1, 2015 педагогический вестник казахстана



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата28.01.2017
өлшемі0,71 Mb.
#2894
  1   2   3   4   5   6   7

1, 2015                                                ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ВЕСТНИК КАЗАХСТАНА

1

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының 

ғылыми, ақпараттық-талдамалы журналы

Научный информационно-аналитический журнал

Павлодарского государственного

педагогического института

2004 жылдан шығады

Основан в 2004 году

ЌАЗАЌСТАН

ПЕДАГОГИКАЛЫЌ

ХАБАРШЫСЫ

ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ

ВЕСТНИК

КАЗАХСТАНА



             

1'

2015



ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАБАРШЫСЫ                                                       1, 2015

2

ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ВЕСТНИК КАЗАХСТАНА

СВИДЕТЕЛЬСТВО 

о постановке на учет средства массовой информации 

№9076-Ж 

выдано Министерством культуры, информации и спорта

Республики Казахстан 

25.05 2008 года

РЕДАКЦИОННАЯ КОЛЛЕГИЯ 

Главный редактор 

Н.Р. Аршабеков, доктор философских наук, профессор 



Зам. главного редактора 

А.С. Ильясова, кандидат исторических наук



Ответственный секретарь 

А.Ш. Тлеулесова, кандидат пед. наук, доцент (ПГПИ)



Члены редакционной коллегии

А.К. Кусаинов, доктор пед. наук, профессор, лауреат Государственной премии РК, президент 

Академии педагогических наук Казахстана

Д. Камзабекулы, доктор филологических наук, профессор (ЕНУ им. Л.Н. Гумилева)

Р.К. Толеубаева, доктор педагогических наук, профессор (КазНПУ им. Абая)

Г.К. Ахметова, доктор пед. наук, профессор, председатель правления АО «НЦПС Өрлеу»

К.К. Жампеисова, доктор пед. наук, профессор (КазНПУ им. Абая)

В.В. Егоров, доктор пед. наук, профессор (КарГТУ)

С.К. Бердыбаева, доктор пс. наук, профессор (КазНУ им. аль-Фараби)

Н.С. Сафаев,  доктор пс. наук, профессор (ТГУ им. Низами, г. Ташкент)

А.А. Петрусевич, доктор пед. наук, профессор (ОмГПУ, г. Омск)

Н.В. Чекалёва, доктор пед. наук, профессор (ОмГПУ, г. Омск)

А.Ф. Филатова, доктор пс. наук, профессор (ОмГПУ, г. Омск)

А.К. Нургалиева, доктор пед. наук (ПГПИ)

Г.Е. Отепова, доктор ист. наук (ПГПИ)

Д.Ж. Сакенов, кандидат пед. наук, профессор (ПГПИ)

С.Н. Сутжанов, доктор филол. наук (ПГПИ)

Ж.А. Усин, доктор пед. наук, профессор (ПГПИ)



Технический секретарь

Ж.Б. Узыканов

За достоверность материалов и рекламы ответственность несут авторы и рекламодатели. 

Мнение авторов публикаций не всегда совпадает с мнением редакции. 

Редакция оставляет за собой право на отклонение материалов.

Рукописи и диски не возвращаются.

При использовании материалов журнала ссылка на «Педагогический вестник Казахстана» 

обязательна.

   

 

 



 

 

 



 

 

 



           © ПГПИ

1, 2015                                                ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ВЕСТНИК КАЗАХСТАНА

3

Педагогика жəне білім берудің жалпы 

мəселелері

Общие проблемы педагогики и образования



Н.О. Алашпаева

Тізбектелген сабақтар топтамасында сыни 

тұрғыдан ойлауға үйрету модулін қолдану ...... 4

А.Н. Байдильдинова

Жеке тұлғаны қалыптастырудағы музыка-

лық мəдениеттің рөлі ........................................ 11

А.Қ. Нұрғалиева, А.Қ. Нұрғалиева

Бейіндік оқыту оқушылардың жеке 

қызығушылары мен қабілеттерін 

қанағаттандыру жүйесі ретінде ....................... 17



Д.С. Рахметова

Мектептерде музыка пəні арқылы халықтық 

тəрбие берудің мəн-мағынасы ......................... 24

Г.М. Сергазина

Интерактивті оқыту əдістері негізінде орыс 

мектебінде қазақ тілін оқыту негіздері. .......... 30

А.К. Хасенов, Н.К. Машрапов

7 модулей как верная теоретическая 

концепция при преподавании «Формул 

приведения» ....................................................... 34

Оқыту жəне тəрбие теориясы мен тəжірибесі

Теория и практика обучения и воспитания



Л.Н. Ткаченко, Ж.Ж. Абенова

Информационные технологии на уроках 

музыки ................................................................ 38

Р.Н. Демиденко, А.Н. Ахмульдинова

Познавательное развитие дошкольника ......... 43



Н.Х. Ахтаева

Құзыреттілікті қалыптастырудағы топтық 

жұмыс мəні  ....................................................... 53

Білім жəне ғылым саласындағы инновациялық 

жəне интеграциялық үрдістер

Инновационные и интеграционные процессы 

в науке и образовании

А.М. Аубакирова

Инновационная деятельность педагога 

в современной школе ........................................ 60

Ж.К. Габдуллина

Білім берудің инновациялық технология-

лары .................................................................... 66

М.А. Рамазанова, А.К. Акылбекова

Проблемы раннего обучения иностранному 

языку в условиях перехода на 12-летнее 

образование ....................................................... 72

Əртүрлі – Разное

М.Ш. Алинова, М.А. Байтанаева

История развития искусства казахского 

ковроткачества .................................................. 77

Б.А. Байдалинова, М. Ергаликызы

HTML5 в цифровых ресурсах образования  ... 83



Т. Ахметов

Успешный учитель – учитель будущего ........ 87

Авторларға арналған ереже ............................. 91

Правила для авторов ......................................... 93



МАЗМҰНЫ 

 

СОДЕРЖАНИЕ

ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАБАРШЫСЫ                                                       1, 2015

4

УДК 37.026

ТІЗБЕКТЕЛГЕН САБАҚТАР ТОПТАМАСЫНДА СЫНИ ТҰРҒЫДАН 

ОЙЛАУҒА ҮЙРЕТУ МОДУЛІН ҚОЛДАНУ



Н.О. Алашпаева

№25 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі,

Павлодар, Қазақстан

Аңдатпа

Тізбектелген  сабақтар  топтамасында  7  модуль  енгізіледі.  Оқушылардың  оқу  ба-

рысында  сыни  тұрғыдан  ойлауы  жүзеге  асырылады,  тұжырым  жасалады,  шешім 

қабылдауы туралы қарастырылады. Оқыту үдeрiсiндe жaңa əдiс-тəсiлдeр қолдaнылады.

Тірек  сөздер:  деңгейлік  курс,  7  модуль,  Блум  таксономиясы,  жұптық,  топтық 

жұмыс, жаңа форматты сабақ.

Үшінші  деңгей  Бағдарламасынан  күтілетін  нəтижелер  оқушылардың  қалай 

оқу керектігін үйреніп, соның нəтижесінде еркін, өзіндік дəлел-уəждерін наным-

ды  жеткізе  білетін,  ынталы,  сенімді,  сыни  пікір-көзқарастары  жүйелі  дамыған, 

сандық  технологияларда  құзырлылық  танытатын  оқушы  ретінде  қалыптасуын 

қамтиды  [1].  Ал  қaзір  болса,  педагогикa  жaңaлықтaрының  бірі  –  оқытудың  іс-

тəжірибесіне  жaңa  əдіс-тəсілді  енгізу.  Бұл  курстың  дa  мaқсaты  –  мұғaлім  іс-

тəжірибесіне  өзгерістер  енгізу  жəне  бағалауға  көмектесу.  Бaстысы  ол  өзгерістер 

мұғaлімге де, оқушығa дa оң нəтиже беруі тиіс.

Үшінші  деңгейлік  курстан  не  білдім?  Не  үйрендім?  Қандай  мұғалім 

болуым керек? Қандай оқушы тəрбиелеуім керек? Не өзгерді? Не өзгерткім келеді? 

Неге?  Қалай?  Қандай  кедергі  болды?  Қалай  шештім?  Келесі  қадамым  қандай? 

деген  сұрақтарға  жауап  алынды.  Жеті  модуль  идеясы  тізбектелген  сабақтар 

топтамасына кіріктірілді. Ондағы міндет əр түрлі тəсілдерді меңгеріп, оқушының 

мəселені  түсіну  деңгейін  анықтап,  оның  түсінігін  толықтыруға,  қайта  құруға 

көмектесу.  Яғни,  оқытудың  əдіс  –  тəсілдері  бaлaны  дaмытуғa  құрылып  келеді. 

Дегенмен  дəстүрлі  оқыту  түрлерінде  оқулықпен  шектелу  бaсым  болды.  Бүгінгі 

тaңдa  оқыту  оқушы  қaбілеті,  оқушы  өздігінен  меңгеріп,  тaнытa  білген  білім  – 

дaғдылaры мен aмaл, көзқaрaстaрын зейін қойып, зерделей білген білім модельдері 

aясындa ғaнa жүзеге aсырылaды. Осының негізінде іс-əрeкeттeгi зeрттeу тақырыбы: 

«Сыни  тұрғыдaн  ойлaу  aрқылы  оқушылaрдың  тіл  бaйлықтaрын  дaмыту»  болып 

табылады.



ПЕДАГОГИКА ЖƏНЕ БІЛІМ 

 

ОБЩИЕ ПРОБЛЕМЫ

БЕРУДІҢ ЖАЛПЫ МƏСЕЛЕЛЕРІ    ПЕДАГОГИКИ И ОБРАЗОВАНИЯ

1, 2015                                                ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ВЕСТНИК КАЗАХСТАНА

5

Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды 

болып  табылатын  қазіргі  ең  басты  педагогикалық  түсінік.  Бұл  модуль  оқушы-

лардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы жəне ой-

мен қабылдауын көздейді. 

Сыни  тұрғыдан  ойлау  бақылаудың,  тəжірибенің,  ойлау  мен  талқылаудың 

нəтижесінде  алынған  ақпаратты  ойлауға,  бағалауға,  талдауға  жəне  синтездеуге 

бағытталған пəндік шешім. Ол болашақта əрекет жасауға негіз бола алады. Сыни 

тұрғыдан  ойлау  көбінесе  қарсы  пікір  айтуға,  баламалы  шешімдерді  қабылдауға, 

ойлау жəне іс-əрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тəсілдерді енгізуге дайын 

болуға, ұйымдастырылған қоғамдық əрекеттерге жəне басқаларды сыни тұрғыдан 

ойлауға баулуды білдіреді [1].

Iс-əрeкeттi зeрттeудегі мaқсaт: Оқушылaрды оқыту үдeрiсiндe сыни тұрғыдaн 

ойлауғa,  тұжырым  жaсaуғa  жəнe  проблeмaны  шeшу  жолдaрын  жaңaшa  əдiс-

тəсiлдeрдi қолдaну aрқылы үйрeту. 

Iс-əрeкeттi зeрттeудегі мiндeт:

– Оқу  ынтымaқтaстығын,  ұжыммeн  жұмыс  жaсaй  бiлу  жəнe  шeшeндiк 

қaбiлeттeрiнiң aшылуын сыни көзқaрaспeн бaғaлaу;

– Тұжырымдaр  жaсaу,  ой қорыту əрeкeттeрiн  сыни  сaлыстыру жəнe жaлпы 

сыни болжaм жaсaй бiлудi үйрeту;

– Оқытудың  жaңa  тəсiлдeрiн  қолдaнып,  оқушының  бiлiм  aлуғa  дeгeн 

бeлсeндiлiгiн aрттыру, нəтижeгe жeтe aлу.

Күтілетін нəтиже:

Eгeр, оқушы сын тұрғысынaн ойлaуғa үйрeнсe, ондa оның өздiгiнeн шығaр-

мaшылық  жұмыстaрды  орындaуы  жəнe  жұмыс  iстeу  дaғдылaры  қaлыптaсaды. 

Оқушы сын тұрғысынaн ойлaй aлaтын болaды. Өз ойлaрын aуызшa жəнe жaзбaшa 

түрдe жeткiзe aлaды. Топпeн нəтижeлi жұмыс aтқaрaды. 

Таңдаған  тақырыптың  көкeйтecтілігі:  Көп  жaғдaйдa  бaстaуыш  сынып 

оқушылaрының  сыни  тұрғыдaн  ойлaуы  тiл  игeру  проблeмaсынa  кeлiп  тiрeлeдi. 

Көбiнeсe  қиялғa  бeрiлiп,  оны  өз  ой  eлегiнeн  өткiзiп,  сол  ойын  жүйeлi,  нaқты 

жeткiзудe  шығaрмaшылық  ойлaу  қиыншылығы  туындaйды.  Мiнe,  осындaй 

қиыншылықтaрды  көрe  отырa,  олaрды  жeңу  жолдaры  қарастырылды.  Мeктeп 

тaбaлдырығын aлғaш aттaп кeлгeн кiшкентaй бүлдiршiннiң сыни ойлaй бiлмeуi, өз 

көзқaрaсының  нaқты қaлыптaспaуы, тiлдi дұрыс игeрмeуi  оның aлдaғы өмiрiндe 

өзiнe нұқсaн кeлтiруi мүмкiн.

Сондықтaн  дa,  жоғaрыдa  aйтылғaндaй,  оқушылaрымыздың  көбiнeсe  тiл 

сaбaқтaрындa  сыни  ойлaй  aлмaуы  бiздeр  үшiн  сынып  проблeмaсы,  мeктeп 

проблeмaсы болып отыр. 



ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАБАРШЫСЫ                                                       1, 2015

6

Тəжiрибeлiк кeзeңдi бaстaмaс бұрын aлдымeн мeктeп əкiмшiлiгiмeн кeздeсiп, 

зeрттeудiң мaқсaт-мiндeттeрi тaныстырылды. Зeрттeугe өз сыныбымды aлaтыны 

жəнe  осы  сыныптaн  үш  дeңгeйдeгi  оқушыны  aнықтaп,  олaрды  зeрттeугe  aлып 

бaқылaйтыны жaйлы aйтылды. Атa-aнaлaр жинaлысы өтті. Олар бойларына қарай 

екі топқа бөлінді. Aтa-aнaлaрғa бiлiм сaлaсындa болып жaтқaн өзгерiстeр жaйлы, 

өзiмнiң  үш  aйлық  курсты  оқып  жaтқaнымды  aйтып,  оқушылaрмeн  iс-əркeттeгi 

зeрттeу  жұмысын  жүргiзугe  жəнe  зeрттeу  бaрысындa  сaбaқ  бeйнeжaзбaғa, 

фотосурeткe  түсiрiлeтiнi  eскeртілді.  Eкі  топ  «Бaстaуышпен  қоштaсуғa»  əзірлеме 

жaсaп, «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» aрқылы бaғaлaнды.

Ата-аналар  оқушылардың  бойында  сeнімділік  пайда  болғанын  жəне  өз  ой-

ларын ортаға салатынын, сабаққа дeген қызығушылықтарының артқанын айтты. 

Сыныпта  дүниeтану  пəнінeн  сабақ  өтілді.  Төрт  сабаққа  жeті  модульді 

кіріктіріп,  тізбeктелген  сабақтар  топтамасын  құрастыру  eді.  Бірінші  «Бeтпе-

бет»  кeзеңінде,  бaғдарламаның  жеті  мoдулі  төңірегінде  тізбектeлген  сaбақтар 

топтaмасының  ортa  мeрзімді  жəне  қысқа  мерзімді  жоспaры  Блум  таксономия-

сы  бойынша тренермен кеңесе отырып  жaсалды. Ортa  мерзімді сaбақ  жоспaрым 

жəне қысқa мерзімді сaбақ жоспaры тəжіриeбeде кeздесетін өзгeрістердің бoлуын 

көздeйді.  Осы  өзгeрістер  мектeптегі  сыныбымдaғы  оқушылaрға  жəнe  мeктептегі 

əріптeстеріме ықпaл eтті. Əріптестeріме білім бeрудің жaңa əдіс-тəсілдeрі жəнe əр 

кeзеңнен  кeйінгі  əр  түрлі  бaғaлaулaр  қaтты  ұнaды.  Мeктептегі  тəжірибe  кeзінде 

өзгeрістер  eнгізу  оқушылaрды  дa,  мeні  дe  өзгeртті.  Өзгeріс  ол  –  Оқыту  мeн 

оқудaғы жаңa тəсілдeр.  Мaқсaт-мiндeттeрдi орындaу  үшiн ұсынылғaн жaңa əдiс-

тəсiлдeр тəжiрибeдe қолдaнылды. Соның iшiндe бaсты нaзaрым сын тұрғысынaн 

ойлaуғa  үйрeтугe  бaғыттaлды.  Сын  тұрғысынaн  ойлaу  «ойлaу  турaлы  ойлaну» 

дeп  сипaттaлғaн.  Оқушылaрымeн  жұмыс  жaсaғaн  уaқыттa  мəтiндi  бiр-бiрiнe 

түсiндiру  кeзiндeгi  олaрдың  əркeттeрiнe  қaрaп,  ғaлымдaрдың  жоғaрыдa  aтaлып 

кeткeн пiкiрлeрiнiң iс-жүзiндe орындaлaтынынa көз жeттi. Зeрттeу сaбaқтaрындa 

топ  бaсшылaры  мeн  eрeкшe  қaбiлeтi  бaр  оқушылaрдың  сын  тұрғысынaн  ойлaй 

aлaтындықтaры бaйқaлды. Олaр топтaғы бiлiм дeңгeйi ортaшa оқушылaрғa көмeк 

көрсeтiп, олaрды aлғa тaртa бiлдi. Көмекті қaжет ететін оқушылaрдың сұрaқтaрды 

тaлқылaғaн  кeздe  топтaн  тысқaры қaлып  қоймaуынa ықпaл  eткeндeрi  дe көрiндi. 

Осыдaн топтық жұмысқa сирeк қaтысып отырaтын оқушы бaсқa топ мүшeлeрiнiң 

көмeктeсуiмeн тaпсырмaлaрды мүмкiндiгiншe жaқсы орындaп шыққaны бaйқaлды. 

Мысалы, қыздар топтық жұмыстарда аса белсенділік танытты. Бұрынғы сабақтарда 

ашылмаған жаңа қырлыры көрінді.

Зeрттeу  нысaны  болaтын  оқушылaрды  aнықтaу  мaқсaтындa  оқушылaрдaн 

«Социaгрaммa» aлдынды. Зерттеуге алатын үш оқушы анықталды. Үздік оқушы 

aлғaшқы сaбaқтaн-aқ өзiнiң eрeкшe қaбiлeтiмeн көзгe түсiп, топты ұйымдaстырa 


1, 2015                                                ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ВЕСТНИК КАЗАХСТАНА

7

бiлдi. Ол тақырыпты жақсы түсінеді, өз сөзімен жеткізе алады, тіл байлығы мол. 

Aл орта деңгейдегі оқушы жұмысқa өтe тиянaқты, бeргeн тaпсырмaлaрды бiрдeн 

орындaуғa тырысaды. Топ мүшeлeрiмeн ортaқтaсып жұмыс жaсaй алғанымeн, өз 

бiлгeнiн қaжeттi жaғдaйдa көрсeтe aлмaды.

Көмекті  қажет  ететін  оқушы  болсa,  aлғaшқы  сaбaқтa  өзін  көрсетe  aлмaды. 

Сeбeбi бaсқa оқушылaрғa қaрaғaндa өз бiлiмiнiң төмeн eкeндiгiн мойындaп, сaбaқ 

бaрысындa  aсa  бeлсeндiлiк  танытпады.  Ол  тeк  кeйiнгi  сaбaқтaрдa  бeлсeндiлiк 

тaнытып, өз ойын aшық aйтуғa үйрeндi. Тақтаға постер қорғауға да шықты.

Тізбектелген  сабақтарды  жоспарлау  кезінде  жеті  модуль  туралы  алған 

теориялық  білім  нұсқаулық  арқылы  толықтырылды.  Оқыту  мен  оқудағы  жаңа 

тəсілдерді  əр  уақытта  қолданып,  жаңартып  отыруымыз  керек  екенін,  əрдайым 

ізденісте болу керек екенін ұқтым. Оқушылар жеке, жұптық, топтық жұмыстарды 

жүргізіп, бір-бірімен пікірлесе отырып, ортақ шешімге келіп, жұмыстарын жүйелеп 

отырды. Тізбектелген төрт сабағымда «Оқыту мен оқудағы жаңа тəсілдер» модулін 

енгізілді.  Топтастыру  құру,  «Мəтінмен  жұмыс  алгоритмі»,  «Армандағы  мектеп» 

жобасы, «Лездеме», «Синквейн», «Аялдамалар», «Кір жаятын жіп», «Құрастыр», 

«ТВ  шоу»,  «Жобалау»,  «Тақырыптық  түйінді  сөздер»  əдістері,  əңгіме,  эссе,  ой 

қозғау,  салыстыру,  топтау,  сұрақ-жауап,  əдістері,  постерге  салу,  рөлдік  қойылым 

қолданудың  тиімді  болғаны  байқалды.  Жаңа  əдіс-тəсілдерде  сыни  ойлай  ал-

ды. Жұптық жұмыста бір-біріне сұрақ қойып, жауап берді. Көмекті қажет ететін 

оқушылар үндемей отыратын еді, енді еріксіз жауап беруге тура келді. Дəстүрлі 

сабақта жауап берген оқушылар ғана бағаланып, басқа балалар үн – түнсіз сыртта 

қалып қоятын. Олар тапсырмаларды орындағанда жан-жақты ойланды ма, жүйелей 

алды ма, көңіл бөлмейтін. Əр түрлі стратегиялардың тиімді болуына ерекше мəн 

берілді.  Диалог  арқылы  сыни  тұрғыдан  ойлауды  үйрету  модулі  іске  асырылды. 

Өйткені, мəтінді талдауда оқушылардың жүйелі еркін ойлауы, түсінуі, қолдануы, 

талдауы, əңгімелесу, диалог арқылы орындалып отырды. 

Тізбектелген  төрт  сабағымда  постер  қорғады.  Алғашқы  постерге  түсіру 

кезінде  қыздар  белсенділік  танытып,  негізгі  түйгендерін  түсіре  бастады.  Ал, 

ұлдардың көпшілігі үлкен, баспа түрінде жаза алмаймын, деп жауапкершліліктен 

қашты. Кейінгі сабақтарда маркерді ұлдар алып, жазуға кірісті. Қорғауға да ұлдар 

шықты. Бұл жерде «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін» енгізілді. Олар сы-

ни тұрғыда ойлана алды, қызығушылықтары оянып, белсенділіктері артып, өзгере 

бастағандары байқалды. 

«Ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  қолдану»  модулі  пайда-

ланылды.  Жаңа  тақырыпқа  шығуда  интербелсенді  тақтада  фильмдер  көрсетілді. 

Оқушылар  фильм  бойынша  талдауларға  қатысып,  тақырыпты  өздері  шығарып 

отырды. 


ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАБАРШЫСЫ                                                       1, 2015

8

«Талантты  жəне  дарынды  балаларды  оқыту»  модулі  əр  сабақта  нəтижесін 

беріп  отырды.  Мəтінмен  жұмыс  жасағанда,  рөлдік  қойылым  кезінде,  постер 

құруда  талантты,  дарынды  оқушылар  шығып  отырды.  Белсенді  оқушылар 

топтық жұмыстарда көшбасшылық пен басқарушылықты қолдарына алып, топты 

ұйымдастыра білді. Олардың бойларында белсенділіктің одан əрі артқаны көрінді. 

Оқушылардың  жас  ерекшеліктерін  ескеріп,  тапсырманы  орындау  барысында  өз 

деңгейлерін анықтауға болады. Бұл модуль осының алдындағы талантты жəне да-

рынды оқушыларды оқыту тақырыбымен тығыз байланысты, себебі екі модуль де 

оқушылардың  қажеттіліктерін  қанағаттандыруға  бағытталған  оқытуға  қатысты 

болып отыр. 

«Оқыту үшін бағалау жəне оқуды бағалау» модулі сабақтардың əр кезеңінде 

жүзеге асып отырды. Дəстүрлі сабақтарда оқушыларды тек мұғалім ғана бағалай-

тын. Енді олар өз-өздеріне сыни қарап, жұмыстарын бағалай алды. Бағалаудың əр 

түрі оқушыларды қызықтырды. Өздеріне жұмыстарына қорытынды шығара алды. 

Бағалау критериилерін құрып, сол бойынша жұмыс жасады. Мен үшін өте тиімді 

болды.  Осы  модуль  арқылы  əділдікке,  жауапкершілдікке  үйретілді.  Əр  сабақта 

жеті модульдерді кіріктіргенде, оқушылардың өзін-өзі реттеуі, оқушылар өздеріне 

сыни көзбен қарай алатыны байқалды. Оқушылар өздерінің бір-бірінің жауапта-

рын тыңдай алып, өз ойларын еркін жеткізіп, талдау мен дəлелдеу арқылы дарын-

ды жəне талантты оқушыларды оқыту модулі айқын көрінді.

Мектептегі  практика кезіндегі тағы  бір өзгеріс сыныптағы ынтымақтастық 

атмосферасын қалыптастыруда болды. Дəстүрлі сабақта топпен жұмысты тек қана 

жарыс түрінде өткізілетін. Олардың арасында ұйымшылдық, бірлесіп жұмыс істеу 

көрінбейтін. Топпен жұмыс істеу болған жоқ. Оқушылар өз – өздеріне сенімсіз бо-

лып  көрінді.  Ал,  жаңа  форматты  сабақта  топпен  жұмыс  түрінде  ондай  келеңсіз 

жағдайлар  болған  жоқ.  Алдымен  оқушыларға  бірігіп,  топ  мүшелерімен  жұмыс 

істеу  мүмкіндігі  байқалды.  Екіншіден,  достыққа,  ұйымшылдыққа  тəрбиеленді. 

Үшіншіден,  бірін-бірі  жетелеп  оқытуға,  бірі-бірінен  үйренуге  жағдай  тудырады. 

Олар  топ  болып  ынтымақтастықпен  бірігіп  жұмыс  жасауға,  ойын  ашық,  еркін 

ортаға  салып,  идеяларын  ортаға  салу  септігін  тигізді.  Сабақ  басталар  алдында 

оқушыларды  мозайка  əдісі  арқылы,  сөздер,  фигуралар,  санау,  бойларына  қарай, 

туған күніне байланысты топқа бөлінді. Сыныптағы əр топ топ ережесін құрып, 

содан ортақ сыныптың ережесін құрылды. Оқушылар өздері қағаз бетіне түсіріп 

жазды. Бір-бірін  тыңдауға,  сыйлауға,  бірге жұмыс  жасауға  үйреніп  қалыптасты. 

Сабақта топтар арасындағы достық қарым-қатынас пен жақсы көңіл-күй аңғарылды. 

Сырттарынан қарағанда сыныпта жақсы психологиялық ахуал сезілді. Əр сабаққа 

жақсы  дайындық  қажетті  болды.  Жұмысты  əдіс  –  тəсілдер  арқылы  түрлендіріп, 

топтар өзгеріп отырды. Топпен жасаған жұмыстар оқушыларға қатты ұнады.


1, 2015                                                ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ВЕСТНИК КАЗАХСТАНА

9

Жаңа сабақты меңгертуде өзгерістер болғаны көрінді. Əр сабақтың мақсатын 

құрып, күтілетін нəтижені анықтап, оларға сабақ барысында қалай бағаланатыны 

түсіндіріліп,  алдарына бағалау  парағы  ұсынылды.  Сабақтың  мақсатын  танысты-

рып болған соң, оқушылар мақсатқа жетуге ұмтылды. Дəстүрлі сабақта тақырыпты 

меңгертуде  өзім  ғана  түсіндіріп,  сөйлеп,  оқушылар  тек  сабақты  тыңдап  отыра-

тын.  Ал  қазіргі  жаңа  сабақты  меңгеруде  тек  қана  бағыт  –  бағдар  беріп  отырыл-

ды.  Себебі:  жаңа  тақырыпты  меңгертуде  жұппен,  топпен  оқып  меңгеріп,  ой-

ларын  еркін  айтып,  пікір  алмасып,  сол  тақырыпты  жетілдіру  мақсатында  ойла-

рын  постерге  түсіріп  отырды.  Ортаға  əр  топтан  бір-екі  оқушы  шығып  қорғады. 

Кейбір топтарда айтылмаған ойлар айтылып, бірін-бірі толықтырып отырды. Жаңа 

тақырыпты оқушылар мұғалімнің  көмегінсіз жан-жақты ашып,  өздері түсіндіріп 

отырды.  Оқушылардың  өз  бетінше  ізденуіне,  жақсы  нəтижеге  жетуіне,  бірігіп 

оқып үйренуіне үлкен септігін тигізді.

Оқушыларға əдіс – тəсілдерді қолдануда:

– еркін ойлауға мүмкіндік берді;

– ақыл-ойын дамытты;

– шығармашылығы артты;

– ұжымдық іс-əрекетке тəрбиеленді;

– тіл байлығы дамыды;

– жан-жақты ізденуге жетілді;

– өз ойын еркін жеткізді;

Дүниетану оқу сабағын өткізу кезінде оқушыларды сындарлы ойландырып, 

меңгерту  үшін  əр  түрлі  сұрақтар  берілді.  Төменнен  жоғары  деңгейлі  сұрақтар 

қойылды.  Жалпы,  тəжірибе  кезінде  өткізілген  жұмыстарда  оқушылар  бірден 

үйренісіп кетуге оқушылардың ойлау, түсіну, талдау, қолдану жұмыс деңгейлерінің 

өзгергені байқалды. Сабақта əр баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағдай 

жасап, сындарлы көзқарасты, пікірін айту тағы басқа шығармашылық қасиеттері 

ашылды. Өзім де, оқушылар да өзгерді.

Оқушылар  өз  бетінше  ізденуге,  жұмыстарын  жүйелеп  отыруға  үйренді. 

Сұрақ  қою  арқылы  сұрақтарға  жауап  беруге  машықтанды,  тақырыпқа  деген 

жан – жақты түсінігін аңғара отырып, ынтасын одан əрі дамытуға мүмкіндік жа-

салды. Ақпаратты саралауға, жүйелі жүргізуге дағдыланды. 

Тəуелсіз  еліміздің  ертеңгі  болашағы  білімді  ұрпақтарды  тəрбиелеу 

мұғалімдерге бұрынғыдан да зор жауапкершілікті, заман ағымына сай бейімділікті, 

кəсіби біліктілікті, жанқиярлық еңбекті талап етеді.



ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАБАРШЫСЫ                                                       1, 2015

10

Əдебиеттер

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық (ІІІ деңгей), 2012 ж.

2. Бағдарлама, 2012 ж.

3. Жукенова Г.Б. Сын тұрғысынан ойлау білім үдерісінде / Г.Б. Жукенова, К.Ж. Торе-

баева. – Актөбе, 2012.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет