1. 42 әріптің жүйелі тізбегі қалай аталады? А.әріптер қатары


Сөздік:келіп түнейді,жейік,қояйық,мініппін,таж киіппін Мазмұндау жоспары



бет10/12
Дата17.10.2023
өлшемі128,88 Kb.
#117423
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
docx1549709472

Сөздік:келіп түнейді,жейік,қояйық,мініппін,таж киіппін
Мазмұндау жоспары:
1.Аңшылардың аңға шығуы
2.Үйректі атып,пісіруі
3.Қу жігіттің амалы

Үш аңшы ауға шығыпты.Күн бойы құс аулап, кешке жалғыз үйрек атып алыпты.Аңшылар әбден шаршап,бір өзеннің жағасына келіп түнейді.Үйректі пісіреді.Үйрек піскен соң, бір аңшы: 
-Бұл үйректі үшеуіміз жеп тоймаймыз,сондықтан біреуіміз ғана жейік,-депті. 
-Үйректі жауып қояйық та, үшеуіміз де жатып ұйықтайық. 
-Кім жақсы түс көрсе,үйректі сол жесің,-депті бір қу жігіт. 
Түн ортасында қу аңшы тұрып,үйректі жеп, табақты бұрынғыша жауып қояды.Таңертең аңшылар оянып, тұрған соң: 
-Қандай түс көрдіңдер?-деп сұрайды. 
-Мен ақ боз атқа мініппін, басыма алтын таж киіппін,патша болыппын.,-дейді 
-Мен жұмаққа кіріппін,жұмақта қор қыздарымен бірге жүр екенмін,-депті.екінші аңшы. 
Сонда қу аңшы айтыпты: 
-Екеуің де рас айтасыңдар, мен сендерді көріп жаттым.Бірің патша болған соң,енді бірің жұмаққа кіріп кеткен соң, бір үйрекке бола қайтып келмес деп, үйректі мен жеп қойдым,-депті. (108сөз) 




Қожанасыр
Сөздік:киімі,елемепті,ақырындап,малып,қадірлепті
Мазмұндау жоспары:
1.Байдың той жасауы
2.Қожанасырдың тойға келуі
3.Үй иесінің Қожаны сыйлауы
4.Қожаның тапқырлығы

Бір бай той жасапты.Тойға көп адам келіпті.Қожанасыр да келіпті.Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен.Қожаны ешкім елемепті,бұған төрге шық, тамақ же демепті.Қожа ақырындап далаға шығыпты.Үйіне барып, жақсы киімдерін киіп,қайта келіпті.Бұл жолы үй иесі Қожаға төрден орын беріпті. Ет келгенде: 
-Қожаке,алыңыз,алыңыз!-деп қадірлепті.Қожа етті жемеді, табаққа шапанының жеңін малып: 
-Же,шапаным ,же,-деп отыра беріпті.Үй иесі өкпелеп: 
-Сіз о не қылғаныңыз, шапан ет жей ме?-дейді. 
Сонда Қожа: 
-Cен мені сыйламайсың, киімді сыйлайды екенсің.Сондықтан жеңіме жегізіп отырғаным ғой,-деп жауап беріпті. 
(98 сөз) 




Құлын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет