Қорытынды. Беріліп отырған ғылыми жобада май құрамының пайдалы
қасиеттері, ұлттық тағамдарда болатын, қолданылатын жануар майының адам
ағзасына пайдалылығы туралы материалдар жинақталған.
Бұл тақырыптың тереңірек қарастырылу себебі, май барлық азықтардың негізгі
нәрі, ең негізгі құнары болып табылады. Майлы тағамдарға сары май, мал майы
және өсімдік майы жатады. Адамға тәулігіне 50-70 г май қажет. Үнемі майсыз
тағаммен қоректену жүйке жүйесі қызметінің бұзылуына, иммунитеттің төмендеуіне
әкеліп соқтырады. Адамның азықпен қабылдайтын майының кемінде үштен бірінің
құрамында қанықпаған май қышқылдары бар сұйық майлар болуы керек. Сұйық
майдың биологиялық белсенділігі басқа майлармен салыстырғанда жоғары болады.
Сары майда көздің көруі мен адамның бойы мен шашының өсуін қолдайтын зат β-
каротин болады. Тазартылмаған (рафинадталмаған) майда организмге аса қажет
фосфолипидтер болады.
Организмде майлар асқазан асты безі мен ішек сөлі құрамындағы
ферменттердің әсерінен гидролизденіп, глицерин мен карбон қышқылдарына
ыдырайды. Май ыдырағанда бөлінетін өнімдер ішек бүрлері арқылы сіңеді де, басқа
биологиялық процестерге қатысады, организмге қажетті жаңа майлар синтезделеді.
Синтезделген май лимфа жүйесі арқылы қанға сіңіп, қанмен организмнің басқа
мүшелеріне тарайды. Клеткаларда зат алмасу процесіне қатысады.
Майлар гидролизденіп, өнімдері біртіндеп тотығады. Ең соңында олар
көміртек (IV) оксиді мен суға айналады. Бұл процестер экзотермиялық организмнің
тіршілігіне қажетті энергия бөледі. Осылайша май биологиялық отын, тірі организм
үшін энергия көзі болып табылады.
Сондай-ақ, майлар жылу бөлумен қатар маңызды физологиялық мәнге ие. Осы
тұрғыда, беріліп отырған ғылыми жобада адам ағзасына қажетті және емдік қасиеті
де бар май өнімдерінің құрамын, пайдалы қасиеттерін анықтауға, әр түрлі мақсатта
қолданылуына жан жақты іздену жұмыстары жүргізілген.
Зерттеу барысында қазақ халқының тоң майды, сары майды алу, дайындау әдісі
анықталды. Сонымен қатар ұзақ уақытқа сақтауды, бастапқыдағы дәмінің алты
айдан кейінгі өзгерісі мен дәмінің әсерлілігі таңдандырғаны белгілі болды. Сондай-
ақ қазақ халқының ежелден келе жатқан ағаштан жасалатын күбінің май дәмін
№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
122
келтіретіні және малдың қарнын тазалап, оны тұздап, кептіріп, ыстап, оған сары
майды салып, ұзақ мерзімге сақтау әдістері – біздің жобамыздың арқауы.
Қорытындылай келе, тоң майдың, сиыр майының әртүрлі мақсатта
пайдаланатыны зерттелді. Мал майының әсіресе сары майды, қойдың қарнын
тазалап, тұздап, кептіріп, ыстап, ішіне салып сақтағанда 3 ай уақытта дәмділігінің
жойылмайтыны
байқалды.
Әдебиеттер
1 «Шаңырақ» үй-тұрмыс энциклапедиясы, 1990.
2 «Мектептегі технология» журналы.
3 Химия. Оқулық. 10 сынып.
4 Биология. Оқулық. 7 сынып.
5 Қазақстан әйелдері. – №2. – 1993.
6 Түс жорулар. – Алматы: «Аруна» баспасы, 2011.
7 Мектептегі технология. – №2. – 2006.
8 Қазақстан әйелдері. – №7. – 1990.
9 «Егемен Қазақстан» газеті. – №9. – 2013.
ТУРҒАНБЕК Мұхаммеджан Асқарұлы,
СЕРГАЗИ Казыбек Дайрабайұлы,
БАТЫР Дидар Ержанұлы,
«Мақташы» жалпы орта мектебінің 1 сынып оқушылары,
Мақташы ауылы, Атамекен ауыл әкімшілігі, Мақтаарал ауданы,
Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: ҚАЛДЫБЕКОВА Сапаркул Мамыразаковна,
«Мақташы» жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі,
Мақташы ауылы, Атамекен ауыл әкімшілігі, Мақтаарал ауданы,
Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы
ҮЙ ӨСІМДІКТЕРІ – АДАМ ӨМІРІНДЕ
Ғылыми жобаның мақсаты: Үй өсімдіктері түрлерімен танысу, теориялық
білім алып қана қоймай, олардың адам ағзасына тигізер әсерін зерттеу.
Ғылыми жобаның өзектілігі: Қазіргі арпалыс уақытта адамдардың жүйке-
жүйесі жұқарып, денсаулығы нашарлауына байланысты, олардың көңіл-күйін
жақсарту факторларын зерттеп анықтау.
Ғылыми жобаның болжамы: Егер «Үй өсімдіктері – адам өмірінде»
тақырыбы бойынша толық мағлұмат алып, сынақ түрінде дәлел тапсақ, онда алған
білімді күнделікте қолданып, өз отбасына қажетті үй өсімдіктерді өсіре аламыз.
Күтілетін нәтиже:
- үй өсімдіктерінің түрлері туралы деректі көздер жинақталады;
- Интернеттен қажетті сайттарды анықтау, ақпаратты алу машығымыз артады;
- сынақ жұмыстарын жүргізу қабілетіміз қалыптасады;
- сараптамалық, зерттеушілік мәдениетіміз дамиды.
Өсімдіктер көп өсірілген жерде сіз оп-оңай тыныс алуға болатынын
байқадыңыз ба? Олар өз бойларынан бізге оттегі шығарып қана қоймай, адам
айналасындағы қоршаған ортаның биоаумағын тазартады. Үй ішінде әдемі
өсімдіктер көп болса, сіздің көңіл-күйіңіз әрқашан жадыраңқы жүреді.
№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
123
Сіз кейбір адамдардың гүлдерге су құйған кезде олармен сөйлескенін көрдіңіз
бе? Гүлдер де адамзат сияқты оларды жақсы көргенін сезеді. Адамның көңіл-күйіне
байланысты өсіліп, жетіледі. Егер үй-ішінде ұрыс-керіс, жанжал, келеңсіз жағдайлар
жиі болып тұрса, олар да өздігінен солып, сарғайып, ауруға шалдығуы мүмкін.
Бөлмеңізге гүл жапырақтарының жалпақ, домалақ тәріздес түрлерін көп
өсіргеніңіз жөн. Олар сіздің үйіңізге табыс, ақша келуіне әсер етеді. Жапырақтардың
тікенек, тік (мысалы, кактус, алоэ) болғаны адамға жағымсыз қолайсыздық туғызуы
мүмкін. Әсіресе, балалы отбасыларда ұрыс-керіс шақырады. Дәрілік өсімдік ретінде
қажеттілік тудырса, кез келген дәріханадан алоэны сатып алуға болады.
Гүлдеріңіздің ауруға шалдыққанын, сарғайып кеткенін байқасаңыз, олардың
орнын басқа жерге ауыстырыңыз. Егер ол жерден оңалып кетсе, онда жақсы.
Болмаған жағдайда одан құтылғаныңыз жөн. Бөлмеңізде өзіңізге ұнамайтын
бұрыштар болса оларды бейтараптандыру үшін шашыраңқырап өсетін шырмауық
өсіруіңізге болады.
Әдемілік үшін арнаулы құтыға өсірілген гүлдер немесе жаңа кесіп алынған
гүлдерді қолданыңыз. Олар да тіршілік иесі тәрізді өздеріне қарауды қажет етеді.
Өсімдіктеріңіз әрдайым таза, әдемі болуы керек. Егер сіздің оларға қарауға
уақытыңыз жоқ болса, қарауды көп қажет етпейтіндерін таңдауға тырысыңыз немесе
мүлдем оларды өсірмеңіз.
Гүлдер адам өмірінің алға басуына септігін тигізеді. Адамның белсенділік
танытуына қуат береді. Сіздің ұйқыңыздың дұрыс болып, тыныш ұйықтағыңыз
келсе, олардың демалатын жатын бөлмеде болмағаны жөн. Тек, егер сіздің сүйіктіңіз
сізге туған күніңізге немесе мереке күндері гүл сыйлаған жағдайда ғана оларды
жатын бөлмеге қоюға болады. Өйткені, ол гүлдер сіздің сүйіктіңіздің сізге деген
махаббатына толы. Арнайы құтыға таза су құйып салып қойыңыз. Ал олардың суын
ауыстырып тұруды, жағымсыз иістің болмауына көңіл аударыңыз, уақыты келгенде
лақтырып тастауды ұмытпаңыз.
Бөлмеде солып қалған гүлді ұстамауға тырысыңыз. Кейбір адамдар кептірілген
гүлдерден әдемі композициялар жасауды ұнатады. Ал олар – солған, өлген гүлдер
деп есептеледі. Олар адам өміріне, күнделікті әрекеттеріне қарсы энергия туғызуы
мүмкін. Сол себепті оларды сақтамауға тырысыңыз. Әсіресе, сіз жұмыс істейтін
бөлмеде (атап айтқанда, ғылыммен айналысу, кітап жазу, зерттеулер жүргізу т.б.)
сақтамау керек. Тіпті сізге қатты ұнайтындары болса, жыл сайын оларды ауыстырып
тұру қажет. Тірі гүлдердің орнына қазіргі кезде көп жағдайларда жасанды гүлдер
қолданылады. Оларды сатып алмауға тырысыңыз.
Зерттеулер бойынша бөлме өсімдіктері адамға әр түрлі жақтан әсер етеді.
Оның ішінде лалагүлі (лилия), қазтабан гүлі (гусиные лапки) ауаны ластанудың
бірнеше түрінен, соның ішінде формальдегидтен тазартады. Ал бегония мен фикус
гүлдері үйіңізге келген адамдардың жағымсыз пиғылдарын өз бойларына сіңіріп,
сіздерге тек оң энергия жібереді.
Теледидар, компьютер, толқынды пештердің сәулелерінен сақтануға сіздерге
раушан гүлдер, орхидея, өрмелегіш (лиана) өсімдіктер көмектеседі. Балалар
бөлмесіне шегіргүлдерді (фиалка) орналастырсаңыз, олардың жеткіншектің өсіп-
жетілу уақытындағы көңіл-күйін бір қалыптылыққа бейімдейді. Қазтамақ (герань)
гүлінің қасында 15 минуттай отырсаңыз да жеткілікті. Сіз өзіңіздің жаңа күш жинап,
демалғаныңызды сезесіз. Өйткені бұл өсімдік эфир майларын бөліп шығарады.
Сіздің ағзаңыздағы зат алмасу процесі ұлғая түседі. Ұсақ жапырақты бұрыштар мен
хризантемалар отбасындағы, жұмыс орнындағы адамдардың бір-біріне деген жақсы
қарым-қатынастың қалыптасуына әсер етеді.
№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
124
Үй өсімдіктері (іріктеп алу, өсіру және баптап күту). Өсімдіктерді үйде
өсіруге дұрыстап іріктеп алу үшін, олардың өсуіне қажетті жағдайларды (жарық,
температура және ауаның ылғалдылығы) жақсы білу керек. Оны табиғат
жағдайларына сәйкестендірген жөн. Өсімдіктің өсіп-өнуі үшін ең бірінші жарық
қажет. Өсімдіктің жарықты сүйетін, көлеңкеге төзімді, сондай-ақ жарықтың
шашырап түскенін қажет ететін түрлері болады.
Қоршаған ортаның адамға тигізетін әсері орасан зор екендігі белгілі. Әсіресе
өсімдік әлеміне қандай көзқараспен қарасаңыз, олда сізге солай «жауап» береді.
Биохимия маманы Дина Балясова көп жылдар бойы адам мен өсімдіктердің
қарым-қатынасы туралы зерттеулер жүргізген.
Сізге бір кісі гүлді құмырасымен бірге сыйға тартса, сіз ол адамға сол гүл үшін
аз болса да ақы төлеуіңіз керек екен. Себебі, құмырадағы гүл «мені бағалады» деп
«риза» болып, одан әрі жайқалып өсе түседі екен. Ал, өсімдіктерге дұрыс қарамаса,
уақытында суарып тұрмаса «ренжіп», адам ағзасына зиянды улы химиялық заттар
бөліп шығаратын көрінеді.
Зерттеулер бойынша бөлме өсімдіктері адамға әр түрлі жақтан әсер етеді.
Оның ішінде лалагүлі (лилия), қазтабан гүлі (гусиные лапки) ауаны ластанудың
бірнеше түрінен, соның ішінде формальдегидтен тазартады.
Кейбір өсімдіктер өз қожайынын басқа бір адамнан қызғанатын көрінеді. Ол –
фикус. Ағылшын физиологы С. Мейсонның бөлмесінде көп жылдар бойы фикус өсіп
тұрған. Ғалым үйленгеннен кейін оның әйелі сырқаттанып қалады. Сөйтсе, фикус өз
қожайынын әйелінен қызғанып, химиялық қоспа заттар бөле бастаған, ол зат
Мейсонның өзіне ешқандай әсер етпеген. Ал бегония мен фикус гүлдері үйіңізге
келген адамдардың жағымсыз пиғылдарын өз бойларына сіңіріп, сіздерге тек оң
энергия жібереді.
Әрине, өсімдіктердің барлығы тек зиянды екен деуге болмайды. Мысалы,
фиалка (шегіркүл) өз қожайынын жақсы көретіні соншалық, ол басқа жаққа сапарға
кетсе, сағынады екен. Ертеде адамдар зығыр (лен) еккен кезде, жалаңаштанып егеді
екен. Әйтпесе, мол өнім болмайды деп есептеген. «Көрдің бе, сен (зығыр) өнім
бермесең, мен жалаңаш қаламын», - деп айтады екен. Адамдар киімді зығырдан
жасап, кигені белгілі ғой.
Балалар бөлмесіне шегіргүлдерді (фиалка) орналастырсаңыз, олардың
жеткіншектің өсіп-жетілу уақытындағы көңіл-күйін бір қалыптылыққа бейімдейді.
Ең жағымды гүлдердің бірі қазтамақ деп есептелінеді. Қазтамақ тұрған
бөлмеде ұрыс-керіс те болмайды, ал бола қалған жағдайда өсімдік адамның жүйке
жүйесіне әсер ететін зат бөле бастайды. Содан ұрысып қалғандар тез татуласып
кетеді екен. Сондықтан болар, бұл гүлді бұрындары әр үй өсірген. Ал қазтамақ
(герань) бірінші суармаса, кәдімгідей «ренжитін» көрінеді. Өзінің ренішін ол көпке
дейін гүл ашпай тұру арқылы білдіреді.
Ұсақ жапырақты бұрыштар мен хризантемалар отбасындағы, жұмыс
орнындағы адамдардың бір-біріне деген жақсы қарым-қатынастың қалыптасуына
әсер етеді. Бөлмеңізге гүл жапырақтарының жалпақ, домалақ тәріздес түрлерін көп
өсіргеніңіз жөн. Олар сіздің үйіңізге табыс, ақша келуіне әсер етеді. Кактусқа: «Түу,
түрі құрсын, қандай сүйкімсіз», - деп айтқан сәтте-ақ құрамында алкогольдік
қоспалар бар улы зат бөліп шығарады екен. Бұл зат адамды ішімдікке итермелейтін
көрінеді. Содан адам ішімдікке әуестеніп кететін кездері болғанын ғалымдар
анықтаған.
Кактус ауада жиналған радиацияны жақсы өзіне сіңіреді, сол себептен оны
компьютер т.б. электр құралдары бар бөлмеде өсіреді. Ауасы таза, аурасы жақсы
бөлмеде кактус гүлдейді.
№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
125
Қорытынды. Өсімдіктер көп өсірілген жерде сіз оңай тыныс алуға болатынын
байқадыңыз ба? Олар өз бойларынан бізге оттегі шығарып қана қоймай, адам
айналасындағы қоршаған ортаның биоаумағын тазартады. Үй ішінде әдемі
өсімдіктер көп болса, сіздің көңіл-күйіңіз әрқашан жадыраңқы жүреді.
Гүлдің қасында 15 минуттай отырсаңыз да жеткілікті. Сіз өзіңіздің жаңа күш
жинап, демалғаныңызды сезесіз. Өйткені өсімдік эфир майларын бөліп шығарады.
Сіздің ағзаңыздағы зат алмасу процесі ұлғая түседі.
Ұсыныс:
1. Әр сыныпта «Өсімдік әлемі» бұрышын құру;
2. Сыныптар арасында ең әдемі гүлденген кабинет сайысын өткізу;
3. Жоғары сынып оқушылары мектеп ішінде «Экологиялық бұрышын» құру.
4. Мектеп айналасына тал ағаштар, гүлдер егу.
ШАУТАЙ Әмина,
АХИЛБЕК Арайлы,
ИДИЯЕВА Гүлназ,
№1 А.С. Пушкин атындағы мектеп-гимназиясының 2 «А» сынып оқушылары,
Шымкент қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: ТАЖЕНОВА Каламкас Оспановна,
№1 А.С. Пушкин атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі,
Шымкент қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы
ҚҰС ЖОЛЫ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
Поляк жазушысы Станислав Лемнің айтуы бойынша адамдар Жерді игеруден
не болмаса өз денесінің құрылымымен танысудан бұрын оларды ғарыштық кеңестік,
ондағы жұлдыздар көбірек қызықтырған. Ежелгі астрономдардың басты жұмысы
жұлдыздардың катологын жасаумен және олардың орналасқан жері мен айналу
бағытын анықтаумен болды.
Аспан денелерінің табиғи болмысын арнайы құралдар болмаса жай қарапайым
көзбен көру мүмкін емес. Ғарыштық кеңестікті нақтылап зерттеу жұмыстары ХVІІ
ғасырдағы телескоптың пайда болуынан кейін мүмкіншілік туды. Алғашқы
«үлкейткіш дүрбіні» 1609 жылы Галилео Галилей ойлап шығарды. Бірақ оның
мүмкіншілігі тек 3 есеге ғана үлкейтті. Дәл сол жылы Галилей 30 есе үлкейтетін
дүрбі ойлап шығарып, алғаш рет Айды бақылаудан басталды. Сол кезеңнен бастап
әлі күнге дейін аспан денелерін зерттеу мақсатында телескоптың түрлері
жаңартылуда.
Құс жолы (немесе бас әріппен Галактика) – құрамына Күн жүйесі және
көптеген жұлдыздар енетін алып аумақты спиральді галактика. Ол шамамен екі жүз
миллиард жұлдыздан, сондай-ақ жұлдыз шоғыры мен тобынан, газ бен тозаң
тұмандықтарынан және жұлдызаралық кеңістікке таралған жеке атомдар мен
түйіршіктерден құралған. Бұлардың үлкен бөлігінің пішіні линза тәріздес, оның
көлденеңі шамамен 30 кпк, ал қалыңдығы 4 кпк. Кіші бөлігінің пішіні сфера
тәріздес, оның радиусы шамамен 15000 пк. Құс жолы галактикасының барлық
құраушылары кіші симметрия осінен айналатын, бірыңғай динамикалық жүйе болып
байланысқан.
Жердегі бақылаушыға аспандағы мыңдаған жеке жұлдыздар Құс жолы тәрізді
көрінеді. Осыған байланысты біздің галактика Құс жолы жүйесі деп те аталады.
№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
126
Құрамына Күн енетін галактиканы басқа галактикалардан ажырату үшін, оны кейде
«Біздің галактика» деп те атайды. Кейде Галактика (бас әріппен) деп те жазылады.
Құс жолы – кең, ақшыл жолақ болып тұтасқан орасан көп жұлдыз шоғыры.
Алайда аспан сферасына қатарласа проекцияланатын жұлдыздар кеңістікте бір-
бірінен алшақ орналасқан. Сондықтан әр түрлі бағытта секундына ондаған, жүздеген
шақырым жылдамдықпен қозғалатындығына қарамастан, олар бір-бірімен ешқашан
соқтығыспайды. Жұлдыздардың кеңістікте таралу тығыздығы Галактика
полюстерінің бағытында тым аз болады. Жұлдызаралық зат та кеңістікке бір
қалыпты таралмаған, олардың басым көпшілігі жеке бұлттар мен тұмандықтар
түрінде галактикалық жазықтықтың маңына шоғырланған.
Құс жолының жұлдыздық табиғатын тұңғыш рет 1610 жылы Галилео Галилей
байқаған. Бірақ Галактика құрылысын жүйелі түрде зерттеуді XVIII ғасырдың
аяғында Уильям Гершель бастады. Ол өзінің жүргізген зерттеулері негізінде
бақыланған жұлдыздар пішіні сопақ, алып жүйе құрайды деген болжам айтты.
Василий Струве 1847 жылы көлем бірлігіндегі жұлдыздар саны галактикалық
жазықтыққа жақындаған сайын көбейетіндігін, ал Күннің галактика ортасында
орналаспағандығын анықтаған. Ол 1859 жылы бүкіл Галактика жүйесінің осьтен
айналу ықтималдығын көрсеткен. Галактиканың мөлшері жөнінде XX ғасырдың 1-
ширегіндегі неміс астрономы Хуго Зелигер мен голланд астрономы Якобус Каптейн
дәлелді пікір айтты.
XX ғасырдың 20-жылдарында америкалық астроном Харлоу Шепли Галактика
орталығының бағыты Мерген шоқжұлдызында екендігін анықтап, күннің галактика
орталығында орналаспағандығын дәлелдеген. Швед астрономы Бертиль Линдблад
жұлдыздар жылдамдығының әр түрлі болатындығына сүйене отырып, Галактиканың
динамикасы мен құрылысын зерттеген, Галактика құрылысының күрделі екендігін
ашқан. 1927 жылы голланд астрономы Ян Оорт жұлдыздардың сәулелік
жылдамдығы мен меншікті қозғалысын зерттеу кезінде Галактиканың меншікті кіші
осінен айналатындығын дәлелдеді. Галактиканың ортасына жақын бөліктері
сыртында жатқан бөліктеріне қарағанда жылдамырақ айналады.
Галактиканың орталығынан күнге дейінгі қашықтық 10 кпк. Күн 250 км/с
жылдамдықпен галактика орталығын екі жүз елу миллион жылда (айналу периоды)
толық бір рет айналып шығады. Галактикалар – біздің Галактикадан тыс орналасқан
алып жұлдыздық жүйелер. Олар аспанда Құс жолынан тыс жарық тұман түрінде
көрінеді. Сондықтан оларды галактикадан тыс тұмандықтар деп те атайды. Америка
астрономы Эдвин Хаббл XX ғасырдың 20-жылдарында бізге ең жақын Галактика өте
әлсіз көптеген жұлдыздардан тұратындығын, оның ішінде цефейлер типтес
айнымалы жұлдыздардың болатындығын байқаған.
XX ғасырдың 30-жылдары эллипстік ергежейлі Галактика, ал 60-жылдары
көптеген сақина, дискі тәріздес Галактика және алыс орналасқан жинақы Галактика
ашылды. Қуатты радиосәуле шығаратын топтасқан галактика N-галактикалар
қатарына жатады. Осындай радиосәуленің жұлдыз тәріздес көзі квазарлар деп, ал
қуатты радиосәуле шығаратын бұрыштық өлшемі бар Галактика радиогалактикалар
деп аталады. Темірқазық маңындағы M 82 бұрыс галактиканы зерттеу нәтижесінде
америкалық астрономдар мынадай қорытындыға келді: оның орталығында осыдан
бір жарым миллион жыл бұрын жарылыс болған, соның салдарынан ыстық сутек
ағыны 1000 км/с жылдамдықпен ұшып шыққан. Бұл жарылыс электрондар ағынын
тудырған. Радиосәуленің жылулық табиғатының шығуына осы себеп болған.
Астрофизик Виктор Амбарцумянның пікірі бойынша, мұндай жарылыстар қазір де
жүріп жатыр. Бұрынғы КСРО-да жасалған Галактика каталогында он бесінші
жұлдыздық шамадан жарығырақ отыз мыңдай Галактика бар. Олар барлық аспанның
№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
127
төрттен үш бөлігін қамтиды. Бес метрлік телескоппен жиырма бірінші жұлдыздық
шамаға дейінгі бірнеше миллиард Галактикаларды көруге болады.
XIX ғасырда француз ғалымы Мессье барлық тұмандықтардың жүйелі тізімін
жасады. Оған жүзден астам тұмандықтар енді. Тек XX ғасырда ғана бұл
тұмандықтардың табиғаттары анықталды. Олардың тозаң мен газ араласқан
тұмандықтардан, шар тәрізді және шашыраған газ шоғырларынан, галактикалардан
тұратыны белгілі болды. Жұлдыздар арасындағы кеңістік бос тәрізді болып көрінеді.
Шынында, барлық жұлдыздар арасындағы кеңістіктер заттарға толы. XX ғасырдың
басында жұлдыздар жарығының жұтылу немесе әлсіреу қасиеті ашылды. Жарықты
жұтатын заттың Құс жолында шоғырланғаны және шүйке тәрізді құрылысы бар
екені анықталды.
Бұл зат физикалық құрамы жақсы зерттелген тозаңдардан тұрады. Жұлдыздар
арасында тозаңнан басқа өте үлкен мөлшерде газ бар (тозаңнан жүз есе көп). Олар
бейтарап сутегінің 21 см толқын ұзындығында сәулелер шығарады. Егер бейтарап
сутегі бұлтына жақын жерден көк ыстық жұлдыз тұтанса, жұлдызаралық газдар мен
тозаңдардың сәулеленуі байқалады. Жұлдыздың шығарған ультракүлгін кванттарын
бұлттың атомдары жұтады да, осы атомдар жарық кванты түрінде кайта сәуле
шығарады.
Орионның үлкен тұмандығы – ең жарық газды тұмандық. Дүрбі арқылы
(қырағы көзге құралсыз көзбен де көрінеді) бір сызық бойына орналасқан үш
жұлдыздан сәл төменде орналасқан Орионның белдігі көрінеді. Бұл тұмандықтарға
дейінгі қашықтық 1000 жарық жылы шамасында.
Ыстық жұлдызды қоршаған иондалған газдар аймағын жұлдыздардың
ультракүлгін сәулелерін өте интенсивті сәуле ретінде қайта шығаратын машина
ретінде елестетуге болады. Оның спектрінде әр түрлі химиялық элементтердің
сызықтары бар. Газды тұмандықтардың түсі де газдың температурасына,
тығыздығына және химиялық құрамына байланысты әр түрлі: жасылдау, қызғылт
және басқа да түспен реңдес келеді. Газ тұмандықтарының пішіні әр түрлі.
Кейбіреулерінің пішіні ортасында жұлдызшасы бар сақина торізді – бұл планеталық
тұмандықтар.
Басқа тұмандықтар газдардың жеке жарық шығаратын талшықтарынан тұрады.
Көптеген тұмандықтардың пішіні бұрыс, олар кәдімгі сия тамшысының дақтарына
ұқсайды. Жарық сүзгілері арқылы қарағанда кейбіреулері жеке талшықтардан
тұратын болып шықты.
Белгілі Шаян тұмандығы осындай. Бұл ең жақсы зерттелген жарылған
жұлдыздың (аса жаңа) бөліктері. Біздің Күн бір-бірінен қашықтығы, уақыт, газ бен
шаң-тозаң бұлттары, әр түрлі сәуле шығару түрлерімен бөлектенген 150 млрд.
жұлдыздың біреуі ғана. Бірақ олардың бәрі бірге ортақ центрден, яғни «Құс жолы»
деп аталатын галактиканың ядросынан айналады.
Галактикалар – жұлдыздар, газ, шаң-тозаңның бәрі бірге ұсталып тұратын ең
ірі жұлдыздар жүйесі. Күн жүйесінің жұтатын материямен толтырылған галактика
жазықтығында жатуынан Құс жолы құрылымының көптеген бөліктері жердегі
бақылаушыға көрінбейді. Әйтсе де оны біздің галактикаға ұқсас галактикалар
аркылы зерттеуге болады. XX ғасырдың 40-жылдары Андромеда тұмандықтары
деген атпен белгілі M31 галактикасын бақылап, неміс астрономы Вальтер Бааде осы
алып ғаламның жазық линза тәрізді дөңгелегі әлде қайда сирек сфера түріндегі
жұлдыздар бұлтынан тұратынын байқады, оны гало деп атады.
Бұл тұмандық біздің галактикаға өте ұқсас болғандықтан, В. Бааденің
ұйғарымынша, Құс жолының да құрылымы болуы тиіс. Галактикалық
№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
128
дөңгелектердің жұлдыздары қоныстанудың I түрі, ал гало жұлдыздары
қоныстанудың II түрі деп аталады.
Қазіргі зерттеу жұмыстары жұлдыздық қоныстанудың екі түрі кеңістікте
орналасу жағдайларымен ғана емес, қозғалу сипатымен, сонымен қатар химиялық
құрамдарымен де өзгешеленетінін көрсетіп отыр. Бұл ерекшеліктер, біріншіден,
дөңгелектер сфералық құраушыларының қалай пайда болу себептеріне байланысты.
Галактикалық дөңгелектің диаметрі 100 мың жарық жылынан астам, ал оның
қалыңдығы 1000 жарық жылы шамасындай болады. Галактиканың центрінен
галоның ең тығыз орталық бөлігіне дейінгі бірнеше мың жарық жылына тең аралық
«қалыңданған» деп аталады.
Біздің галактиканың шегі галоның өлшемімен анықталады. Галоның радиусы
дөңгелектің өлшемінен едәуір үлкен және кейбір мәліметтер бойынша бірнеше жүз
мың жарық жылына жетеді екен.
Құс жолы галосының симметрия центрі галактикалық дөңгелектің центрімен
сәйкес келеді. Біздің галактикада Күн тәрізді дара жұлдыздар сирек кездеседі (30%-
дан көп емес). Негізінен, жұлдыздар қос жұлдыздар немесе бірнешеу болып келеді.
Галактикада күрделі жұлдыздар жүйесі табылды, атап айтсақ, шашыранды (ондаған
жұлдыздардан тұратын) және шap тәрізді (жүз мыңдаған жұлдыздардан тұрады)
жұлдыздар шоғырлары. Шар тәрізді жұлдыздар шоғыры галактиканың центріне
жинақталған. Шашыранды жұлдыздардың шоғыры шар тәрізді жұлдыздар
шоғырынан әлдеқайда көп, олар галактика (спиральді галактика жайлы сөз болып
отыр) спиралінің тармағында, галактиканың дөңгелегінде басымырақ орналасқан.
Дөңгелек жұлдыздардың қоныстануы Гало жұлдыздарының қоныстануынан
ерекшеленеді. Дөңгелек жазықтығының маңайына бірнеше миллиард жыл бұрын
пайда болған жас жұлдыздар және жұлдыздар шоғыры жинақталған. Олар жазық
құраушыларды құрайды. Олардың арасында ыстық және жарық жұлдыздар өте көп.
Ертерек пайда болған жұлдыздар центрде немесе центрге жакын орналасып, біздің
галактиканың сфералық құраушысын құрайды. Сфералық құраушының жұлдыздары
галактиканың центріне шоғырланады. Галоның жұлдыздары мен жұлдыздық
шоғырлары галактика центрін айнала өте созылыңқы орбитамен қозғалады. Жеке
жұлдыздардың қозғалыстары ретсіз болғандықтан тұтас алғанда гало өте жай
айналады.
Галактиканың сфералық құраушысындағы «қоныстанудың» жасы 12 млрд.
жылдан асады. Оны, әдетте, галактиканың өзінің жасы деп есептейді. Ауыр
химиялық элементтер үлестерінің аз болуы гало жұлдыздарының сипаттамаларының
ерекшелігі болып табылады. Шар тәрізді жұлдыздар шоғырындағы жұлдыздардың
құрамында металдар Күнге қарағанда жүз есе аз. Жұлдыздар шоғырының көмегімен
галактикадағы Күн жүйесінің орны табылды.
Галомен салыстырғанда дөңгелек елеулі түрде тезірек айналады. Оның айналу
жылдамдығы центрден әр түрлі қашықтықтарда түрліше болады. Ол жылдамдығы
центрде нөлден басталып, одан 2 мың жарық жылындай қашықтықта 200-240 км/с-қа
дейін артады, содан кейін біраз кемиді де, қайтадан шамамен аталған мәнге дейін
өседі, әрі қарай процесс тұрақты қалады. Дөңгелектің өз осінен айналу
ерекшеліктерін зерттеу оның массасын анықтауға көмектеседі. Есептеулер бойынша
оның массасы Күн массасынан 150 млрд. есе артық.
Біздің галактикаға жоғарыдан, яғни полюстен қарасақ, онда біз мыңдаған
жұлдыздардан тұратын спиральді көреміз. Оның иірімі галактиканың центрі,
материяның сәуле жұтатын қалың қабатымен қоршалған ядроға бағытталған. Оны
инфрақызыл, радиосәуле қабылдағыш арқылы зерттейді.
№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
129
Галактиканың ядросында салмақты қара құрдым болар деген болжам бар
(массасы миллион Күннің массасындай). Ғаламның орталық аймақтарына
жұлдыздардың күшті шоғырлануы тән. Орталыққа жақын жұлдыздар саны бірнеше
мыңға
жетеді.
Жұлдыздардың
арақашықтықтары
Күннің
маңайындағы
қашықтықтарға қарағанда ондаған және жүздеген есе аз. Егер біз галактика
ядросына жақын орналаскан жұлдыз маңындағы планетада өмір сүрсек, онда
аспанда жарықтығы Айдың жарықтығындай ондаған жұлдыздар мен біздің қазіргі
аспанымыздағы ең жарық жұлдыздан да жарық жұлдыздар саны бірнеше мың болар
еді. Галактика ядросы Мерген шоқжұлдызы бағытында орналасқан.
Галактиканың дөңгелегіндегі газ негізінен оның жазықтығына жақын
жинақталған. Ол біркелкі орналаспаған. Олардың ішінде құрылымы біртекті емес
ұзындығы бірнеше мың жарық жылы болатын алып бұлттардан басқа шамалары бір
парсектен аспайтын шағын бұлттар бар. Біздің галактиканың химиялық элементі
сутегі мен гелий болып табылады. Осы екі элементпен салыстырғанда қалған
элементтер өте аз мөлшерде кездеседі. Жалпы алғанда дөңгелектегі жұлдыз бен
газдың химиялық құрамы Күндегі сияқты.
Күн өзіне жақын барлық жұлдыздармен бірге 200-220 км/с жылдамдықпен
галактика центрін айнала қозғала отырып, 200 млн. жылда бір айналым жасайды.
Демек, Жер өзінің барлық өмір сүрген уақыты ішінде галактика центрін 30 рет
айналып шыққан.
Осыдан жүз жылдай бұрын-ақ әлем жалғыз құс жолы галактикасынан ғана
тұрады деп есептелетін. Кейін 100 миллиардттан аса галактикалардың бар екені
анықталды.
Жалғыз Құс жолының өзінде ғана күн сияқты 100 миллиардттан астам
жұлдыздар бар. Яғни күн галактиканың ішінде қалыңдығы 1 мм, көлденеңі 80 м
және ұзындығы 10 км жағалаудағы құмның жалғыз бір данасындай ғана. Көзімізге
өте үлкен болып көрінетін жеріміз болса, күннен 1 млн. есе кіші.
100 км/сағ жылдамдықпен жүретін көлікпен күнге 170 жылда жетуге болады
екен. Ал құс жолының ішінде күнге ең жақын жұздыз Альфаға сол көлікпен
37 400 000 жылда жетуге болады. Енді қалған жұлдыздардың арақашықтығын ойлап
көріңіз?
Құс жолы деп жаз күндері түнгі көкжиектен бастау алатын, газ бен тозаң
тұмандықтарынан және құрамына жер мен күн жүйесі енетін, шамамен екі жүз
триллионға жуық планета және жұздыздардан тұратын галактиканы айтады. Құсы
жолы галактикасының диаметрі 100 мың жарық жылынан астам, ал оның қалыңдығы
1000 жарық жылы шамасындай болып келеді (1 жарық жылы – 10 триллион км).
Галактиканың массасы күн массасынан 100 миллиард есе артық. Күн жүйесі сияқты
мыңдаған жұлдыздар шоғырынан тұрады. Ғарышта галактикадан миллиондаған
жарық жылдары ұзақтықта осы сияқты миллиондаған галактикалар бар. Бұлардың
барлығы бірінші қабат аспанда.
Элементтердегі электрон және нейтондар қалай айналып жүретін болса,
барлық денелер де ғарышта солай айнала қозғалып жүреді. Мысалы, күн 100 км/с
жылдамдықпен галактика центрін айнала қозғала отырып, өз осі бойынша 240 км/с
жылдамдықпен айналуда. Бұдан басқа Вега жұлдызына да 18 км жылдамдықпен
жақындауда. Күн, галактикадағы барлық жұлдыздар және планеталар да осылай
қозғалыс халінде.
Достарыңызбен бөлісу: |