1, 2015 педагогический вестник казахстана


Использование модуля критического мышления



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата28.01.2017
өлшемі0,71 Mb.
#2894
1   2   3   4   5   6   7
Использование модуля критического мышления 

в серии последовательных уроков

Н.О. Алашпаева 

учитель начальных классов, СОШ №25, г. Павлодар, Казахстан

Аннотация

В серию последовательных уроков включены 7 модулей, которые в процессе урока позволя-

ют учащимся развивать критическое мышление, делать выводы и подводить итоги. В процессе обу-

чения используются новые приемы. 

Ключевые слова: уровневые курсы, таксономия Блума, парная и групповая работа, урок в но-

вом формате.

To teach how to use the module think critically 

in the series of the lessons

N.O. Alashpayeva 

the teacher of primary school, №25 school, Pavlodar, Kazakhstan

Summary


The  series  of  lessons,  which  includes  7  modules.  In  the  process  of  education  pupils  can  think 

critically. They can make a conclusion and to solve the problem. Using new methods on the lesson.

Keys  words:  level  courses,  7  modules,  Bloom’s  taxonomy,  work  with  group  and  pairs,  the  new 

format lesson.



1, 2015                                                ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ВЕСТНИК КАЗАХСТАНА

11

УДК 37.035.6

ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ МУЗЫКАЛЫҚ 

МƏДЕНИЕТТІҢ РӨЛІ



А.Н. Байдильдинова

№2 ЖОББМ музыка мұғалімі, Павлодар қ., Қазақстан

Аңдатпа

Мақалада  оқытушылардың  музыкалық  тəрбиесінің  тəжірибелік  нəтижелілігі 

жоғары  көтерілуінің  қажеттілігінің  алғы-шарттары  олардың  білімі  мен  музыкалық 

дамуы  туралы  жазылған.  Жастардың  жеке  музыкалық  дамуын  бақылау,  олардың  өнер 

жолында  ең  жақсы  дəрежеде  өсуін  қамтамасыз  етуде  мүмкіндік  туғызады  деп  пікір 

білдірілген.

Тірек сөздер: музыкалық тəрбие, қазақ фольклоры, рухани мəдениет, өнерге баулу, 

эмоциялық үн.

Тəуелсіз  елімізде  табандылықпен  жүзеге  асырылып  жатқан  ілгерілесу 

саясатты қоғам өмірінің барлық саласына түбегейлі өзгерістер енгізуде. Тəуелсіз 

мемлекетіміздің  өсіп-өркендеуі,  қауіпсіздігі,  əл-ахуалының  артуын  жүзеге 

асырудың  аса  маңызды  құралы  қоғамның  барлық  саласын,  соның  ішінде  өнер 

саласында  мəдениет  пен  білімді  дамытуда  аса  маңызды  рөл  атқарды.  Қазақстан 

Республикасының этникалық-мəдени білім тұжырымдамасында (1996): «Тəрбиенің 

түп  мақсаты  –  коғамның  нарықтық  қарым-қатынасқа  көшуі  кезінде  саяси 

экономикалық жəне рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, өмірге икемделген, 

білікті, жанжақты мəдениетті жеке түлғаны тəрбиелеу» – деп өнер мен мəдеиетті 

дамытуға  ерекше  мəн  берілген.  Тəуелсіз  еліміздің  дамуы  үшін  мəдени  –  рухани 

мұраның жетістіктерін келешек үрпаққа қалдырудың үлесі зор. Халықтың даналық 

мұрасын  сақтаудың  негізі  халықтық  тəрбиеде.  Күнделікті  өмір  мен  табиғаттағы 

əдемілікті  түсіну,  бақылау,  пайдалану  үшін  балалардың  сезім-түйсігі  ұшқыр, 

ақыл-ойы алғыр, терең білімді азамат болуы керек. Осындай ұрпақтың өмірге де-

ген  эстетикалық  көзқарасы  оның  қызметінің  барлық  саласында  көрініп  тұрады. 

«Ата-бабаларымыздың  рухани  мəдени  мұраларының  тарихи  ескерткіштермен 

ғана шектелмейтіні мəлім. Аязды, аңызақ желді, қақаған қысы мен аптап ыстығы 

жеткілікті  ұлан-ғайыр  кеңістіктегі  шаруашылық  ұйымдастыру  мен  күнкөріске 

байланысты қалыптасқан қазақтың қол өнері, əуез аспаптары, тіпті қырыққа тар-

та  жанрлары  мен  қосалқылары  бар  өте  бай  ауыз  əдебиеті  белгілі  бір  мазмұнға 


ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАБАРШЫСЫ                                                       1, 2015

12

құрылатын күйлері, ақындық шешендік өнері, халық əуендері мен билері, ұлттық 

əдет-ғұрып, ізгілік, имандылық дəстүрлері қазақ ұлтының ақжанын сезілтіп оята-

тын құбылыстар». Музыка пəні арқылы тəрбие беру тек қана жекеленген нысандар-

ды елестете ұғыну ғана емес, ол мəдениетті сезіну мен түсінудің негізі. Бұл өмірге 

деген  эстетикалық  қатынасқа  тығысатын  барлық  үйреншікті  заттарға,  дағдылы 

əлемге  жаңа  қатынас  орнатады.  Жоғарғы  оқу  орнының  болашақ  түлектеріне: 

«Ұстаздық  еткен  жалықпас,  үйретуден  балаға»,  –  деп,  ұлы  Абай  айтқандай, 

жас  ұрпаққа  сапалы  білім,  саналы  тəрбие  беріп,  жан-жақты  дамыған  тұлғаны 

қалыптастыруға үлес қосатын ұстаз орны əрқашан ерекше. Сондықтан да бүгінгі 

өмір  талабы  ұстаздарға  қажымай-талмай  жемісті  еңбек  етіп,  ыждағаттылықпен, 

шығармашылық  ізденімпаздықпен  жұмыс  істеуді  міндеттейді.  Ұрпақ  тəрбиесі 

ісіне жете көңіл бөліп, жас жеткіншектерге музыка əлемінің қыр-сырын үйретуде 

талапқа сай ұзтаздарымыз еңбек етіп жүр.

Біздің  қоғамымыздың  жас  мүшені  нағыз  адамзаттық  көзқарасын  дəйекті 

көзқарасының қалыптасуын тек білімге ғана негізделмейді, оған қоса өзінің сезім 

түйсігінен, ар-ожданның елегінен өткен ақыл-ой қызметі қажет. Бұл жерде өнердің 

алатын орны ерекше, себебі біз өнер бұлағынан сусындаған ата-бабаларымыздың 

музыка  жəне  өнер  əлеміндегі  ірі-ірі  тұлғалардың  ғасырлар  бойы  жинаған  бай 

тəжірибесінің  арнасын  одан  əрі  кеңітіп  дамытуымыз  керек.  Оқытушылардың 

музыкалық  тəрбиесінің  тəжірибелік  нəтижелілігі  жоғары  көтерілуінің  қажет-

тілігінің алғы-шарттары олардың білімі мен музыкалық дамуы болып саналады. 

Жастардың  жеке  музыкалық  дамуын  бақылау,  олардың  өнер  жолында  ең  жақсы 

дəрежеде өсуін қамтамасыз етуде мүмкіндік туғызады. Бұл мəселелерді көптеген 

ғалымдарымыз зерттеді. Қазақстандағы музыкалық сын саласында əр кезеңдерде 

белгілі музыка танушылары – Б. Ерзакович, М. Ахметова, А. Темірбеков, Л.И. Гон-

чаров, З. Қоспақов, Б. Қарақұлов жəне А.С. Райымбергеновтар. Музыканы қабыл-

дау,  əрине  күрделі  процесс,  осыған  орай  Д. Кабалевский  былай  деп  жазды: 

«Музыкаға деген қызығушылық музыкаға əуестену жəне оны ұнату, оның ғажайып 

сұлулығын түсіну үшін қажетті шарт. Сонда ол өзінің тəрбиелік жəне танымдық 

ролін атқара алатын болады. Ал музыкаға қызықпаған, онымен айналыспаған, оны 

ұнатпаған адамға білім мен тəрбие беремін деу сəтсіздікке ұшыратпай қоймайды». 

Əрбір  оқушының  сана  –  сезімі,  мінез-құлқы,  мəдениеті,  өмірге  көзқарасы, 

музыкалық  қабілеті  бірдей  болып  келе  бермейді.  Олардың  өзіндік  ерекшелігі- 

тəрбиесіне,  шыққан  ортасына  да  байланысты.  Демек,  оқытушы  өзінің  тəрбие 

жұмысында  əрбір  оқушыға  өз  алдына  жеке-жеке  педагогикалық  тəсілдер 

қолданады. Болашақ маманның ең негізгі міндеті – таңдаған мамандығы бойынша 

теориялық білім мен тəжірибелік дағдысын ұдайы меңгеру болса, кəсіби тұрғыдан 

қалыптасуына педагогикалық іс-тəжірибе кезеңінің зор көмегі болады. Адамның 


1, 2015                                                ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ВЕСТНИК КАЗАХСТАНА

13

тұлға болып қалыптасуы жолында халық музыкасының əсері ұлан-ғайыр. Музыка 

өнері тек эстетикалық құрал ғана емес, оның өзге сипаттары да бар: ұлттық бол-

мыс, мазмұн, сипат. Бұл турасында, орта мектеп бағдарламаларында осы тұрғыдан 

да  зер  салып,  əдістемелік  тəсілдеріміздің  мазмұнын  байыта  түсуіміз  керек-ақ. 

Сондықтан  да  жастардың  тəрбиесіне  ықпал  ететіндей  жаңаша  түрін  іздеу  керек 

сияқты.  Байқасақ,  əрбір  жүргізілген  музыка  сабағының  тəрбиелік  мəні  өте  зор. 

Мектепке мұғалімдерді кəсіптік мамандыққа сəйкес даярлауда негізгі нысана му-

зыка болуы керек. Бастауыш сынып оқушыларының əсемдікті көре, түсіне, жасай 

білуі  мен  рухани  өмірін  байыту,  туған  еліне,  жеріне,  табиғатына  деген 

сүйіспеншілігін  жəне  ұлтымыздың  бай  қазынасы  –  қазақ  фольклорына 

қызығушылығын  арттыра  отырып,  олардың  бойында  эстетикалық  мəдениетті 

тəрбиелеу  –  бүгінгі  таңда  өзекті  мəселе  болып  отыр.  Оқушының  əсемдікпен 

əрсіздікті,  жақсы  мен  жаманды,  мейірімділік  пен  зұлымдықты,  қуаныш  пен 

қайғыны  түсініп  ажырата  білуіне  байланысты  оның  эстетикалық  мəдениеті  мен 

мінез-құлық дағдылары айқындалады. «Жаратылыстың, һəм өнердің сұлу заттары 

адам жанында сұлулық сезімдерін оятады. Сондықтан баланың сұлулық сезімдері 

əр түрлі нəрседен оянымпаз болады. Біреудің музыкадан, сұлу суреттен, біреудің 

поэмадан. Тəрбиешінің міндеті балада өнердің қандай түріне ынта бар екенін тау-

ып, сол ынтасын, түр туғызатын сұлулық сезімдерін өркендету», – деп А. Жұбанов 

айтқандай,  бастауыш  сынып  оқушыларының  эстетикалық  мəдениетінің  дамуы 

сынып жетекшілерінің жəне пəн мұғалімдерінің шеберлігі мен тəрбие құралдары 

қазақ фольклор жанрларын тиімді қолдана алуына, əдіс-тəсілдеріне байланысты. 

Оқушылардың музыка өнеріне дүниетанымын қалыптастыру əдістері алуан түрлі 

жəне  ол  оқушының  жас  мөлшеріне  тəуелді.  Музыка  өнеріне  дүниетанымын 

қалыптастыру əдістерін көрнекі жəне ауызша деп бөлуге болады. Педагогикалық 

ғылым  мен  практика  оқушының  шығармашылық  қабілетінің  неғұрлым  тиімді 

əдістерін анықтап отыр. Олар: оқушылардың музыканы қабылдауы мен эстетикалық 

мəдениетінің  бастапқы  көріністерін  дамытуға  бағытталған  сендіру  əдістері: 

а) қоршаған ортаны жасампаздандыруға жəне мінез-құлық мəдениеті дағдыларын 

қалыптастыруға  арналған  практикалық  іс-əрекеттерге  үйрету,  жаттықтыру 

əдістері;  ə) шығармашылық  жəне  практикалық  іс-əрекеттерге  итермелейтін 

проблемалық  жағдайлар  сияқты  əдістер  жатады.  Шығармашылық  қабілетті 

қалыптастыруда  қолданатын  сендіру  əдісінің  ерекшелігі  оны  қабылдайтын 

құбылыс əсем болған жағдайда ғана пайдалану керек екендігі. Оқушыда эмоция-

лық  үн  қосу  өнер  шығармаларымен  тікелей  ұшырасқанда  пайда  болады.  Бұл 

əдісті  көрнекілік,  сондай-ақ  ауызша  əдіс  деп  те  санауға  болады.  Үйрету  – 

жаттықтыру  əдісінің  мəні  –  оқушыны  тыңдай,  көре  бағалай  білуге  жəне  соған 

сəйкес белсенді іс-əрекет етуге үйрету. Үйрету, жаттықтыру əдісі көп қайталауды 


ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАБАРШЫСЫ                                                       1, 2015

14

талап етеді жəне түрлі жағдайларда қолданылады. Аталған əдістерді кешенді пай-

далана  отырып  оқушының  қабылдау  белсенділігін  тəрбиелеу  керек.  Оқушылар 

əдебиетті  оқуға,  музыканы  тыңдауға  ынталы  келеді.  Əртүрлі  əдеби,  музыкалық 

шығармалардағы іс-əрекеттің оқиға желісін дұрыс түсіну үшін оқушыларды көп 

ізденуге  үйрету,  бағыт  беру  ұстаздың  міндеті.  Оқушылардың  шығармашылық 

қабілеті  жəне  белсенділігі  тұтас  педагогикалық  процесте  дамиды.  Сондықтан 

оның барлық еңбегі, демалысы шығармашылық бағытта тиімді ұйымдастырылса, 

ол өз өміріне əдемілік элементтерін енгізе алады. Қазіргі таңда жас ұрпаққа тəрбие 

беру  саласында  көп  өзгерістер  жаңалықтар  болып  жатыр.  Бүгінгі  күнде  негізгі 

мақсат жан-жақты дамыған білімді тұлғаны тəрбиелеу. Өзгерістер өнер саласын да 

қамтыды. Тəрбиелеудің бір құралы кең сан қырлы ұғымды қамтитын музыкалық 

өнер. Халық тағлымының байлығын өн бойына жинақтаған ертеден қалыптасқан 

педагогикалық тəжірибеде, тəлім-тəрбиеде оқу-ағарту мəселелері əлі де жетерлік. 

Музыка адамзаттың рухани азығы, жан серігі, ұшқыр қиялы, нəзік сезімі. Қазақ 

халқы  құлақтан  кіріп  бойды  алар  əсем  əн  мен  тəтті  күйді  ұнатқан.  Домбыра 

сөйлейді, қобыз жеткізеді, сыбызғы білдіреді деген сөз тіркестері қазақ мəдениетінде 

кездейсоқ кездеспейді. Сабақта оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту-

да  музыка  мұғалімінің  негізгі  міндеті  толықтырылған  кеңейтілген  бағдарлама 

негізінде  оқу-тəрбие  үрдісін  жəне  ұстаздың  педагогикалық  шеберлігін  дамыту. 

Жас өспірімнің бойында талғампаздық эмоциялық сезімпаздық қалыптастыруында, 

оның  мəдениетті  болып  өсуінде  музыка  əлемін  түсінуде  мектептегі  музыка 

тəрбиесінің алатын орны ерекше. Əр түрлі жанрлы музыкалық шығармаларды та-

ну,  музыкадағы  түрлі  кезеңдермен  көңілді  ажыратуда  оқушының  музыкалық 

шығармашылығын дамытады. Жас өспірім – тыңдаушы, орындаушы музыкаға де-

ген  өзінің  ой-пікірін  көрсететін,  түсінетін  оқушы.  Сондықтан  музыкалық 

шығармашылық қабілеттің басты саласының бірі ол музыка арқылы тəрбие. Эсте-

тика мен музыкалық шығармашылық қабілеттің ортақ мəселесі адамның табиғат 

пен  өмірдегі  əсемдікті  қабылдап  бағалауға  жəне  түсінуге  тəрбиелеп  оқыту. 

Мұғалімнің міндеті оқушының жай ғана музыкалық икемін дамытып, оған музы-

ка  білім  ғана  беру  емес,  оған  музыкаға  күнделікті  байланыс  керектігін  таныту 

арқылы оның шығармашылық белсенділігін арттыру. Музыкалық тəрбие əдебиет 

бейнелеу  өнері,  тіл,  тарих  тағы  басқа  пəндермен  байланысты.  Сонда  ғана  біз 

оқушының  мəдениетті  жан  дүниесі бай  ой-парасаты  кемелденген білімді  оқушы 

етіп тəрбиелей аламыз. Музыка тіл айтып жеткізе алмайтын адамның киелі нəзік 

сезімі.  Музыка  бұл  сезім  тілі,  адам  жанын  баурап  алатын,  моральдық  сезімдік 

эстетикалық бірлігі болып табылады. Мектептегі музыка пəні оқушыларға басты 

тəрбие құралы болып есептеледі. Олардың рухани өмірі мен тəжірибенің музыка 

əлемін түсініп қабылдауы. Оқушының талғампаздығы, эмоциялық сезімталдығы, 


1, 2015                                                ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ВЕСТНИК КАЗАХСТАНА

15

білімділігі,  мəдениеттілігі,  жас  өспірімге  ақыл-ой,  сана-сезімдігі  жақсы  мінез-

құлықтың  қалыптасуына  əсерін  тигізеді.  Музыканың  қажеттілігі  –  ол  музыка 

өнерінің негізімен оның өмірі мен байланысы жайлы түсінігін жетілдіру, баянды 

меңгеруіне  көмектесу.  Музыкалық  тəжірибелік  іскерліктерін  дағдыларын 

қалыптастыру болып табылады. Оқушының бойында рухани мəдениеттің маңызы 

мен  ажырамас  келбетін  байытатын  музыканың  əсері  мол.  Олардың  бойында 

түсінігі,  сезімдік  қабілеттілігінің  тұрақтылығы  музыка  тілінің  ерекшелігін 

меңгеру.  Музыка  сабағында,  сыныптан  тыс  уақыттарда  бастауыш  сынып 

оқушыларымен музыкалық тəрбие жұмысын жүргізе білуге, күнделікті өмірге му-

зыка өнерінің тəрбиелік мүмкіндіктерін кеңірек пайдалана білуге даярлау. Негізгі 

мақсаты: оқушының бойында рухани мəдениеттің аса маңызды ажырамас бөлігі 

музыкалық  мəдениетті  қалыптастыру  арқылы  шығармашылық  қабілеттерін  арт-

тыру. Отанға, өз халқына деген сүйіспеншілік, халық музыкасына, өз халқының 

рухани  мəдени  мұрасына,  салт-дəстүріне  сезімдерін  оятады.  Əр  түрлі  ұлт 

өкілдерінің  бір-біріне  деген  достық,  ұлт  аралық  бірлікке  сезімдерін  ояту,  оны 

жетілдіру.  Балалардың  музыка  арқылы  түсінігін  сезіну  қабілетін  музыка 

ерекшелігін меңгеру. Бүгінгі таңда балаларды жастайынан өнерге баулу музыкалық 

тəрбие арқылы жаңа тұлғаны, жаңа адамды тəрбиелеп қалыптастыру. Сухомлин-

ский  былай  деді:  «Музыка  адамның  табиғаттың  əсемдігінен,  еңбекке  деген 

құлшынысын арттырады, музыканың арқасында адамның айналаға, өмірге, тіпті 

өзіне деген көзқарасты өзгертеді». Оқушыларға музыкалық тəрбие беру олардың 

өнерге деген сезімін ояту, таңдаулы халықтың шетелдік жəне классикалық музы-

касын,  Қазақстан  композиторларының  шығармаларын  сүйіп  тыңдай  білуге 

дағдыландырып үйрету негізінен музыка сабағында, іске асырылады

Əдебиеттер

1. Ақынжанов М. Қазақтың тегі туралы: Қысқаша шолу / М. Ақынжанов. – Алма-

ты: Қазақ мем-т баспасы, 1957. – 161 б.

2. Асқарбекова  Ғ.  Айтыс  өлеңдерінің тəрбиелік мəні  / Ғ. Асқарбекова // Қазақстан 

мектебі. – 2001. – №2. – 40-43 б. 

3. Балтабаев М.Х. Педагогическая культурология: учебное пособие / М.Х. Балтаба-

ев. – Алматы: РИК, 2000. – 268 с.


ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАБАРШЫСЫ                                                       1, 2015

16

Роль музыкальной культуры в формировании личности

А. Байдильдинова

Учитель музыки СОШ №2, г. Павлодар, Казахстан

Аннотация

В статье говорится о воспитании музыкальной культуры учащихся. Урок музыки в школе яв-

ляется главным средством воспитания подрастающего поколения. Одной из главных проблем музы-

кального и эстетического воспитания является развитие эстетического вкуса и культуры восприятия 

окружающего мира. Одной из главных целей воспитания подрастающего поколения является все-

стороннее развитие личности.

Ключевые слова: музыкальное воспитание, казахский фольклор, духовная культура, приучать 

к искусству, эмоциональное звучание.

The role of musical culture in shaping the personality

A. Baydildinova

music teacher school №2, Pavlodar, Kazakhstan 

Summary


The article deals with the education of the musical culture of the students. Music lesson at school is 

the main means of educating the younger generation. One of the main problems of musical and aesthetic 

education is the development of aesthetic taste and culture of perception of the world. One of the main goals 

of educating the younger generation is the all-round development of the individual. 

Keywords: music education, Kazakh folklore,  spiritual culture,  to  teach the  arts,  emotional  reso-

nance.


1, 2015                                                ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ВЕСТНИК КАЗАХСТАНА

17

УДК 371.3

БЕЙІНДІК ОҚЫТУ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖЕКЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛАРЫ МЕН 

ҚАБІЛЕТТЕРІН ҚАНАҒАТТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ РЕТІНДЕ



А.Қ. Нұрғалиева

педагогика ғылымдарының докторы, профессор, 

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, Павлодар, Қазақстан 

А.Қ. Нұрғалиева

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, 

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, Павлодар, Қазақстан 

Аңдатпа

Мақалада  бейіндік  оқыту  тұжырымдамасына  сəйкес  бейіндік  оқыту  жүйесі 

оқушылардың  жеке  тұлғалық  ерекшеліктерін,  қабілеттерін,  сапалы  білім  беруді 

толығымен  қанағаттандыруға  бағытталғандығы  зерттелген.  Бейіндік  оқыту  жүйесі 

оқушылардың  жеке  қызығушылықтары  мен  қабілеттерін,  оқушылардың  кəсіби  талпы-

ныстарын толық қанағаттандыру үшін жəне сапалы білім беруді қамтамасыз ету үшін 

жағдайлар жасауға бағдарланады. 

Тірек сөздер: бейіндік оқыту, танымдық қабілеттер, бейін, бейіндік пəндер, жеке 

тұлғалық бейімділі, саралау.

Бейіндік  оқытуды  енгізудің  өзектілігі  қазақстандық  білім  беру  жүйесінің 

қазіргі  кезде  модернизациялау  кезеңінде  жəне  бейіндік  оқыту  рөлінің  заманауи 

əлемнің қоғамдық өмірінде маңызды болғанына тікелей байланысты. Əлемде бо-

лып жатқан радикалды өзгерістер білім  беруге қоғамдық талаптардың өзгеруіне 

жəне оларды қанағаттандыру қажеттілігіне əкеледі. Бұл инновациялық үдерістердің 

жүзеге асырылуына септігін тигізеді. Соның бірі – жоғары сынып оқушыларына 

бейіндік  оқыту  жүйесін  енгізу  болып  табылады.  Философиялық  антропология 

тұрғысынан қарағанда заманауи білім беру мақсаты өзбетінше іс-əрекет жасауға 

қабілеттілігіне,  өзіндік  анықталуына,  жеке  тұлға  ретінде  жүзеге  асырылуына, 

рухани-адамгершіліктік құндылықтарға жүгінуіне тəрбиелеу қажет. Жоғары сы-

нып оқушыларын бейіндік оқыту осы мақсатқа қол жеткізу мүмкіндіктерінің бірі 

болып табылады.

Бейіндік оқыту жүйесі оқушылардың жеке қызығушылықтары мен қабілет-

терін, оқушылардың кəсіби талпыныстарын толық қанағаттандыру үшін жəне сапа-


ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАБАРШЫСЫ                                                       1, 2015

18

лы білім беруді қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасауға бағдарланады. Білім беру 

сапасын көтерудің, мемлекеттің жəне қоғамның, тұлғаның өзекті жəне келешектегі 

қажеттіліктерін жүзеге асырудың бірден бір құралы ретінде қарастырылады [1].

Қазақстан  Республикасында  бейіндік  оқытуды  дамыту  тұжырымдамасына 

сəйкес  бейіндік  оқыту  –  кəсіптік  білім  беру  бағдарламаларын  игеруге  дайын-

дау,  олардың  кəсіптік  бағдарлары  үшін  жағдай  жасау,  оқушылардың  арнау-

лы  бейімділігі  мен  қызығушылығын,  танымдық  қабілетін  ескеруге  бағытталған 

білім  беру  үдерісінің  құрылымы  мен  мазмұнын  ұйымдастыру  түрі,  жоғары 

сыныптағылардың  оқуын  даралау  мен  саралап  жіктеудің  педагогикалық  жүйесі 

деп атап көрсетілген. 

«Бейін» сөзінің анықтамасын бізді қызықтыратын мағынада қарастырамыз. 

Д.И. Ушаков  сөздігінен  «бейін»  –  дегеніміз  қандай  да  бір  мамандық  үшін  талап 

етілетін  білім  мен  дағдылардың  жиынтығы  [2].  С.И. Ожегов  сөздігінде  бейін  – 

қандай  да  бір  мамандықты  сипаттайтын  жəне  өндірістік  немесе  оқу  бағытының 

сипатының  ерекшеліктік  белгілерінің  жиынтығы  [3].  Біз  қарастырып  отырған 

«бейін»  сөзінің  мағынасы  аталған  сөздіктерде  былай  көрсетілген:  маман  бейіні, 

инженер металлург бейіні, кəсіпорын бейіні, заманауи орыс тілінің сөздіктерінде 

бар,  бізді  қызықтыратын  мағынада  «бейін»  сөзінің  институционалды  жəне 

тұлғалық  құраушыларын  сақтау  мақсатымен  бұл  мағынада  мектеп  бейіндері 

былайша анықталуы мүмкін: 

а) заманауи  білімнің  пəндік  құрылымымен  сəйкес  бөлінетін  жалпы  білім 

беретін мектептің жоғары сатысындағы білім беру бағыты;

б) ғылымның,  техниканың,  өнердің  сол  немесе  басқа  салаларында  оқушы 

меңгеруі тиіс кəсіби құзыреттіліктер жиынтығы, бейіндеу оқушылардың танымдық 

мүдделеріндегі бар ерекшеліктерді бейнелейтін дифференциалды үдерістерді ғана 

білдіріп қоймады.

Ол екі жақты  даму  синтезі:  сараланған  жəне интеграцияланған ғылым  мен 

білімдегі интеграцияның тенденцияларының объективті негізі. Əлемнің материал-

ды бірлігі, материяның қозғалыс формаларының бір-бірімен байланысы. Адамның 

қоғаммен,  табиғатпен,  техникалық  жүйелермен  қарым-қатынасына  байланысты 

пайда болған қазіргі заманның ауқымды мəселелері пəнаралық зерттеулерде түрлі 

ғылымдардың əдістерін қолдануды талап етеді.

Педагогикалық  теория  мен  тəжірибе  заманауи  ғылымда  болып  жатқан 

интеграциялық  үдерістерді  толық  түрінде  бейнелейді,  олар  пəнаралық  байла-

ныстардың  күшеюіне  аралас  ғылыми  пəндерінің  негіздерін  интеграциялап 

құрастырудан көрінеді. Бейіндеу бағдарына ұқсас обьектілер мен таным əдістері 

бар  пəндерден  қалыптасатын  «бейін»  сөзі  көптеген  жағдайда  интеграцияналды 

теңдеулермен бейнеленеді. 


1, 2015                                                ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ВЕСТНИК КАЗАХСТАНА

19

Нақты  обьектілеріне  қарай  ғылымдар  жаратылыстану,  гуманитарлық, 

техникалық болып бөлінеді. Ғылыми білім құрылымында арнайы орынды мате-

матика алады, себебі математика ғылымы оқытатын заңдылықтар бейнеленбейтін 

материяның  салалары  жоқ,  əсіресе  құрылым  қасиеті  жоқ  жəне  философия  адам 

болмысының  негізгі  принциптері  мен  негіздері  туралы,  адамның  табиғатқа, 

қоғам  мен  рухани  өмірге  қатынасының  жалпы  маңызды  сипаттамалары  тура-

лы  білім  жүйесін  жасайтын  əлемді  тану  мен  қоғамдық  сананың  ерекше  форма-

сы  болып табылады. Философия  жеке  оқу  пəні ретінде  жалпы  білім беретін  оқу 

орындарының оқу жоспарына енбейді. Ғылымдардың əрқайсысы жеке бейін түзе 

алады (биологиялық, математикалық, географиялық жəне т.б) Бірақ бейіндік білім 

берудің міндеттерінің бірі жоғары оқу орнына түсуге даярлық, сондықтан бір ғана 

пəнді күшейту дұрыс емес. 

Қазіргі кезде бейіндік пəндерді таңдаудың екі тəсілі бар – біріншісі – білім 

аралық  жіктеу,  екіншісі  –  оқушылардың  қалауы  бойынша  жеке  оқу  жоспарла-

рын құру. Ғылымаралық жіктеу – бұл жеке оқу жоспарларының негізінде бейінді 

құрайтын пəндердің əртүрлі болуының мүмкіндігін білдіреді. Бұл жеке оқу жоспа-

рын  құрудың  негізгі  өлшемдері  болып  табылады.  Оқушылардың  қызығушы-

лықтары  білімнің  нақты  саласындағы  кəсіби  құзыреттілікті  қалыптастыру 

міндеттерімен сəйкес анықталады.

Ғылымаралық синтез негізінде бейіндерді қалыптастыру мəселесі бойынша 

Б.М. Кедров  ғылымаралық  синтездің  2  түрін  бөліп  көрсетті:  Пəннің  сала  ішілік 

(циклдік), сала аралық (цикларалық). Бұлардың əрқайсысы бейінді қалыптастыру-

ға ұсынылуы мүмкін. Тəжірибелік байланыстырудың бейіннің құрамына ене ала-

тынын  кейбір  пəндер  арқылы  қазіргі  интеграция  курстарынан  көруге  мүмкіндік 

бар. Мəселен «биология» оқу пəніне əкелетін физиология, экология негіздері мен 

өсімдіктер, жануарлар жүйесі, анатомия, адамның физиологиясы мен гигиенасы, 

пробиология, генетика жəне т.б.

География оқу пəні өзіне физикалық жəне экономикалық география, геоло-

гия, метеорология, демография, этнология жəне т.б. пəн білімдерін өзіне қамтиды. 

Мынандай  сұрақ  туындауы  мүмкін:  бұл  ғылымдардың  мектеп  жағдайында 

білім  беретін  жеке  оқу  пəндеріне  бөлінуі  қаншалықты  маңызды?  Циклдік  жəне 

цикларалық байланыстар негізінде бейіндерді қалыптастыру маңыздырақ. Циклдер 

толық  объекті  бойынша  бөлінеді.  Олардың  əрқайсысы  қиын  ұйымдастырылады. 

Өзіне зерттеу объектісі бар көптеген ғылымдарды қамтиды. Циклдi гуманитарлы 

білім беру деп көрсетуге болады. Оған келесі топтар кіреді: адам, оның қалыптасуы 

мен адамзат қоғамы, оның тарихы, тілі. Негізгі гуманитарлық ғылымдар психоло-

гия, педагогика, эстетика, култьтурология, экономика, социологияны қамтиды.



ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАБАРШЫСЫ                                                       1, 2015

20

Жалпы  білім  беретін  мектептердің  оқу  жоспарларында  оқу  пəні  ретінде 

бұлардың  көпшілігі  жоқ,  кейбір  мектептегі  білім  беру  мазмұнына  дəстүрлі 

кіретін  пəндер  құрамында  бұлардың  бөліктері  ғана  болуы  мүмкін.  Бейіндерді 

қалыптастырғанда  олардың  кейбіреулері (мəселен  құқықпен  экономика)  бірлесіп 

кетуі де мүмкін. Əрбір циклдың пəндік танымы кең болатындықтан олар циклішілік 

бейіндерге  бөлінеді (мəселен  химия-биология, химия-физика жəне т.б.) бірақ бұл 

цикларалық бейіннің болу мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Ерекше  таным  саласын  көрсететін  мəдениет  болып  табылады.  Ол  күрделі 

құрылысты  иемденеді.  Көркем  мəдениеттің  əр  саласы  бейіндік  мектепте  өз  ор-

нын  табуы  тиіс.  Бірақ  бұл  мүмкін  емес,  себебі  мəдениеттің  түрлі  салалары  бой-

ынша мамандарды дайындайтын арнайы оқу орындары бар. Дəстүрлі түрде жал-

пы  білім  беру,  əдебиет,  мəдениет,  сурет  сияқты  гуманитарлық  бейіндердің  кіруі 

мүмкін.  Т.В. Черникова,  М. Шелер  бейіндік  оқытуды  философиялық  антропо-

логия  тұрғысынан  қарағанда  заманауи  білім  берудің  мақсаты  тұлғаның  өзін-өзі 

жүзеге асыруына, өзін-өзі анықтауына, өзіндік іс-əрекетке тəрбиелеу қабілеттеріне 

бағытылығы ретінді қарастырады [4].

Жоғары сынып оқушыларын бейіндік оқыту мақсатқа жету жолдарының бірі 

болып табылады. Бейіндік оқыту тұжырымдамасына сəйкес бейіндік оқыту жүйесі 

оқушылардың  жеке  тұлғалық  ерекшеліктерін,  қабілеттерін,  сапалы  білім  беруді 

толығымен қанағаттандыруға бағытталғандығы зерттелген. Психологиялық жəне 

педагогикалық  əдебиеттерде  бейіндік оқыту жүйесін ендірудің түрлі аспектілері 

көрсетілген:

– Бейіндік  оқыту  жүйесін  нормативті-құқықтық  қамтамасыз  ету  (М.В. Ры-

жаков, А.А. Кузнецов). 

– Бейіндік оқытуды ұйымдастырудағы отандық жəне шетелдік тəжірибелерге 

талдау (Т.Б. Захарова, М.В. Кларин).

– Бейіндік  оқытуды  ұйымдастыру  мен  оны  əдістемелік  қамтамасыз  етуді 

(Д.С. Ермаков, Н.В. Немова).

– С.Ю. Рубцова, И.Г. Шамсутдинова, бейіндік оқыту жүйсін психологиялық-

педагогикалық тұрғыда зерттеді. 

– С.М. Пан, К.М. Ушакова, еңбектерінде бейіндік оқытуды басқару мүмкін-

діктерін қарастырған. 

– Бейіндік  оқыту  жүйесінде  оқушылардың  жетістіктерін  бағалау  мүмкін-

діктерін Ю.О. Лобода, Т.Г. Новикова, еңбектерінде қарастырылды. 

– Ал,  Е.Н. Макарова,  Е.Л. Рачевский  жоғары  сынып  оқушыларының  жеке 

білім траекториясын құру жолдарын зерттеді. 

– Т.И. Шамова, И.Д. Чечель бейіндік оқыту жүйесінде жұмыс атқаратын пе-

дагогты даярлауға қойылатын талаптарды қарастырды. 


1, 2015                                                ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ВЕСТНИК КАЗАХСТАНА

21

Жоғарыда айтылған зерттеулерге талдау арқылы жоғары сынып оқушыларын 

бейіндік оқыту жүйесінің маңызды сипаттамаларын айқындауға мүмкіндік берді. 

Жоғары сынып оқушыларын бейіндік оқытудың педагогикалық жүйесі ресурстар-

ды пайдаланудың тиімділігін, сапасын жəне қолжетімділігін көздейді.

Отандық жəне шетелдік тəжірибелерге талдау жасау, бейіндік оқыту жүйесі-

нің  негізі  саралау  екенін  көрсетті.  Саралауды  оқытудың  теориялық  негіздерін 

қалыптастыру  мүмкіндіктерін  И.Э. Унттың,  Т.Б. Захарованың,  Б.Г. Ананьевтың, 

психологиялық-педагогикалық  зерттеулері  алдыңғы  орынды  иеленеді.  Жоғары 

сынып оқушыларына берілетін білім, оқушылардың жеке мүмкіндіктері мен білім 

алуға  қажеттілігіне сай болуын  қарастырады.  Бейіндік  оқытудағы  білім  сапасы, 

жеке тұлғаның бойында қалыпасқан талаптарына сай білім беру нəтижесі болуын 

қарастырады. Білім берудің тиімділігі, білім мазмұнын жеткізу құралдарына сай 

нəтижелі болатынын қарастырады. 

Оқушылардың жеке тұлғалық бейімділігін, қабілетін, кəсіпті иеленуге деген 

қажеттілігін толық қанағаттандыру үшін, білм берудің қолжетімділігі мен заманауи 

білім беру үшін ерекше педагогикалық жүйе қажет, ал оның өзі мынадай қағидаларға 

негізделеді: дифференциациялау, интеграциялау, вариативтілік, оқытуды даралау, 

дамытушылық,  бейіндік  оқытудың  іс-əрекеттік  сипаты.  Енді  осыларға  жекелей 

тоқталсақ. Саралап оқыту проблемасын талдауды осы ұғымның өзiн қарастырудан 

бастайық. Өйткенi қазiргi кездегi психологиялық жəне педагогикалық əдебиеттерде 

бұл ұғымның бiрыңғай жалпы қабылданған анықтамасы жоқ. Бұл ұғымға əр түрлi 

авторлардың  берген  анықтамаларында  да,  күнделiктi  мектеп  тəжiрибесiнде  пай-

далануында  да  едəуiр  айырмашылықтар  кездеседi.  Ю.К. Бабанский,  М. Шахма-

ев жəне т.б. ресейлiк дидактардың еңбектерiнде саралау, негiзiнен, оқушылардың 

дара  ерекшелiктерi  жəне  мұғалiм  –  оқушы  арасындағы  өзара  ерекше  байланыс 

ескерiлетiн оқытуды ұйымдастырудың арнайы формасы ретiнде қарастырады. 

Бейіндік оқытудағы саралаудың тереңдігіне қарай – білім беру жүйесі ком-

поненттерінің  түрлі  дəрежесіне  сай  (мысалы,  гумантарлық  жəне  жарытылыс-

тану-математикалық бейіндердің жоғары дəрежеде саралануы, ал құқықтық жəне 

əлеуметтік-экономикалық,  яғни  бір  бейінге  жататын  бағытта  орта  дəрежеде)  са-

ралануы байқалады. Саралап оқытудың педагогикалық қағидасына сай бейіндеу 

түріне қарамай барлық оқушыларға негізгі жалпы білім беру қажет.

Мектептегі  білім  беру  үдерісінің  тəжірибесіне  бейіндік  саралаудан  тыс 

деңгейлік  саралауды  ендіру  қадамдары  оқытудың  педагогикалық  тиімділігінің 

көтерілуіне  алып  келмегендігі  мəлім.  Бұл  оқытудың  деңгейлік  саралануы 

оқушының  оқу  мүмкіндігі  туралы  антропологиялық  екі  жақты  ойлауға 

сүйенуімен  байланысты.  Бейіндік  саралау  маңыздырақ  болып  табылады,  себебі 

оның  негізінде  оқушының  түрлі  арнайы  қызығушылықтары  мен  қабілеттері, 


ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАБАРШЫСЫ                                                       1, 2015

22

өздерінің  қызығушылықтары  бойынша  оқуға  тең  мүмкіндіктерінің  болуы  ту-

ралы  антропологиялық,  шындыққа  жақын  ой  жатыр.  Сондықтан  бейіндік  сара-

лау  деңгейлік  саралау  мəселесін  бір  уақытта  шешуге  мүмкіндік  береді,  себебі 

шындығында  бейіндік  жəне  бейіндік  емес  (базалық)  пəндер  бойынша  талаптар 

деңгейі сараланады.

Сонымен  қатар  саралаудың  мынадай  кемшіліктері  де  бар,  мысалы  саралау 

жүйесінде  оқушылар  қоршаған  ортаны  тұтас  күйінде  қабылдай  алмайды  (оның 

түрлі  қырларының  интеграциясын,  яғни  оқу  барысында  білімді  меңгеру  өзінің 

міндеті деп түсінеді). Сондықтан оқушыларды бейіндік оқыту табысты жүзеге асу 

үшін тек қана саралау ғана емес, интеграциялық – жүйенің жеке элементтерінің не-

месе оның бірыңғай мақсаттарға жету үдерісіндегі өзара тəуелділік орын алуы тиіс. 

Г.Б. Захарова  оқу  барысындағы  саралауды  оқыту  мазмұнының  вариативтілігіне, 

əдістері мен интенсивтілігіне сай байланыстырады.

Вариативтілік – бұл оқушылардың өзгермелі білім беру қажеттіліктері мен 

мүмкіндіктеріне сəйкес бейінді таңдау үшін білім беру бағдарламалары немесе же-

ке білім беру қызмет түрлерін ұсынатын жəне құрайтын білім беру жүйесінің са-

пасы [5].

Саралау қағидасы білім беру үдерісін даралаумен тығыз байланысты. Дара-

лау дегеніміз «жүйенің оқушылардың білім беру үдерісіндегі қажеттіліктері мен 

мүмкіндіктері,  жеке  қызығушылықтарын  ескеруге бағытталуы».  Оқытуды  дара-

лау  проблемасы  бойынша  А.А. Бударныйдың,  И.Д. Бутузовтың,  Е.Я. Голанттың 

жəне  т.б.  еңбектерi  маңызды  орын  алады.  Педагогикалық  энциклопедияда  дара-

лау  оқушылардың  дара  ерекшелiктерiн,  олардың  даму  деңгейлерi  мен  оқуға  де-

ген қабiлеттiлiгiн ескеру арқылы оқыту тəсiлдерi, қарқыны таңдап алынатын оқу 

үдерісiн  ұйымдастыру  ретiнде  анықталады.  Зерттеушiлердiң  көбiсi  бұл  ұғымды 

шамамен осы мағынада қолданады. Мұнда көбiнесе барлық оқушылардың мiндеттi 

түрде  барлық  ерекшелiктерiн  ескеру  ұйғарылмайды.  Зерттеушiлер  бiрқатар 

сапалық  қасиеттерi  бойынша  ұқсас  келетiн  қандай  да  бiр  топ  оқушыларының 

ерекшелiктерiн ескерумен шектеледi. Мұндай тұрғыдан қарау А.А. Кирсановтың 

даралап  оқыту  анықтамасында  айқын  байқалады.  Ол  оқу  жұмысын  даралауды 

сынып  ұжымының,  жеке  оқушының  жəне  оқушы  топтарының  нақты  танымдық 

мүмкiндiктерiне  жəне  iс-əрекет  мақсаттарына  сəйкес  келетiн  жəне  де  оқыту 

мақсаттарын ескере отырып, оқушының əлеуеттік мүмкiндiктерi деңгейiнде оның 

оқу  iс-əрекетiн  қамтамасыз  етуге  бағытталған  тəрбиелiк  жəне  дидактикалық 

құралдар жүйесi ретiнде ашып көрсетеді. Яғни, оқытуды даралау дəл мағынасында 

емес, салыстырмалы түрде қолданылады.

Жоғары сынып оқушыларын бейіндік оқытудың тағы бір маңызды қағидасы 

оның дамушы, іс-əрекеттік сипаты болып табылады. Ол білім беру мазмұнының 


1, 2015                                                ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ВЕСТНИК КАЗАХСТАНА

23

практикалық бағытталуы мен оны меңгеру əдістерінің белсенділігінен құралады. 

Бұл  қағиданы  жүзеге  асырудың  көмегімен  бейіндік  оқытудың  əлеуметтенген 

бағытына жəне түлектерді ары қарайғы еңбек қызметіне даяйындық жүзеге асы-

рылады.

Əдебиеттер

1. Тұжырымдама: Қазақстан Республикасында бейіндік оқытуды дамыту. – Аста-

на: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы, 2010. – 7 б.

2. Ушаков  Д.М.  Толковый  словарь  современного  русского  языка  /  Д.М. Ушаков;  под 

ред. Н.Ф. Татьянченко. – М.: Альта-Пресс, 2005. – 804 с. 

3. Ожегов С.М. Словарь русского языка / С.И. Ожегов; под ред. чл.-корр. АН СССР 

Н.Ю. Шведовой. – 18-е изд., стереотип. – М.: Русский язык, 1987. – 797 с. 

4. Шелер  М.  Формы  знания  и  образования  /  М. Шелер  //  Человек.  –  1992.  –  №4.  – 

С. 85-96. 

5. Жолдасбекова С.А. Организация профильного обучения школьников: учебное посо-

бие / С.А. Жолдасбекова, К.А. Дуйсенбаев. – Алматы, 2012. – 189 с.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет