Қорытынды. Ғылыми жұмысты қорытындылай келе, төмендегілерді айтқым
келеді:
- Республикамыздың оңтүстік бөлігінде орналасқан Қызылорда облысын
көптеген әдебиеттерде «Сыр өңірі» деп атайды. Шекаралық сызығының
№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
45
конфигурациясы қисық төртбұрыш тәрізді, оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа
қарай қисық трапеция құрайды. Географиялық координаттары: Гренвичтен с.е.
42
0
38
1
-тан 47
0
49
1
-қа дейін және ш.б. 59
0
02
1
-нан 68
0
09
1
дейінгі аралықты алып
жатыр. Жалпы жер көлемі – 248,996 мың км
2
, яғни республика жер көлемінің 8,4%-
ын құрайды;
- Аумақтағы жер бедерінің геоморофологиялық құрылымының дамуына
эндогендік (тау жаралу, жер сілкіну, жанартау әрекеті, тектоникалық құбылыстар)
факторлармен қатар экзогендік (күн жылуы, жел, ағынды су, мұздық, су толқыны,
адам әрекеті) процестер тікелей ықпал етеді. Сондықтан оларға жеке-жеке сипаттама
берілді;
- Жер бедерін зерттеуде жалпы әдістемелік тәсілдер қарастырылды. Олар
рельефтің өте күрделі қалыптасу процесін аңғару үшін эндогендік және экзогендік
рельеф құратын факторларды кешенді түрде талдау нәтижесінде ғана, материалдық
дүниені танып білудің диалектикалық әдісі негізінде қорытынды жасауға мүмкіндік
береді;
- Аумақтың шөлдену процесінің негізгі басты себептері табиғи және
антропогендік факторлар болып табылады. Негізгі табиғи факторлар: аумақтың
физикалық-географиялық орны, контингент ішінде ішкерілей жатуы, құрғақшылық
климаты, су ресурстарының бірқалыпты таралмауы, кең көлемде құмды жерлердің
(30 млн. гектар) және тұзды жерлердің (127 млн. гектар) орын алуынан;
- Сырдың төменгі ағысындағы шөлді аймақтарда эолдық процестердің рельеф
құрудағы рөлі желдің әрекетіне тікелей байланысты. Нәтижесінде рельефтің
дефляциялық және корразиялық пішіндері, эолдық аккумулятивтік пішіндер, лесстан
құралған рельеф пішіндері, аридттық-денудациялық рельеф пішіндері, карстық
пішіндер кеңінен тараған.
Ұсыныстар:
- Құмның жылжу жолын бөгеу үшін қыстыкүні қар тоқтатқандай қалқандар
қоюды арттыру қажет;
- Құмда өсетін өсімдіктерді (бұталар, қарағайлар, жыңғылдр, шөптер) өсіру
негізгі тәсілдің біріне саналады; отырғызылған өсімдіктер өзінің тамырын жая
отырып, құмның беткі қабатын сәл бекітіп қозғалтпайды, сондықтан ондағы
өсімдіктерді сақтауды қолға алу қажет;
- Мал жайылған жерлерді ұқыпты пайдалану, әсіресе шөпті басып тастаған мал
айдалған жолдарға назар аударып, тиісті шаралар жасауды жетілдіру қажет.
Әдебиеттер
1 Өтемағанбетов М. Қазақстанның физикалық географиясы. – Алматы: Мектеп,
1997.
2 Сауытбаева Г., Айдаров О., Дүйсенбаева А. Қызылорда облысының
физикалық, экономикалық географиясы. – Қызылорда.
3 Нұрғызарынов А. Аралдың экологиялық тынысы. – Алматы: Ғылым, 2006.
4 Тоқтағанова Г.Б. Қызылорда облысында кездесетін су ресурстары және
оларды тиімді пайдалану жолдары // Хабаршы. – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. –
№2(19). – 2004.
5 Нұрғызарынов А., Шапшанов Қ. Арал өңірінде өндірісті экологияландыру. –
Алматы, 2001.
№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
46
КАЙКЕНОВ Райымбек,
№17 орта мектебінің 9 сынып оқушысы, Көкшетау қаласы,
Ақмола облысы, Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: БЕКТАСОВА Амина Ергалиевна,
№17 орта мектебі «Математика» пәнінің мұғалімі, Көкшетау қаласы,
Ақмола облысы, Қазақстан Республикасы
МЕНІҢ ҚАЛАМНЫҢ СӘУЛЕТІНДЕГІ СИММЕТРИЯЛАР
Зерттеу жұмысының мақсаты: Математика курсында оқытылатын
симметрия тақырыбын өмірмен байланыстыру, оның ішінде қазіргі заман талабына
сай салынып жатқан сәулет нысандарының симметрияларын қарастыру.
Өзектілігі. Зерттеу жұмысында қаламыздың сәулетіндегі симметриялардың
үйлесімі зерттелген.
Оқушының алдына қойған міндеті: «Менің қаламның сәулетіндегі
симметриялар» тақырыбын зерттей отырып, қаламыздың сәулетінде симметриялы
ғимараттардың көркем және үйлесімді орын алатынын көрсету.
Жұмыстың өзектілігі. Зерттеліп отырған жұмыс білім алуды жалғастыруға,
оқушының сәулетші мамандығын таңдауына негіз бола алады.
Ғылыми-әдістемелік деңгейі. Қазіргі өмірде әлеуметтік жағдайдың барлық
салаларын жан-жақты зерттеу нәтижесінде жасөспірім ұрпақтың жан дүниесі сол
негізде тәрбиелеу оның бойындағы оянбай жатқан қасиеттерді жандандыру – өмір
талабы.
Зерттеудің жаңалығы. Өскелең ұрпақтың біліктілігін қалыптастыруға
бағытталған математикалық білімін болашақта өмірде пайдалана алуға ұмтылдыру
керек.
Маңыздылығы. Нәтижеге бағдарланған оқушының математикалық білім
деңгейін әрі қарай жетілдіруге, айқындауға жәрдемдеседі, танымына жол ашады.
Кіріспе. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-ауқатын
арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына
жолдауында: «Білім беру саласының басты міндеті – білім беруді дамыту жөніндегі
№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
47
мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланы сапалы қызмет көрсету
аясын кеңейту», - деп атап көрсетті.
«Математика – ғылымдардың патшасы» деп ұлы ойшылдар айтқандай, бұл
ғылым өте терең біліктер мен үлкен ізденушілікті талап етеді. Бірақ бұл ғылым
өзінің қызығушылығымен қызықтыра түсетін жұмбақ тәрізді. Қиын жұмбақтың
шешуін табу адамды қандай қанағаттану сезіміне бөлесе, қиын есептің шешуін
тапқандағы адамның сезімдері одан асып түспесе, кем болмайды.
Математика тарихына көз жүгірте отырып, оның ғалымдардың бос қиялының
жемісі емес, тікелей өмірдің қажетілігінен туындаған ғылым екеніне көзін жете
түседі. 7 сыныптың «Геометрия» пәніндегі «Симметрия» тақырыбын оқып
үйренгеннен кейін, неліктен ғимараттардың құрылыстарында симметрия
қолданылады деп ойландым.
Сол себептен маған өзімнің туған қалам Көкшетаудың сәулетіндегі
симметриялы ғимараттар, симметрия туралы тарихи мәліметтер қызықтырып, өз
зерттеуімізді осы арнада жүргізуімізге түрткі болып ғылыми жобаның тақырыбын
«Менің қаламның сәулетіндегі симметриялар» деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: неліктен сәулет өнерінде симметрия қолданылады деген
сұраққа жауап іздеу және зерттеу жұмысын жүргізу.
Бұл мақсатыма жету үшін келесі міндеттерді шешу керек:
- Математикадан тақырыбыма байланысты арнайы әдебиеттерді оқу;
- Басқа елдердің сәулетіндегі симметриялармен танысу;
- Көкшетау қаласының симметриялы ғимараттарын фотосуреттерге түсіру;
- Қаламның сәулет құрылысындағы симметрияларға сараптама жасау;
- Қорытынды жасау.
Гипотеза құрастырамыз: «Егер сәулет өнерінде тек қана симметрия
қолданылатын болса, онда салынған конструкция үйлесімді, тұрақты және ғұмыры
ұзақ болады».
Адам және сәулет. Бұл екі ұғым өзара тығыз байланыста. Адамдар сәулет
өнерінсіз өмір сүрген емес, әрқашанда онымен бірге ғұмыр кешуде. Ежелгі адам
үңгірден шығып өмір сүре бастағаннан-ақ өзіне тұрақ сала бастады.
Сәулет өнері – құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері.
Архитектура латынша archіtectura, ал грекше аrchіtekton, яғни құрылысшы деген
№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
48
мағынаны білдіреді. Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік
ортасын қалыптастырады. Олар: әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және
адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын
үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер. Сәулет өнері – техниканың,
ғылымның және өнердің тоғысқан жері.
Симметрия дегеніміз не? Симметрияның қолданысы барлық саланы қамтиды
десек, артық айтпаған болар едік. Симметрия ұғымы адамзаттың көп ғасырлық
тарихынан таныс деуге болады. Математиканың, физиканың, тіпті табиғаттың
заңдары да симметрия принциптеріне бағынады.
Қазіргі уақытта әлемдік ғылымдар дамыған кезде симметрия мен оның
қасиеттерінің әртүрлі құбылыстарда байқалуы қызығушылықтар тудыруда. 1989
жылы (ISIS – Symmetry) Халықаралық симметрияны зерттеу қоғамы құрылды. Бұл
дүниежүзінде интеллектулдардың даму сатысының алғашқы баспалдағы болды.
«Керемет болу – симметриялы және тең өлшемді болу», - деп атақты философ
Платон айтқан екен. «Симметрия» грек сөзінен алынған «гармония» – бірдей
өлшемді, белгілі бір реттілікпен орналасқан деген ұғымды білдіреді. Симметрияның
құрылыста және өнерде қолдану тәжірибесінен симметрия жайындағы ғылым пайда
№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
49
болды. Симметрия жайындағы Рим инженері Витрувий (б. э. д. І ғ.) өзінің
«Архитектура туралы 10 кітап» атты трактатында жазды. Оны архитекторлар мен
суретшілер қолданды.
Геометрияға симметрия туралы ғылыми элементті енгізген адам – француз
математигі А.М. Лежандр (1752-1833). ХХ ғасырдың ірі математиктерінің бірі
Герман Вейльдің (1885-1955) 1951 жылы басылып шыққан «Симметрия» деген
кітабында былай деп жазылған: «Күнделікті тілімізде симметрия деген сөз екі
мағынада қолданылады. Бір мағынасында симметриялы деген сөз тұтас бір дененің
әр бөлігінің бірімен бірінің өзара дұрыс пропорциялық ара қатынасын,
теңдестірілуін білдірсе, симметрия тұтас дененің жеке бөліктері үйлесімділігінің
екінші түрін көрсетеді».
Симметрияның төрт түрін атап кетуге болады: айнадағы немесе айналық
симметрия, бұру немесе бұрылмалы симметрия, аударылған симметрия, орнаменттік
(оюлы) симметрия.
Италияның ұлы суретшісі әрі математигі Леонардо да Винчи (1452-1519) өзінің
сурет өнеріне орнаменттік симметрияны пайдаланды.
Неліктен біздің айналамызда қоршаған ортамыз симметрия арқылы беріледі?
Табиғаттағы, техникада және тұрмыстағы кейбір денелердің бөліктері өзара ұқсас,
үйлесімді орналасады. Насекомдарды, ою-өрнектерді, әшекейлік бұйымдарды т.б.
мысалға келтіруге болады.
Симметрия әр түрлі болады. Шындығында симметрияның екі тобы бар: бірінші
тобына орналасу, құрылым, пішін симметриясы жатады. Бұл симметрияны
көзімізбен көреміз және оны геометриялық симметрия деп атайды. Симметрияның
негізгі ұғымдары: симметрия осі, симметрия центрі және симметрия жазықтығы.
Симметрияның ең қарапайым түрі – түзуге қатысты симметрия.
Егер түзу бойымен бүктегенде жазықтықтағы фигуралар бір-бірімен беттесетін
болса, ондай фигуралар түзуге қатысты симметриялы фигуралар деп аталады. Осьтік
және центрлік симметрия сәйкес нүктелердің ара қашықтығын өзгертпейді. Мысалы,
параллелограмм центрлік симметриялы фигура болып табылады, оның симметрия
центрі – диагоналдарының қиылысу нүктесі. Сандар осіндегі оң сандар мен теріс
сандардың О нүктесіне қатысты симметриялы орналасады, яғни 0 саны симметрия
центрі болады.
Фигуралардың симметриялығы. Бұрыштың симметрия осі – биссектрисасы,
тең бүйірлі үшбұрыштың симметрия осі – төбесі мен табанының ортасы арқылы
өтетін түзу, тең бүйірлі трапецияның симметрия осі – оның табандарының ортасы
арқылы өтетін түзу болып табылады.
№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
50
Екі осьтік симметриясы бар фигуралар: тік төртбұрыш, ромб.
Ерте кезден бастап көптеген халықтар симметрияны кең мағынада түсініп, оны
тепе-теңдік және гармония деп ұсынған. Тіпті адамдардың шығармашылығының
қалыптасуының өзі симметрияға байланысты деуге болады.
Сәулетте ең көп таралған стиль – айналы симметрия. Осы стиль бойынша
салынған Мысыр пирамидалары және Грекияның мазарлары, амфитеатрлар,
термдер, базиликалар және римдіктердің триумфальды қақпалары, сарайлар және
Ренессанстың шіркеулерінің, қазіргі сәулетті ғимараттарға тән түрлері көп. Мысалға,
қазіргі заманғы сәулет өнерінің бірегей туындысы «Бәйтерек» – Астанадағы
архитектуралық құрылыс кешені, Елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі.
Астана қаласында Сәулетшілер одағының халықаралық қауымдастығы өткізген
байқауда халықаралық қазылар алқасының шешімімен 2002 жылғы ең таңдаулы
жоба және құрылыс ретінде «Бәйтерек» кешеніне Гран-при үздік айырым белгісі
берілді.
Симметрияның әсерінің негізінде адам тәртіпті, сұлулықты және нақтылықты
орнатуға тырысады деп тұжырымдауға болады.
Аязы қатты, солтүстүктің қатал ауа райына төтеп бере алатын қар мен мұздан
жасалған иглу жайлары кең етек алды. Ал ауылдық жерлерде негізінен үйшіктер
(изба) салынды.
Сонымен геометрияда симметрияның негізгі үш түрі бар:
1. Центрлік симметрия.
2. Осьтік симметрия.
3. Айналық симметрия.
№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
51
Ал архитектурада симметрияның негізгі екі типі бар:
1. Екіжақты симметрия.
2. Радиальды симметрия.
Әртүрлі елдердің сәулетіндегі симметриялар. Тұрғын жай салу жұмыстары
барлық жерде бірдей және біркелкі жүрді деуге болмайды. Шағын және жеңіл
траспортабельді жайлар салу алдымен лашық үйлер (шалаш) салуға әкелді. Одан
кейін Америка аборигендері вигвам, типи сияқты жаңа тұрғын жайлар тұрғыза
бастады. Көшпелі халықтар тез жиналатын жайлар, яғни киіз үйлер, чу және т.б.
құрастыра бастады.
Ерте уақыттарда қандай да бір нүктені центр етіп алып, сол нүктені айнала
тұрғын үйлерді симметриялы етіп салды. Бұл үйлердің пішіні дөңгелек, шаршы, әлде
тіктөртбұрышты екеніне қарамай-ақ осы центрлік нүктені қарапайым көзбен оңай
тауып алуға болатын. Осы центрлік нүктеде көбінесе үй ошағы орналасатын болған
және бұл нүкте барлық отбасы мүшелері жиналатын, бас қосатын орны болған.
Симметрияның керемет үлгілері архитектуралық шығармаларды бейнелейді.
Жалпы құрылыстың жоспары, фасадтар, оюлар, карниздер, колонналарда бір
үйлесімділік көрінеді.
№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
52
Осындай келбетті, үйлесімді, симметриялы ғимараттарды атап өтсем:
Астанамыздағы Бейбітшілік пен Келісім сарайы, «Нұр-Астана» мешіті, «Ханшатыр»,
т.б.
Бұл көрікті және әсем сәулетті ғимараттардан осьтік, центрлік, айналы
симметрияларды байқаймыз және осы ғимараттардың жеке қабырғаларына назар
аударатын болсақ, біз олардың барлығының да симметрия осі бар екенін көреміз.
Менің қаламның сәулетіндегі симметриялар. Мен енді өзімнің туған
қаламның көшелерін, аулаларын аралап, орталық саябақта қыдырып, қаламыздың
сәулетін зерттедім.
Сонда мен мынадай симметриялы ғимараттардың суреттерін түсіріп алдым.
Осьтік симметриялар:
Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық кітапхана
(симметрия осі екінші қабаттағы 4-ші терезе)
№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
53
Орталық саябақ
Балалар шығармашылық үйі (осін теңбүйірлі үшбұрыштың төбесінен жүргіземіз)
Ауған соғысының құрбандарына орнатылған ескерткіш
№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
54
Мәлік Ғабдуллин мұражайы – үйдің шатырының симметрия осі бар, оны көру
үшін теңбүйірлі үшбұрыш салып, оның төбесі арқылы өтетін түзу жүргізсек
жеткілікті болады.
Айналы симметриялар:
Достық үйі
№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
55
Ш. Хұсайынов атындағы қазақ музыклық драма театры
(айналы симметрия, театрға кіре беріс цилиндр түрінде салынған)
Назарбаев зияткерлік мектебі
«Сәтті» сауда үйі
№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
56
«Нұр Отан» партиясының ғимараты
Тұрғын үй кешені
«Тыныс» АҚ
Қорытынды. Сонымен, ғылыми жобамның тақырыбын зерттей отырып,
сәулеттегі симметрия әр уақытта, әр халықтарда үнемі қолданыста екендігін
№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
57
түсіндім. Симметрияның әсерінің негізінде адам тәртіпті, сұлулықты және
нақтылықты орнатуға тырысады деген тұжырым жасадым.
Симметрияның барлық түрлері, оның ішінде кеңінен таралғаны осьтік,
центрлік және айналы симметрия екен.
Менің мақсатым өзімнің сүйікті қалам Көкшетауымның сәулетіндегі
симметрияларды қарастыру еді. Мен бұл мақсатыма жеттім деп ойлаймын.
Маған туған қаламның симметриялы ғимараттарын іздеу ұнады. Мұндай
ғимараттардың ішіндегі ең әсем, үйлесімді, қалама көрік беріп тұрған сәулет
өнерінің туындыларын көрсеттім деп ойлаймын. Сәулеттегі симметрия өте
талғаммен көрінетінін және математикалық қаталдықпен көрінетінін байқадым. Бұл
ғимараттар қаламыздың сұлулығын аша түседі, бірден көзге түседі.
Қаламыз жылдан-жылға көркейіп өсіп келеді. Әлі де көптеген сәулет
туындылары қаламызда бой көтеретініне сенемін. Оған мен де өз үлесімді қосқым
келеді.
Сондықтан да мен осы тақырыпты зерттеу барысында болашақта өз
мамандығымды сәулет өнерімен байланыстырамын, яғни сәулетші боламын деген
ойға келдім.
Әдебиеттер
1 Атанасян Л.С., Бутузов В.Ф., Кадомцев С.Б. Геометрия. Оқулық. – М., 2012.
2 Бурмистрова Л.Л. Я познаю мир. Архитектура: Детская энциклопедия. – М.,
1999.
3 «Математика және физика» журналдары. – 2010-2015.
ҚИЗАТ Каусар,
«Ғабдуллин атындағы негізгі мектебі» КММ 9 сынып оқушысы,
Үржар ауданы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: БОЛЕКБАЕВА Шолпан Турсынбековна,
«Ғабдуллин атындағы негізгі мектебі» КММ
«Химия, биология» пәндерінің жоғары санатты мұғалімі,
Үржар ауданы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы
СҮТТІҢ МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ЛАСТАНУЫ
Кіріспе. Елімізде 2004 жылдың аяғында сүт өнімі 5,6 пайызға артып, 4288,0
тоннаға жетті. Ал, республика экономикасының біршама артуына байланысты
халықтың сапалы сүт өнімдеріне деген сұранысы да артып отыр. Осыған
байланысты сапалы сүт және сүт өнімдерін өндіру – бүгінгі күннің басты талабы.
Адамдар сүтті бес мың жыл бұрын пайдалана бастаған. Академик И.П. Павлов:
«Сүт табиғаттың өзі дайындап берген сүйкімді тағамы», - деп жазған. Сүт –
адамзаттың ежелден келе жатқан тағамы. Тарихи деректерге қарағанда адам әуелі
етпен, содан кейін сүтпен қоректенуді үйренген секілді. Келе-келе біздің ата-
бабаларымыз сүтті рәсуә етпей сақтау жағында ойластырған. Осы жағдайға
байланысты сүт тағамдары «дүниеге келсе» керек. Иә, иә сүт тағамдары осылай
пайда болған.
Сөйтіп сүтті ашытып – сусын, қайнатып – құрт-ірімшік, тағы басқа тағамдар
дайындаған. Бұл баға жетпес тағамдар талай ғасырлардан бері өз мәнін жойған жоқ.
Жоймайтын да тәрізді. Өйткені қымыз ашыту, шұбат ашыту, құрт-ірімшік қайнату
сияқты бұрын қолмен атқарылатын жұмыстардың механикаландырылғаны қашан!
№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
58
Иә, қазір осы бір бағалы ұлттық тағамдар технологиялық жолмен дайындалып,
халқымыздың дастарханын бұрынғыдан да молайта түсуде.
Сүт – өте бағалы өнім. Олай дейтініміз, организімге оның құрамдас бөлігінің
95-98 пайызы сіңеді. Сүт, сондай-ақ амин қышқылдарының, макро және микро
элементтердің, витаминдердің таптырмайтын көзі.
Сүттің адам баласы үшін қаншалықты қажетті өнім екендігі бәрімізге белгілі.
Сондықтан да сүттің құрамы мен қасиетін, санитарлық сапасын жақсартуға бүгінгі
таңдағы халықтың талап-тілегіне сай келетіндей етіп көңіл аудару сүт өңдейтін
орындардың төл міндеті. Сондай-ақ сүт өндіретін шаруашылықтар құрамында майы,
ақуызы, витаминдері жеткілікті сүт саууға тырысулары керек. Оның үстіне өңдейтін
орындарға сүтті ескіртпей, таза күйінде тапсыру да естен шығармайтын мәселе.
Сүт құрамы жағынан көптеген күрделі қосылысты, қоректік, иммундық,
бактериоцидтік қасиеті бар байланыстық жүйе. Әр түрлі жануарлардың сүттері
құрамы жағынан түрліше болып келеді. Сүттің сапасына қарай сүтқоректілер де
өзара ерекшеленеді. Адам қоректену үшін сүтті сол күйінде де, өндіріс шығаратын
өте жоғары диеталық қасиеті бар әр түрлі сүт өнімдері күйінде де пайдаланады.
Өсімдіктерден және малдан алынатын басқа өнімдермен біріге отырып сүт адам
тағамының биологиялық құндылығын арттырады. Өйткені сүтті пайдаланғанда
организмге түсетін қоректік заттардың жалпы көлемі артып қана қоймайды, маймен,
ақуызбен, көмірсумен, минералды тұздармен және витаминдермен біріге отырып,
олардың организмге сіңуіне қолайлы жағдай туғызады.
Қазіргі кезде экологиялық ластану, жұмыс бастылық, қарым-қатынастың
жиілеуі адамдар денсаулығына кесірін тигізуде. Денсаулықты құндылығы жоғары,
функционалдық-физиологиялық қасиетке ие емдік алдын-алу бағыттағы таза табиғи
тағам көздерімен оңтайлау айрықша маңызға ие болуда. Соның арқасында
тұтынушылардың тамақ мәзірінде құндылығы төмен тамақ өнімдерінің салмақ үлесі
кеміді.
Сиыр сүтінен дайындалған өнімдер табиғатта кездесетін басқа өнімдермен
салыстырғанда тағамдық және биологиялық құндылығы анағұрылым жоғары,
функционалды өнімдерге жатады. Сүт өнеркәсібі дамыған шетелдерде ғалымдар
сиыр бұзаулағаннан кейін бөліп шығаратын уыз сүтінің құрамындағы функционалды
фракциялар, иммунды факторлар мен өсу факторларының жай сүтпен
салыстырғанда әлде қайда мол екендігін анықтады.
Көптеген зерттеушілер деректеріне қарағанда дені сау, жақсы азықтандырып,
күтіп-бапталған жағдайда сиыр 10-11 бұзауланғанға дейін сүттің сапасы мен мол
өнімділігін сақтайды, сиыр организімінің тозуы да кешірек басталады.
Достарыңызбен бөлісу: |