Жетісу
университеті
ПОЭЗИЯ ПЫРАҒЫНДА
бейсенбі, 14 қаңтар,
2016 жыл
7
Ерлан елуде
Жылқыда да жылқы бар,
Қазанаты бір бөлек.
Жігітте де жігіт бар,
Азаматы бір бөлек.
Халық нақылынан
Ердің жасы - 50-ге келген бүгін,
Құтты болсын, мерейлі туған күнің.
Қазақы қаның бойда, халқын сүйген,
Тәрбиелі, білімді көргенді інім.
Спорт пенен ғылымды қатар алып,
Жүресің жұртшылықтан бата алып.
Басшы болып басқардың бір ұжымды,
Кандидаттық, доценттік атақ алып.
Ана тілді ардақтап, ұлтым деген,
Азаматтың бірісің, ісің – ерен.
Үлкенге-іні, кішіге-аға болып,
Алға тартып келеді сенің кемең.
Еңбегің елеулі боп бүгін елге,
Ұлағатты ұстазсың білімгерге.
Аяқдопты тулатып теңбіл торда,
Желаяқ боп кетесің жүгіргенде.
Айта берсек жетістігін тізбелеп,
Көп болмайды келтірсек те жүз дерек.
Бізден тілек-отбасында келінмен,
Шөпшек сүйіп, отырыңдар,100-ге кеп!
Дүйсен АҢСАБАЕВ,
аға ұстаз.
Жұмақтың кілті
Себеп болмай тұзды-тұщы жасына,
Көз салмай-ақ тіке өтші қасынан.
Ол да өзіңдей жүрегі бар адамзат,
Сыйпамаған өмір оның басынан.
Мейірман жүз, жүдеу келген сұлбасы,
Бәлкім болар анамыздың құрдасы.
Түсінбеген боларсыздар, онда мен,
Тарқатайын жіптің ұзын-ырғасын.
Жалғыз аяқ оның болған жолдасы,
Жаутаңдайды дегендейін «қорғашы».
Бүктетілген шолақ шалбар қап-қара,
Қолында бар кір-қожалақ дорбасы.
Шұқшияды жерден нәрсе көргендей,
Ұмтылады қос қолымен ербеңдей.
Білдірмейді наласын да іштегі,
Байғұс ана тағдырына көнгендей.
Үш күзеттің көзіне бірде ілікті,
Жол күзеткен үшеуі де білікті.
Қолдарына ұстаған көк таяғы,
Ана отырған жол бойымен жүріпті.
Қасына кеп: «отырма енді бұл жерге,
Көпшіліктің ортасы бұл, тұр дем де!»
Бұйрық берді әлсізіне қарамай,
Бір сұмдықты байқағандай сұм кеуде.
Байғұс ана беттеді ары, шеттеді,
Күзетшінің бүлк етпейді беттері.
Амалсыздан сүйретіліп жөнелді,
Тіпті оларға қарсылық та етпеді.
Жол бойында келе жатып тосыннан,
Куә болып жайға мынау шошынғам.
Жанарымнан жасым парлап сол сәтте,
Надандарға ренжідім басынған.
Өксігімді баса алмастан жылап мен,
Арпалыстым ойдағы сан сұрақпен.
Азын аулақ азық-түлік сатып ап,
Мен анаға ұсындым мейірім-шуақпен.
Мен осылай аз-ақ қайырым қылғанға,
Алғыс айтып ана кетті бұл маңнан.
Қайырымсыз, қатігез бір жандарға,
Намыс қозып, сол сәт іштей жынданғам.
Мұндай жайттар қалай ойды жемеске,
Амалым жоқ қатыгездік демеске!
Қайырымды жан болуға белді бекіндім,
Қайырымдылық - жұмақ кілті емес пе?
Аяужан НҰРМОЛДА,
4 курс білімгері.
Жанбай ӨЗДЕНБАЕВ.
Өмір
«Өмір» деген не дейсің, досым маған,
Ғашықтардың тағдыры қосылмаған.
Ал мен үшін «өмір» деген берген ол,
Аллахымның сыйы ғой тосын маған.
Қуаныш пен қайғысы қатар ерген,
Қадірін қасиетті қарттар білген.
Дәстүрін, әдет-ғұрпын қатаң сақтап,
Бабаларым өнегелі өмір сүрген.
Ақ пен қара алмасып, күн кешуде,
Жүрек пен тән арбасып тілдесуде.
Көзі ашық, көкірегі ояу, саналы жас,
Заманның талабымен үндесуде.
Күрес бар білсең, досым, өмір барда,
Күтуде сан асулар сені алда.
Көздеген мақсатыңа жетесің сен,
Бойыңда намыс пен сенім барда.
Жансая ҚАБДЕН,
3 курс білімгері.
Сенің арқаңда
Мимырт тірліктен тұтанып бір ой,
Өрнегін салды өмір әр таңға.
Әдемі қала атанып жүр ғой,
Талдықорған да сенің арқаңда.
Игере алмай бастағы бақты,
Имектелгенде көңіл қалтамда.
Тәтті үміттердің шашбауын шашты,
Сәтсіздіктерім сенің арқанда.
Сәукеле күннен сан артық бағаң,
Сезімге күйсін, таңдайым күйсе.
Өзімді-өзім жоғалтып алам,
Сендегі ыққа маңдайым тисе.
Тағдырдың тентек табармын ебін,
Көркем ойлардан көркін босатпай.
Сені көргенде жанарым менің,
Жаңбырды басқан кемпірқосақтай.
Арманымды әлі айға алып барам,
Шыдамымның кеп шебін талқанда.
Жақсы адамға айналып барам,
Сенің арқаңда,
Сенің арқаңда!
Сен менсіз
Сен менсіз көшкен бұлтсың, мойындағын,
Мен сенің жүрегің мен ойындамын.
Әлде шын қалайсың ба бұлтармашы,
Сезімге мәңгі нүкте қойылғанын.
Сен менсіз шөл даласың жел кептірген,
Сан ғасыр жаңбыр көрмей шөлдеп келген.
Иесіз кеудемдегі патшалықтың,
Иесі болып, сәулем, төрлет бірден!
Сенсіз өмір сүруді білген де емен,
Тұздалмаған соғымсың, сүрленбеген.
Көктен төмен қиялсың, таудан биік,
Сағынышсың, сағынып үлгермеген.
Сен менсіз асаудайсың тұсауланған,
Аққусың арманына ұша алмаған.
Ал мен сенсіз Мәжнүнмін жаным сонау,
Арман еткен Ләйлісің құша алмаған.
Аппақ қана
Аруым
Аппақ Ару келеді тербетіліп,
Ай келбеті шайқалып көлде тұнық.
Ақ шәлісі ақша бұлт секілденіп,
Еркелейді ақ бетін желге бұрып.
Аппақ Ару келе жатыр күлімдеп,
Ақ төсінде қос анары дірілдеп.
Ақ шолпысы қос бұрымға сән беріп,
Құлағына күміс сырға ілінген.
Жігіт біткен құмартады амалсыз,
Қай отаудың бақыт отын жағарсыз.
Кермаралдай сұлу мынау ажармен,
Тыныс берген кең далаға самалсыз.
Аруым менің, аруым менің аппағым.
Келбетіңнен таңның көрдім атқанын.
Бұлақтардың күліп сыңғыр қаққанын,
Тіпті, көкте күннің қимай батқанын.
Аппағымның сымбатын ұнатамын,
Жігіт болсаң қысылмай сұра халін.
Сырты күміс, іші алтын оюланған,
Өз бақытын күтумен тұр отауың.
Гауhap ТЫНЫСБЕК,
1 курс білімгері.
Мұхтар КҮМІСБЕК,
3 курс білімгері.
Муза
Тынымсыз тірлігім де барады өтіп,
Жүрегімде тұрғаны-ай жара бекіп.
Аударылса ғасырдың бір парағы,
Бала келер өмірге, баба кетіп.
Түн баспаса даланы, таң атпайды,
Ел өмірін ұрпақтар сабақтайды.
Кәрі қыран құлаған құзар шыңға,
Бала бүркіт уағымен қонақтайды.
Арманымнан адасып, тілегімнен,
Мезгіл жетсе қоштасам бұл өмірмен.
Баба өнерін кейінге жеткізсем деп,
Муза сені іздеймін жыр елінен.
Кету үшін жырымды елге беріп,
О, Муза, жүрегімді тербе келіп.
Ғасыр үнін жалғайын ғасырларға,
Бабалардай кеткенше көрге еніп.
Жастық жыры
Зымырап бара жатыр жорға уақыт,
Көзден жас, көңілден зар сорғалатып.
Жіп иірген ұршықтай шыр айналып,
Икемсіз кеп қонады қолға бақыт.
Жастық кетіп барады қырдан асып,
Қарттық алдан кел-кел деп тұр қарасып.
Жастық,қарттық екеуінің ортасын да,
Көңілдің көгершіні жүр ме адасып?!
Зуылдап бара жатыр қайран уақыт,
Сыйлаумен күндіз күнге, айға бақыт.
Қарттықтың сыбағасын кейін татам,
Жастығым ару берді аймалатып.
Жастығым қанат берді қалықта деп,
Жыр берді той-думан да шалықта деп.
Тұлпар берді көкпардан қиқу шықса,
Жаяу қалған Мұсадай тарықпа деп.
Жастық маған не берді білесің бе?
Жігер берді шындық деп күресуге.
Көңіл шіркін,мәңгі жас боп қалады,
Қарттық сыйы келер күн үлесін де.
Қонақпыз-ау!
Өмір, өмір,
Білесің бе қонақпыз?
Сыбағаңды қонағыңа тонатқыз.
Мына бізді қадірлегін барынша,
Біз қонақпыз,
Жаныңда аз күн болмақпыз.
Өмір, өмір,
Естелік айт, сырласып,
Күңіренбей құшағыңды тұршы ашып.
Келешекке жыр қалдырып кетейін,
Шабыт-көңіл жалын атқан, нұр шашып.
Өмір,өмір,
Біз қонақпыз, төрлеткіз,
Босағаң, төрің,
Содан соң көрді көрмекпіз.
Бабалардың кеткен сонау ізімен,
Анық басып,
Аяңдап бізде ермекпіз!
Біз қонақпыз,
Өмір отау, білеміз,
Мейман болып өзіңде аз күн жүреміз.
Өмір отау, ахирет атты көршіңе,
Сенен шығып, мәңгілікке кірмекпіз.
Біз қонақпыз,
Қонақ боп өмір сүрмекпіз!
Ақын СҰЛТАНОВ.
Аяз әжемен бірге
Шана жеккен бұғымен,
Жаңа жылдың жүгімен,
Бір ақсақал келді де,
Зікір салды түнімен.
Жаңа жылдың есігін,,
Ащы-тәтті несібін,
Ашып берер ақсақал,
Аяз ата – есімі.
Аяз ата мырза екен,
Бала біткен ырза екен.
Сыйлық дорба жыл бойы,
Осы жерде тұрса екен.
Қызыл, жасыл тоқсары,
Шұғыла үміт шоқтары,
Жымыңдайды шыршада,
Сансыз үміт оттары.
Айналумен шыршаны,
Алдарқатып баршаны,
Қоян болып, ат болып,
Аяз ата шаршады.
Сөз тигенде шөжеге,
Шақырды ол көжеге.
«Келгін»- деді,-«тек қана
Бірге Аяз әжемен».
Жетісу
университеті
ТҰРМЫС ТЫНЫСЫ
бейсенбі, 14 қаңтар,
2016 жыл
8
ТӘРБИЕ - ТАЛБЕСІКТЕН
Т
ағдыр
жолы
–
бұралаң
Б
ұралаңдаған тағдыр жолымен біресе құлап, енді бірде тік
тұрып, жүріп, жүгіріп жүрген жандар көп-ақ. Әсіресе, тірлікте
теперіш көріп, барар жері, басар тауы қалмаған қыз-келіншектер аз
емес. Бірі күйеуінен зәбірлік көріп, үйінен безсе, енді бірі жігіттердің
«сиқырлы» сөздеріне алданып, ақыр соңында баласын құшақтап жалғыз
қалғандықтан паналайтын жер таппайды. Мұндай жайттарға кезіккен
әйелдің көпшілігінің баспанасы да, тұрақты жұмыс орны да жоқ. Бұл
кеңпейіл қазақ азаматтарын толғандырмай қойса керек. Жақында
мейірімді жандардың көмегімен жалғызбасты аналарға арналған «Аналар
үйі» біздің облыс орталығында ашылды. Жалпы, мұндай үйлер еліміздің
әрбір аймағынан көптеп ашылып келеді. Оны жақтаушылар да дат-
таушылар да көп-ақ. Әрқайсысының сөзін тыңдаған сайын өз ойыңнан
шатасасың. Ой мен істің бір арнада тоғысуын жақсылықтың нышанына
балағандықтан қолға қалам алып, журналистік зерттеу жүргізуді жөн
көріп, «Аналар үйіне» жол тарттық.
Сәби өзінің қылығымен балдан
да тәтті болып кететіні бар емес
пе? «Аналар үйіне» барғанымызда
бізді алдымыздан біресе қаз-
қаз тұрып, біресе еңбектеген,
анасының сары уызына тыңқиып
тойып алған Арнұр есімді балақай
қарсы алды. «Мені құшағыңа
алшы», – деп екі қолын созады.
Тез арада екеуміз бір-бірімізге
үйреніп те кеттік. Балалар бірінен
соң бірі келіп, ойнай бастады.
Өздері жатырқауды да білмейді.
Үйдегі бірінің баласын бірі
киіндіріп, тамағын беріп, ойнатып
жатқан аналардың ауызбіршілігін
көрген соң балалардың да
көпшілдігін түсіндік. Онымен қоса
мейірімділігіне де тәнті болдық.
Олардың
басынан
сыйпап,
маңдайынан иіскейтін әкелері бол-
маса да өзінің бар мейірімі мен ма-
хаббатын арнайтын аналарының
барына қуандық. «Адам бойына
бар жақсылық ананың ақ сүтімен
беріледі. Балаға ана қымбат», –
деп отыратын әжелер сөзінің аста-
рын енді түсінгендейміз.
Қаладағы
«Аналар
үйі»
қоғамдық қорының үйлестірушісі
Бақытгүл Жексенованы сөзге
тартқанымызда, кейбір жандардың
көкейінде
жүрген
күдіктерін
сейілтетіндей ой қозғады. Оның ай-
туынша, өткен жылдың мамыр ай-
ында «BI-Group» компаниясының
директоры,
кәсіпкер
Айдын
Рахымбаевтың
бастамасы-
мен жас аналар мен балаларға
арналған «Аналар үйі» жобасы
Астана қаласында қолға алынып-
ты. Қоғамдық қордың жұмысымен
егжей-тегжей
танысқан
өзге
де қазақстандық кәсіпкерлер
бірлесіп, республиканың әрбір
аймағында ашуды жоспарлаған.
Негізгі мақсат аясында бүгінде
республиканың 17 қаласында 28
аналар үйі ашылып, өз жұмысын
атқарып келеді. Бүгінгі таңда ол
жерді 217 бала, 239 жас ана па-
налауда. Жалпы, қоғамдық қор
құрылғалы бері 991 көмекке зәру
жас ана келген. Осы уақытқа дейін
196 қыз-келіншектер күйеулеріне
қосылып, өз отбасының шырағын
қайта жаққан. Бұл қуантарлық
жағдай.
Әрбір
облыстан
ашылған
үйлерде
17
мен
30
жас
аралығындағы қыз-келіншектерге
есік айқара ашық. Бұл дегеніңіз
әрине, көңілге көлеңке түсіреді.
Уыздай қыздардың бір әулеттің
шамын жағудың орнына некесіз
жүкті болып «көкелер» салған
ортақ үйге ағытылуы әсте
жақсылық еместігі айдан анық.
Әсіресе, «қызға қырық үйден
тиым», – деп отырған қазекең
үшін бұл үлкен дерт. Тәрбие
бәйтерегінің уақыт өткен сайын
теңселіп, жапырақтарының бірден
емес, уыстап түсіп жатқанына
қарап қынжыласыз. Содан барып,
қоғамды, ата-ананы, соңында
нәпсісін тия алмаған ер азаматтар
мен бойжеткендерді кінәлаймыз.
Бәрінің пікірі мен ойын тыңдап
болған соң, «тәрбие» деген
ауқымы кең әрі қасиетті ауылға
атбасын бұрамыз. Бала өмірге
келген сәттен бастап-ақ темірдей
тәртіп
пен
тәлім-тәрбиемен
сусындатудың
орнына
«мен
кимегенді балам кисін, ішпегенді,
көрмегенді осылар көрсін», – деп
ауыздан жырып балаға тықпалап,
қыздарымызды базарға өзіміз ертіп
барып, қысқа шорты мен ашық
көйлек алып беретініміз де рас.
Ашық-шашық киінген бойжеткен
міндетті түрде көзге бірден түседі.
Бірінші күні танысады, екінші күні
құшақтасады, үшіншінің нәтижесін
айтпасақ та түсінікті. Міне, қыз
баланы теріс жолға көбіне ата-
ана өзі итермелейді. Бірақ, оны
әке-шеше түсінбей, қоршаған ор-
тасынан, араласқан достарынан
көреді. Бауыр етінің жаман жолға
түскенін ешбір жанашыр жан
қаламайды. Бірақ соған өздерінің
бірінші
қадам
жасағандарын
аңғармайды-ау. «Қызым үйде,
қылығы түзде» деген сөздің төркіні
осындайға қаратылып айтылса ке-
рек. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай
түйіні тәрбиеге келіп тоғысатынын
ұмытпағанымыз жөн.
Елімізде жетімдер санының
азаюы үшін күресіп жүрген
азаматтардың
мына
ісіне
үңілсеңіз, расымен де оң шешім
деген ойға келесіз. Себебі, бала
далада, қоқыстың арасында ең
сорақысы әжетханада шырылдап
қалып жатқан жоқ. Олар жарық
әрі жайлы жерде анасының сары
уызына тойып, пысылдап ұйықтап
жатыр. Бізді қуантқаны да осы.
Тұл жетім болып, тағдырына
өкпелеп, жүрегіне шаң торлағанша,
анасының ақылымен өсіп, әке-
шешенің
қателігін
жасамауға
тәрбиеленсе болғаны. Бұл әрине,
айтар ауызға оңай. Ал, іске асаты-
ны тек Құдайға ғана аян.
«Аналар үйіне» қаржылық қолдау
білдіру ауқатты азаматтардың та-
рапынан қарастырылатындығын
да атап өткеніміз жөн. Ал, жас
аналардың болашақта атқаратын
істерімен, арнайы білім алу курста-
рына жол сілтеп, бағыт-бағдарын
айқындауды өзіне жүктелген міндет
емес, азаматтық парызы санайтын
қордың атқарушы директоры Ғалия
Кенжебекова әр қаладағы үймен
күндіз-түні тікелей байланысқа
шығатындығын қыздардың өздері
айтуда.
Көрсетілген
көмекке
ризашылықтан басқа айтары жоқ
аналардың жағдайымен жақын
таныстық.
Былтыр ақпан айында қаладағы
Желтоқсан көшесінде №21/б үлкен
үй бой көтереді (барып көремін,
көмек қолын созамын деушілер
үшін
мекенжайды
толығымен
жаздық).
Барлық
аймақтағы
үйлердің тәртібі, шарты бір. Бала
1,5 жасқа толғанша сол жерді пана-
лауына рұқсат етіледі. Бүгінде бұл
үй жеті бірдей жас анаға пана бо-
лып тұр. Ана мен сәбиге көрсетіліп
жатқан көмекті өз көзімізбен көрдік.
Психологиялық және әлеуметтік
көмек те басты назарға алынған.
Облыс орталығындағы «Аналар
үйі» екі қабаттан тұрады. Бірінші
қабатының құрылысы толықтай
аяқталған.
Бұл
шаңырақтың
өзге үйлерден ешқандай да
айырмашылығы жоқ. Жалпы, он
шақты бөлме бар. Ұйықтайтын,
демалатын, тамақтанатын, жуына-
тын. Бәрі жиһазбен толтырылған.
Не керектің бәрі бар. Барлығы
ортақ. Нәрестелі аналар бөлек,
жүкті келіншектер жеке бөлмеде
ұйықтайды. Балаларға арналған
төсектер де бар мұнда. Демала-
тын үлкен бөлменің бір қабырғасы
суретке толып тұр. Перзентха-
надан шыққан сәбилердің, осы
уақытқа дейін тұрған аналар мен
балалардың суреттері көз тарта-
ды. Қызылды-жасылды гүлдер.
Жәшік-жәшік ойыншықтар. Тәй-тәй
басқандарға жүріс арбалар (ходу-
нок) да қарастырылған. Қысқасы,
ана да бала да не киемін, не ішемін
деп уайым жеп отырған жоқ. Бұл
жақсы. Дегенмен, өз үйіңе, ошақ
қасыңа жетпейтінін тағы да атап
өтсек артық болмас.
– Бұл үйде өмірдің қиын
жағдайына
тап
болған
17
мен 38 жас аралығындағы,
қолында құндақтаулы сәбиі бар
жалғызбасты аналар тегін тұрады.
Олардың жатар орны, тамақтануы,
балалардың киімі, жалпы балаға
қажетті заттың барлығы да тегін
қарастырылған. Тіпті, балалар
ауырып қалса олардың дәрі-
дәрмегіне керек ақшаны жас ана
табуға қиналмайды. Дәрігердің
жазып берген дәрілерін қорға
бөлінген қаражат есебінен сатып
аламыз. Жас аналар тек қана
балаларының
денсаулығына
қараса болғаны. Қайырымды
жандардың есебінен берілген зат-
тарды ұқсатып пайдалану әрбір
қыздың қолынан келеді. Аталған
жобаны ойлап тапқан және оны ары
қарай іске асыруға жәрдемдесіп
жүрген азаматтарға шексіз риза-
мыз. Шырмауықтай шырмалған
тағдыр иелеріне көрсетілген үлкен
көмектің бірі деп түсінуіміз ке-
рек мұны. Негізгі мақсат – тоғыз
ай, тоғыз күн көтерген, қиналып
босанған балаларын аналары өз
қолымен жетімдер үйіне өткізуге
тосқауыл болу. Не жұмысы, не бас
сауғалайтын жері болмағандарға
«Аналар үйі» көмектесуге әзір.
Қыз-келіншектер
аяқтан
нық
тұрғанша осында болады. Олар
бұдан әрі қиындық көрмес үшін
біз бір жарым жыл аралығында
тұрғындарымыздың құжаттарын
дайындап, қажет болған жағдайда
арнайы
курстарда
оқытып,
жұмысқа орналастырудың ретін
қарастырамыз.
Қыздарымызға
аспазшы, тігінші, шаштараз және
өзге де мамандықтарды алып
шығулары үшін көмек қолын со-
зудамыз. Бір сөзбен айтқанда,
ешкімді панасыз қалдырмаймыз.
«Аналар үйі» облыс орталығында
ашылғанда: «Бұл істің арты лас.
Діни секта шығар. Қыздарды,
балаларды сататын шығар. Не
болса да бұл жақсылық емес»,
– дегендердің пікірін сан мәрте
естіп, жағамды ұстап, шошыдым.
Қоғамның сонша ұсақталғанынан,
жақсылық жасайтын азаматтарды
көре алмағандықтарына ызалан-
дым да. Бізге уақыт төреші бола
білді. Қазір біраз азаматтар келіп,
көздерімен көріп, тіпті, көмектесіп
жатқандары да бар, – деген
«Ана үйі» қоғамдық қорының
үйлестірушісі Бақытгүл Жексено-
ва үйдің тыныс-тіршілігімен та-
ныстырды. Үш баланың апасы
атанып отырған Бақытгүл апай
күннің атысынан, кештің батысына
дейін осы үйде болады. Ондағы
қыздардың айтуынша бұл кісі
бәрінің анасы, сәбилердің апасы.
Туған шешелеріне айта алмаған
сырларын, құпияларын осы кісіге
айтып, жеңілдеп қалатындығын да
жасырмады.
Үйге жалғыз басты ана бала-
сымен қабылданарда толықтай
медициналық
тексерістен
өтеді. Басқа да тұрғындардың
денсаулығына кері әсерін тигізетін
жұқпалы аурулары болмауы керек.
Үйдің тыныс-тіршілігін қадағалап,
аналар
мен
нәрестелердің
денсаулығын жіті бақылайтын,
соған жауап беретін арнайы ма-
ман да бар бұл жерде. Ал, жас
аналар өзара үйдегі тәртіпке жа-
уапты. Барлығы тәртіпке бағынуға
міндетті.
Нәзікжандылар
өз
кезектері келгенде тамақ пісіреді,
үй жинайды, кір жуады. Сенбі,
жексенбі күндері түрлі тәттілерді
пісіруді де жоспарға қосқан. Туған
күн болған кезде бәрі де бір үйдің
баласындай, үлкен дастарқан
жайып, ақ тілектерін ақтарады:
«Балалы үй базар» демекші, бұл
үйде тыныштық тек балалар тәтті
ұйқыға кеткенде орнайды. Біздің
балалар ешкімді жатырқамайды.
Біріміз
жұмысқа
немесе
ауруханаға кете қалсақ, келесіміз
баланы
емізіп,
жуындырып-
киіндіріп қарайласамыз. Олар бір-
бірімен тату-тәтті», – деп бір-бірін
жігерлендіріп қояды.
Достарыңызбен бөлісу: