№1 (118) 14 қаңтар, 2016 жыл АҢдатпа 10 бет



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата03.03.2017
өлшемі10 Mb.
#5504
1   2   3   4   5   6

Ақселеу  СЕЙДІМБЕКОВ.

халқымыздың  жиі  қолданбай  жүрген  не-

месе мүлдем ұмыт бола бастаған кейбір 

бұйымдар  тұрпаты  мен  атауын  анықтау 

және  оларды  қайта  тірілтіп,  халықтың 

қажетіне  жарату  нәтижесінде:  аба, 



абақ,  ашамай,  арқамшы,  ақсақ  темір, 

ажырғы,  желқабыз,  жады,  жарғақ, 

бөкен  жарғақ,  жақы,  жете,  жемқалта, 

жөргем,  желпуіш,  іскенже,  бұлқыншақ, 

бұйда  пышақ,  бұлық,  боздақ,  бағдар, 

басқыш, бәдізші, білеме, бүлдірге, бүркіт 

бесігі,  биялай,  мәстемір,  мәсуек,  мәйек, 

мәндір,  асай-мүсей,  сабаутіс,  саба, 

сақпан,  сырнай,  тозсырнай,  талыс, 

бүгінгі  күндері:  «Мен  қазақтың  тілін  бір 

кісідей-ақ білемін», – деп өзіне-өзі сенімді 

түрде  айта  алатын  кез-келгеніміздің  ал-

дынан сөздік кітаптарымыздан әлі де бол-

са өзінің орынын алып, қолданысымызға 

кірігіп,  қызметіне  араласа  қоймаған 

Дәркембай  еңбектеріндегі  жиі  кездесетін 

жоғарыдағы  атау  сөздер    шыға  келетін 

болса  қай-қайсымыздың  да  абды-

рап  қаларымыз  ақиқат.    Бұл  күндегі  ең 

үлкен олжамыз  өзінің кіндік қаны тамған 

Еңбекшіқазақ  ауданының  Ақши  ауы-

лында  ғасырлар  қойнауынан  бізге  жет-

кен  асыл  қазыналарымыз  бен  жауһар 

жәдігерліктерімізді    жарты  ғасырға  жуық 

уақыт  жинақтағанының  нәтижесінде  жеті 

атасынан  бері  жалғасып  келе  жатқан 

ұсталар әулетінің ұланы «Ұста Дәркембай 

Шоқпарұлы атындағы қолөнер мұражайы» 

жұмыс  істейді.  Оны  басқарып  жетекшілік 

жасап жүрген Дәкеңнің ізін басқан шебер 

ұлы  Дәулет  Дәркембайұлы.  Орайы  кел-

генде  айтуымыз  керек,  бұл  мұражайдың  

өмірге  келіп,  халыққа  қалтқысыз  қызмет 

етуіне  ерекше  тер  төгіп  қамқорлық 

танытқан  ұлт  руханиятының  шынайы 

жанашыры,  белгілі  қоғам  және  мемле-

кет  қайраткері  Серік  Үмбетовтың  еңбегі 

зор.  Ол  кісіге  айтар  халықтың  алғысы 

да мол.  Дәркембайдың ерекшелігі осын-

шама  жадымызды  жаңғыртып,  көнере 

бастаған  көптеген  көркем  сөздерімізді 

қайта  тірілтіп,  тілдік  қорымызды  молайт-

са,  кешегі  кеңес  кезіндегі  орталық  аста-

намыз    болып  саналатын  сонау    Мәскеу 

қаласынан  бастап  Чехословакия,  Поль-

ша,  Румыния,  Болгария,  Бирма,  Герма-

ния,  Франция,  Түркия,  Пакистан  сиқты 

әлемнің  әр  түкпіріндегі  мемлекеттер 

мен  қалаларда  өткізілген  дүние  жүзілік 

халықаралық  қолөнершілер  көрмесіне 

қатысып жүлделі орындарды жеңіп алып  

ел еңсесі мен өнеріміздің  беделін әлемдік 

деңгейде  биікке  көтерген  дара  тұлға. 

Шертпе күйдің шебері – Тәттімбет, төкпе 

күйдің шебері – Құрманғазы, ақындардың 

алыбы  –  Абай,  айтыс  өнерінің  ал-

тын  діңгегі  –  Сүйінбай  десек,  сөз  жоқ 

ғасырлар қойнауынан үзілмей бізге жетіп, 

өзінің  әсемдігімен  әлемді  таңдандырған 

қасиетті  қолөнеріміздің  хас  шебері,  ар-

тына  мыңдаған  шәкірттер  қалдырып  

халқына  адал  қызмет  еткен  Дәркембай 

Шоқпарұлы қазақ қолөнерінің атасы.

Камнұр ТӘЛІМҰЛЫ, 

ақын, Қазақстан Республикасы

 білім беру ісінің үздігі.


Жетісу 

университеті



11

бейсенбі, 14 қаңтар, 

2016 жыл

ОҚЫРМАН ОЙ ҚОЗҒАЙДЫ

РЕДАКЦИЯҒА ХАТ КЕЛДІ

АЛҒЫС


Құрметті редакция!

Жақында облыс көлеміне тарайтын, сан қилы 

тақырыпты қамтып, әлеуметтік мәселелерді жиі 

қозғайтын жаңа басылым «Жетісу университеті» газеті 

қолыма тиді. Облысымыздағы бірден бір жастар басылымы 

бетінде жарық көрген мақалаларды сараптап оқи келіп, 

тұрмыстағы сан қилы оқиғаларды, білім  мен денсаулық 

саласына қатысты толғақты мәселелерді қара нардай 

көтеріп келе жатқан басылымға деген қызығушылығым 

артты. Сондықтан да,  жас та болса, бас болып отырған 

сүйікті газетім арқылы мен көкейімде  жүрген бір оймен 

бөлісуді жөн санап, үшбу хат жолдап отырмын. Шынайы 

алғыс пен жүрекжарды жылы лебізге толы хатымды газет 

бетіне жариялауларыңызды өтінемін.

Абзал жандар



«Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің» демекші, 

күнделікті күйбің тірлікпен шапқылап жүріп, 

денсаулығымызды бақылауға алудан қол үзетіндігіміз ащы да 

болса шындық. Бас ауырып, балтыр сыздаған сәтте барып, 

жанымызға ем, дертімізге шипа болатын ем-дом іздеп шарқ 

ұратынымыз тағы бар. Қанша жерден халықтық ем, наным-

сенім  болғанымен, медицинаның орны бөлек.

Бүгінде  медицина  дамыған  әрі 

білікті  мамандармен  толыққан. 

Дәрігер  мамандығының  қыр-сырын 

қанық  біліп,  сол  жолды  таңдаған 

әрбір маман үлкен жүректі адам дер 

едім.  Себебі,  талай  сынақтармен 

сыналатын  адам  өмірі  ақ  халат-

ты  абзал  жандармен  тығыз  бай-

ланысты.  Қашанда  ауру  жанына 

батқан  адам,  жақынына  емес, 

дәрігерлерге  жүгінетіндігі  белгілі. 

«Қай  жерің  ауырса,  жаның  сол 

жерде»  деп  бекер  айтпаса  керек. 

Жақында    жұмыс  бабында  жүріп, 

аяқасты  мертігіп  аурухана  төсегіне 

таңылдым.  Алғашында  бұл  да  бір 

Жаратқанның жіберген сынағы деп 

қабылдағаныммен,  жаныма  батқан 

сырқаттан айығуыма қолы шипалы 

дәрігерлердің көмегі зор болды.

«Ауру  айтып  келмейді»  деп  жиі 

естігенімізбен  соншалықты  мән 

бермейтіндігімізді мойындағанымыз 

жөн. Қиналып, ауру жанымызға ба-

тып  тұрған  кезде  «Талдықорған 

қаласындағы  облыстық  аурухана» 

шаруашылық  жүргізу  құқығындағы 

мемлекеттік 

кәсіпорынына  

медициналық  көмек  сұрап  келген 

едім.    Ауруханаға  келгенде    жылы 

жүзбен  қарсы  алып,  медициналық 

көмекпен  қатар    психологиялық 

көмек  бере  білген  «Қабылдау 

бөлімінің»  аға  медбикесі 



Оспа-

нова  Жұлдыз  Яхьяевна  мен 

медбике 


Абдыкасымова  Күләш 

Нұрдаулетовналарға 

алғыс 


айтқым  келеді.  Жылы  қабақ  та-

нытып,  мейірім  шуағын  төккен 

алғашқы  сәттен    аялы  алақан  та-

бын,  шапағаты  мол  шипа  лебін 

сезіндім.  Емделушілерге  жағдай 

жасау  үшін  құрақ  ұшып,  бәйек 

болып  жүрген  абзал  жандардың 

еңбегі  шексіз.  Тәуліктің  ерте-кеші 

демей өз кәсіптеріне адал қарайтын 

медицина 

қызметкерлерінің 

қажырлы  еңбектерін  көріп,  бас 

иесің.  Бөлімге  ауысқан  тұста,  

«Травматология» 

бөлімінің 

меңгерушісі   



Монгол    Анарбек 

Монголханович  пен  «Травмато-

логия»  бөлімінің  дәрігері 



Казыбе-

ков  Адай  Жарылкасыновичтің 

қабылдауында 

болдым. 

Қос 


білікті  маман,  дер  кезінде  дұрыс 

диагноз  қойып,  ем  көрсете  білді. 

Бөлімдегі  жайлылық,  атқаратын 

істеріне  тиянақтылық  емделушілер 

көңіліне  қонымды  әрі  демеу  де-

сем  артық  айтқандық  емес.  Ауру 

жұлып  алып  тастайтын  тікен  емес 

екендігін түсіндірген дәрігерлер күні 

бүгінге  дейін  өз  бақылауларына 

алып,  емдеуде.  Күн  өткен  сай-

ын 

денсаулығымның 



сақайып 

қалғанын 

сезініп, 

шүкіршілік 

етудемін.  Біріншіден,  Жаратқанның 

қалауы  десек,  екіншіден  қолы 

жеңіл,  жүректері  кең,  білім  мен 

тәжірибені  ұштастырып  ел  игілігі  

үшін  аянбай  еңбек  етіп  жүрген 

ақ  халатты  абзал  жандардың 

арқасы дер едім.   Адам жанының 

бағбандары, осы бір жауапкершілік 

жүгі  батпандай  мамандық  иелері 

қашанда  қоғамда  орны  бөлек  жан-

дар.  Шықпаған  жанға  себепші,  сан 

түрлі дерттің емшісі дәрігерлер мен 

медбикелерге  үлкен  алғысымды 

білдіремін.  Еңбектеріңіз  жемісті, 

отбасыларыңыз 

аман 


болып, 

халық  саулығын  нығайту  жолында 

шыңдала беріңіздер демекпін.  

Сержан  ЕҢСЕБАЕВ, 

Талдықорған қаласының 

тұрғыны.

ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ

Кембридж тәсілдерін 

қолданудың тиімді жолдары

Құрметті редакция ұжымы!

Өздеріңізге белгілі, білім саласында күн өткен сайын жаңа бағдарламалар қабылданып,  за-

манауи жаңа технологиялардың көмегімен жаңару мен жаңғыруға бетбұрыс туындауда. Соның 

бірі, мемлекетімізде Кембридж университеті мамандарының мұрындық болуымен тоғыз және 

үш  айлық  сындарлы  деңгейлеп  оқыту  жүйесі  қызу  жүргізілуде.  Еліміздің  педагог-мамандары 

жаппай білім алып жатқан бұл бағдарлама білім сапасының артуына және қоғамда жан-жақты 

қалыптасқан тұлға қалыптастыру жолында өз жемісін көрсетіп келеді. 

Сіздердің  білім  ордаларыңызда  болашақ  педагог  мамандар  шыңдалып  шығатындықтан, 

осы оқу курсу жайлы тереңнен мағлұмат беру мақсатында мақаламды ұсынып отырмын. Ел 

ертеңіне білімді ұрпақ тәрбиелеу үшін білікті мұғалім қажеттігін ескерсек, ал мына Сіздерден 

түлеп ұшар түлектеріңіз күні ертен жас маман болып білім ошақтарына қонатындығын жақсы 

білеміз. Сол жас мамандар болашағына бағыт-бағдар беру, қолдау, жаңа технологиялық оқу 

үрдістерін таныту әр білгір басшының міндеті мен кәсіби парызы деп қабылдаңыздар.

Қазіргі заманғы білім беру жүйлерінде жүріп 

жатқан трансформациялық өзгерістер мұғалімдердің 

ғана емес, сонымен  бірге білім беру ұйымдары 

басшыларының да кәсіби дамуының тұжырымдылық 

негіздерін қайта қарап, қайта түйсіну қажеттігін 

көрсетіп отыр. Әлемдегі жаһандану үдерісіне бірінші 

үлес қосатын, өмірін ізденіспен  өткізетін педагогтар.

Міне  біздің  де  «Әлем  өзгеруде, 

бізде  өзгереміз»  деген  ұранды 

ұстанып, жаңа форматты ұстаз болу 

үшін  Қазақстан  Республикасының 

2011-2020  жылдарға  арналған 

білім  беруді  дамытуға  арналған 

мемлекеттік 

бағдарламасының 

басты  бағыттарының  бірі-педагог 

кадрлардың біліктілігін арттырудағы 

білім  беру  жүйесінің  сапасын 

жетілдіру 

және 


құрылымдық 

жүйелерінің әрекеттестігі мен өзара 

тиімділігін  арттыру  болып  табы-

лады.  Осы  мақсатта  Кембридж 

Университеті 

мамандарының 

Қазақстан  педагогтарына  арнайы 

ұйымдастырған  Кембридж  тәсілінің 

теориялық негіздерін елімізге енгізу 

үлкен  жетістік  болуда.  Қазақстан 

Республикасының 

орта 


білім 

беретін  ұйымдары  басшыларының 

біліктілігін  арттыру  бағдарламасы 

бойынша курста  сертификатталған 

соң; мектептің оқу-тәрбие жұмысын 

жаңаша  ұйымдастыруды  қолға 

алып  отырмыз.  Үздік  әлемдік 

педагогикалық  тәсілдер  мен  білім 

беру  тәжірибесі  негізінде  жасалған 

Бағдарламаны 

игере 

отырып, 


мектебіме 

өзгерістер 

енгізуді 

мектепті  дамыту  бағдарламасын 

құрудан  бастадым.  Мектептегі  да-

мыту  жоспарының  проблемасы: 

«Сыни  тұрғыдан  ойлау  арқылы 

қарым-қатынас 

дағдыларын 

қалыптастыру» 

-деп 

аудиттен 



айқындалды.  Мектептің    дамыту  

жоспары табысты мектепке айналуға 

бағытталды.  Мектептегі  дамы-

ту  жоспары  негізінде  кәсіби  және 

әлеуметтік  әріптестік    аясындағы 

қоғамдастық құрып, ата-аналармен  

және  жалпы  жұртшылықпен  жұмыс 

істеуді қалыптастыруды жөн көрдім. 

Білім  берудегі жаңа әдіс-тәсілдерді 

сабақта  қолдану,  қоғамдастықтың 

жұмысын  жандандыру,  тәлімгерлік 

үдерісі 


арқылы 

мұғалімдердің 

кәсіби  біліктіліктіктерін  арттыру 

жұмыстарын  жүргізуде  аталған 

деңгейлік 

курстар 


бойынша 

серттификатталған    ұстаздардың 

бірлескен жұмысы жақсы нәтижесін 

бере 


бастады. 

Мектебімізде 

деңгейлік 

курстар 


бойынша 

сертификатталған  13  мұғалімнің 

біреуі  бірінші  (жоғары)  деңгейлік 

курс  бойынша,  төрт  мұғалім  екінші 

деңгей  бойынша,  сегіз  мұғалім 

үшінші  базалық  деңгей  бойын-

ша  сертификатталды.  Мектептегі 

ұстаздардың  барлығы  дерлік  коу-

чинг  және  тәлімгерлік  үдерістерінің 

жұмысы 


барысында 

сабақты 


жаңа  әдіс-тәсілдерге  негіздей  оты-

рып,  7  модульмен  ықпалдасқан 

қысқа  мерзімді  жоспар  құру,  орта 

мерзімді  жоспар  құру  туралы 

білімдерін  жетілдірді.  Мектебімізде 

ынтымақтастық  идеясы  салтанат 

құрды. Топтағы  бірлескен жұмысқа 

негізделген сабақтар оқушылардың 

ынтасы  мен  белсенділіктерінің 

артуына  ықпал  етті.  Сабақтарда  

сыни  тұрғыдан  ойлау  технологи-

ясын  жүйелі  қолдану,  оқушының 

өзін  және  өзгені  бағалау  дағдысын 

қалыптастыруда, өз бетімен іздену, 

ойын  ашық  және  толық  жеткізе 

білуде  оң  нәтижесін  берді.  Кәсіби 

тақырыпта 

тәжірибе 

алмасу, 

ортақ  ақпараттық  кеңістік  құруда 

мектепішілік мұғалімдердің «Сенім» 

атты желілік қоғамдастығы нәтижелі 

жұмыс істеуде. Желілік қоғамдастық 

бірге  ойлауды,  төзімділікті,  өзара  

көмекті,  сын  тұрғысынан    ойлауды 

қалыптастырады.  Оқушылар  ара-

сында  құрылған  «Зерде»  желілілік 

қоғамдастығы  мектеп  басқару  ісіне 

оқушылардың  етене  тығыз  ара-

ласуына  бағытталды.  Мектептегі 

түрлі  бағыттағы  атқарылып  жатқан 

үрдістерге  өз  үлесін  қосып,  оқушы 

мен  ұстаздар  арасында  пікір  мен 

ақпарат алмасуда.

Мұғалімдердің 

тәжірибе 

саласындағы  білімін  жетілдіретін, 

өзара  ынтымақтастықта  жұмыс 

істеуге  уәждейтін,  сабақтағы  іс-

әрекеттеуді    зерттеуге    арналған 

Lesson Study әдісі  бойынша зертте-

уге  білім сапасы  төмен болған  сы-

ныптар алынып, жұмыс жүргізулуде. 

Осы 


бағыт-бағдарды 

мығым 


ұстанған  біздің  ұжымның  өткен 

жылы  қол  жеткізген  жетістіктері  аз 

емес. Тоқталып өтетін болсам, өткен 

оқу  жылынан  бастап  мектебімізде 

енгізілген  жаналық  оқушылардың 

белсенділігінің    артуына,  түрлі 

интеллектуалдық 

жарыстарда 

жүлделі  орындарға  көтерілуіне  оң 

ықпалын    тигізді.  Оқушыларымыз 

облыстық, 

республикалық, 

халықаралық 

пәндер 


олимпи-

адасына  және  ғылыми  жоба-

лар  жарысына  қатысып,  мақтау 

қағаздарымен, 

мадақтама,  

дипломдармен 

мараппаталуда. 

Атап  айтқанда,  өткен  оқу  жылы  11 

«А» сынып оқушылары  Е.Құмашев 

физика  пәнінен    Халықаралық  Мо-

сква қаласында өткен ғылыми –жоба 

жарысына  қатысып,  1-дәрежелі 

дипломмен 

марапатталды. 

10«А»сынып  оқушысы  Н.Тұртаев 

тарих  пәнінен  қалалық  пән  олим-

пиадасында  жүлделі  1-орынды  ие-

ленсе,  облыстық  кезеңде  2-орынға 

ие  болды,  ал  11  «А»  сынып 

оқушысы  Е.Наурызбаев  2-орынға 

табан  тіреді.География  пәнінен 

10  сынып  оқушысы  А.Рысбекова 

3-орын,  математикадан  9-сынып 

оқушысы  С.Нұрғали  3-орын,    фи-

зика  пәнінен  8-сынып  оқушысы  

А. Бесетаева 3-орын. Оқушылардың 

«Дарын»  ғылыми  жоба  жарысын-

да  9-сынып  оқушысы  В.Лесс  фи-

зика  бағытынды  2-орын,  қалалық  

«Мұқағали,  Мағжан»  оқуларында 

оқушылар  А.Сейсембекова  2-орын, 

Ж.Жазерке  «жас  ақын»  номи-

нациясына  ие  болды.  Қазақ  тілі 

мен  әдебиет  пәнінің  мұғалімі 

Ш.Нұрмолданова  Республикалық 

«Ғұмырдария» балалар байқауына 

қатысып 

оқушылары 

жүлделі 

орындар 


иеленіп, 

лауреат,  

дипломант  атанды.  Олар  8-сы-

нып  оқушысы  Ж.Жазерке  1-орын, 

10-сынып оқушылары Н.Нақышева, 

І.Бұрғанбаев 

3-орын 

иеленді.  



География 

пәнінің 


мұғалімі 

Ш.Жұмағалиева  облыстық  «Үздік 

география  мұғалімі»  байқауына 

қатысып, 

3-дәрежелі 

диплом-


мен,  қалалық  «Үздік  тарих  пәнінің 

мұғалімі» байқауында, тарих пәнінің 

мұғалімі  Д.Қошқарбаев  3-дәрежелі 

дипломмен,  тарих  пәнінің  мұғалімі 

Ж.Молдабаева,  қалалық  «Жыл 

мұғалімі» 

байқауына 

қатысып 


1-орын  иегері  болды.  Қалалық 

білім  бөлімінің  ұйымдастыруымен 

өткізілген  «Бүгінгі  жас  маман-

ертеңгі  ұлағатты  ұстаз»  атты  жас 

мұғалімдер  байқауында,  бастау-

ыш  сынып  мұғалімі  Д.Нағайбекова 

2-орын 

иеленді. 



Қалалық 

педагогикалық оқуға қатысқан био-

логия  пәнінің  мұғалімі  қатысып, 

Г.Омарова жүлделі 2 орынға лайық 

деп танылды.

ТОБЫҚТАЙ ТҮЙІН:

 

"Мұғaлiм–өзiнiң  бiлiмiн  үздiкciз  iзденiп  oтыpғaндa  ғaнa 

мұғaлiм,  aл  oқуды,  iзденудi  тoқтaтқaн  күнi  oның  мұғaлiмдiгi 

де  тoқтaйды”деген  педaгoг  К.Д.Ушинcкий  aйтқaндaй  бiлiм 

мен  бiлiмдi  бoлу–қaзipгi  қoғaм  дaмуынa  ықпaлы  зop  фaктop. 

Сондықтан  болар,  заман  өзгеруімен  жаңарып  жатқан  білім 

берудің  әлемдік  озық  үлгілерін  таратуда  деңгейлік  білім 

жетілдіру курстарының қажеттілігі күннен күнге артуда.

Ж. Н. НҰРЛЫБАЕВА,

К. Ушинский атындағы 

№7 орта мектептің директоры.


•       Әлемнің ең мықты деген ғалымдары жасаған зерттеу жұмыстары 

жер бетінде бір-біріне ұқсас қарды таппаған.

    Әрбір қардың 95 пайызы ауадан тұрады. Сондықтан да оның құлау 

жылдамдығы өте аз болып келеді (0,9 км\сағ).

•     Қар түсінің ақ болуы себебі ауаның көптігіне байланысты.

•        Тарихта  өзге  де  түсті  қар  жауған  кездер  болған.  Мәселен,  1969 

жылы  Жаңа  Жыл  мерекесі  қарсаңында  Швейцарияда  қара  қар,  ал 

1955 жылы Калифорнияда жасыл қар жауған.

•       Антарктиданың биік тауларында алқызыл, күлгін, қызыл, сары 

түсті қарлар кездеседі.

              Қарды  суға  салғанда  біртүрлі  қызық  дыбыс  шығарады. 

Ғалымдар бұл дыбыстың балықтарға ұнамайтындығын айтады. Су 

мекендеушілері суға түскен қардан қашатын көрінеді.

•    Қыстыгүні қар күн сәулесінің 90 пайызын қайтарып тастайды да, 

жерге қыздырынуға мүмкіндік бермейді.

•     Әлемдегі ең алып қар 1987 жылы 28 қаңтар күні АҚШ-тан табыл-

ды. Оның диаметрі 38 см-ге жеткен.

•     Қардың сықырын -2 температурада аяқпен басу арқылы естуге 

болады.

•      Жер планетасының жартысына жуық елдері қарды өмірлерінде 

көрмеген.

Газет Талдықорған қаласы, 

Қабанбай батыр көшесі, 32-

үйде, «Алматы - Болашақ» АҚ 

филиалы «Офсет» баспахана-

сында басылады.



Индекс: 64568

Газет айына екі рет шығады.

БІЗДІҢ 

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 

Талдықорған қаласы, 

Жансүгіров көшесі, 187а. 

Байланыс телефоны: 

223329; ішкі нөмір.1143

Бас редактор Үсен Өмірзақов

Жарияланған мақала авторларының пікірлері 

редакция көзқарасын білдірмейді.

Жарнама мәтініне тапсырыс беруші жауапты.

«Жетісу университеті» газетінің компьютер орталығында 

теріліп, беттеледі.

Тапсырыс № 29

Таралым 2500 дана

Тілші Б.Жаңабаева

Корректор Ұ.Жолдасова

Беттеуші П.Қалиханқызы

Суретке түсірген Б.Айменов

Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық 

келісім министрлігінде 2003 жылғы 02 қыркүйекте тіркеліп, 

№ 4190-Г куәлігі берілген.

бейсенбі, 14 қаңтар, 

2016 жыл

12

ҚҰРЫЛТАЙШЫ: І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

ДЕМАЛЫС БЕТІ

Жетісу 


университеті

БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ

МӘССАҒАН

ПАЙДАЛЫ КЕҢЕС

ҒИБРАТТЫ ӘҢГІМЕ

Ќар туралы 

ќызыќты деректер







Желдің әсері

Ең  майлы  деген  бет  терісінің  өзі  суық 

желдің  әсерінен  құрғап,  қабыршақтанып, 

тіпті  кейде  жарылып  кетеді.  Бұндай 

қиындықты  әр  қыс  сайын  ерніңізден  де 

байқайтын  боларсыз.  Табиғатынан  құрғақ 

болып  табылатын  көз  маңындағы  тері  де 

қыста одан бетер құрғап тұрады.

Өзіңізге  өте  майлы,  арнайы  көз 

маңындағы  теріге  арналған  крем  алып 

қойыңыз. Тіпті оны жылдың басқа кезеңінде 

қолданбасаңыз да, қыста бұл сіздің ережеңіз 

болсын. Ерінге қоректендіргіш бальзам, ал 

бет  терісіне  құрғақ  теріге  арналған  крем 

алыңыз  (теріңіз  майлы  болса  да).  Қыста 

ылғалдандырғыш маскалар мен сары сулар 

қолдануды  әдетке  айналдырыңыз.  Осы-

лайша қыста бет терісінің тартылып тұрған 

сезімінен арылып, уақыт өте пайда болатын 

әжімдерден сақтанасыз.



Қолдың құрғауы

Аязда  май  безі  жұмысының  белсенділігі 

кемиді,  демек  теріні  қорғайтын  майлар 

азырақ  өндіріледі.  Ал  қол  терісіндегі  май 

бездері  аз  келеді,  демек  жел  мен  суықтың 

әсерінен  қол  терісі  мүлдем  құрғап,  бүрісіп 

кете  алмақ.  Бұндай  көрініс  әр  қызға  та-

ныс  болар,  қол  қызарып,  кеуіп,  тырнақ  та 

қатпарлана бастайды.

Бұл мәселені шешетін бір оңай дауа бар. 

Күнделікті  қолыңызға  майлы  крем  жағып 

жүріңіз.  Үйден  шыққанға  дейін,  ұйықтар 

алдында,  қол  жуып  болған  кезде  күніне 

бірнеше мәрте жаға беріңіз. Осыны әдетке 

айналдырсаңыз,  қол  құрғау  мәселесін 

ұмытатын боласыз.



Қыста  теріңіздің  жағдайын  құртып 

алмау  үшін,  оған  артығырақ  көңіл 

бөліп, күтім жасауға ерінбейік.

Қазірде  еліміздің  барлық 

аймағына  аяз  түсіп,  суық 

жел үріп, күннің көзі көрінбей, 

температура тұрақты бол-

май,  ауа  райы  нашар  болып 

тұрған  жайы  бар.  Дәл  осы 

кезде  біздің  теріміз  кеуіп, 

қабыршақтанып,  қызарып, 

жарылады,  сезімтал  келіп, 

суыққа 

төзе 

алмайды. 

Теріңізге  салғырт  қарамай, 

оған  осы  кезеңде  ерекше 

күтім көрсеткен дұрыс.

Қыстағы тері күтімі

Адыраспан – бел ауруларына ем

Адыраспан  –  түйетабандар  тұқымдасына  жататын,  тарамдалған 

бұтағы  мол,  мыңжылдық  шөптесінді  өсімдік,  оның  жапырақтары  кезек-

тесе  орналасады.  Бозғылт-сары  гүлдері  жеке-жеке  өседі.  Жемісі  қоңыр 

түсті, диаметрі 1 сантиметрдей шар тәріздес қауашақ. Биіктігі 30-60 сан-

тиметрдей, мамыр-шілде айларында гүлдейді.

Қазақстанда,  еліміздің  батыс  өңірінде, 

Кавказ бен Орта Азияда кездеседі. Негізінен 

сортаң  далаларда,  елді  мекендерге  таяу 

алқаптарда,  сонымен  қатар,  құрғақ,  тасты 

беткейлерде өседі.

Адыраспан құрамында улы гармин және 

гармалин алкалоидтары, гүлі мен бұтағында 

пеганин  алкалоиды  болады.  Адыраспан  – 

улы өсімдік, сондықтан оны тек дәрігердің 

нұсқауымен ғана пайдалануға болады.

Кепкен адыраспан

Емдік  мақсатта  адыраспанның  шөбін 

яғни  сабағын,  жапырақтары  мен  гүлдерін 

пайдаланады.  Адыраспан  –  ежелден 

белгілі  дәрілік  өсімдік.  Кезінде  Ибн  Сина 

оны сегізкөз жүйкесі қабынуы кезіндегі шан-

шуды  басатын  дәрі  ретінде  пайдалануға 

кеңес берген.

Халық  медицинасында  адыраспан  рев-

матизм, қышыма және басқа да тері ауру-

лары  кезінде  бұлау  жасауға  пайдаланы-

лады,  ал  шөбінен  жасалған  қайнатпа 

суық  тигенде,  безгек  ауруларына, 

жүйке жүйесінің әлсіреуіне және ұстама 

ауруларына  ем  болады.  Адыраспан-

ды  кавказ  халқы  ұйықтататын  дәрі 

ретінде  пайдаланады.  Оның  шөбін 

жағып,  түтінімен  бас  ауруын  емдейді 

және жұқпалы ауру-сырқауы бар адам 

жатқан бөлмені ыстап залалсызданды-

рады.

Емдік  қасиеті  жағынан  адыраспан 



Орта Азияда ертеден белгілі болған. Бұл 

жерде  оның  ұрығын  зығыр  тұқымымен 

қосып  демікпені  емдейді,  қара  неме-

се  қызыл  бұрышқа  араластырып  тері  ау-

руларына  қарсы  жағады.  Тер  шығаратын 

дәрі  ретінде,  сонымен  қатар  ревматизмді  

емдеуге қолданады.

Адыраспан  шөбінің  қайнатындысы  мен 

тұнбасы  бас  ауруды  басып,  адамды  ты-

ныштандырады,  сырқатты  асқындырмауға 

көмектеседі.  Сонымен  қатар,  белге  суық 

тигенде  адыраспан  көмегімен  емдеуге  бо-

лады.  Ол  үшін  кептірілген,  ұнтақталған  50 

грамм  адыраспан  шөбін  шүберекке  түйіп, 

сыртынан  қайнаған  су  құяды.  Сәлден  соң 

суын  сығып,  қалтаны  жылы  күйде  белдің 

ауырған  тұсына  басып,  үстіне  қыздырғыш 

(грелка)  қояды.  Белді  осылай  күніне  30-40 

минуттан  бер  рет  булау  керек.  Бір  қалта 

адыраспанды  ыстық  суға  қайталап  салып 

төрт рет пайдалануға болады.

Адыраспан  улы  өсімдік  болған  соң,  оны 

емге ішкен кезде аса сақ болған жөн.

Әкесі  мен  баласы  тау  шатқалдарында 

серуендеп  жүріп  баласы  шалынып  құлап 

түседі. Ауырған жері жанына батқандықтан 

“Аххх!”,-деп 

айқайлап 

жібереді. 

Жандарындағы таудан “Аххх!” деген дауыс 

естігенінде бала таң қалады. 

Ешнәрсені түсінбеген бала “Сен кімсің?”,- 

деп  айқайлайды.  Алған  жауабы  тағы  да 

“сен кімсің?” болып келеді.

Бұл 

жауапқа 


ашуланып 

“Сен 


қорқақсың!..”,-деп  айқайлайды.  Таудан 

келген дауыс “Сен қорқақсың!” деп жауап 

береді.

Бала  әкесіне  бұрылып  сұрайды  “Әке  не 



болып  жатыр?  Әкесі:  “Балам  тыңда  және 

үйрен!”-деп тауға қарап “Мен саған қайран 

қалдым!” деп айқайлайды. Қайтқан жауап 

тағы  да  “Мен  саған  қайран  қалдым!”-деп 

келеді.

Әкесі  қайтадан  айқайлайды,  “Сен  өте 



әдемісің!..” Жауап тағы “Сен өте әдемісің” 

болып  келеді.  Бала  қатты  таң  қалады, 

бірақ әлі не болғанын түсінбейді.

Әкесі  оған  түсіндіріп  береді.  Адам-

дар  бұны  жаңғырық  деп  атайды,  бірақ 

негізінде  бұл  өмір.  Өмір  әрқашан  сенің 

бергендеріңді  өзіңе  қайтарады.  Өмір 

–  жасаған  мәмілеміздің  айнасы.  Өзіңді 

жақсы  көрсеткің  келсе,  алдымен  өзің 

жақсы көр! Саған жақсы мәміледе болуын 

қаласаң,  өзің  басқалармен  жақсы  қарым-

қатынаста бол! Адамдардан құрмет көргің 

келсе, адамдарды құрметте! Адамдардың 

сабырлы болуын қаласаң, сен де сабырлы 

болуды үйрен!

Бұл  қағида  өмірдің  барлық  кезеңі  үшін 

бірдей.  Өмір  кездейсоқтық  нәрсе  емес, 

жасаған  әрекеттеріміздің  айнадан  кері 

шағылысуы.

Өмірдің жаңғырығы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет