№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015



Pdf көрінісі
бет2/21
Дата14.02.2017
өлшемі6,89 Mb.
#4086
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

 
 
 
 
 
 
 
 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
11 
АЙСАРИЕВА Пердекуль Алданышовна, 
№39 кешкі (ауысымды) мектебі «Қазақ тілі мен әдебиеті» 
пәнінің мұғалімі, Астана қаласы, Қазақстан Республикасы 
 
МАМАНДЫҚҚА БАЙЛАНЫСТЫ МӘТІНДЕРДІ МЕҢГЕРТУ ТӘСІЛІ 
 
Біздің  еңбегіміздің  ең  негізгі  өзекті  мәселесі  –  орыс  тілді  аудиторияда 
студенттерді  қазақша  сөйлеуге  үйрету  болып  табылады.  Оқу  үрдісін 
ұйымдастырудың негізгі және басты формасы – сабақ екендігі мәлім. 
Мемлекеттік тілді студенттерге үйретудің басты жолы қазақ тілі сабағын дұрыс 
ұтымды  ұйымдастыру  болып  табылады.  Бүгінгі  таңда  студенттер  алатын  ақпарат 
жан-жақты дамыған. Атап айтсақ, интернет  желісі мен электронды поштаның өсуі, 
күнделікті  тұрмыста  қолданысқа  енуі,  студенттердің  ойлау  жүйесінің  артуына, 
ақпараттарды  мол  қабылдауына  өз  әсерін  тигізіп  отыр.  Сондықтан  оқытушы 
студенттермен  тығыз  қатынас  орната  отырып,  шығармашылық  байланыста  болуы 
керек. 
Соңғы  жылдары  жоғары  оқу  орнында  қазақ  тілін  мамандыққа  сәйкес  оқыту 
тілдің  қолданыс  аясын  кеңейте  түсті.  Қазақ  тілін  оқытуды  басқа  ұлт  өкілдерінің, 
әсіресе,  студенттер  қауымының  ауызша  тілімен  қатар,  мамандығына  байланысты 
бағытталған  лексиканы  жазылым  әрекеті  арқылы  меңгертудің  орны  ерекше. 
Оқытушының  басты  міндеті  –  болашақ  маман  иелерінің  сөздік  қорын  мамандыққа 
байланысты  лексикамен  молайту,  жазбаша  тілдік  қатынасты  жүзеге  асыру  болып 
табылады. 
Мамандыққа  қатысты  оқытудың  басты  мақсаты  –  өз  мамандықтары  бойынша 
алған  білімдерін  қазақ  тілінде  мамандықтарына  қатысты  жаңа  сөздермен,  сөз 
тіркестерімен байыту болып табылады. Өз ойларын грамматикалық тұрғыдан дұрыс, 
логикалық  бірізділікпен  жүйелі  жеткізуге  үйренеді.  Өз  бетінше  ізденуге  мүмкіндігі 
ашылады.  Лексикалық  тақырыптар  грамматикалық  материалдарға  сәйкес  әр 
мамандықтың  ерекшелігіне  қарай  іріктелініп  алынады.  Оқытушы  студенттерге  ірі 
ғалымдардың өмірімен және ғылыми еңбектерімен танысуына бағыт беріп отырады. 
Бүгінгі  заман  талабына  сай  нарықтық  экономика  өркендеп  отырған  кезеңде 
студенттердің,  яғни  болашақ  мамандардың  ой-өрісінің  жан-жақты  бай  болуы,  тілді 
меңгеруде «Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі» екендігін сезіне отырып, еліміздің 
экономикасын, мәдениетін дамытқан асыл мұра ретінде тани білуі қажет. Кез-келген 
жағдайларда қоғам үшін өте пайдалы іс істеу үшін болашақ маман өз мамандығынан 
бұрын,  адам  бола  білу  мамандығын  игеріп,  қазақ  халқының  тілін,  тарихын 
мәдениетін  бойына  сіңіріп,  оны  жалғастырушы  болып  халыққа  танылуы  тиіс.  Осы 
орайда, студенттерге қазақ тілін оқыту – ең маңызды іс. 
Қазақ тілін оқыту процесінде тіл дамыту жұмыстарын жүзеге асыра білуі, ойын 
ашық  айтуы,  үйреніп  отырған  тілдің  өзіне  тән  дыбыстарын  дұрыс  айтып,  сөзді, 
буынды  мәнерлеп  оқи  алатын  болуы  негізгі  талаптар  болып  табылады.  Оқытушы 
өзіне  қажет  ғылыми-әдістемелік  шеберлікті  меңгеруі  тиіс.  Студенттің  психикалық 
қабілетін,  іскерлігін  ұтымды  жетілдіріп,  сабақты  нақты  дерекке  сүйене  отырып 
тартымды өткізсе, сөзсіз мақсатына жетеді. 
Оқытушы еңбегінің жемісті болуы оның біліктілігіне, әдістемелік шеберлігіне 
байланысты.  Оқытушы  өз  ісін  зерттеп  жаңашыл  әдіс-тәсілдермен  студенттердің 
білім  сапасын  арттыруы  керек.  Күнделікті  сабақта  осы  міндеттерді  басшылыққа 
алып,  студенттердің  сөздік  қорын  байытуға  көңіл  бөліп,  сөйлем  құрата  білуге, 
байланыстырып  сөйлеуге  жаттықтырып  және  оның  элементтерін,  көрнекті  және 
техникалық  құралдарды  пайдалануға  баса  мән  бергені  тиімді.  Белгілі  бір  ғылым 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
12 
саласынан  толық  мағлұмат  алу  үшін,  терминдерді  игеру,  болашақ  маман  –  өз  ана 
тілімен  қатар,  мамандыққа  байланысты  сөздерді  үйреніп,  сөздік  қорын  байытуы 
керек.  Оны  келешекте  қызмет  барысында  қолдануы  олардың  білімді  де  іскер,  жан-
жақты, өз мамандығын жетік меңгерген терең білімді маман болуына аса қажет. 
Қазақ тілін орыс тілді студенттерге оқыту олардың біліктілігі мен білімділігін, 
ойлау  мүмкіндігін  жетілдіру  мақсатына  бағытталады.  Мамандықтың  қай  саласы 
болмасын  қоғамдағы  қызметін  тіл  арқылы  ғана  жүзеге  асыра  алады.  Тілді 
студенттердің  болашақ  мамандығымен  байланыстырып  оқыту  тілді  үйренуге  деген 
ұмтылысты  арттырудың  маңызды  тәсілі.  Мамандыққа  қатысты  мәтіндерді 
меңгергенде студенттер сөз жүйесін түсінеді, әрі сөздің орынды қолданылуы арқылы 
ойды  толық  және  дәл  жеткізуге  қалыптасады.  Сонымен  қатар  өз  мамандығына 
байланысты қызмет ететін сан алуан мағыналы сөздерді жете түсініп, талдап, таңдап 
қолдана  білуге  үйренеді.  Сол  арқылы  мамандығына  қажетті  терминдерді  меңгеріп, 
оларды күнделікті қатынас құралы ретінде қолданудың қажеттілігін біледі. 
Мамандыққа  қатысты  мәтіндер  мазмұнын  нақты  дұрыс  түсінуін  қамтамасыз 
етуге арналған жұмыстың түрлерін белгілеу қажет. Мәтінмен жұмыс арқылы, оның 
мазмұнын  ғана  емес,  мәтіндегі  тілдік  құралдардың  қолданысын  есте  сақтау,  ойын, 
тілін  дамыту  жұмыстары  да  басты  назарда  болуы  тиіс.  Мәтінді  оқытуда,  оның 
мазмұнын студент нақты түсіну үшін тақырыптың ішкі бөліктеріне студент көңілін 
аударуымыз қажет. Ол үшін мәтіндегі ішкі әр бөліміне жеке тақырып қойғызып, әр 
бөлікке  сұрақтар  қойып,  оған  жауап  бергізу  арқылы  тірек  сөздерді  тапқызу 
жұмыстарын жүргіземіз. 
Мәтінде тілдің барлық деңгейіне қатысты тілдік тұлғалардың бәрі орын алады. 
Сондықтан мәтін арқылы тілдің грамматикасын оқытуға болады. Ал түрлі деңгейдегі 
тілдік  тұлғалардың  бәрінің  түйісетін  орны  –  мәтін.  Сол  себепті  ол  тіл  оқытудағы 
басты  тұлға  болып  саналады.  Мәтін  арқылы  тілдік  қатынастың  барлық  түрі 
үйретіледі.  Ол  мәтінді  оқыту  әрекетімен  бірге,  мәтін  бойынша  әңгімелеу  арқылы 
сөйлеу  әрекетіне,  мәтін  бойынша  сұрақ-жауап  арқылы  тілдесім  әрекетіне,  мәтін 
бойынша мазмұндама жазғызу арқылы жазу әрекетіне, мәтінді оқумен бірге тыңдау 
әрекетіне, мәтін туралы ойын жеткізе айту әрекетіне үйретіледі. 
Қазақ  тілін  оқытуда  мамандыққа  байланысты  мәтіндерді  меңгерту  маңызды. 
Оның  мынадай  себептері  бар:  студентті  мамандыққа  байланысты  мәтіндер 
қызықтырады;  мамандыққа  қатысты  қазақша  терминдермен  танысады,  сол  арқылы 
сөздік  қорын  байытады;  мамандыққа  байланысты  меңгерген  сөздік  қор  қай  салада 
болмасын  қажет;  мамандыққа  байланысты  мәтін  студентке  мамандық  жөнінен 
қосымша мағұлматтар береді. 
Мамандық бойынша берілетін мәтінге қойылатын талаптар мынадай: мәтіндер 
аяқталған  ойды  білдіретін  біртұтас  мазмұнды  болуы  керек;  мәтін  мазмұны  студент 
шамасына  лайықты,  түсінікті  болуы  тиіс;  мәтінде  мамандыққа  байланысты  сөздер 
болуы  керек;  мәтін  мазмұны  студентті  қызықтыратын  тартымды,  пайдалы 
мағлұматқа  құрылуы  тиіс;  мәтін  тілі  әдеби  тіл  нормасына  сай  болуы  тиіс;  мәтін 
көлемі бір беттен аспағаны дұрыс. 
Жоғарыда  аталған  талаптарды  ескергенде  тіл  үйренушілердің  сөйлеу  тілін 
қалыптастыруда мәтіндердің орны ерекше болып табылады. Сөз – адамдардың өзара 
қарым-қатынас  жасауының  аса  маңызды  құралы.  Қазақ  тілін  оқытуда  студенттерге 
сөздің  мағынасын  жете  түсіндіру  өте  қажет.  Орыс  тілді  студенттерге  қазақша 
сөйлеуге  үйрету  үшін  оларға  қазақ  тілінің  белгілі  бір  шамадағы  сөздік  қорын 
меңгертіп,  сөздерді  дұрыс  айтуға,  сауатты  жазуға,  ауызекі  тілде  дұрыс  қолдануға 
дағдыландыру  керек.  Студент  мамандығына  қатысты  мәтінді  меңгеруде  техника 
тілін қазақша түсінуі керек. Ол үшін студенттің сөздік қоры болуы тиіс. Олардың өз 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
13 
ойын  біреуге  жеткізе  білуі  –  тілді  оқытудағы  негізгі  жұмыстардың  бірі.  Сабақ 
барысында  мамандыққа  қатысты  мәтінмен  бірге  грамматика  да  қатар  жүреді.  Тіл 
үйренушілердің қазақша сөйлеу тілін мамандықтарына сәйкес жетілдіру мақсатында 
лексика басым бағытта меңгертіледі. 
Студенттерді мамандықтарына бағыттап оқыту  – болашақ мамандардың қазақ 
тілін  сауатты  біліп  шығуы  үшін  ұтымды  тәсіл  болып  табылады.  Мамандыққа 
қатысты  тілді  меңгертуде  әдістемелік  оқу  құралдарының  да  басты  орын  алатыны 
белгілі.  Онда  мамандыққа  бағыттап  оқытудың  жүйесі  мен  мақсаты  белгіленіп, 
міндеті  айқындалады.  Өмір  талабына  сай  мұндай  әдістемелік  оқу  құралдарын 
мақсатқа сай толықтырып, жетілдіріп отырған дұрыс. Сондай-ақ тіл үйренушілердің 
талап-тілегі  ескеріліп,  оқытушы  өз  тарапынан  тәжірибесін  байытып  отырады.  Бұл 
тілді  үйретудің  мақсатына  жетудегі  басты  көмекші  құрал  болып  табылады. 
Мамандығына байланысты орыс тіліндегі ғылыми мәтінді қазақшаға аудару жұмысы 
тілді оқытуда үлкен қызмет атқарады. Жұмыстың бұл түрі студенттің қазақ тілінен 
алған  білімін  тәжірибеде  қолдануға  жаттықтырады.  Бұл  –  өздік  жұмыс.  Студент 
мәтінді  аударуды  өзінше  жасайды,  оған  бұл  істе  сөздік  қана  көмектеседі.  Сөздік 
арқылы студент  өзіне таныс емес сөздің қазақша аудармасын іздейді. Мәтіндердегі 
сөйлемдерді  қазақшаға  аударуда  студент  өздері  білетін  сөйлем  модельдеріне 
сүйенеді.  Сөйлем  түрлерінің  үлгілері  студенттерге  үйретілген  және  ол  үлгілер 
бойынша сөйлем құрау дағдысы да бірсыпыра қалыптастырылған. 
Орыс тіліндегі мамандыққа байланысты ғылыми мәтіндерді қазақ тіліне аудару 
–  студентті  қазақша  сөйлеуге  апаратын  жолдың  бірі.  Сонымен  бірге  орыс  тіліндегі 
мәтінді  қазақ  тіліне  аударуы  студенттің  қазақша  сауатты  жазу  дағдысын 
қалыптастырады.  Ол  жұмыстардың  бәрі  қазақша  сөйлеуге  жаттықтырады,  қазақша 
сөйлеу дағдысын қалыптастырады. Оқытушы студенттің дұрыс айтпаған сөздерінің 
дұрыс  айтылуын  көрсетіп,  сөздерді,  сөйлемді  дұрыс  құрауға  жаттықтырады. 
Сондықтан мәтінді баяндаудың, әңгімелеудің бұл  реттегі  пайдасы да зор. Сонымен 
қатар,  қазақ  тілі  сабағында  өзі  оқитын  оқу  орнының  тарихына  арналған  және 
мамандығына қатысты мәтіндермен жұмыс істеп, болашақ мамандығына құрметпен 
қарауға тәрбиелеу ісі – басты мақсаттарымыздың бірі. 
Қорыта айтсақ, мамандыққа байланысты мәтіндер студентке мамандық туралы 
қосымша мағлұмат берумен бірге, студенттің тілін дамытып, сөздік қорын байытады 
да, белсенді сөздік қорына айналады. 
 
ЖАНТАЕВА Батиша Ахметовна, 
«Балқаш қаласының жалпы білім беретін №10 орта мектебі» 
коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қазақ тілі» пәнінің мұғалімі, 
Балқаш қаласы, Қарағанды облысы, Қазақстан Республикасы  
 
«ҚАЗАҚ ТІЛІ» САБАҒЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТИІМДІ 
ПАЙДАЛАНУ 
 
XXI  ғасырда  болашақ  ұрпағымызды  білімді,  мәдениетті,  саналы  етіп 
тәрбиелеуде егемен елімізде қазақ тілін оқыту өмірлік зор маңызға ие болып отыр. 
Қазақ тілін үйрету барысында оқушылардың қазақ халқының салт-дәстүрімен, 
әдет-ғұрыпымен, мәдениетімен, отбасындағы тәрбиесімен таныстыру олардың жан-
жақты  дамуына,  тілге  деген  көзқарастарын  қалыптастыруға  көп  көмегін  тигізеді. 
Қазақ  тілін  оқыту  арқылы  оқушыларды  отаншылдыққа  тәрбиелеуге  жол  ашады. 
Олар  өз  ұлтын  сүйіп  қана  қоймай,  өзге  ұлттардың  салт-дәстүрін,  мәдениетін 
сыйлауға үйретеді. 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
14 
Қазақ  тілі  мен  әдебиетін  оқытудың  сапасын  арттыру  оқытушылардың  оқыту 
әдістерін ұтымды таңдауына тікелей байланысты. Оқыту әдістерінде қазақ тілі  мен 
әдебиетін сапалы оқытып үйрету мақсатына сәйкес іріктеуде мынаны ескерген жөн. 
Материалды  меңгерту  біртіндеп,  оқушының  өз  ана  тілімен  салыстыра  отырып, 
сатылай өсу заңдылығымен жүзеге асқанда ғана жақсы нәтижесін береді. 
Қазақ  тілін  оқыту  процесінде  ана  тілі  басты  рөл  атқарады.  Оқушы  өз  ана 
тілінде 
грамматикалық 
құбылыстарды, 
олардың 
ерекшелектері 
мен 
айырмашылықтарын, дыбысталу жүйесін жете білуі, түсінуі қажет. 
Ана  тілімен  салыстырып  оқуды  күнделікті  тәжірибеден  көріп  жүрміз. 
Оқушылар  қазақ  тілін  оқи  отырып,  өз  ана  тілінің  негізінде  өзге  тілді  саралап 
үйренеді.  Тілді  үйрену  кезінде  ана  тіліндегі  ойды  жеткізу  тәсілдерін  тереңірек 
ұғынады. Қазақ тілін оқыту процесінде тілді дұрыс үйрету, ауызша сөйлеу, сауатты 
жазу,  мәнерлеп  оқу  өте  маңызды.  Оған  мұғалімнің  кәсіби  шеберлігін  талап  етіледі 
және оқушы өз ана тілін жетік білуі керек. Егер тілін жетік білмесе, оған қазақ тілін 
үйрену,  яғни  меңгеру  өте  қиынға  соғады.  Себебі,  екі  тілді  салыстыра  отырып  қана 
оқушы  тіл  құбылыстары  мен  айырмашылықтарын  саналы  түрде  меңгеруге  болады. 
Міне, өз ана тілінің құдіреті мен болмысынан, тіл мәдениеті мен тіл өнерінен аттап, 
өзге ұлт тілдерін үйрену ешқандай нәтиже бермейді. 
Әдістеме  ғылымы  әрқашан  білікті  мамандардың  өзіндік  сабақ  беру 
шеберлігімен дамып, жаңарып отырады. Яғни, әдістеме көп жылдар бойы ұстаздық 
қызметтегі  тәжірибе  мен  күнделікті  сабақ  беру  процесімен  тығыз  байланысты.  Өз 
мамандығын шын сүйетін, өзі оқытатын пәнін жақсы көретін мұғалім әрбір сабағына 
ерекше  дайындықпен  және  үнемі  ізденіспен  өткізеді.  Оқушылардың  ынтасын 
арттыру,  пәнге  қызығушылығын  дамыту,  білімді  берік  те  саналы  жеткізу  жолында 
жаңаша әдіс-тәсілдерін ізденіп қолданады. 
Қазіргі  кездегі  қоғамдағы  өзгерістер  білім  беру  жүйесіне  де  ықпал  ететіні 
сөзсіз.  Мұғалімге  білімді  бір  жақты  формада  емес,  оқушылардың  оқуын  басқару, 
бағыт-бағдар  көрсетіп,  жол  сілтеп,  кеңес  беріп  отыру  қызметін  жүктейді.  «Қазақ 
тілі»  пәні  бойынша  оқушы  ереже  немесе  ұғымдық  анықтамаларды  тек  жаттап 
алғаннан  гөрі,  оларды  іс  жүзінде  саналы  түрде  қолдана  алуы  қажет.  Түрлі 
тапсырмалар  мен  жаттығулар  арқылы  теориялық  мәселелер,  қағидаларды  меңгерту 
тиімді болып табылады. 
Қазақ  тілін  оқыту  –  қиын  да  қызықты  жұмыс.  Қазіргі  кезде  қазақ  тілін 
оқытатын  мамандарға  қойылатын  талап  жаңа  технологиялық  әдістерді  қолдана 
отырып, сапалы және терең білім беру, оларды ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін 
жетілдіру. Уақытты дұрыс пайдалану, әр түрлі әдістерді қолдану, сабақты мазмұнды 
да  қызықты  өткізу  –  мұғалімнің  жеке  басының  интеллектісін,  оқу  іс-әрекетін, 
өтілетін  тақырып  мазмұнын  аша  білуі.  Яғни,  жеке  тұлғаны  дарынды,  білімді  де 
білікті етіп шығару – мұғалімнің педагогикалық шеберлігі. 
Оқушының  ойлау  қабілетін  дамытуға  игі  ықпал  ететін,  жаңаша  оқытудың  бір 
түрі  –  сабақта  деңгейлік  тапсырмаларды  қолдану  болып  табылады.  Деңгейлік 
тапсырмалар  профессор  Ж.  Қараевтың  педогогикалық  технологиясының  негізін 
құрайды.  Ғалым  өзінің  зерттеуінде  оқушылардың  оқу  материалын  меңгеру 
деңгейлері  әр  түрлі  екенін  ескеріп,  оны  әрі  қарай  дамыту  мақсатында  арнайы 
тапсырмалар құрастырылу қажет екендігін дәлелдейді. 
Қазіргі  зерттеу  жұмыстары  қазақ  тілі  пәнінен  оқушылардың  дара  қасиетін, 
ғылыми  дүниетанымын,  оқушының  ойлау  және  сөйлеу  тілін  дамыту  мақсатында 
деңгейлік  тапсырмаларды  қолданудың  маңызды  екендігін  көрсетуде.  Деңгейлік 
тапсырмалар  оқушылардың  қазақ  тілінен  алған  білімін  толықтыра,  тереңдете 
отырып,  қажетті  дағдылар  мен  біліктердің  қалыптасуын  қамтамасыз  етуіне 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
15 
мүмкіндік береді. Оқушы білімі деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында анық 
көрініп тұрады. Әр деңгейдегі тапсырмалардың өзіндік ерекшеліктері мен талаптары 
және  бағалау  нормалары  бар.  Осы  талаптарға  сәйкес  оқушылардың  жұмысын 
бағалау жүйесі бар. 
Қазіргі  заманның  қоғамдық  әлеуметтік  басты  мәселелерді  бірі  –  басқа  ұлт 
өкілдерінің  мемлекеттік  тіл  сөйлеу  білуі.  Оқу  орындарында  жаңа  технологиялар 
арқылы оқыту қазақ тілін үйренудің сапасы мен маңызын арттырады. Соның ішінде 
білім берудің мынадай жаңа технологияларын атап өтуге болады: В.Ф. Шаталовтың 
«Саралап  оқыту  технологиясы»,  «Деңгейлеп  саралап  оқыту  технологиясы», 
«Ұжымдық  оқыту  технологиясы»,  Ш.А.  Аманшвилидің  «Ақыл-ой,  іс-әрекеттерді 
жандандырудың  тәсілдерін  оқыту  технологиясы»,  «Модульдік  технология», 
Қазақстандағы  «Сорос-Қазақстан»  қорының  жәрдемімен  жүзеге  асырып  жатқан 
оқытудың  американдық  үлгідегі  (дебат,  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту,  ойлау 
дағдыларын  жетілдіре  отырып,  мақсат  қою  технологиясы),  «Ынтымақтастыққа 
оқыту технологиясы». 
Өзге  тілді  дәрісханада  қазақ  тілін  оқыту  әдістемесінің  мақсаттарының  бірі  – 
тілді  үйрену  сөйлеу  қабілетін  дамыту.  Осы  мақсатқа  жету  үшін  қазақ  тілін 
оқытудағы  оқу  үрдісін  ұйымдастыру  жаңаша  әдіс-тәсіл  технологияларын  керек 
етеді. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру саласындағы 
мемлекеттік  саясаттың  ұстанымдарының  бірі  –  білім  берудің  ізгілікті  және 
дамытушылық  сипаты,  жеке  адамды  қалыптастыруға  бағытталған  рөлі  және  жеке 
шығармашылық кабілеттерінің дамуы үшін жағдай жасау қажеттігі болып отыр. 
Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге 
еніп,  нәтижелер  беруде.  Соңғы  жылдары  «Сын  тұрғысынан  ойлау»  стратегиясы 
кеңінен 
қолданылып 
жүр. 
Шәкірттің 
жеке 
ерекшеліктері 
ескеріліп, 
шығармашылықпен жұмыс жасауына мүмкіндік тудырды. 
«Сын тұрғысынан ойлау» стратегиялары: 
- қызығушылықты ояту (сұрақтар қою арқылы); 
- мағынаны ажырата білу (жауаптар іздеу мәселелері, зерттеу); 
- бес жолды өлең; 
- Венн диагаммасы. 
Бұл  әдістер  жаңаша  оқыту  мүмкіндіктерін  шешу  құралы  болып  табылатынын 
көрсетеді. 
 
ЛЕПЕСБАЕВА Сандугаш Кайратовна, 
учитель химии и биологии средней школы РГКП республиканский центр 
реабилитации «Бурабай» Министерства здравоохранения и социального 
развития РК, поселок Окжетпес, Бурабайский район, Акмолинская область, 
Республика Казахстан 
 
АКТИВИЗАЦИЯ ПОЗНАВАТЕЛЬНОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ УЧАЩИХСЯ 
НА УРОКАХ ХИМИИ 
 
Проблема 
активизации 
познавательной 
деятельности, 
развития 
самостоятельности и творчества обучающихся была и остается одной из актуальных 
задач педагогики. 
Современная  ориентация  образования  на  формирование  компетенций  как 
готовности  и  способности  человека  к  деятельности  и  общению  предполагает 
создание дидактических и психологических условий, в которых обучающийся может 
проявить  не  только  интеллектуальную  и  познавательную  активность,  но  и 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
16 
личностную  социальную  позицию,  свою  индивидуальность,  выразить  себя  как 
субъект обучения. 
Обучающийся включается в процесс учебной деятельности с разной степенью 
активности.  Т.И.  Шамова  также  различает  три  уровня  познавательной  активности: 
воспроизводящий,  интерпретирующий  и  творческий,  положив  в  основу  образ 
действия. 
Первый  уровень,  воспроизводящий,  характеризуется  стремлением  учащегося 
понять,  запомнить,  воспроизвести  полученные  знания,  овладеть  способами 
выполнения действий по образцу. 
Интерпретирующий уровень предполагает желание постичь смысл изучаемого
применить знания и освоенные способы деятельности в новых учебных условиях. 
Творческий 
же 
уровень 
предусматривает 
готовность 
учащихся 
к 
теоретическому  осмыслению  знаний,  пониманию  связей  между  предметами  и 
явлениями, самостоятельному поиску решения проблем. 
Источник  активности  большинство  практиков  и  теоретиков  ищут  в  самом 
человеке, его мотивах и потребностях; познавательная активность определяется как 
«личностное свойство, которое приобретается, закрепляется и развивается в особым 
образом организованном процессе познания с учетом индивидуальных и возрастных 
особенностей учащихся» [2]. 
Вторая  группа  исследователей  ищет  источники  активности  в  естественной 
среде, окружающей человека, и рассматривает факторы, стимулирующие активность 
обучающихся. К таким факторам, в частности, относят: 
1) познавательный и профессиональный интерес; 
2) творческий характер учебно-познавательной деятельности; 
3) состязательность; 
4) игровой характер проведения занятий; 
5) эмоциональное воздействие вышеназванных факторов. 
Третий подход связывает источники активности с личностью преподавателя и 
способами  его  работы.  В  качестве  способов  активизации  обучения  исследователи 
выделяют: 
-  проблемность,  взаимообучение,  исследование,  индивидуализацию  и 
самообучение, механизм самоконтроля и саморегулирования; 
- создание условий «для новых и более высоких форм мотивации; вооружение 
учащихся  новыми  и  более  эффективными  средствами  для  реализации  своих 
установок  на  активное  овладение  новыми  видами  деятельности,  знаниями  и 
умениями;  интенсификацию  умственной  работы  учащегося  за  счет  более 
рационального использования времени учебного занятия, интенсификации общения 
ученика с учителем, учеников между собой. 
Ряд  исследователей  выделяют  активные  методы  обучения,  подразумевая  под 
ними «...те методы, которые реализуют установку на большую активность субъекта 
в  учебном  процессе».  К  таким  методам  Б.Ц.  Бадмаев  относит  методы 
программированного 
обучения; 
методы 
проблемного 
обучения; 
методы 
интерактивного (коммуникативного) обучения. 
В  обучении  химии  дифференциация  имеет  особое  значение.  Это  обусловлено 
спецификой  предмета:  у  одних  учащихся  усвоение  химии  сопряжено  со 
значительными трудностями, а у других проявляются явно выраженные способности 
к  изучению  предмета.  В  данной  ситуации  учителю  важно  учитывать  как 
познавательные интересы учащихся, так и индивидуальный темп их развития [4]. 
К  числу  задач,  для  решения  которых  осуществляется  дифференциация, 
относятся: 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
17 
-  повышение  учебной  мотивации  и  развитие  познавательных  интересов 
учащихся; 
-  обучение  всех  учащихся  на  уровне  их  возможностей  и  способностей  при 
помощи внешней (межгрупповой) и внутриклассной дифференциации; 

формирование  личностных  качеств  учащихся:  самостоятельности, 
ответственности за свои действия, трудолюбия, творчества, адекватной самооценки; 
Пример  урока,  иллюстрирующего  значение  мотивации  –  тема  «Щелочные 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет