№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015



Pdf көрінісі
бет16/21
Дата14.02.2017
өлшемі6,89 Mb.
#4086
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

 
 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
130 
ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР 
 
АБЖАН Кемел Олжасұлы, 
ҒАЛЫМЖАН Нұралы Асқарұлы, 
МҰХИТҚЫЗЫ Адина, 
ПАЗЫЛ Илияс Жанқазыұлы, 
№60 мектеп-лицейінің 3 «Қ» сынып оқушысы, 
Астана қаласы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: СЕЙДАХМЕТОВА Зубайда Канияхметовна, 
№60 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі, 
Астана қаласы, Қазақстан Республикасы 
 
БІЗДІҢ АСТАНАМЫЗ БОЛҒАН ҚАЛАЛАР 
 
Кіріспе. Еліміз егемендік алып, еңсесін түзеп келе жатыр. Осы күнге жеткенше 
көптеген қиыншылықты басынан өткіздік. Сондай кезеңдерде ел астаналары бірнеше 
рет ауысқан. Ауысуына өз себептері болған шығар. Бірақ біз туған еліміздің тарихын 
білуіміз  керек.  Еліміздің  астаналары  туралы  мәліметтерді  жинап,  осы  жұмысты 
жазуды ұйғардық. 
Орыс үкіметі Қазақ хандығын түбегейлі жойып біткеннен кейін 1920 жылдың 
26  тамызында  Қырғыз  (Қазақ)  автономиялы  социалистік  кеңес  республикасын 
құрғандығы белгілі. Сол кезден тура бүгінгі күнге дейін қазақ елінің астанасы төрт 
рет ауысыпты. 
1920  жылдың  қыркүйегінде  Орынбор  губерниясы  мен  қаласы  ҚазАКСР 
құрамына  құжат  түрінде  қосылғаннан  кейін  бұл  шаһар  еліміздің  бас  қаласы  болып 
бекітілді.  Елорда  мәртебесі  Орынборда  1925  жылға  дейін  сақталған.  Кейін  оның 
Ақмешіт қаласына ауысқандығы белгілі. 
Бүгінде  Орынбор  Ресейге  қосылып  кетсе  де,  қазақ  тарихының  ажырамас  бір 
бөлігіне  айналған.  Ахмет  Байтұрсынов,  Сәкен  Сейфуллин,  Міржақып  Дулатов, 
Мұстафа Шоқай және өзге де қазақтың бетке ұстар зиялылары аталған қалада жүріп, 
қазақтың мұңын айтып, жоғын жоқтаған еді. Ұлтымыздың үніне айналған алғашқы 
«Қазақ»  және  «Айқап»  басылымдары  да  осы  Орынборда  тұсауы  кесіліп,  қалың 
оқырманға жол тартқан. 
Қазіргі таңда Ресей Федерациясының құрамына еніп, Оренбург аталып жүрген 
осы  Орынборда  120  мыңдай  қазақ  тұрады.  Олар  негізінен  Домбар,  Ясный  және 
Адамов  аудандарында  шоғырланған.  Қазақстан  тәуелсіздігін  алғаннан  кейін 
жергілікті қазақтар бірігіп, «Достық», «Үркер», «Қазақ тілі» сынды бірнеше мәдени 
орталықтарға бірігіп, «Айқап» атты газет шығарып келеді. 
1925 жылдың 9 ақпанында мемлекет орталығы Ақмешітке көшірілді. Аталмыш 
қалаға  астана  мәртебесі  берілместен  бұрын  бұл  мәселе  төңірегінде біраз  дау  туған. 
1924  жылы  орыстар Орынборды  өздеріне  қосып  алып,  өз  астаналарыңды  қайта 
белгілеңдер  дегенде  қазақ  зиялыларының  басым  бөлігі  бірауыздан  Түркістанды 
таңдаған  деседі.  Алайда,  орданың  Қожа  Ахмет  Ясауи  жатқан  киелі  топыраққа 
көшірілуінен  кейбіреулер  сескенсе  керек,  бұл  нұсқаға  үзілді-кесілді  қарсылық 
танытқан.  Олай  болған  жағдайда  қазақ  елінің  астанасы  Ташкент  болсын  деген 
зиялылар  үндеуі  алғашында  жоғары  жақтан  қолдау  тапқан  екен.  Алайда,  жаңа 
астанаға көшіп бара жатқан интеллигенциясының жолын Сталиннің «тоқтатылсын» 
деген бұйрығы тоқтатқан дейді тарихшы Ахмет Тоқтабаев. Оның айтуынша, жарты 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
131 
жолда  тоқтаған  топ  Ақмешітке  бет  бұрған.  Ташкентті  өзбектерге  беру  мәселесін 
Сталин, бәлкім сол кезде жоспарлап қойған шығар. 
Большевиктерге  Ақмешіт  атауы  бірден  ұнаған  жоқ.  Өмірлерін  «ақтармен» 
күресуге арнаған «қызылдар» бұл қалаға Қызылорда деген атау жарасады деп шешті. 
Осылайша  1925  жылдың  15-19  сәуірі  аралығында  өткен  кеңестердің 
Бүкілқазақстандық V съезінде Ақмешіт – Қызылордаға, ал, «киргиз» атауы – қазаққа 
алмастырылды. Осы жылдың жазында мемлекеттік басқару органдары Сыр бойына 
көшірілді. Бұдан кейін жаңа астананың саяси, мәдени, экономикалық дамуын жолға 
қою үшін С. Қожанов, Т. Рысқұлов, Ж. Мыңбаев, Н. Нұрмақов, М. Тынышпаев, А. 
Кенжин, С. Ақаев, А. Серғазин, О. Исаев, С. Сәдуақасов, С. Есқараев және өзге де 
қазақ  зиялылары  белсенді  түрде  еңбек  етті.  Ал,  1929  жылы  қазақ  елінің  ордасын 
Ф.И.  Голощекин  Қызылордадан  Алматы  қаласына  көшірді.  Өзінің  бұл  әрекетін  ол 
«Сыр өңірінің табиғаты қолайсыз» деген сылтаумен ғана түсіндірген. 
Әуелгіде,  1927  жылы  басшылар  қазақ  астанасын  тақырдан  тұрғызамыз  деп 
жоспарлаған болатын. Ол үшін бүгінгі Алматыдан 120 шақырым қашықтықтан, Іле 
өзенінің  бойынан  арнайы  жерді  де  белгілепті.  Белгілеп  қана  қоймаған,  қала 
құрылысы мұнда басталып та кеткен. Алайда, инфрақұрылымнан жұрдай айдаладан 
қала  тұрғызу  еш  қисынға  келмейтінін  түсінген.  Жалпы,  Орталық  атқару  комитеті 
1927  жылдың  3  наурызында  елорданы  құжат  бойынша  Алматыға  көшіріп  қойған. 
Дегенмен,  жаңа  қала  салу  мәселесі  тек  арман  жүзінде  қалғандықтан,  1929  жылы 
мемлекет орталығы Алматының өзіне көшірілді. Ал, көшкеннен кейін атқарылған ең 
үлкен  жұмыс  деп  Түркісіб  темір  жолының  салынуын  айтуымызға  болады. 
Алматы  астана  болғаннан  кейін  аз  уақыт  ішінде  ол  елдің  саяси,  экономикалық, 
мәдени  орталығына  айнала  білді.  Мұндағы  жергілікті  халықтың  саны  миллионнан 
асып,  қала  жан-жақты  дамыды.  Бүкіл  КСРО  бойынша  Алматының  маңыздылығы 
артып, жан-жақтан келушілер де көбейген еді. 
Қазақстанның  тәуелсіздік  алуы  жолында  Алматы  шаһарының  орны  ерекше. 
1986 жылдың желтоқсанында болған қазақ жастарының көтерілісі осындағы орталық 
алаңда  орын  алған  болатын.  Қаншама  қазақ  зиялысы  бүгінгі  күнге  дейін  осы 
Алматының  төрінде  шоғырланған.  1991  жылы  Қазақстан  өз  тәуелсіздігін  алғаннан 
кейін аталмыш қалада бұрынғы КСРО елдерінің басшылары жиналып, ТМД-ны құру 
туралы  келісімге  келген.  Шаһардың  еліміз  үшін  маңыздылығы  зор  болғандықтан 
көпшілік оны «Оңтүстік астана» деп те атап кеткен. 
1997  жылы  қазақ  халқы  алғаш  рет  өз  астанасын  өзі  таңдады  (1920  жылдан 
бері).  Яғни,  осы  жылдың  20  қазанында  Президентіміз  Н.Ә.  Назарбаев  Ақмола 
қаласын еліміздің жаңа орталығы болғандығын ресми түрде жариялаған болатын. 8 
қарашада  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  рәміздері  мен  Президент 
байрағы  Алматыдан  Ақмолаға  салтанатты  түрде  жеткізілді.  Ал,  9  желтоқсанда 
Елбасының өзі ресми түрде жаңа ордаға аттанды. 
1998 жылдың 6 мамырында Ақмола атауы Астана болып өзгергені баршамызға 
мәлім.  Қаланың  мемлекет  астанасы  ретіндегі  ресми  тұсаукесері  осы  жылдың  10 
маусымында болып өтті. 
Бүгінде  Астана  тек  Қазақстанның  ғана  емес,  бүкіл  Еуразия  құрлығының 
мәдени һәм рухани орталығына айналып отыр. Дәстүрге айналған әлемдік діндердің 
съезі,  түрлі  халықаралық  мәдени  шаралар  осы  сөзімізге  дәлел.  Жиырма  жылға 
жетер-жетпес уақытта адам танымастай болып өзгерген Астанаға қызыға да қызғана 
қарайтын елдердің қатары жыл санап көбеюде. 
Өзге елдердің қай-қайсысын алып қарасаңыз да, орталықтарын қазақ мемлекеті 
секілді  бірнеше  рет  алмастырмаған.  Қазақстан  басқаның  ықпалында  болған  80 
жылдың  ішінде  астанасын  төрт  рет  ауыстырыпты.  Себебін  жоғарыда  атап  өттік. 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
132 
Дегенмен,  егемендігіміздің  символына  айналып,  әлемге  қазақты  жаңа  қырымен 
танытқан бүгінгі Астана нағыз тұрақтылықтың белгісіне айналатынына сенімдіміз. 
Біздің  астаналарымыз.  Көне  түркі  даласын  мекен  eткен  қазақ  халқының  да 
сан ғасырлық өмір көшін басынан өткізген мол, құнарлы тарихы бар. Тарих төрінде 
көне  түркі  ұрпағы  болып,  саңлақ  «сақтар»  деген  асқақ  атпен  де  танылып,  бүгінде 
тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің туын көтеріп отырған қазақ халқының жүріп өткен 
жолы  –  шежірелі,  қазыналы  ғұмыр.  Біздің  ел  алдымен  тәуелсіздікті  аңсады,  соған 
қол жеткізе алды. 
Тәуелсіздік – қазақ халқының сан ғасырлық асыл арманы. Әлем халықтарының 
арасында  дүниенің  бір  қиырынан  бір  қиырына  өтіп  барып  ел  болғандары  да,  сан 
түрлі ұлт пен ұлыстың араласуы нәтижесінде қалыптасқандары да баршылық. Қазақ 
–  тамырын  тереңге  жіберген,  осынау  қасиетті  даласынан  табан  аудармаған  көне 
дәуірдегі  сақтардың,  ғұндардың,  байырғы  түріктердің  ұрпағы,  ата  жұртта  қара 
шаңырақты сақтап қалған халық. 
Біз  жаңа  мыңжылдықтың  есігін  аштық.  Адамзат  тарихындағы  өсу  мен 
өркендеудің,  даму  мен  болашаққа  ұмтылудың  қадамын  бастадық.  Осы  тұрғыдан 
ойға  батқанда,  Отанымыздың  тарихынан  оқшау  орын  алатын  он  жылдықтың  осы 
кезеңмен  ойлас  келгенін  жақсылыққа  жоримыз.  Тәуелсіздіктің  мерекесін  лайықты 
қарсы  алу  жолындағы  сәтімен  басталған  іс-қимылымыздың  көші  қозғалар  тұсында 
бәріміз  бас  қосып,  жеткенімізді  саралап,  тапқанымызды  бағалап,  келер  күндерге 
деген бағыт-бағдарымызды шамалап алатын кез келді. 
Міне,  өткен  ғасырдағы  астаналар  туралы  біраз  баяндап  өтпекпіз.  Әрине, 
бұрынғы  астаналар  туралы  да  ауыз  толтырып  айтуға  да  болады.  Біздің  ірі 
тұлғаларымыз  табан  тіреп  ту  тіккен  Созақ,  Түркістан  сынды  астаналар  жөнінде  өз 
алдына жеке әңгімелеуге де болатыны сөзсіз. Бірақ біз соңғы астаналарға баса назар 
аудардық. 
Орынбор қаласы. Орынбор (1938-1957 жылға дейін Чкалов) – қала, РСФСР-дің 
Орынбор  облысының  орталығы  (1934  жылдан).  Жайық  өзенінің  бойында,  Самар 
өзенінің  Жайыққа  құйылысына  жақын  жерге  орналасқан.  Самара,  Ақтөбе,  Орск 
қалаларына  баратын  темір  жол  торабы.  Халқы  800  мың  адам  (1998)  болған  еді. 
Орынбор алғашында қазіргі Орынбор қаласының орнына 1735 жылы қамал ретінде 
салынды, аты да Op өзенінің атына байланысты қойылған. 
Қазіргі орнына 1743 жылы көшірілді. Орынбор 18-19 ғасырдың 1-жартысында 
Орынбордың  әскери  шекаралық  шебінің  (1862  жылы  таратылды)  негізгі  қамалы, 
1744 жылдың 15 мартынан Орынбор губерниясының, 1748 жылдан Орынбор казак-
орыс  әскерлерінің  әскери  және  әкімшілік  орталығы,  1881  жылдан  гененерал-
губернаторлықтың  орталығы,  сондай-ақ  Торғай  облысы  губернаторының  мекені. 
1868  жылдан  Орынбор  Ресейдің  Қазақстанмен  және  Орта  Азиямен  ірі  сауда 
орталығы болды. Орынборды 1773 жылғы 5 қазаннан 1774 жылғы 23 наурызға дейін 
Е.И. Пугачевтің әскері қоршады. Патша өкіметі тұсында жер аудару орны болды. 18 
ғасырдың аяғында декабристік бағыттағы Орынбор үйірмесі пайда болды. 
Самара – Орынбор (1877) және Орынбор – Ташкент (1905) темір жолдарының 
салынуына байланысты Орынборда өнеркәсіп (ұн тарту, май шыжғыру, тері өңдеу, 
май айыру) өркендей бастады. 1912 жылы 37 фабрика, зауыттық кәсіпорын (оларда 
1794  жұмысшы  жұмыс  істеді)  және  7135  қолөнері  болды.  Ташкент  темір 
жолдарының негізгі шеберханаларында 2 мыңға жуық жұмысшы істеді. 
1920 жылғы 4 қазанда Орынборда Қазақ өлкесі кеңестерінің Құрылтай съезінде 
Қазақ  АКСР-і  құрылды.  Орынбор  1920-1922  жылдары  Қазақ  АКСР-інің  астанасы 
болды.  Кеңес  өкіметінің  алғашқы  жылдарында  қазақ  зиялыларының  едәуір  бөлігі 
Орынбордың оқу орындарында оқып, білім алды. 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
133 
Қызылорда  қаласы.  Қызылорда,  Ақмешіт  –  Қазақстанның  оңтүстік 
бөлігіндегі  ірі  қала,  Қызылорда  облысының  әкімшілік,  мәдени  және  экономикалық 
орталығы. Көлік, су, әуе және темір жолдардың маңызды торабы. Сырдария өзенінің 
(төменгі  ағысында)  оң  жағына  орналасқан.  Қала  салынған  өңір  шалғынды,  сортаң 
топырақты, құмды жазық болып келеді. 
Қызылорда 1853 жылға дейін Ақмешіт болып аталып, қоқандық шағын қамал 
болды.  Орыс  әскері  келгеннен  кейін  оған  Перовск  деген  ат  берілді.  Ақмешіттің 
салынуы  туралы  екі  ұдай  пікір  бар.  Оның  бірінде  Ақмешіт  Қоқан  хандығының 
қамалы ретінде 1820 жылдың шамасында салына бастады делінсе, екіншісінде 1817 
жылдың шамасында, қоқандық қамал Ақмешіт салына бастады делінген. 1917 жылға 
дейін  қала  Түркістан  өлкесі,  Сырдария  облысының  уез  орталығы  болды.  Кейін 
Ақмешіт аты қайтадан қалпына келтірілді. Ал 1925 жылдан бастап Қызылорда атала 
бастады. 
1926-1929 жылдары Қызылорда Қазақ АКСР-інің астанасы болды.  Қала қатты 
дамып, ірі орталыққа айналды. Мұнда химия, жеңіл, тамақ және құрылыс өнеркәсібі 
салаларынан  30-дан  астам  кәсіпорындар  бар.  Олардың  ішіндегі  ірілері:  целлюлоза-
картон  комбинаты,  ет,  сүт,  нан,  құрылыс  материалдар  комбинаттары,  аяқ  киім, 
трикотаж,  тігін,  мебель  фабрикалары,  күріш  тазалау,  арақ,  балық  зауыттары  бар. 
Қызылорда  кәсіпорындарында  өндірілген  өнеркәсіп  өнімдері,  әсіресе  целлюлоза-
қағаз, картон, күріш еліміздің көптеген аудандарына тарайды. 
Қызылорда жалпы білім беретін 30-дан астам мектеп, педагогикалық институт, 
бірнеше  орта  арнаулы  оқу  орындары,  Н.  Бекежанов  атындағы  қазақ  драма  театры, 
облыстық тарихи-өлке тану музейі т.б. бар. 
Алматы  қаласы.  Қазақ  АКСР-інің  астанасы  (1929-1936  жылдар),  ал  1936 
жылдан  бастап  Қазақ  КСР-ның  астанасы  болды.  Республикалық  деңгейдегі  қала. 
Республиканың  саяси,  экономикалық,  ғылыми  және  мәдени  орталығы,  басты  көлік 
торабы.  1980  жылдардың  басында  1  млн.  адам  болатын  халқы  бар  қала  болды.  6 
қалалық ауданға (Түрксіб, Әуезов, Бостандық, Медеу, Алмалы, Жетісу) бөлінеді. Іле 
Алатауы  жотасының  солтүстік  беткейінің  900  м-ге  дейінгі  биіктіктегі  етегін  ала, 
Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің ысырынды конусында орналасқан. Төңірегінің 
табиғаты өте көркем. 
Алматы – дүние жүзіндегі ең көгал қалалардың бірі (әр тұрғынына 20 м
2
 жасыл 
желектен  келеді).  Климаты  континенттік.  Ауаның  жылдың  орташа  температурасы 
7,8°С,  қаңтарда  –  8°С,  шілдеде  22,3°С.  Жауын-шашын  көбінесе  көктем  айларында 
жауады. Қар жамылғысы жұқа әрі ұзақ сақталмайды. 
Тарихи  анықтама.  Қазіргі  қала  атырабын  халық  ерте  заманнан  бері 
мекендеген. Негізінен Сақ, кейін Үйсін тайпаларының мекені болған бұл жерде орта 
ғасырда  Алматы  қаласы  ірге  көтерді.  Қазақ  жерінің  толассыз  шапқыншылықтарға 
ұшырау  салдарынан  қирап,  шағын  қыстаққа  айналған  бұл  ежелгі  қаланың  орнына, 
осы өңірдің Ресейге қосылуына байланысты, 1854 жылы Заилийское (Верный) орыс 
бекінісі  салынды.  1854  жылы  майор  Перемышльский  басқарған  отряд  Алматы 
өқірінде  Верное  бекінісін  салуды  аяқтады,  ал  екі  жылдан  кейін,  1856  жылы, 
Заилийск  өлкесіне  енгізілген  приставтық  тәртіп  орталығы  Верный  қаласы  болған 
Алатау округі болып қайта құрылды. 
1867 жылы  Верный жаңа құрылған Жетісу облысының әкімшілік орталығына 
айналып,  қала  саналды.  Верныйда  негізінен  жергілікті  ауыл  шаруашылық 
шикізаттарын  өңдеуге  байланысты  шағын  кәсіпорындар  ғана  болды.  1913  жылы 
барлық өнеркәсіп орындарында 313 жұмысшы жұмыс істеді. Верный өз уақытында 
едәуір мәдениет ошағына айналды. 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
134 
Алматы  қаласы  –  Қазақстан  Ресубликасының  мәдениетті  және  сәулетшілік 
орталығы. Ол – өте әдемі, көркем, әсем және үлкен қала. Алматыда Үлкен Алматы, 
Кіші Алматы өзендері бар. Медеу мұз айдыны Алматыға жақын. Алматы көшелері 
түзу  және  кең.  Қең  көшелерде  машиналар,  автобустар,  трамвайлар,  троллейбустар 
жүріп  жатыр.  Алматыда  көп  қабаты  үйлер,  театрлар,  кинотеатрлар,  мұражайлар, 
мәдениет  сарайлары,  дүкендер  өте  көп.  Қаланың  орталығында  қонақ  үйлер,  цирк, 
орталық  әмбебап  дүкені,  вокзалдар,  кітапханалар  және  институттар  бар.  Алматы 
қаласындарғы  ықшамаудандар: 
«Көктем», 
«Самал», 
«Орбита», 
«Ақсай», 
«Айнабұлақ», «Таугүл»,  тағы  басқалар.  Қазақстан  Республикасының  Орталық 
мемлекеттік мұражайы мен Ә. Қастеев атындағы Бейнелеу өнері мұражайының мол 
коллекциялары  назар  аударуға  тұрарлықтай.  Қазақ  халық  аспаптарының  60-тан 
астам  түрінің  коллекциясы  бар  халық  аспаптарының  мұражайы  да  бірегей  орында. 
Алтын мен құнды метеллдар мұражайында Қазақстанның зергерлік өнерінің тарихы 
сыр  шертеді.  Қалада  көптеген  сурет  галереялары  бар.  Алматыда  аса  ірі  театрлар, 
концерт залдары, филармония, кітапханалар жұмыс істейді, сондай ірі кітапхананың 
бірі 1931 жылы құрылған Ұлттық кітапхана болып табылады, оның қорында 5 млн-
нан астам томдар бар. 
Астана  қаласы.  Астана  (1998  жылдың  6  мамырына  дейін  –  Ақмола)  1997 
жылдың  10  желтоқсанынан  бастап  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 
Жарлығымен  және  Қазақстан  Республикасы  Парламентінің  қолдауымен  еліміздің 
орталығы,  астанасы  болып  тарихқа  енді.  1998  жылдың  10  маусымында 
Қазақстанның жаңа астанасының халықаралық таныстырылымы болып өтті. 
Алматыдан  астананы  көшірудің  бірнеше  себептері  болған.  Оның  негізгілері 
Алматы  сейсмикалық  аймақта  орналасқан,  елдің  бір  түкпірінде  және  экологиялық 
жағдайдың күрделілігіне байланысты еді. 
1992 жылы қалаға бұрынғы өз атын қайта бергеннен соң Ақмола атала бастаған 
еді.  Қараөткел,  Ақмола,  Целиноград,  Астана  қаласы  –  Қазақстан  Республикасының 
қазіргі орталығы. Сарыарқаның солтүстік бөлігінде, далалық аймақта, Есіл өзенінің 
биік  оң  жағасында  орналасқан.  Оңтүстік  Сібір  және  Петропавл  –  Шу  темір 
жолдарының  түйіскен  жеріндегі  ірі  темір  жол  және  автожолдар  торабы.  Әуе 
жолдары  арқылы  Мәскеу,  Алматы  және  еліміздің  басқа  да  қалаларымен,  облыстың 
көптеген  елді  мекендерімен  байланысады.  Халқы  бүгінде  900  мың  адамға  жуық. 
Қала 1961 жылдан Целиноград деп аталды. 
Есіл  өзені  мен  керуен  жолдарының  түйіскен  жеріндегі  Қараөткел  тұсында 
сыртқы  әскери  округтың  орталығы  ретінде  1830  жылы  іргесі  қаланды.  1832  жылы 
қалаға  айналып,  Ақмола  (қаланың  оңтүстігіндегі  саз  жыныстардан  түзілген  төбеге 
байланысты) аталды. Ол – 1862 жылы Ақмола далалық генерал-губернаторлығының 
басты қаласы, ал 1868 жылы Ақмола облысының уезд орталығы болды. 
Қала  Солтүстік  Қазақстанның  ірі  өнеркәсіп  пен  мәдени,  ғылыми  орталығы 
дәрежесіне  жетті.  Ақмоланың  тез  өсуіне  Петропавл  –  Ақмола  (1930),  Ақмола  – 
Павлодар  (1953)  темір  жолдарының  салынуы,  облыс  орталығына  айналуы  (1939), 
тың  және  тыңайған  жерлердің  игерілуі  (1954  жылдан  бастап), бұрынғы  Тың 
өлкесінің орталығы (1960-1965) болуы орасан зор әсер етті. 
Өнеркәсібінің  негізгі  саласы  –  машина  жасау  және  металл  өңдеу.  Ірі 
кәсіпорындары – «Казахсельмаш», «Целиноградсельмаш», насос, сауда жабдықтары, 
сантехникалық бұйымдар мен электр тетіктері, газ аппараты зауыттары, автомобиль, 
вагон,  аспап,  тұрмыстық  техниканы  жөндеу  зауыттары,  медициналық  техниканы 
жөндеу-құрастыру,  су  шаруашылығы  мен  жол  техникасын  жөндейтін  шеберхана, 
техникалық  қызмет  көрсететін  станция,  қара  металлургия  зауыты.  Құрылыс 
материалдары, 
темір-бетон 
бұйымдары 
мен 
құрылыс 
конструкциялары 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
135 
комбинаттарының,  керамзит  зауытының,  тұрмыстық  химия  зауытының,  ет,  сүт 
комбинаттарының, балық, арақ-шарап, сыра зауыттарының, нан бірлестігінің, астық-
азық  комбинатының  да  қала  экономикасындағы  маңызы  зор.  Астанада  соңғы 
жылдарда  көптеген  көп  қабатты  жаңа  тұрғын  үйлер  мен  қоғамдық,  мемлекеттік 
маңызы  бар  ғимараттар  Есіл  өзенінің  сол  жағына  салына  бастады.  Қала  негізінен 
көгалдандырылған. 
Қалада  агробиржа,  қор  биржасы,  валюталық  биржа,  ірі  банктер,  сақтандыру, 
көліктік компаниялар, тұрақты жәрмеңкелер және көрмелер және басқалар салынды. 
Сөйтіп  ірі  орталыққа  айнала  бастады.  Соңғы  жылдардың  өзінде  қала  құрылысы 
Қазақстанның  бүкіл  экономика  салаларының  локомотиві  іспетті  болып  отырғаны 
даусыз.  Өйткені  жылына  700-800  млн.  доллар  көлемінде  қаржы  игеріліп,  қала 
қауырт  өсіп  барады.  Бұл  қаражат  Қазақстан  Республикасының  жылдық  бюджет 
табысының үштен бірі шамасында болып отыр. 
Астанада  Ұлттық  музей,  бірнеше  бизнес  орталықтары,  аквапарк,  этнопарк, 
Ұлттық  кітапхананың  бөлімшесі  тәрізді  мәдени-ғылыми  ғимараттар  бой  көтеріп 
үлгерді.  Мұнда  оқу  орындары  өседі  деп  күтілуде.  Қазірдің  өзінде  Еуразия  ұлттық 
университетінде  мыңдаған  студенттер  білім  алуда.  1998  жылы  қаланың 
инфрақұрылымын  көтеру  үшін  Астанаға  «Гүлдер»  мемлекеттік  бишілер  ансамблі, 
фольклорлық  «Сазген»  ансамблі  көшірілді.  Парламент  және  Үкімет  үйлері 
тұрғызылды. Елбасының резиденциясының көк күмбезді ғимараты көз жауын алады. 
Сенат пен Мәжілістің бірлескен жиналыстары өтетін ғимаратта бұл күндері алыстан 
мен  мұндалап  тұрады.  «Интерконтиненталь»  және  «Финтрако-Комфорт»  қонақ 
үйлері, «Әл-Фараби», «Самал» атты шағын аудандар іске қосылды. 
Астана  қаласының  даму  басымдықтары:  қаланы  энергетикалық  тұрғыдан 
қамтамасыз  ету  және  қазіргі  заманғы  технологияларды  қолдана  отырып  энергияны 
өндіру  әрі  сақтау;  сумен  және  канализациямен  қамтамасыз  ету;  қазіргі  заманғы 
телекоммуникациялар  құралдарымен  қамтамасыз  ету;  Алматы-Астана  автобанын 
халықаралық  стандарттарға  сай  сервистік  желілермен  салып  шығу;  Есіл  арқылы 
бірнеше  көпірлер  салу  және  айналып  өтетін  жолдар  салу;  Халықаралық  аэропорт 
салу; Халықаралық сыныптағы бизнес орталықтарын, отельдер, сауда үйлерін салу; 
тұрғын  үйлер  салу;  қазіргі  заманға  сай  құрылыс  индустриясын  дамыту  көзделіп 
отыр. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет