреніп  жүргендіктен  ол  үшін  кітаптардың 

барлығы  қызық  көрінді.  Нағашы  атасы 

аппақ күмістей сақалын тарамдай отырып: 

– Мұрат, мен саған қырық серкеш беремін, 

кер құлынмен  алдыңа салып айдап кет.

– Серке алмаймын.

– Енді не аласың?

–Нағашы,  қырық  серкештің  орынына, 

қырық кітап бере аласыз ба?

–Әй,  кенжетай,  Мұратжанға    менің  жеке 

кітапханамның ішінен таңдап отырып қырық 

кітап  алып    берші.  Абай  атасынан  бастап, 

балаларға  арналған  кітаптарды  түгелдей 

қолына ұстат. 

Қасында  отырған  немерелері  томсырай-

ып,  «кітапқа  бізді  жолатпаушы  еді,  енді, 

міне,  Мұратқа  бере  салды  ғой»,-  дегендей 

аталарына көздерінің астымен қарап қояды. 

–Балапандарым, сендерге қалған кітаптар 

да жетеді,- деп қария немерелерінің назын 

дөп басып,  көңілдерін көтеріп қойды. Содан 

кейін сөзін жалғастырып: 

–  Оның  үстіне  Мұрат,  кітаптарын  сер-

кештерге алмастырып алды.  Жиеннің көзі 

түскен  затты  беру  керек,  жиеннің  назары 

қатты болады. «Кітап білім бұлағы»,- деген,-

менің  жиенім  білім  бұлағынан  сусындап 

өссін,-дегенді ризашылық кейіппен айтты.

      Күн  көзі  ұясына  кіріп  кеш  түсті.  Ауыл-

да  кешкі  тірлік,  апақ-сапақ    уақыт.  Мал-

дар  өрістен  келіп,  жұртшылық  қарбаласта. 

Бүгінгі  мал  бағу  кезегі  Алдияр  ақсақалдікі. 

Қойды Мұрат жайып келді. Мұраттың астын-

да жирен  қасқа тай. Артынан «Тұйғын» атты 

құмай тазы ерген. Ауыл үлкендері Мұратты 

сөйлетуге әуес:

–Мұратжан, қой, сиыр бағып сандалғанша  

қаладағы  ағаларыңа  кетіп  қалмайсың  ба? 

Әке-шешең  де  сол  жақта  ғой  дегендей 

әңгіме өрбітеді. 

– Пах, шіркін, кең далаға шығып, таза ауа, 

көк шөптің үстіне, атамның күпәйкісін астыма 

салып, шынтақтай жатып кітап оқығанға не 

жетсін! Одан қалса, көз жеткісіз кең далаға 

көз тастап, сұлу табиғатты тамашалағаннан 

артық не бар? 

–Сен оқуға кеткенде атаң қайтер екен ә?!.

–Атам  мен  әжем  бәріміз  ауылдан  бірге 

көшеміз. 

–Мына  малдарыңды  қайтесің?  Әй,  ана 

ақсақал көше қоймас... Қаладағы ағаларың 

бір үй әперетін шығар,ә? 

–Біз  атам  екеуіміз  өз  күшімізбен,  маңдай 

терімізбен тапқан ақшаға сатып  аламыз.

–Сендей баласы бар атаң бақытты шығар.

–Елге  сыйлы  атасы  мен  әжесі  бар  мен 

бақыттымын.

Ауыл үлкендері Мұратқа сүйсіне қарайды. 

Атасына  тартқан  еңбекқор  және  білімді, 

кітапты  көп  оқиды,  көңіліне  түйгені  де  мол. 

Болашақта ел бетке ұстар нағыз азамат бо-

лары анық.  Қазірдің өзінде сері жігіттердей 

өне бойы тік, сөйлегені нық.

Мұраттың  бесінші  сыныпқа  аяқ  басатын 

немере інісі Дулат оның жанынан қалмайды, 

ағасына  ұқсағысы  келіп,    қозғалысына,  іс-

қимылына  дейін  қайталауға  тырысады. 

Биыл болатын үлкен бәйгеге екеуі ат баптап 

жүр. Қобалжулы өздері. Өйткені, бұл аламан 

бәйгенің орны  ерекше. Аудан, облыс, тіпті, 

республиканың кей түкпірлерінен шабандоз-

дар келмек. Есімі таныс атбегілер, танымал 

тұлпарлар,  шіркін,  бәрі-бәрі  осы  аламанға 

қатыспақ. Кезінде аты иісі қазаққа танымал 

асыл азаматты еске алып,үлкен ас беріліп, 

аламан  бәйге  ұйымдастырылмақ.  Атын 

баптап жүріп Мұрат атасының берген ақыл-

кеңесін  естен  шығарған  жоқ.Таң  асырып, 

ащы терісін шығару сияқты шаруаның бәрін 

өзі  атқаруда.  Бәйгеде  немере  інісі  Дулат 

мінген Мұраттың аты бірінші келді. Жүгенді 

тартып  ұстап,  мәреге  жақындаған  тұста 

аттың  басын  қоя  бере  салғанда,  тұлпары 

қатарындағыларды  шаң  қаптырды.  «Алди-

яр  ақсақалдың  немересі  бәйгеден  бірінші 

орын алып, мықты шабандоздарды  артын-

да  қалдырыпты»  деген  гу-гу  әңгіме  ауыл 

арасына лезде тарап кетті.

Аламан  бәйгеден  соң  Мұрат  бір  мезгіл 

бой  жазу  үшін  табиғат  аясына  қарай  жол 

тартты.  Айнала  қоршаған  тау.Терісайрық 

өзені мөлдірей ағып жатыр.Өзеннің екі жағы 

сыңсып  өскен  долана,  үшқат,  шырғанақ, 

талдар,  небір  алуан  өсімдік  шөптер. 

Жаздың  күні  қой  баққан  кезде  тал  түсте 

осы жерге айдап әкелсең, қойлар жусанда 

4-5  сағат  қозғалыссыз  жайылып,  бір  жа-

сап  қалады.  Кітап  оқуға,  жатып  алып,  му-

зыка  тыңдауға  сондай  ыңғайлы.  Алаңсыз 

рахатқа  батасың.  Кезінде  Мұрат  осында 

келіп    атасының  әңгімесін  мұқият  тыңдап, 

айналаға көз тастап таңдай қағатын. 

 Мынау  – Қандысу өзені. Қазақ пен қалмақ 

соғысында  Қабанбай  атамыз  осы  Майлы 

асуынан  тықсыра  қуғанда  қалмақтар  осы 

өзеннен арғы бетке өте алмай, су түбіндегі 

қалың құмға батып өлген деседі. Су қан бо-

лып аққан екен, содан бері қарай «Қандысу» 

аталып  кеткен.  Ал,  Майлы  асуына  келер 

болсақ,  бұл  жердің  де  өзіндік  ерекшелігі 

бар. Жеңісті осы сайда атап өткен сарбаз-

дар  сойған  қисапсыз  малдың  семіздігіне 

байланысты Майлы  аталып кеткен. 

Анау  көрінген  –  Маңырақ.  Жаугершілік 

аласапыран  кезде  ауыл  үдере  көшіп  ну 

тоғайдың ішіне жасырынған. Аңдыған жауы 

із кесіп кете алмай дағдырып тұрған кезде 

адасқан қойдың маңыраған дауысын естіп, 

көшкен  ауылды  тауып,  ойранын  шығарған 

деседі.  Содан  бері  «Маңырақ»  аталып 

кеткен,  екен.  Одан  кейін  Сеңгір.  Табиғаты 

сондай  тамаша  жерде  оқушылардың  де-

малыс лагері бар. Суға шомылғың келе ме, 

балық  ұстап  қуырып  жегің  келе  ме,  бол-

маса,  ерініңнің  асты-үстін  қызылға  бояп 

бүлдірген жегің келе ме, бәрі табылады бұл 

жерден.  Мұнда тек әр ауылдағы сыныпты 

үздік тәмамдаған, жақсы бітірген, бестікпен 

аяқтаған,  өнерлі-білімді  оқушылар  ғана 

жолдамамен келеді. 

Мұрат не нәрсенің тарихына терең үңіліп, 

қазбалағанды  жақсы  көреді.  Сол  үшін 

ізденеді,  көп  оқиды.  Алтыншы  сыныпқа 

көшкен  жылы  бір    оқиға  болды.    Ауыл-

дан  ұзап  шыққанда,  биік  таулар  мен  жо-

талардан  өткен  кезде  бір  қорымдар  бар. 

Бұл үйілген зират па, оба ма, біреуге пана 

болды  ма  кім  білсін?  Көзге  көрінентіндей 

етіп  үйілген  тастар.  Мемлекеттік    шека-

ра  тиіп  тұр.    Бірде  шекарашылармен  еріп 

ауылға бір сары тұмсықты, қасқыр ит келді. 

Ауылдағылар  әлгі  итке  тамсанып,  сырты-

нан  сүйсіне  қарады.  Еш  байлаусыз  шека-

рашымен бірге жүрген еді. Уақыт өтті. Сол 

қасқыр ит күшіктейтін жер таппағандай, сол 

қорымға  күшіктепті.  Оны  ауылдың  ересек 

балалары  көреді  де,  ешкімге  айтпастан 

өзара  бөлісіп  алуды  жөн  санайды.  Бұл 

қаңқу  сөз  Мұраттың  да  құлағына  жеткен. 

Ересек  балалармен  ілесіп  қорымға  барды. 

Бір күшік бұйырып қалады деген дәмесі бар. 

Әлгі  күшіктерді  ересек  балалар  қабір  ме, 

көр ме қорқынышқа қарамастан ішіне кіріп 

тұрып  бөліп  алды.  Түріне  қарасаң  әлжуаз, 

ана  күшіктердің  қасында  кішкентайы  ғана 

қалыпты. 

Дулат екеуі осы күшікке күтім жасап, шағын 

үйшіктер  жасады.  Бірі  ағаштан  жасалған 

жаздық,  екіншісі  кірпіштен  тұрғызылған 

қыстық үйшіктер. Өздері мәз. Бірінің бетіне 

бірі  қуанышпен  қарайды.  Атын  «Құтжол»  

деп қойды. Сондай күндердің бірінде сынып 

жетекшісі келіп:  

–Жақын  арада  республикалық  Абай 

оқулары  өтеді,  соған  барасың,бала. 

Все,  сөз  бітті!,-деді.  Өйткені,  Мұраттың 

республикалық балалар мен жасөспірімдер 

газеті «Ұланда» Абайға арнаған өлеңі, «Ақ 

желкен» журналында кемеңгер ақын туралы 

ой толғауы жарық көрген болатын. Не дерін 

білмей абдырап қалды. Директор Семейде 

жүрген  мектептегі  мұғалімнің  біріне  айтып, 

Мұратты алдын-ала тіркетіп қойыпты. Алди-

яр ақсақал ризашылығын білдіріп, алғысын 

айтты.  «Өріске  шауып  барып  арқасында 

қызыл жіп байланған, құйрық жағы көк сыр-

мен сырланған қойды алып келіңдер»,- деді 

үйдегілерге.  Қуанышында  шек  жоқ.  Әжесі 

Аллаға  разылығын  айтып,  тез  дастархан-

ды  әдемі  етіп  жайып  жіберді.  Қонақтар 

қуаныштан  марқайып,  шалқайып  шай  ішті. 

Қой келісімен қол жайып, бата жасалып сой-

ылып, еті тұтасымен қазанға салынды. Ал-

дияр ақсақал аппақ сақалын сипап:

–Мұрат,  Абай  атасының  ауылына  ба-

рып  өлең  оқиды.  Сонда  қандай  өлеңін 

оқымақ  екен?  Өзім  де  білмеймін.  Айтпай-

ды. Мұратжанның алғашқы алысқа шыққан 

сапары  бұл,  сондықтан  сіздерге  дастар-

хан жайып  бата алмақпын,- деп тебіренді. 

Дастарханның  төрінде  отырған  Жылқыбай 

ақсақал  бата  берді.  Отырғандардың  бәрі 

бастарын  изеп,  сәт  сапар  тіледі.  Мұрат 

атасының ілулі тұрған домбырасын қолына 

алып бірнеше күй тартты. 

Мұрат  республикалық  Абай  оқуларынан 

жүлдемен  оралып,  атасы  мен  әжесінің 

мерейін  үстем  етті.  Ауыл  шулап, 

қуаныштарына  ортақтасты.  Директор  тағы 

келіп, қолын алып:

–Әй, азамат, өскенде ауылыңды ұмытпа! 

Кітап шығарғаныңда мен бірінші оқитын бо-

ламын. Все, сөз бітті!- деді.

Директор өзінің сөздерін үнемі осылайша 

аяқтайды. Бәрін қазақшалатып келе жатып: 

«все, сөз бітті!» дейтіні ерекше. Көп сөйлей 

бермейді, ал ісіне мығым. Ауылға, мектепке 

талай еңбегі сіңді. 

Мектепті  үздік  тәмамдаған  Мұрат  өзі 

армандаған  жоғары  оқу  орнына  түсті. 

Студенттік өмір сырғып өтіп жатты.Сабақты 

жақсы оқып, өнері мен білімінің арқасында 

талай биіктерге жетті, өзін болашағынан зор 

үміт күттіретін жастың бірі екенін байқатты. 

Атасы  мен  әжесінің  бұл  үшін  қартайғанда 

туған  ауылын  қиып,  көшіп  келгені  есінен 

бір  сәт  шықпай,  «аяулы,  менің  асыл  жан-

дарым, еңбектеріңді қалай ақтасам екен?» 

деген оймен күндерін өткізетін. Домбыраны 

шебер  тартатын,  Мұраттың  өнеріне  тәнті 

жандардың қатары өсті. Біліміне басын иіп, 

жастығына  қарамастан  ақыл  сұрайтындар 

көбейді.  Жоғары  оқу  орынын  үздік  аяқтап, 

қалған білімін шетелде  - Мадрид қаласында 

аяқтауға жолдама алды. Бұл сүйінші хабар-

ды  естіген  ауылдағы  аға-бауырлары  мен 

қаладағы  достары,  туғандары  риза  болып, 

үлкен  сапарға  зор  қошаметпен  шығарып 

салды.  Ұзақ  жолға  туған  ауылы  арқылы 

аттанды. Сапар алдында биік таудың басы-

нан ауылына көз тастап тұрып, оның көзінен 

ыстық  жас  шығып  кетті.  «Уа,  туған  жер! 

Сенің  қадіріңді,  жақсылығыңды,  дүниенің 

қай  қиырында  жүрсем  де  ұмытпаспын. 

Кіршіксіз көңілім сен деп тебіренеді, жүрегім 

сен деп соғады. Сенің бойыңда адам бала-

сын өзіне баурап алатын ұлы күш бар. Мен, 

сенің алдыңда мәңгі басымды иемін». Мұрат 

тебірене толғанып көп отырды. Ақ орамалға 

бір  түп  жусан,  бір  уыс  топырақ,  бір  топ 

адыраспан  орап  алды.  Үйге  аяңдап  келіп,  

арнаулы  қорапқа  алып  келгендерін  са-

лып  қойды.  Ертеңінде  ата-әжесі  және 

бауырларымен  бірге  қалаға  аттанды. 

Қолындағы  домбырасын  бауырына  басып, 

ұшақтың терезесінен қарап еді, көз алдына 

«Жұлдызың  жоғары  болсын,  ботам!»-деп 

батасын  беріп,  бетін  сипап  тұрған  атасы 

елестей кетті...

Ж±лдызыњ жоѓары болсын



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет